Қалқаман Әбдіқадіров "Қажымұқан" повесі 6-сынып әдебиет

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қалқаман Әбдіқадіров "Қажымұқан" повесі 6-сынып әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, тиімді, жаңа әдіс-тәсілдермен
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып. Қазақ әдебиет пәні. ІІІ тоқсан.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Толеубаева самал Жақсылыққызы

Пән/сынып

6-сынып. Қазақ әдебиеті

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан. 9-апта. 17-сабақ.

Тарау немесе бөлім атауы

ІІІ бөлім:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Сабақтың тақырыбы

17-сабақ. Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»


Оқу мақсаты

Т/Ж3 Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау

Б/С2 Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру


Сабақ мақсаттары

- «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

- кейіпкерлердің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру.

Бағалау критерийлері

  • «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерді анықтайды;

  • кейіпкер типтерін біледі;

  • тек тұрғысынан сипаттап айтады;

  • кейіпкерлердің заманауи жаңашылдығына салыстырып баға береді.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Ресурстар

1 минут










3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіз бе, жас дос? Қазақ әдебиет сабағына қош келдіңіз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі

Бүгінгі сабақта білетініміз:

- «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттауды;

- кейіпкерлердің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беруді.


Құрметті оқушылар, суреттер арқылы әңгіменің басты кейіпкері туралы қандай ой жинақтауға болады? Осы сұрақ көлемінде ой қозғап көрелік.

Қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы – күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ
Атасы Ернақ ерекше күштің иесі болған дейді және өз немересіне қазақша күресті үйреткен. Ал нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлған деген аңыз бар. Әкесі Мұңайтпас та өте күшті адам болды. Күрес жарыстарына қатысып, "жуанаяқ палуан" деген атпен танылды.
75 жастағы палуан жалаңаш тұрғанда 174 келі тартқан. Шалбарының өзіне үш метр мата, көйлегіне 6 метр сұрып кетеді екен. Аяқ киімі – шамамен 54-ші өлшем. Шалбарының белдігі – 220 см.

Қажымұқан 26 мемлекетте өнер көрсетіп, 50-ден астам медаль жеңіп алған.
1940-1944 жылдың ішінде Қажымұқан цирк ұйымдастырып, 100 мың рубль жинап, қорғаныс қорына аударады. Бұл ақшаға ұшақ жасатады да, бүйіріне Амангелді Имановтың атын жаздыртады.


слайд

8 минут

Жаңа сабақ

Оқушылар, олай болса бүгінгі сабағымыздың мақсатына орай, қазақ әдебиеті теориясы бойынша, әдебиеттегі кейіпкерлер тегіне тоқталып өтелі:
эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген, жинақталған әрі дараланған тип.

  • лирикалық образ – сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі.

  • драмалық образ – шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш әрекеттер арқылы жасалады.

Олай болса, біздің бүгінгі басты кейіпкерміз- Қажымұқан бейнесі эпикалық образ болып табылады.

1-тапсырма. Әңгімеден алынған үзінділерді Мұқанның өсу жолымен сәйкестендіріңіз.


Тапсырманы орындап болсақ, дұрыс жауапты тексеріп көрелік.

Мұқан бейнесі

Әңгімеден үзінді арқылы дәлелдеу, мысал келтіру

Бала кезі

Көтерiлмейтiн тауларың осы ма? – Саған жеп-жеңiл көрiнiп тұр ма? – Əй, тəйiрi-ай... Соны да сөз деп айтып тұрсыңдар-ау. Тау дегенге таңырқансам, бұл шелектей-ақ ыдыс қой. Он кiсi жабылып, қаланы «њаппалап» бастарыңа көтерiп жүргендерiң осы ма? Өздерiң шетке ысырылып, тиейтiн шанаңды есiк алдына əкеле берiңдер.

Жігіт шағы

Бойы өсiп, буыны қатая түсiп,

он сегiздегi жiгiт болды. . Қалаға кiрген соң, ол ат та аяғын басудан қалды. Оны шананың артына байлай салып, өзi жүктi сүйрей бердi. Ел тұрып, қорасының айналасын күрей бастағанда, адам сүйреткен дəу шана шөп, бiр атты үстiне салып, бiр атты артына байлап, Масликовтың қорасына кiрдi. Бұл алып күштiң кiм екенiн бiлу үшiн, Масликовтың қорасына келгенше топ-тобымен қала адамы шананың артынан ерген едi.

