Қалыптастырушы бағалауды жүргізу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалыптастырушы бағалауды жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп мұғалімдеріне арналған. Сабақ кезінде оқушылармен қалыптастырушы бағалауды жүргізу әдістері жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалыптастырушы бағалауды жүргізу


Қалыптастырушы бағалау- бұл мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың шексіз ағымы және оқыту үрдісін жақсарту мақсатында мұғалім мен оқушылардың әрекеттеріне түзетулер енгізу болып табылады.

Кері байланыс мұғалімге оқыту үрдісі қалай жүріп жатқандығы туралы түсінік береді, оқушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы хабардар етеді.

Кері байланыстың екі түрі бар: ауызша және жазбаша .

Кері байланыс түріне қарамай, мұғалім:

  • оқушылардың нені жақсы білетінін ескеру керек;

  • егер қателіктер болса, оқушыларға өз жұмысын жақсарту үшін нақты ұсыныстарды беру керек.

Кері байланыс:

  • оқушылардың оқудағы өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсінуге көмектесетін ақпарат және алға қарай жылжу бойынша нақты ұсыныстар туралы ақпарат алу;

  • мұғалімге оқытудағы кемшіліктерді түсінуге және өзінің әрекетіне өзгерістер енгізуге (жаңа әдістерді таңдау, оқыту әдістемесі, сабақ уақытын бөлудегі өзгерістер және т.б.) көмектесетін ақпарат алу.

Ауызша кері байланыс – оқушының іс-әрекетін бақылап , оның жұмысын орындау нәтижесіне ауызша түрде түсініктеме беру.

Мұғалімнің түсіндірмелері толық ( кеңейтілген) немесе қысқа (кеңейтілмеген) болуы мүмкін. Қалыптастырушы бағалаудың мақсатына жету үшін - тиімді кері байланыс қамтамасыз ету , яғни оқушы егжей-тегжейлі ,яғни кеңейтілген түсініктеме алу керек.

Мұғалімнің «жақсы», «дұрыс емес» бағасын ғана қамтитын кеңейтілмеген немесе қысқа түсініктемелерді қолдануға кеңес берілмейді және оқушыға «кеңес беру, ұсынымдар, жұмыс жасау бойынша нұсқаулар» бермейді.

Мұғалімнің кеңейтілген түсіндірмелері өзіне мыналарды қамтиды:

  1. дәл ненің « дұрыс» екендігін көрсететін нұсқау.

Мысал 1. 8-сынып. Мұғалім оқушыны тапсырманы орындау үшін тақтаға шақырады. Ол тапсырманы мына түрде орындады.

Тапсырма: m-нің қандай мәнінде теңдеудің бір түбірі нөлге тең?

Егер

,

Яғни

Жауабы: теңдеудің түбірі мәнінде 0-ге тең.

Мұғалім: Рахмет, Әділет. Сен тапсырманы дұрыс орындадың. Балалар, Әділеттің квадрат теңдеуді тиімді жолмен шешкеніне назар аударыңдаршы.

  1. егер , бір нәрсе «дұрыс емес»болса немесе тиімді жолмен шешілмесе кемшіліктерді қалай түзетуге болатынын және жауапты жақсартуды көрсететін нұсқау.

Мысал 2. 5-сынып.

Тапсырма: Мына есепті тиімді жолмен шешіңдер: 7,49*2,5+2,5*2,21

Оқушы есепті мына жолмен шығарды:

x x +

2.5 2.5 6,275

--------- --------- ----------

3745 1255 25,000

+ +

1498 502 ---------- -----------

18,725 6,275

Мұғалім: «Жарайсың, Назерке, сен тапсырманы қатесіз орындадың жауабыңда дұрыс, бірақ дұрыстап қарашы, тапсырманың шарты орындалды ма? Бұл есепті шығарудың басқа да жолы бар ма?».

Мұғалім есепті шығарудың басқа тәсілін ұсынады.

2,5

Мұғалім: Қалай ойлайсың есепті шығарудың қай тәсілі оңай және неге?

Оқушы қорытынды жасайды.

Мұғалімнің түсіндермелері (тиімді ауызша кері байланыс) келесі түрде берілуі мүмкін:

  • Жауап дұрыс болғанда айтылатын сөз тіркестері: «Рахмет, бәрі дұрыс», «Рахмет, қараңдаршы , Айбек жауапты дәл тұжырымдады», «Рахмет, сен қойылған сұраққа дұрыс және толық жауап бердің, жарайсың».

  • Ал, берілген жауап дұрыс емес,толық болмағанда айтылатын сөз тіркестері?

а. « жуық ...»

Мысалы. Оқушы :

Мұғалім: Рахмет, жауабың жуық,бірақ дәл емес тағы ойлан. Теріс санның жұп дәрежесі қандай таңба береді?

б. «Жақсы әрекет...»

Мысалы. Мұғалім: «Рахмет , Болат, талпынысың жақсы

бірақ дәл емес, негіздері бірдей дәрежелерді бөлудің қасиетін есіңе түсірші. Ал , сенде барлық негіздер бірдей ме ?»

в. «Бағытың дұрыс...»

Мысалы. Оқушы: «Дәрежелерді көбейту үшін оладың дәреже көрсеткіштерін қосамыз». Мұғалім: «Рахмет, бағытың дұрыс, қане бірге ойланып көрейікші, осы шарт жеткілікті ме?»

г. «... алсендер қалай ойлайсыңдар?»

Мысалы. Мұғалім: «Рақмет, балалар. Назерке деп есептейді. Ал, сендер қалай ойлайсыңдар?»

d. « Ал , егер...»

Мысалы өрнегінде қандай мәндер қабылдауы мүмкін?»

Оқушы: «n кез келген мән қабылдауы мүмкін».

Мұғалім: «Рахмет, Асыл. Неге бұлай ойлайсың. Ал,егер n болса?»

е. « Тағы да...»

Мысалы. Оқушы: « ».

Мұғалім: «Жауабыңа рахмет. Жауапты қалай алдың , түсіндірші».

ж. «Қайта оралайық...»

Мысалы. Оқушы:

Мұғалім: «Рахмет, бірақ осы жерде сен қателестің. Жақша ашу ережесін айтшы».

Оқушылардың жауаптары дұрыс және дұрыс емес болса да мұғалім олардың қаншалықты түсінгендігін тексеру үшін «Неге?», «Қалайша» сияқты нақтылау сұрақтарын қою маңызды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі