жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қалай оқу керектігін үйренудің оқыту үдерісіндегі тиімділігі мен өзектілігі
Тексерілді: ДОІЖО
«Қалай оқу керектігін үйренудің оқыту үдерісіндегі тиімділігі мен өзектілігі»
тақырыбы бойынша коучинг жоспары.
|
Сабақ тақырыбы: |
Қалай оқу керектігін үйренудің оқыту үдерісіндегі тиімділігі мен өзектілігі |
|||
|
Жалпы мақсат: |
Қалай оқу керектігін үйрену модулінің басты идеясын түсіну, сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру . |
|||
|
Оқу нәтижесі |
Мұғалімдер «Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің басты идеясын түсінеді, сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді меңгереді. |
|||
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А - 4 парақтары , графопроектор, презентация, маркер, стикерлер геометриялық фигуралар, плакат, үлестірме материалдары. |
|||
|
Тапсырмалар: |
Тренинг, Топқа бөлу, Топ ережесін құру, рефлексия. «Жүгіртпе шынжыр», «Бірге ойлаймыз», «Топтық тергеу», «Болжау стратегиясы», «Сэндвич», «Екі жұлдыз, бір тілек», өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау. |
|||
|
|
Коучинг барысы |
|
||
|
Уақыты |
Сабақ кезеңдері |
Коучтың іс-әрекеті және мұғалімдердің іс-әрекеті |
||
|
2 мин |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу. |
Зейінді шоғырландыруға арналған тренинг |
||
|
3 мин |
Топтастыру |
Коуч мұғалімдерді геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөледі |
||
|
Топтық ереже Рөлдерді өзара бөлісу. |
Коуч мұғалімдерді топтық ереженің шарттарын түзуге бағыттайды. Мұғалімдер топтық ережені түзеді. |
|||
|
15 мин |
Таныстырылым |
Қалай оқу керектігін
үйрену Бейресми түрде түсіндіретін болсақ: қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын ойлау және мұндай ойлаудың нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға: 1. білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге: 2. жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге: 3. міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға: 4. нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі: Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан қалай оқу керектігін үйрену талап етіледі. Выготский теориясы бойынша: Оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе “маңызды” (ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазды. Мұндай оқудың әлеуеттік көлемі “Жақын арадағы даму аймағы” – ЖАДА ретінде анықталады. Қолдау көрсететін адам “Рефлексивті агент” ретінде жұмыс жасайды. Оқушының әрекетіне жауап береді, дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында қолдау көрсетушінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады. Бағыттаушылық, түрткі болу, дамудың тиімділігін арттыру мақсаттары жүреді, түрленіп отырады. Бұл үдеріс “көпіршелер тұрғызу” деп аталады.(Жером Брунер) Бұл жетекшінің оқушыларды тапсырманы аяқтауға итермелеуі, қолдаудың үнемі ұлғайып, артуы. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементін атап өтейік:
Қалай оқу керектігін үйрену Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты. Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет. Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз. Оқушылардың бір- бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз. |
||
|
5 мин |
«Жүгіртпе шынжыр» әдісі. |
«ҚОКҮ» модулі бойынша мәтін беріледі. Әр топ өзіне берілген мәтінді кезекпен барып оқып, ортаға салып талдайды. |
||
|
10 мин |
«Бірге ойлаймыз» әдісі. |
«Жүгіртпе шынжыр» әдісі бойынша берілген мәтінді постерге салып, қорғауға тапсырады. Мұғалімдер өздеріне берілген мәтінді постер жасап қорғайды. |
||
|
5 мин |
«Екі жұлдыз және бір тілек» әдісі |
Топтар «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы жүргізілген бір- бірінің жұмыстарын талдау кезінде олар жұмыстарды бағаламайды, олар ондағы екі оң сәтті анықтайды және бағыт береді. Олар «Екі жұлдыз» - екі сәтті, яғни толыққанды жұмыс, ал екінші бірі «Тілек», мұнда одан әрі жұмысты толықтырулары қажет. |
||
|
10 мин |
«Топтық тергеу» әдісі |
Мұғалімдерге мәтін беріледі. 1-топ: зерттеушілер. 2-топ: дәнекершілер. 3-топ: сұрақ құрастырушалыр. (басқа 2 топқа сұрақ дайындайды.) |
||
|
10 мин |
«Болжау стратегиясы» әдісі. |
Әр топқа түрлі аяқталмаған мәтін береді. Мәтіннің аяқталуын болжауды тапсырылады. Әр топ өзіне берілген мәтіннің жалғасын болжап, аяқтауы тиіс. |
||
|
5мин |
«Ғажайып тақта» әдісі. |
Топтар негізгі тақырып бойынша өздеріне түсініксіз болған сұрақ дайындайды. Сұрақты стикерге жазып, «Ғажайып тақтаға» жапсырады. Топтар кезекпен шығып, ғажайып тақтадағы білетін бір сұраққа жауап береді. Қиын сұраққа коуч жауап береді. |
||
|
5 мин |
Рефлексия жазу. «Сэндвич» әдісі. |
Мұғалімдер осы критерийлерге қарай рефлексия жазады. |
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген