400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қалың елім,қазағым.." бөлімі бойынша тоқсандық жиынтық бағалау 10 -сынып ЖМБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалың елім,қазағым.." бөлімі бойынша тоқсандық жиынтық бағалау 10 -сынып Жаратылытану-математикалық бағыт
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып (ЖМБ) Оқушы__________________________


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім: Қалың елім, қазағым

Шығармалар: Абай шығармашылығы: «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз,

«Масғұт» поэмасы


    1. БӨЛІМ

1. Еңбексіз мал дәметпек -қайыршылық,ақылды ерге ар болар ондай қылық» үзіндсі Абайың қандай шығармасынан алынған?

А. «Қалың елім,қазағым..»;

В. «Масғұт» поэмасы;

С. «Сабырсыз,арсыз,еріншек»;

D. «Сегізаяқ»





[1]

2. «Сегіз аяқ» өлеңінің жанрлық ерекшелігі қандай?

А. Тек ақынның көңіл-күйін жазады, елге ақылын айтады; В. Әні бар, осы кезге дейін айтылып келеді;

С. Шумақ сегіз жолға құрылған,соңғы екі жолы афоризммен аяқталады;

D. Қысқа буынды, ойы шұбалаңқы, писсимистік сарыны басым;







[1]

3. «Өмір жолы-тар соқпақ,бір иген жақ,иілтіп екі басын ұстаған хақ» -деген өлең жолдарындағы «хақ" сөзінің мағынасы?

А) жаратушы;

В) түп иесі;

С) өмір жолы;

D) шындық;





[1]



  1. Абайдың «он жетінші» қара сөзінде «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады,- деген қай кеіпкер?


А. Ғылым В. Жүрек С. Қайрат

D Ақыл [1]



  1. Масғұт кімге кезігеді?

«Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа, Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?

Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде Кез болды бір бишара шал байғұсқа.»


А. Сол шаҺардың ханы В. Диуана

С. Қайыршы шал D Қыдыр шал

2-БӨЛІМ


  1. Абайдың «Отыз екінші» қара сөзінің композициялық ерекшелігін талдаңыз. Автор білім-ғылым үйрену үшін не істеу керектігін қалай жеткізеді?








[5]


  1. «Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың». Өлең жолдарындағы автордың тілдік ерекшелігін анықтап, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз













[5]

8. «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын...» деген өлең жолдарымен мағыналас 3 мақал-мәтел жазыңыз.






.










[5]

3-БӨЛІМ

9. «Масғұт» поэмасындағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беріңіз, шығарма идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз. [10]

Тақырыбы :

"Абай шығармасындағы ізгілік пен даналықтың көрінісі: Масғұттың таңдауы"


Есекрету : 3-бөлімді қос параққа жазыңыз.




Балл қою кестесі


Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1

В

1

5

2

С

1

3

Д

1

4

В

1

5

D

1


6

Қара сөздің композициялық ерекшелігін анықтайды;

2

15

Білім-ғылым үйренудің жолдарын талдайды;

2

Өзіндік тұжырым жасайды.

1


7

Тілдік құралдардың қызметін анықтайды;

2

Көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;

2

Ойын дәлелдейді.

1


8

Берілген өлең жолдарынмағыналас мақал-мәтел жазады

5



9

Көтерілген мәселені талдайды;

2

10

Жаңашылдығына баға береді;

2

Идеясын адамгершілік құндылықтар тұрғысынан талдайды;

2

Негізгі ойын тұжырымдайды;

2

Эссе құрылымын сақтайды.

2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16.10.2024
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі