Материалдар / Қалдық заттардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалдық заттардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2018
5485
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ











БАҒЫТЫ: «Таза табиғи орта –Қазақстан-2030 стратегиясын

іске асыру негізі»

СЕКЦИЯСЫ: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын

қорғау.



ТАҚЫРЫБЫ: «Қалдық заттардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау»











Авторы:Серікбекова Аружан

Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы

Жетекшісі:Нұрлыбаева Гүлнар Джұмағалиқызы

Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің

мектепалды даярлық топ тәрбиешісі





Аягөз қаласы

2017-2018 оқу жылы









МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ

I . ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІҢ?

1.1 Логикалық ойлау.

II. ҚАЛДЫҚ ЗАТТАРДАН ТҰРМЫСҚА ҚАЖЕТТІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ.

    1. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған

танымдық ойындар .

2.2 Баланың логикалық ойын дамыту.

2.3 Баланың логикалық ойын дамытуда қолданатын

тиімді әдіс-тәсілдер.

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ























ПІКІР

Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің 9-ші сынып оқушысы Серікбекова Аружан 2016 жылдан бері «Қалдық заттардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жүр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ғылыми -зерттеу тақырыбы қазіргі таңда маңыздылығы зор мәселені қамтып отыр. Зерттеу жұмысы барысында –«Логикалық ойлау », «Логикалық ойлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін» деген сұрақтарға жауап іздеді. Кітапханадағы оқулықтардан, интернет жүйесінен, орталық мұражайдан, тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер жинақтады. Сонымен қатар, балабақша мекемелеріне барып, басқа мекелерге барып зерттеудің нәтижесінде жинақталған деректерін толықтырып отырды. Оқушы өзінің жас ерекшелігіне сай, зерттеу жүргізуге талпынып, керек емес заттардан керек бұйымдар жасауға болатындығын дәлелдеп шықты.

Серікбекова Аружан өз тақырыбында зерттеуде аса қызығушылық, ұқыптылық танытты. Ол үнемі ізденіс үстінде болды, жаңалыққа ұмтылып, білімге , алдына қойған мақсатына жете білді. Болашағынан зор үміт күтуге болады деген сенімдемін.



Пікір жазған: Нұрлыбаева Гүлнар Джұмағалиқызы





















АННОТАЦИЯ



Зерттеудің мақсаты: Баланың бойындағы бар асыл қасиетін, қабілетін білімін аша отырып, зерттеу жүргізу барысында, білім мен тәрбие сабақтастығын іске асырту.

Болжамы: Егер «Баланың логикалық ойын дамыту» мектепке дейінгі баланың ұйымдастыру іс-әрекет кезінде балалардың логикалық ойлау мәселелері жүйелі түрде қолданатын болса, онда баланың логикасы жақсы дамуы мүмкін, себебі логикалық тапсырмалар мен ойындар арасында үлкен нәтижелі болар еді.

Әдістері: Аягөз өңіріндегі балабақшаларында қалдық заттардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға байланысты ақпараттар жинақтау және оның түрлерін анықтау.

Зерттеудің барысы мен кезеңдері:

2016 жылынан бастап осы тақырыпты зерттеумен айналыстық. Осы аралықты 3 кезеңге бөлдік:

  1. Танысу кезеңі.

Логикалық ойлау туралы мәліметтер мен танысып, деректер , әдебиеттер іздеу.

  1. 2016 жылдан бастап керек емес заттардан ,керек бұйымдар туралы балабақша, мектепалды даярлық тобынан алған мәліметтер бойынша негізгі бөлімін бастап жазу.

  2. Алған нәтижелерді қорытындылау. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.















Аннотация





Цель исследования :

В ходе исследования раскрыть лучшие качества и способности детей в взаимосвязи.

Ожидаемые результаты:

Если систематически использовать логические задачи и игры с детьми дошкольного возроста , то можно развить логическое мышление ребенка ,поскольку такие заняти будут более эффективными.

Методы:

Сбор инфиормаций и идентификация членов в детских садах, занимающихся этой проблемой логического мышления ребенка Аягозского района.

Этапы исследования:

  1. Этап изучения:

Сбор информаций, литературы , сведени о логическом мышлений.

  1. Начиная в 2016 года в детсадах, в предшкольной подготовке начать работу.

  2. Подытожить работу.























ANNOTATION



The purpose of the research:

In the course of the research reveal the best gualiti es and abiti es of children Expected results:

If we systematic use logical tasks a and games with children of pre school age it will develop logical thinking of child Such activities will be more effective.

Methocls:

To gather information and identification of members in kindergartens deal with problem of logical thinking of Ayagoz region .

The stage of study:

1. To collect literature, information about logical thinking.

2. This kind of work in kindergartens and pre school begin to work in 2016.

3. To sum up the work.






























Тақырыптың өзектілігі: Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар, оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігі  мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі бағдарламаны ескере отырып ұйымдастырылады. Сонымен «Баланың логикалық ойын дамыту» тақырыбын таңдау себеміз, оқыту мен тәрбиені ұштастыра отырып, логикалық ойын арқылы жеке тұлға тәрбиелеу.

Мақсаты:Баланың бойындағы бар асыл қасиетін, қабілетін білімін аша отырып, зерттеу жүргізу барысында, білім мен тәрбие сабақтастығын іске асыру.

Міндеттері:

-Баланың тұлғалық қасиеті және оның ауыспалы өмір жағдайында , әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

 -Баланың жеке тұлғасын үйлесіммен дамыту;

Жобаның ғылыми болжамы:

Егер «Баланың логикалық ойын дамыту» мектепке дейінгі баланың ұйымдастыру іс-әрекет кезінде балалардың логикалық ойлау мәселелері жүйелі түрде қолданатын болса, онда баланың логикасы жақсы дамуы мүмкін, себебі логикалық тапсырмалар мен ойындар арқасында үлкен нәтижелі болар еді.

Зерттеу нысанасы: қабілеті төмен балаларды логикалық ойын дамыту

Зерттеу пәні:қарапайым математикалық негіздер, экологиялық негіздер, сауат ашу негіздері , құрастыру, логика негіздері

Зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер: бақылау, эксперимент, сұрақ-жауап.

Жоба жұмысы үш бөлімнен тұрады.

I.Кіріспеде жобаның ғылыми аппараты нақтыланып, мақсат, міндеттері қойылып, ғылыми болжам жасалынды.

II.Негізгі бөлімде қарастырылып отырған тақырыпқа теориялық талдау жасалынып, өз іс-тәжірибемізден дәлелдер келтірілді.

III.Қорытынды бөлімде зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар берілді.








I.Кіріспе

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануғанегізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

« Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген. Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – логикалық ойын әрекеті, яғни логикалық ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ логикалық ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Әр жастағы мектеп балаларға, мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерге алуан түрлі логикалық ойындар ойлап тауып өткізуге бүгінгі ғылым мен техниканың, өнер-білімнің биіктерге көтерілер кезеңінде мүмкіндік молынан айтылған.  «Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» – дейді В. Кириллова. [1.Р.Омаров «Логикалық сұрақтар,есептер,ойындар мен құрастырмалар». Алматы Өлке 2012 ж. 320 бет]

 Балалардың логикалық ойлауындамытутуралы Мағжан Жұмабаев былайдеген: «Логикалық ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанныңөтебірқиын,тереңісі. Жасбалағаойлаутымауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». [2. Б.Ойшиева «Мептепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» журналы Алматы қаласы 2013 ж . 50 бет]

 Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

 Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.  Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.[1Р.Омаров «Логикалық сұрақтар,есептер,ойындар мен құрастырмалар». Алматы Өлке 2012 ж. 320 бет]

3


 «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –  логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Логика (гр. λογική – «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл»)    -ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ. Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды. [Нұрғалиева Т. «Қызықты математика» 12 бет Алматыкітап 2014 жыл].

   Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз.

    Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың логикалық ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды .[ Авторы: Саутова Б.К «Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар». Интернет жүйесі .1 бет 22.11.2011ж ]




4

II.Негізгі бөлім

2.1.Қалдық заттардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау .

«Баланы заманына қарай оқытып, тәрбиелеу керек,»-депМағжан Жұмабаев айтқандай, әрбір ұстаз заман ағымынан қалып қоймай, үздіксіз ізденуі тиіс. Жоғары динамикалы, жаһадану, дәуірінде өмір сүру үрдісін , ойлау мен қарым-қатынасты түбейгейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне , әл-ауқаттылығына , оның икемділікке, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамынын негізгі капиталы бола алады. Осы орайда оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендіруде мектеп білімінің маңызы зор. Әсіресе, «Білім негізі- бастауышта »дегендей, кіші жастағы оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігі мен қоршаған ортаның шынайылығы туралы білімді игерудің даралығын ашу , оқуға ынтасын арттыру, білімін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын, оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету – әрбір ұстаздың парызы деп ойлаймын және осыларды басшылыққа ала отырып, өз қолыммен , ізденісіммен, шығармашылығыммен жасаған төмендегі құралдарымды көпшілікке ұсынуды жөн көрдім. Олар : Бірнеше пәнге қолдануға мүмкіндік туғызатын «Ойын технологиясы» негізінде құрылған дидактикалық «Әмбебап» , «Шырмауық» , «Таңғажайып алаң» , «Кім жылдам?» сияқты ойындар құрап шығардым. Осы құралдарым арқылы оқушылардың пәндерге қызығушылығы мен ынтасын арттырып, даралықтарын ашуға қол жеткіздім.

Ойын – оқу процесіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Мектепалды даярлық оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие процесінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Нәтижесінде сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, есте сақтау қабілеті қалыптасады.Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойнай отырып баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы,

қызығушылығы қалыптасады және сыныптағы нашар оқитын оқушыларды

да сабаққа нәтижелі тартуға болады.[ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» . 15 бет Алматы . 2017 ж. № 3/35/]

5

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамныңмәдениеті де ойынарқылыдамиды. Ал бүгінгіғасыр, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. 

А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады» деген. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады. Ойындар - тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланың алғашқы ірге тастарын мықты қалыптастырған жөн. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. [Мектептегі психология №1 2009 жыл]

Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Әр жастағы мектеп оқушыларына, мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерге алуан түрлі логикалық ойындар ойлап тауып өткізуге бүгінгі ғылым мен техниканың, өнер-білімнің биіктерге көтерілер кезеңінде мүмкіндік молынан айтылған. [Е. Ы.Бидайбеков . С.Г.Григорьев. Н.Ә.Талпаков «Логикалық бағдарлау» Алматы Білім 1998 ж 104 бет]



6

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған

танымдық ойындар

Мақсаты: Ойын барысында жан-жақты ойлауға , өз ойымен бөлісе білуге дағдыландыру.

Нәтиже:Ойындар кезінде бір ғана мәселелерді шешіп қоймай, басқа да тапсырмаларды орындауға қалыптасады.Тығырықтан шығу жолдарды іздеуге ықпал жасайды. Ойларын нақты шешімге апаруға талпынады.

Д

Мақсаты: Негізгі пәндердің барлығында қолдана отырып,оқушылардың ой –өрісін дамыту, нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту және танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Балалар барлық ұйымдастыру кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Топтық жұмыс кезінде өте қолайлы.

Мысалы: 1.Сауат ашу негіздері кезінде мысықтың суретін көру арқылы, мысық сөзін жазып шығады. 2. Экология негіздері кезінде берілген тапсырмалар бойынша бұталар, ағаштар, шөптесін өсімдіктер суреттерін көріп, керекті өсімдіктерді қоя алады. Шөптесін өсімдіктерге: құлпынай,бұрышт.б.


/о: « Әмбебап» ойыны

Picture 2















3. Қарапайым математикалық негіздерде қолдануға өте тиімді.

Мысалы: қақпақтардың үстінде арнаулы жазылған сандар арқылы есептер шығаруға болады. Қақпақтардағы берілген тапсырма бойынша қосу, алу белгілер арқылы амалдарды орындауға болады.

4. Драма ұйымдастыру іс –әрекетерінде пайдалануға болады. Мысалы: ертегілердің бастапқы кейіпкерлері арқылы , ертегіні жалғастырып айтып шығады.

5. Сөйлеуді үйрету ұйымдастыру іс-әрекеттерінде пайдалануға болады. Мысалы: Шана, коньки, шаңғы, допты қай уақытта? және қалай ? қолданатындығын айтады.


7

Мақсаты: Айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны және оқушылардың әріптерді құрастыруға, қарапайым математикалық әдістерді пайдаланып, геометриялық фигураларды жасап үйренуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар барлық ұйымдастыру кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Өз бетінше және жұптық жұмыс кезінде өте қолайлы.

Мысалы: 1.Сауат ашу негіздері кезінде жіптерден әріптер жазуға болады.2. Қарапайым математикалық негіздері кезінде әртүрлі геометриялық фигуралар құрастыруға болады.




Picture 3

Д/о: «Шырмауық» ойыны













Д/о: «Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: Суреттерді пайдалана отырып, бағыттаушының көмегімен оқушылардыңбағыт-бағдарды анықтауға мүмкіндіктерін ояту, шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, жан құбылысын, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру.

Ойын шарты: Балалар барлық ұйымдастыру кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Топтық жұмыс кезінде өте қолайлы.

Мысалы:

1. Қарапайым математикалық негіздері кезінде балалардың осы ойында , қай қабатта?, нешінші пәтерде тұратындығы анықтауға болады.

2. Қоршаған ортамен таныстыру кезінде қай жануар қайда мекендейтінгін және қандай жануар екендігін білуге болады.



Picture 4























8

Д/о: «Таңғажайып алаң» ойыны



Мақсаты:Қабілеті төмен оқушылардың ой -өрісінің дамыту нәтижесінде , тығырықтан шығу жолдарын табуға, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Ойын шарты: Балалар барлық ұйымдастыру кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады.

Мысалы: 1.Таңғажайып алаң ойынын ойнау арқылы жан-жақты сұрақтарға жауап бере алады.

Жылдың 4 мезгілін айтып, айырмашылықтарын салыстыра біледі. Әрбір қораптағы ыдыстардың ішіндегі асықтарды санап, әріптерді танып айтып шығады.

2. Таңғажайып алаң ойыны барлық ұйымдастыру кезінде қолдануға ыңғайлы.




Picture 2








Picture 1

3. «Таңғажайып алаң» ойынының ыдыстары алмалы , салмалы болады. Ұлттық дәстүрлерге байланысты , музыкалық аспаптарға байланысты ауыстырылып отырады. Мысалы: Музыка сабағында ыдыстардың ішіне немесе ыдыстарын ауыстырып, ұлттық аспаптары орналастыру арқылы ойнауға болады. Көрсеткіш көрсетілген музыкалық аспап туралы айтып, оны қалай қолданатынғын айтады. Оның неден жасалатындығын жан-жақты айтуға ыңғайлы ойын.

4. Қазақстан Респубилкасының туының түсі, қыран бүркіті, күні көрсетілген. Балалар рәміздер туралы айтып береді. Бұл ойынның жан-жақтылығы шоншалық барлық ұйымдастыру іс-әрекеттерінде қолдануға ыңғайлы.

5.Ойын барысында көрсетілген суреттер арқылы балалар өз ойларын жалғастырып айтуға және әрбір сұрақтарға толық жауап беруге көмектеседі. Бала ойын арқылы өзінің тығырықтан шығу жолдарын іздеу жолдарын таба алады.

9

Picture 3 Picture 3 Picture 2

Құрастыру кезінен көрініс. Логикалық кезеңінен көрініс. Құм терапиясы.

Мейрамбекова Ерке. Абдолла Әділет. Болатова Амина.

Picture 9 Picture 2 Picture 5

Бейнелеу өнерінен көрініс. Көлеңке театры. Ата-аналар жиналысы.

Құсманова Аянат. Тырна мен түлкі ертегісі. Логикалық ойындар.

Picture 13 Picture 4 Picture 3 Picture 2

Ата-аналармен дөңгелек үстелдер, баяндамалар, тренинг кезінен көрініс.

10



2.2. Баланың логикалық ойын дамыту.

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда баланың жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі тәрбиешілер қауымының алдындағы үлкен мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Жеке тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.    Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
-Логикалық ойлау қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- Жүйелі түрде логикалық ойлауына іс- әрекет жасау;
- Логикалық ойлауға жағдай тудыру.

Баланың іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз –баланы логикалық ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың  жасымен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып,  оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің  шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдердіойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.

- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына  - мектепке дайындау;

- баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;

- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі  мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;

- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп оқу қызметтерін ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді  ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);

- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер,ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану; [Саутова Б.К «Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар».. интернет жүйесі 1 бет 22.11.2011ж ]

11

- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;

- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

- психологиялық  ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;

- ата-аналарды  сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;

- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында мектеп дейінгі ұжымтәрбиешілерімен қарым-қатынаста болу. [Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет]

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады. Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде балалардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Топ балалары бірдей емес.Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын,оған деген ынтасы зор балалар да бар. Оларды жеңіл,біріңғай жаттығулар орындау жалықтырады.Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі жастағы математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес.Соның бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа ,оқуға,білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблемаларды шешу мақсатында мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап логикалық есептерді шығару керек.[ Ойшиева.Б.А «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» журналы .Алматы қаласы 2013 ж . 50 бет ]
Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді.Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн. Балалардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек. олынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Балалардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттердентұрады.
12

1.Қабылдау
2.Түсіну
3.Естесақтау
4. Қорыту және жүйелеу.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл балалардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер балалардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті. Демек адамның ойы – ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сонда логиканың өзіндік ерекшелігі неде?
Ойлау формалары немесе логикалық формалар үшеу: ұғым, ой пікір және ой қорыту. Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек: мұнысыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. Сондықтан да математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамуымен байланысты болуы керек. Бұл ойлаудың түрі негізі жалпы ойлаудың үш формасын меңгеру шартымен ғана дамиды: көрнекі әсерлік, көрнекі мүсіндік және логикалық. Алғашқыда 3-4 жаста көрнекі әсерлік ойлау күш алады.Бала перамидка жинағысы келеді,одан соң оны түзетіп қалауға тырысады.
5-6 жаста көрнекі-мүсіндік ойлау дамиды, бұл көріп тұрған заттардан керектісін таңдай білуді, бұл заттардың бір-бірімен, бөлшектерінің өзара байланысын,қатынасын анықтауға көмектеседі. Бала мектеп, дүкен ойындарын ойнайды, суреттерді үлкен қызығушылықпен қарастырады.
Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады.Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.
Балаларды логикалық ойлауға қалай үйретуге болады? Мектепалды даярлық сынып оқушыларын логикалық ойлауға үйретуге бола ма? Балаларға жас ерекшелігіне байланысты қандай қиындықтағы тапсырмалар беру керек?
Міне, осындай сұрақтар көптеген мұғалімдері мазалайды.Мұғалімнің басшылығымен балалар түрлі есептер мен тапсырмалар орындай отыра логикалық тәсілдері қолдануды үйренеді.Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілеті дамып, білімдері бекіп,ізденуге, өз жұмыстарының ойларын ортаға салуға дағдыланады да, сөз қорлары молаяды. Олар басқа пәнге қарағанда математика ойлау, есте сақтауын қажет етеді,қызығушылығы оянып, ой-өрісі дамып, алған білімдерін анықтайды. Оқыту процесінің басты компоненті – оқытудың мақсаты мен міндеті. [Логикалық есептер,ойындар мен құрастырмалар, «Өлке» баспасы 29.06.12 ж. Құрастырған. Р.Омаров 20 бет.]




13

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады. [Ойшиева.Б.А «Мептепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» журналы .Алматы қаласы 2013 ж . 50 бет ]

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:•Қызығушылығын арттыру;

Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

Шығармашылық ізденісін дамыту.Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1.Машық. Сергіту;

2.Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизм- дерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

3.Іздену тапсырмаларын орындату;

4.Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

 Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

1.Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

 Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

•  Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

•  Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

•  Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушыны логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста.

