Материалдар / "Қалижантану" арнайы курсы

"Қалижантану" арнайы курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған көмекші құрал, мектеп ұстаздары факультатив сабақтарда қолдана алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Павлодар облыстық білім басқармасы











4-5 сыныптарға арналған

«Қалижантану»

арнайы курсының оқу бағдарламасы

























Павлодар 2012

Құрастырғандар: Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің және бастауыш сынып мұғалімдері – Байманова Р.Б.,Жомартова Н.Н.

Әдістемелік бірлестігінің отырысында қарастырылған

Хаттама №24.09.12 ж.




Әдістеме бірлестік жетекшісі Жұмабекова А.А.

Камзина С.Х.


Мектеп директоры М.К.Смагулова



















«Қалижантану» арнайы курсы бағдарламасы қазақ сыныптарында оқитын 4-5 сынып оқушыларына арналған.

Бұл арнайы «Қалижантану» курсы аса көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, жыр тарланы Қалижан Нұрғожаұлы Бекқожиннің ғұмырнамасы, өмір сүрген ортасы, туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер, інілерінің, балаларының естеліктері, табиғат лирикасына байланысты өлеңдер топтамасы жинақталып, ұсынылып отыр.






І.ТҮСІНІК ХАТ


Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет пәні де ─ өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.Әдебиет пәні арқылы жеке тұлғаның рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден, елін, азаматты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді.

Өлең өнерінің үлкен шебері, поэзия нары, еліміздің мақтанышы Қалижан ағамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдері арқылы оқушыларды әдемілікті көріп білуге, сұлулықты сезінуге,табиғатты аялап, қорғауға баулу. Қалижан поэзиясының үні де осында. Берілген бағдарламада Қалижан шығармаларымен қатар әдебиет теориясының мәселелері де толық қамтылған. Қанаты қарулы, қаламы қарымды, жүрегі жалынды, даусы дабылды, өмірі өлеңмен нұрланған қазақ поэзиясының тарланы, Бекқожин қаламынан туған туындылары арқылы оқушылардың оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту. Ертіс өңірінің, киелі Баянауыл өлкесінің тумасы Қалижан Бекқожиннің артында қалған мол мұрасын танып білу мектеп оқушылары үшін мәні зор.

























ІІ.«Қалижантану» арнайы  курсының мақсаты мен міндеті:


Мақсаттары:
Білімділік:  Қазақ поэзиясының тарихындағы көрнекті ақын, жерлес қаламгердің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
Дамытушылық: Ақындық өнердің ғажайып сырларын еркін меңгерген қазақ әдебиетінің ардақты ақыны Қалижанның поэзиясының өзіндік ерекшелігін ұғындыру, әрбір балғын шәкірттің жүрегіне жерлес қаламгеріміздің даралығын танытып, туындыларымен  терең таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға,әдеби тұрғыдан талдай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ақынның ешкімге ұқсамайтын,сыршыл, нәзік, сан қырлы жырлары арқылы поэзиясының  тереңдігін сезіндіру эстетикалық тәрбие беру.

Міндеттері:
1.Жалпы білім беретін мектептің 4-5 сынып оқушыларының әдебиетке деген        көзқарастарын  қалыптастырып,көркем шығарманы эмоцианалды қабылдауға, зерделі ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру.

2.Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, жаңа тақырыптармен таныстыру, ақынды жаңа қырынан таныту.Оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін жеткізе алуға баулу.
3.Ертіс өңірінің ерекше дарын иесі ақынның шығармаларын  зерттеп, зерделеу−жас ұрпақ парызы және мәңгілік жалғасатын іс екендігін ұғындыру.
4.Арнайы курсына ден  қоюына байланысты оны болашақ әдеби зерттеу еңбектерінде пайдалана отырып, еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу.Қалижан   шығармаларының таралуын насихаттау.

5. Ақынның артында қалған асыл жырларын қастерлеу, туған өлкесінің көсегесі көгеру жолында қажымай талмай тер төккен азаматтың есімін ұмытпау.

Бұл  курс аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. І тарау

« Қалижан Бекқожин −өршіл ақын» (7 сағат). Ақынның ғұмырнамасы, шығармашылығы, отбасы және олардың айтқан естеліктері, оларға арналған өлеңдері енгізілді. ІІ тарау «Менің сырым─поэзия» (27 сағат). а)Теңізге байланысты өлең жырлары−7 сағат; ә)Жыл мезгілдеріне арналған өлең жырлары−5 сағат; б)Тауға байланысты өлеңдері−3 сағат; в) Табиғат құбылыстарына арналған өлеңдері−4 сағат; г)Аспан денелеріне арналған өлеңдері−2 сағат;д)Туған жерге арналған өлеңдері−4 сағат. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: «Ашық ойлар» сабағы, семинар сабақ, пайымдау сабағы, сайыс сабақ, шығармашылық-ізденіс сабақ,жобалау сабағы,саяхат сабақ т.б. Қалижан шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өздігінен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Мәселесі:

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының Ертіс өңірінің ардагер ақыны Қалижан Бекқожиннің артында қалдырған мол мұрасын толық білмеуі.Оқу бағдарламасында 7-сыныпта ақынның «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы атты туындысы ңана берілген.

Өзектілігі:

Қалижан Бекқожин қазақ ақындық өнерінің аспанында еркін самғаған, қазақ сөзінің құдіретін өлеңімен таныта білген, өлең өнерінің үлкен шебері, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі. Туғаннан Ертістің тулаған толқынына шомылып өскен ақынның табиғат лирикасына арналған өлеңдері сөзбен салған табиғаттың әсем суреттері арқылы оқушының эстетикалық сезімін, табиғатпен туыстығын ашып, рухани қазынасына айнала бермек.

Болжам:

Егер «Қалижантану» арнайы курсында ұсынылған ақынның табиғатқа байланысты туындыларын оқыта отыра, суреткерлік шеберлігін жеткізе білсек, онда көркем поэзияның мәнін түсінген, сөйлесім әрекеті қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, танымдық ой-өрісі кеңейген,туындыларына әдеби тұрғыдан талдау жасай білетін, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болар еді.


«Қалижантану» арнайы курсын оқыту ұстанымдары:

  • Ғылымилық,түсініктілік;

  • Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту,өмірлік қажеттілік)

  • Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

  • Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы (күрделі тапсырмаларды шешуге,өздік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді);

  • Пәнаралық байланысты сақтау;

  • Әрекетшілік-бағдарлылық ұстанымы( әрекетке үйрету, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу, креативті немесе шығармашылық негіздерін қалыптастыру);

  • Мәдени-бағдарлылық ұстанымы (әлемнің бейнесі, әлемге мәндік көзқарас, білім мазмұнының тұтастығы, жүйелілігі, тілді, мәдениетті, елтануды ұлттық, адамзаттық құндылық ретінде таныту).


Күтілетін нәтиже:

«Қалижантану» арнайы курсы бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек:

Қалижан ғұмырнамасы;

Ақынның өмір сүрген ортасы;

Туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер;

Зерттеулер мен естеліктер;

Қалижанның балаларына арналған өлеңдері ;

Лирикалық өлеңдеріне  талдау жасай білу.


ІІІ.Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:


1.Тақырыптар бойынша талдау жасау.
2.Мектеп,қалалық,облыстық кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттерді,зерттеу мақалаларын, ғаламторды басшылыққа алу.
3.Қ.Бекқожиннің поэзиялық шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өздігінен орындай білуге үйрету.


«Қалижантану» арнайы курсын жүргізуде қолданатын инновациялық технологиялар:

1. Модульдік оқыту технологиясы;

2. «Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу» стратегиялары;

3. Интерактивті технологиялар;

4. Конструкторлық жобалау технологиясы;

5.Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясы.


Оқушы біліміне қойылатын талаптар:


1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.
2.Кітапханалармен байланыс жасап,ғылыми еңбектермен танысу.
3.Өлеңдерін стильдік,тақырыптық тұрғыда және өлең құрылысына талдау жасай білу.
4.Кейіпкер мен қаламгердің өзіндік ұқсастықтарын ұғына білу.
6.Қалижан шығармаларын мәнерлеп оқу,жатқа айта білу және шығармаларынан тәлім-тәрбие алу.

7. Өлеңге өзіндік көзқарасын білдіре отырып, сипаттай алуы, жоспар құра білуі.




ІV.«Қалижантану» арнайы курсы авторлық бағдарламасының мазмұны


І тарау. «Қалижан Бекқожин−өршіл ақын»

1-сабақ. Қалижан Бекқожиннің ғұмырнамасы. Қалижанның Кереку өңірінің Баянауыл өлкесінде 1913 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келуі. Азаматтық,ақындық қалыптасу ортасы.Алғашқы еңбек жолы.

2,34-сабақ. Әкесі Нұрғожаның жасынан білімге,өлеңге ынтасы болғандығы, Ақан сері, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт, Иса, Естай сияқты өнер тарландарының мұраларымен сусындағаны, айтысқа түскені туралы. Ағасы Қайыржанның өмірі, алған білімі,қызметі.

5-сабақ. Ақынның өз немересіне арнаған өлеңінің мазмұны, қуанышы, берген батасы.

6-сабақ. Өзінің жарына деген сыйластықты өлең арқылы жеткізе білу шеберлігі.

7-сабақ.Зайыбы Зайда,балалары Ержан,Ерлан,Гүлнәр,Мирасгүлдің әкесі жайында айтқан естеліктері.

ІІ тарау. «Менің сырым─поэзия»

8-сабақ.Лирика және оның басты ерекшелігі.Тақырыбы,мазмұнына қарай бөлінуі.Өлең құрылысы.

9-сабақ. Ақынның теңіз суретін берудегі маңызы, тың бейнелі сөздерді қолдануы, теңіз бен музыка үндестігін беру шеберлігі.

10-сабақ. Ақынның теңізбен іштей сырласуы,өзінің досына деген достық сезімі мен сағынышы.

11-сабақ.Балалықтан даналық шағына дейін Ертіс өзенінен қуат, күш−жігер, қайрат алғандығы,Ертіс өзеніне деген сүйіспеншілік сезімі.

12,13-сабақ. Өлең арқылы Қазақстандағы Марқакөл мемлекеттік қорығы жөнінде ақпарат беру.Тау етегінде орналасқан көл жағасы жиегінде қыз бен шопан бейнелерінің өлеңде сипатталуы,жансыз табиғатқа жан бітіру көркемдік тәсілін қолдану шеберлігі.

14-сабақ.«Шағала» өзенінің мазмұны, теңіздегі шағаланың қимыл іс−әрекетінің берілуі,жағада тұрған ақынның биікте ұшып жүрген шағалаға тіл қатып, арманын жеткізуі.

15-сабақ.Ақынның өлеңінің мәні, тақырыбы, идеясы, дыбыстан сурет жасау ерекшелігі.

16-сабақ.Өлеңнің тақырыбы, идеясы, құрылысы.Жаздың келуімен лирикалық қаһарманның көңіл−күйінің суреттелуі, берілуі.

17-сабақ.«Жаз жыры» өлеңінде айтылатын өзекті ойдың мәнісі,тақырыбы. Ақынның жаздың күзге ұласуын суреттеудегі қолданылған бейнелі көркем сөздер.

18-сабақ. «Уақыт ызасы» өлеңінің мазмұны, тақырыбы, идеясы. Көктемге тән белгілері, құбылыстары.

19-сабақ. Әдеби туындыны түсініп оқып, мазмұнымен танысу.Ақынның өлеңді шебер жеткізе білуі.Табиғаттағы жас гүлдердің бүкіл әлемге көрік беріп тұрғанын өлең арқылы жеткізуі.

20-сабақ. Поэтикалық пейзаж арқылы ақын өз өлеңінде адам сезімін, оның табиғатпен туыстығын ашып бере білуі.Жаз мезгіліндегі айналадағы көрініс, тіршілікті көз алдына өлеңмен сурет салу арқылы беру.

21-сабақ.Түн мезгіліндегі адам мен табиғаттың ұйқыда болуы,бұлттың айды жабуы,тыныштықтың орнауы.

22,23-сабақ. Алатау табиғатының өлеңдегі көрінісі,ақын сезімі,оның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасы.

24-сабақ.Қысқы табиғат құбылысы боранның барлық қырқаны алай−дүлей, бұлан−талан боранға ұластыруы,тіршілік иелері─адам, мал, аңдарға әлек салып, қиындық тудыруы.

25-сабақ.Қалың боз тұманның салдарынан аспан денелерінің адасуы,таудың мұнар басында жатқан қардың көрінбеуі және желдің болмауы.

26-сабақ.Өлеңнің мазмұнын түсіну, ақынның ақындық шабытты желден іздеуі.

27-сабақ.Түнгі тыныштық, түнгі тыныштықты бұзған бөріні өлеңіне қосу, ұлыған бөрінің ешкімге де бөгет жасай алмайтындығын жеткізуі.

28-сабақ. Өлеңге әдеби теориялық талдау жасау,тақырыбы мен идеясын табу, автор шеберлігін дәлелдей білу.

29,30-сабақ. Өлеңнің өзіндік ерекшелігі, тіл көркемдігі.Айды өлеңнің, әннің еркесі деп өлеңге қосуы, өлеңдегі сөз қолданысы.

31-сабақ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау,құрылысына қарай талдау.Қара бұлттың ─қараңғылықтың символы екенін жеткізу.Ел басын ешқашан қараңғылық баспай, әлемде тыныштықтың мәңгі орнауын өлең арқылы шебер жеткізе білу.

32,33-сабақ.Асқақ үнді ақын Қ.Бекқожиннің «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын» өлеңімен танысу,балалық шағының Тәттімбет жазығында өтуі, сол жеріне деген сағынышы,лирикалық қаһарманның көңіл −күйі.Туған жерінің табиғатын өз өлеңіне жыр қылып қосуы.

34-сабақ.Ақынның туған жерге деген сағынышының «Тым асығып келемін» өлеңінде айқын байқалуы.Туған жерінің табиғатына деген сезім суреттерімен өрнектей бере білуі.Ыстық тауларын, көк түсті өзендерін,саялы ормандарын,қол жеткізбес сағымдарын, шырқаған әнін сағынуы.


Қосымша оқуға:«Қос кептер», «Ағайынды қоңыр қаз», «Көңіл шіркін», «Мирасгүлге».

Жаттауға ұсынылатын өлеңдер: «Ағама хат», «Тереземді бүркемеші», «Теңіз музыкасы»,«Теңіз жыры»,«Марқакөл» (үзінді),«Шағала», «Толқын»,«Түнгі тауда», «Мейлің, бөрі, ұли бер...»,«Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын» (үзінді).







































«Қалижантану» арнайы курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Аптасына 1 сағат,жылына 68 сағат



Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

І

Қалижан Бекқожин−өршіл ақын



1

Қалижан Бекқожиннің ғұмырнамасы,шығармашылығы

1


2, 3,4

Қалижан Нұрғожаұлы Бекқожиннің отбасы.Ағама хат

3


5

Мектепке барды немерем

1


6

Тереземді бүркемеші

1


770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