Материалдар / Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Материал туралы қысқаша түсінік
 Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;  Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2022
252
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп: «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 10.12.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Аканова Маржан Муратовна

Сынып:

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар:2

Сабақтың тақырыбы

Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау


Сабақтың мақсаттары

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерін салыстыру

  • Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;

  • Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тиісті терминолдогияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің ерекшеліктерін үлгілде тиісті терминологияны пайдаланып сипаттап түсіндіре алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ашық қанайналым жүйесі, тұйық қанайналым жүйесі, бір қанайналым шеңбері, екі қанайналым шеңбері, гемолимфа, дене қуысы (гемоцель).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ашық қан айналым жүейсінде...болмайды.

Тұйық қанайналым жүйесі...арқылы тұйықталады.

Ашық қанайналым жүйесі тән ағзаларда диффузия...арасында жүреді.

Тұйық қанайналымы бар ағзаларда диффузия ... жүреді.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберініңі айырмашылығы...

Екі қанайналым щеңбері ...,...,...,... тән.

Бір қанайналым шеңбер...,...,...,...тән.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Түсіндірмелер кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсете білу құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Қан қысымы, қанның жылдамдығы, диффузия ұғымдары қарастырылғанда физика пәнімен, оксигенді дезоксигенді түсініктері арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Жануарлар мен өсімдіктердегі заттар тасымалына қатысатын мүшелер туралы 7-сыныптан біледі. Қанайналым жүйесінің маңызы, жануарлардың қан тамырларының түрлері мен айырмашылықтары, жүректерінің ерекшеліктері, сүтқоректілердің жүректері туралы 8-сыныптан біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Алдыңғы білімді еске түсіру үшін оқушылардан гемолимфа, гемоцель, ағзаның ішкі ортасы ұғымдары және жануарлар қанының түстері туралы «ақиқат», «жалған» тапсырмасын орындау сұралады.

1 -3 слайдтар



1-қосымша

Сабақтың ортасы

4-17 мин








Оқушылар топтарына ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің сипаттамалары, сызба, суреттері беріледі. Оқушылардан осы екі қанайналым жүйесін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау сұралады. Оқушылардың кейбіреулері ақпарат, сызбаны пайдаланса, кейбіреулеріне «Өзен шаянының қанайналымы», «Шұбалшаңның қанайналымы» видеоматериалдарын ұсынуға болады.

Критерий:

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;


Дескрипторлар:

  1. Сызбаға сүйеніп ашық және тұйық қанайналым жүйелерін дұрыс сипаттайды.

  2. Әрбір қанайналым жүйесінің түріне жануарлар мысалын келтіреді.

Оқушылар дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді және мұғалім жекелеген кері байланыстар ұсынады.

Түсініксіз болған кезде слайдтарды ашып, шағын түсіндірмелер береді.

2 - қосымша







3-13 слайдтар



















Нұсқаулық

17-27 мин

Оқушыларға суреттер, плакаттар, видеоматериалдар, анимациялардың көмегімен үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін моделдеп, салыстырма сипаттамалар беру тапсырмасы ұсынылады. Кейбір оқушылар «Қанайналым шеңберлері» видеоақпаратымен жұмыс жасай алады.

Критерий:

  • Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.

Дескрипторлар:

  1. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін үлгілеп көрсетеді.

  2. Үлгіге сүйеніп үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін дұрыс сипаттайды.

  3. Қан айналымның бір және екі шеңбері болатын жануарлар мысалдарын келтіреді.


Кейбір оқушылар Венн диаграммасы арқылы салыстыра алады.

Мұғалім тапсырманың орындалуы барысында жеке кері байланыстар ұсынып, оқушылардың түсінуіне көмектеседі.



3-қосымша







14-17 слайдтар













Нұсқаулық

27-36 мин

Оқушылардан ашық және тұйық қанайналым жүйелері, бір және екі қанайналым шеңберлерінің жануар үшін артықшылығы мен кемшіліктерін анықтау тапсырмасын орындау сұралады.



Мұғалім тапсырманың орындалуы барысында жеке кері байланыстар ұсынып, оқушылардың түсінуіне көмектеседі.

18 слайд







Нұсқаулық

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

«Нысана»

19 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылар ашық және тұйық қанайналым жүйелері мен екі және бір қанайналым шеңберлерінің сипаттамалары, сызба, плакаттар, видеоматериалдар, анимациялар, суреттерімен жұмыс істеулері бойынша топтарға бірігеді, яғни оқушылардың өз қабілеттеріне сай ресурс көзін таңдауы арқылы саралау жүреді

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін моделдеп, салыстырма сипаттамалар беру кезінде әр оқушы өз деңгейін көрсетуге мүмкіндік алады


Кейбір оқушылар сабақ барысында өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады, мысалы, олар қанайналым жүйесінің түрі мен қанайналым шеңберлерінің санына қарай жануарлардың қоршаған ортаға бейімделу жолдарын зерттей алады.


Кейбір оқушыларға 4-қосымшадағы тапсырмаларды орындау арқылы


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Алдыңғы білімдерін еске түсіру тапсырмасы арқылы

Ауызша жазбаша жауаптары арқылы

Ашық тұйық қанайналым жүйелерін салыстыра білулері арқылы

Бір және екі қанайналым шеңберлерін салыстыру тапсырмасы арқылы

Ағза үшін бір және екі шеңбер, ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің маңызын бағалау арқылы


Қосымша тапсырамын орындауы арқылы

Қосымша ақпарат іздеп өз білімдерін тереңдете білулері арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды

















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!