Ақыл-ой әрекеті үстінде; Білімді меңгеру; Тіл үйрену; Жылдам есептеу.

Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі: Затты әрекеттік. Көрнекі-бейнелі. Сөздік логикалы. Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:

14

1.Пәнге қызығушылығы артады;

2.Ой-өрісі дамиды;

3.Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырма-ларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Оқу қызметінде тәрбиешінің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойнай отырып баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады және ныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамныңмәдениеті де ойынарқылыдамиды. Логикалық ойын арқылыбаланыңоқуғаынтасын, қызығушылығынарттыружеңілболмақ. Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. 

А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Логикалық ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады. Ойындар - тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.  [Мектептегі психология №5, 2011 жыл]

15

2.3.Баланың логикалық ойын дамытуда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер

Мектепалды даярлық оқушыларын оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын олайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. [Амирова Н.Н «Логика» 12 бет.Алматы кітап 2014 жыл] . Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. [ Қазақстан мектебі ,№11, 2008 жыл]

16

Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқанактивті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста жәнемектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. [Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, Алматы 2006 ж]

17

Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім». Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп.[Б.Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, №12, 1998ж.]

18

Қорытынды

Кезінде Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай, «Баланы заманына қарай оқытып, тәрбиелеу керек»-дегенді басшылыққа ала отырып, әрбір ұстаз заман ағымынан қалып қоймай, үздіксіз ізденуі тиіс. Әсіресе «Білім негізі- мектепке дейінгі жаста » дегендей кіші жастағы балалардың өзін-өзі тану мүмкіндігі мен қоршаған ортаның шынайылығы туралы білімді игерудің даралығын ашу,оқуға ынтасын арттыру,білімін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын, бір тұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету – әрбір ұстаздың парызы деп ойлаймын және осыларды басшылыққа ала отырып, өз қолыммен , ізденісіммен, шығармашылығыммен жасаған төмендегі құралдарымды көпшілікке ұсынуды жөн көрдім. Олар бірнеше пәнге қолдануға мүмкіндік туғызатын «Ойын технологиясы» негізінде құрылған дидактикалық ойын :«Әмбебап» ойыны, «Шырмауық» ойыны , «Таңғажайып алаң» ойыны, «Кім жылдам?» ойынын құрап шығардым. Осы құралдарым арқылы оқушылардың пәндерге қызығушылығы мен ынтасын арттырып, даралықтарын ашуға қол жеткіздім. Логикалық ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Мектепалды даярлық оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Нәтижесінде оқу қызметі сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, есте сақтау қабілеті қалыптасады.Ойын араласқан сабақ тартымды өтеді жәнетүсініктерін тереңдетеді.  Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – баланың пікірін бағалау, баланы тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А.Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз,ертегісіз, шығармашылықсыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп оқу қызметін өткізген ұтымды.Баланың логикалық ойлауын дамтыу бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндеймін.

Ұсыныс: Мектеп оқушылары арасында «Шебер қолдар» сайтын ашса.

19


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Рамазан Омаров. «Логикалық сұрақтар,есептер,ойындар мен құрастырмалар» Алматы : Өлке 2012 ж. 320 бет

  2. Ойшиева.Б.А «Мептепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» журналы .Алматы қаласы 2013 ж . 50 бет

  3. Логикалық есептер,ойындар мен құрастырмалар, «Өлке» баспасы 29.06.12 ж. Құрастырған. Р.Омаров 20 бет.

  4. Саутова Б.К «Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар».. интернет жүйесі 1 бет 22.11.2011ж ]

  5. Мектептегі психология №5, 2011 жыл

  6. Мектептегі психология №1 2009 жыл

  7. Б. Байжұманов. Оқушылардыңпсихикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, №12, 1998ж.

  8. Қазақстан мектебі ,№11, 2008 жыл

  9. Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, Алматы 2006 ж

  10. Мектептегі психологиялық әдістемелік құрал, Астана 2005 жыл

  11. Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл

  12. Қазақстан мектебі ,№11 2008 жыл

  13. Логикалық ойлау қа білетін дамыту №11, Алматы 2008ж 53-54 бет

  14. В.Давыдов «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы»

  15. «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерін» тест тапсырмалар мен жаттығулар Алматы 2006 ж

  16. И.Перелман «Веселые задачи» Москва.2003 г.

  17. И.А.Бабрин.Е.А.Фрибус. «Старинные задачи».Москва. 1994г.

  18. И.Ф. Шарыгин. « Математический винегрет». Москва . 2002г.

  19. К. Рассел. Ф. Картер . «Математические задачи на логику , смекалку и воображение». Минск 2011г

  20. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» . Алматы . 2017 ж. № 3/35/

  21. Ойшиева.Б.А «Баланың логикалық ойлауын дамыту » Алматы қаласы 2013 ж

  22. Е. Ы.Бидайбеков . С.Г.Григорьев. Н.Ә.Талпаков «Логикалық бағдарлау» Алматы Білім 1998 ж 104 бет

  23. Амирова Н.Н «Логика» Алматы кітап 2014 жыл

  24. Е.Екжанова «Логические игры» Алматыкітап 2016 ж.

  25. Нұрғалиева Т. «Қызықты математика» Алматыкітап 2014 жыл.





20


Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай, «Баланы заманына қарай оқытып, тәрбиелеу керек»-дегенді басшылыққа ала отырып, әрбір ұстаз заман ағымынан қалып қоймай, үздіксіз ізденуі тиіс. Әсіресе «Білім негізі- мектепке дейінгі жаста » дегендей кіші жастағы балалардың өзін-өзі тану мүмкіндігі мен қоршаған ортаның шынайылығы туралы білімді игерудің даралығын ашу,оқуға ынтасын арттыру,білімін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын, бір тұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету – әрбір ұстаздың парызы деп ойлаймын және осыларды басшылыққа ала отырып, өз қолыммен , ізденісіммен, шығармашылығыммен жасаған төмендегі құралдарымды көпшілікке ұсынуды жөн көрдім. Олар бірнеше пәнге қолдануға мүмкіндік туғызатын «Ойын технологиясы» негізінде құрылған дидактикалық ойын :«Әмбебап» ойыны, «Шырмауық» ойыны , «Таңғажайып алаң» ойыны, «Кім жылдам?» ойынын құрап шығардым. Осы құралдарым арқылы оқушылардың пәндерге қызығушылығы мен ынтасын арттырып, даралықтарын ашуға қол жеткіздім.

Жер тіршілік иесі болса, көгершін сол тіршіліктің тыныштығы мен берекесі. Бір қызығы көгершін асыраған адамдардың барлығына қойылған сұрақтарыма бірдей жауап бергендері өте қызық болды. Сіз не үшін көгершін асырайсыз?-деген сұрақ қойған кезде, олардың жауаптары бірдей болды. Маған көгершін ұнайды. Олардан мен ләззат аламын. Адам баласын қуанышқа бөлейді деген жауаптар күттім. Көгершін асырайтын адамдардың ойлалары да бірдей екен. Көгершін сырттай нәзік көрінгенімен, өте батыл, шыдамды, жұмбақ құс сияқты. Мектепте кептер болса, оқушыларымыздың сезімдері жақсылыққа, бейбітшілікке, мейрімділікке толы болатындығына сенемін. Қазіргі уақытта аналардың без бүйрек атанып жүргендері , әкелеріміз тас бауыр атанғандары байланысты. Көгершіндердің махаббатқа деген адалдығы, балапандарын тастамайтындығы, жұптарын ешқашан айырбастамайтындығын көгершіндер көруге болады. Көгершіндер жер бетінің тіршілік және берекесі бола берсін дегім келеді. Баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп оқу қызметін өткізген ұтымды.Баланың логикалық ойлауын дамтыу бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндеймін.












«Таңғажайып алаң »ойыны

Рисунок 4



Қалдық заттардан жасалған бас киімдер үлгісі





5 литрлік май ыдысынан жасалған қазақтың ұлттық бас киімі


Мата қалдықтарынан жасалған қуыршақтар үлгісі



«Әмбебап»ойыны

Picture 5

Ертегілер әлемінде









Picture 16














«Шырмауық »ойыны


Picture 2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!