Материалдар / "Қалаубектану" тақырыбындағы авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қалаубектану" тақырыбындағы авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қалаубектану" элективті таңдау курсы 8-сыныпқа арналған. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Сәкен Сейфулин атындағы «Алаш» сыйлықтың иегері, Саха республикасы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған, қазақ, орыс, өзбек, саха, қытай,  чех,   көптеген шығармалары  тiлдерде  жарық   көрген «Қазығұрттан қанат қаққан қаламгер» Қалаубек Тұрсынқұлов туындыларын тереңдетіп оқыту арқылы өскелең ұрпақты жазушы туындыларыларының нәрімен сусындата отырып оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде, сондай-ақ болашақ жас ұрпақтың өз ана тілін қадірлеуге және елін, жерін сүюге, адамгершілік, ізгі қасиеттерді бойларына дарыта білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Тамыз 2021
608
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАҒДАРЛАМА

Элективті, таңдау гимназиялық компонент курсы



ҚАЛАУБЕКТАНУ


8-сынып оқушыларына арналған

аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Бағдарлама авторы:


БАЙБОСЫНОВА НАҒИМА ОҢАЛБАЕВНА


Түркістан облысы

Қазығұрт ауданы

«Болашақ» мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі




Түсініктеме хат мазмұны


Бағдарламаның мақсаты:

Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Сәкен Сейфулин атындағы «Алаш» сыйлықтың иегері, Саха республикасы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған, қазақ, орыс, өзбек, саха, қытай,  чех,   көптеген шығармалары  тiлдерде  жарық   көрген «Қазығұрттан қанат қаққан қаламгер» Қалаубек Тұрсынқұлов туындыларын тереңдетіп оқыту арқылы өскелең ұрпақты жазушы туындыларыларының нәрімен сусындата отырып оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде, сондай-ақ болашақ жас ұрпақтың өз ана тілін қадірлеуге және елін, жерін сүюге, адамгершілік, ізгі қасиеттерді бойларына дарыта білуге тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Жазушының өмірі мен шығармаларын оқушылар арасында насихаттау;

  2. Әдеби шығармаларды оқып, талдау арқылы теориялық білімдерін арттыру;

  3. Қалаубек Тұрсынқұлов туындыларын меңгерту арқылы 8-сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру және дүниетанымдық, адамгершілік-этикалық мәселелерге қызығушылықтарын жеке тұлға ретінде дамыту.

Бағдарламаның өзектілігі: Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың гуманитарлық бейінімен оқытылатын мектептің 8-сыныптарына арналған оқу жоспарының мектеп немесе оқушы компонентіне «Қалаубектану» тақырыбындағы элективті курсты жүргізу. Бейіналды оқудың негізгі міндеті - жалпы білім беретін мектептің бүгінгі таңдағы шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыру. Қалаубек Тұрсынқұловтың шығармалары - халқымыздың қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, сүрлеуі, ізі. Сол себептен де оқушылар жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтай азаматтың туындыларының жазылу тарихын, түп-төркінін, қайнар бастауларын білуі тиіс. Ол үшін жазушының шығармаларының бұрынғы, соңғы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан терең білуі, тануы керек. Жазушының шығармаларын біліп, талдау арқылы оқушыларымыздың рухани және теориялық білімдері артады.

Бағдарламаны оқыту барысында оқушылар Қалаубек Тұрсынқұловтың шығармашылығымен танысып қана қоймайды, сонымен бірге жазушы туралы жазылған естеліктермен, тың деректермен танысып, олардың теориялық пікірлерін біледі.

Бағдарламаның идеясы: мектеп оқушыларына арналған «Қалаубектану» элективті курсы бағдарламасында жергілікті жазушы, қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың өмірінен мәлімет беруден басталады. Жазушының өмірі және туындыларымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін, дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмірге деген көзқарасын, шығармашылық іздену қабілеттерін ұштау, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру арқылы елін, жерін, тарихын сүйе білуге тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады.

1


Бағдарлама мазмұнында оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын жетілдір мақсаттары да толығымен жүзеге асыру көзделінеді. Сонымен қатар, Қалаубек Тұрсынқұлов туындыларының мазмұнымен танысып, идеяларын ашу, кейіпкер бейнесін талдау барысында шығармалардың тәрбиелік сипаттары көрініс тауып отырады.

Бағдарламаның әдістері: танымдық ойын түрлері, пікір алмасу, топтық, жұптық жұмыстар.

Педагогикалық технологиялар: Сыни тұрғыдан ойлау және Блум таксономиясы бойынша жазушының туындыларының мазмұнын білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейінде жұмыс жасайды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының пән бойынша оқу мақсаттары басшылыққа алынған.

Оқытудың жаңа әдістері қалыптастырушы бағалау негізінде алынады, инновациялық технологияларды, АКТ және интерактивті тақтаны қолданады.

Бағдарламаның маңызы: 8-сыныптарға арналған бейіналды элективті курсының бағдарламасы Қалаубек Тұрсынқұлов шығармаларын білуден бағалауға дейінгі оқушылардың тұлға ретінде дамуына негізделеді. Курс мазмұны оқушыларға жазушы туралы және оның шығармалары туралы терең білім беруге, әдеби талдау жасауға, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

«Қалаубектану» курсының негізгі мақсаты - оқушыларды жерлес жазушы Қалаубек Тұрсынқұлов өмірі мен шығармашылығын біліп, олардың мәні мен негізгі идеясын түсініп, рухани дүниетанымын жетілдіруге бағыттау. Бағдарламада қамтылған шығармалары арқылы танымдық ой пікірлері тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан дамиды.




Қазығұртты қастер тұтқан Қалаубек еді...


«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі, қайдан алсын кемеңгерді?!»

Ілияс Жансүгіров.





Мазмұндық бөлімі

Аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат


  1. Кіріспе: курс мақсаты мен міндеттері мен теориялық негізі, мәні сөз болады.

І бөлім

Өміршеңдік өрісі

  1. «Қазығұрт перзенті» Қалаубек Тұрсынқұловтың өмір мен шығармашылығы

  2. Қ.Тұрсынқұлов әңгімелері: «Қызғалдақ», «Бүйрек», «Жалғыз долана»

  3. Әңгімелердің сюжеттік құрамдас бөлшектерін талдау.

  4. Шығармалардың негізгі тақырыбы мен идеясы ашу және өзара салыстыру.

  5. Кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездемелер беру.

  6. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

  7. Әңгімедегі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

  8. Оқылған әңгімелер бойынша өзіндік сыни пікір жазу.


ІІ бөлім

Ел мен жер

  1. «Анды-Қарақыз» повесть-аңызы.

  2. «Анды-Қарақыз» повесть-аңызының идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

  3. Шығарма сюжеті мен кейіпкерлер бейнесін талдау.

  4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

  5. «Анды-Қарақыз» повесть-аңызының тілдік ерекшелігі шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.

  6. «Анды-Қарақыз» повесть-аңызы бойынша үзінді сахналық қойылым.

  7. Шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.


ІІІ бөлім

Туған жер тарихы

  1. Қалаубек Тұрсынқұловтың «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» тарихи танымдық эссесі. «Басында Қазығұрттың кеме қалған» сюжеттік құрылымдарын талдау.

  2. « Қорқыт ата, Оғыз қаған және Қазығұрт тауы» шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

  3. «Қазығұрт және әлем алыптары» эссенің композициясын тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

  4. «Ұлы Жібек жолы Қазығұрт арқылы өткен» шығармасындағы әлеументтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

  5. «Қазығұрт – хандар мен билер жайлауы» туындыдағы кейіпкерлер типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

  6. «Сюянь-Цзянь сапары. Шыңғыс хан мен Әмір Темір» эссесіндегі белгілі бір эпизоттың алатын маңызына негіздеме жасау.

  7. «Қазақ хандығы тұсындағы Қазығұрт өңірі» көтерілген әлеументтік қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

  8. Қоқан хандығы, Ресей империясы және Қазығұрт аймағы» танымдық эссесінің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

  9. «Біздің тарихымыз қым-қиғаш болған ғасырымыз тұсындағы Қазығұрт» тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

  10. «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.



ІV бөлім


Бедерлі белестер

  1. Жазушының драмалық шығармасы «Кәпірзада оқиғасы» трагедиясы.

  2. Драмалық шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

  3. Қалаубек Тұрсынқұлов аудармалары.

  4. Аудармаларының тілдік ерекшелігі.

  5. Қ. Тұрсынқұлов туралы мақалалар, естеліктер.

  6. «Қазығұрттан қалам тартқан қаламгер» оқушылар шығармашылығы.

  7. Қ. Тұрсынқұлов шығармашылығы бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.



Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Тақырыбы

Ұсынылатын әдіс- тәсілдер

Са

ғат

1

Кіріспе


курс мақсаты мен міндеттері мен теориялық негізі, мәні сөз болады

1

І бөлім

Өміршеңдік өрісі

2

«Қазығұрт перзенті» Қалаубек Тұрсынқұловтың өмір мен шығармашылығы

Жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы «Джигсо» әдісі арқылы танысады:

А тобы: өмірі туралы;

Б тобы: шығармашылығы;

С тобы: жазушы туралы естеліктер.


1

3


Қ.Тұрсынқұлов әңгімелері: «Қызғалдақ», «Бүйрек», «Жалғыз долана»

Шығарманың жанрлық ерекшелігін түсіну үшін төмендегі кесте бойынша жұпта жұмыс істейді.

Әңгіме не туралы?


Авторды қандай мәселелер толғандырады?


Автор көтерілген мәселені қалай шешеді?


Ал өздерің шығарманың қай тұсын өзгерткің келеді? Неге?







1




4



Әңгімелердің сюжеттік құрамдас бөлшектерін талдау

Блум сұрақтары арқылы топта талдату.

Білім: Кім, не, қашан, қайда, қалай?

Түсінік:Мазмұнын айту...

Қолдану:Неге маңызды?

Анализ: Себебін анықтау

Синтез:Қандай идея қоса аласыз?

Бағалау:Бұл мәселені қалай шешер едіңіз?

Топтық бағалау.




1

5

Шығармалардың негізгі тақырыбы мен идеясы ашу және өзара салыстыру

Т. «Үш қадамды сұхбат»

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.

Анықтау: шығармаларындағы материалдық және рухани құндылықтарды анықтау.

Салыстыру:әңгімені өзара салыстыру.
Бағалау:
әңгімедегі

рухани құндылықтарды өз көзқарасын тұрғысынан қорытып, жаңашылдығына баға беру.





1


6

Кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездемелер беру

"Кейіпкермен кездесу" әдісі.

Орындау барысы: Өтіп жатқан шығарманың авторымен кездесуді көз алдарыңа елестетіңдер. Сендердің тек қана екі сұрақ қоюға мүмкіндіктерің бар (өздерің, ол туралы). Сендер қандай сұрақ қояр едіңдер? Ол қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

О қушылар жеке екі сұрақ дайындайды, топта үздік екі сұрақты айқындайды.

Әр топ дайындаған сұрақтарын қою үшін мұғалім автор ретінде оқушыны өзі таңдайды немесе топта оқушылар сайлайды.





1

7

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

«Өзіндік пікір»тәсілі арқылы Йассауи сақтандырған бес нәрсе негізінде шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Мені қинағаны…

Мені түңілдіргені…

Мені жұбатқаны…

Мені өкіндіргені…

Мені үрейлендіргені…

Мені сүйсіндіргені…

Мені қуантқаны…

Мені қайраттандырғаны…

Менің тілегім…

Мені қызықтырғаны…

Мен үшін ұлттық мүдде:

Біздің түйгеніміз:






1

8

Әңгімедегі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау

Әңгіме тілі бойынша жұмыс істеу үшін төмендегі кестені толтырады. Әңгімеден алынған үзінді бойынша бос бағанғакөркем ауыстыруларды табады. Автордың қолдану себебін айтады.

-Табиғат әсемдігі менің көңілімді көтеру үшін жаратылған.Мен қаласам әсем болады... (Иса)



-..Жер-ана. Ан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!