Жігіт ағасы

Сом темiрдi мойнына бұрап, галстук ету Мұқанның жеңiл өнерiнiң бiрi едi. Оны жұрт көрдi. Иегiн иығына қыса арқалай келiп, еңкейе берiп, басынан асыра атып жiбердi де, арлан қасқырды алған бүркiттей бас салды. Оның ауыр денесi жақ ағашындай иiлiп, жауының астына түстi де, жауырынын көтеретiн аяғы бүгуге келмей қалды. Жерге тиген жауырынды еқкейiп көрген басқарушы ысқырығын алды да, сағатына қарады: – Төрт минут iшiнде түрiк палуаны Қажығалиды, Россия палуаны Мұқан Мұңайтпасов жықты, – дедi



8 минут

Тәжірибе

2-тапсырма. Берілген үзінділер арқылы кейіпкерге мінездеме беріңіз.

Тапсырманы орындап болсақ, дұрыс жауабын тексеріп көрелік.

1.Жетпіс тиынды ауылдағы тарығып отырған әжеме берем… – Ой, тәйірі, қасқыр, аю, қабан дегендер – ит емес пе, иттен кісі қорқа ма?.. Менің төбелес, жанжалға жаным қас.


Осы үзінділер арқылы Мұқанның ата-анаға, туысқа мейірімділігі, күштілігі, артық жаман әрекеттерден аулақ екені көрінеді.


2.Бұл, шынында, дəу... мына шөп кемiнде қырық пұт. Арасына кiрген қары бес пұттан қалай кем болар екен... Ал анау ат он бес пұт қайтсе де болады. Сонда 60 пұт жүктi жетi шақырым жерге жаяу сүйрегенi ғой. Тегi жай бала емес…


Үзіндіден Мұқанның алып күштің иесі екенін танимыз.


3.Оның бəрiн кiшкене бөлшектен үйренiп, екi жыл iшiнде шегiне жеткiзу керек едi. Бойына бiткен алып күшке жүктеп, уақытпен санаспады. Күнi-түнi үйренетiн залдан шықпай, қара терге малынып, ауырды көтерiп үйрене бердi. Қол-аяғын жаралап, жосадай қанға батқан күндерi көп болды.


Мұқан табандылық танытып, мектепте меңгерілетін білімді уақытынан ерте бітіруге тырысты.


4.Ағаштың үгiндiсiн төсеген орталық алаңға əкелiп салған тақтайды сүйемдей жерге батыра, арбаны тiсiмен тартқан алып ортаға келiп тұра қалды. Арбаға жабылған ақ жабудың төрт жағына бiрдей етiп төрт тiлде қарамен жазған жазу бар.

«Арбаның салмағы жетпiс бес пұт», деген жазу айқын көрiнiп тұр. – Шығыс Европаның үздiк атағын алған Россия палуаны Мұқан Мұңайтпасов... – дедi басқарушы.


Мұқан Парижде осылай өз өнерімен Россия атынан шығып, әлемге танылды.


3-тапсырма. «Бес жол өлең» әдісі арқылы басты кейіпкерге мінездеме беріңіз.

«Бес жолды өлең»

1. Зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Төрт сөзден тұратын сөйлем

5. Синоним сөз

Өзіңді тексер!

«Бес жолды өлең»

1. Қажымұқан

2. Мейірімді, мықты

3. Еңбектенді, күресті, жеңді

4. Қажымұқан – ерең күш иесі

5. Палуан


2 минут

Бекіту

  • «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерді анықтай алдым;

  • кейіпкер типтерін анықтай алдым;

  • тек тұрғысынан сипаттай білдім;

  • басты кейіпкердің заманауи жаңашылдығына салыстырып баға бере білдім.


1 минут

Қосымша тапсырма

««Қажымұқан және бүгінгі қазақ спортшылары» тақырыбына эссе жазыңыз














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2024
741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі