Материалдар / «Қанатты қызы қазақтың»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қанатты қызы қазақтың»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетанушыларға, мектеп ұстаздарына, оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қанатты қызы қазақтың»


Shape1

Ғасыр қасіретіне айналған Ұлы Отан соғысы қазақ халқына соғыстағы ерліктері үшін Қызыл жұлдыз, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл ту» ордендері, «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарын иеленген ҚР-ның Халық хаһарманы, тұңғыш ұшқыш ару Хиуазды берген еді.

Хиуаз Доспанова 1922 жылы 15-мамырда бұрынғы Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Теңіз ауданының Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Орал қаласында өтіпті. Қаланың №1 мектебінде білім алып жүргенде белсенді оқушы болған, аға пионер жетекшісі қоғамдық қызметін атқарған. 1939 жылы 9-сынып оқып жүрген Хиуазды өзге де пионер жетекшілерімен бірге комсомолдың қалалық комитетіне жинап, аэроклубтың бастығымен таныстырады. 1936 жылы негізі қаланған аэроклубқа балалар жинай бастайды. Аталмыш аэроклубқа ерікті жастарды жинау үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу пионер жетекшілеріне тапсырылды. «Бұл бастаманың болашақ Отан қорғаушылар үшін қаншалықты тәрбиелік мәні зорын алғашында елемедік»,- деп өзі үшін де, өзгелер үшін де теңдессіз ерлікке апарар жолдың бастамасы болғанын Хиуаз Доспанова өз мақаласында айтып кеткен. Сол кезде «Қырғи-қабақ соғыс» ресми жарияланбаса да, «Американы барлық жағынан қуып жету керек деген патриоттық сөздер лаулап тұратын еді» -дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Қанапия Ахметов батыр қыз туралы естелігінде. Кеңестік ұшқыш Валерий Чкаловтың Еуропадан Америкаға Солтүстік полюс арқылы барып, американ ұшқыштарынан асып түсуі, кеңестік жүйені насихаттау шараларының бірі болса да, бала атаулыға ол ерлік, барлығының арманы «Чкаловтай» ұшқыш болу еді. Ал, Хиуаз үшін «бәрінен де жоғары және алысқа ұшу» деген авиациялық ұранын тамаша орындаған Марина Раскова, Полина Осипенко, Валентина Гризодубова сынды өз заманының рекордшы әйел-ұшқыштары үлгі болды. Сөйтіп, арман жетегінде болған бірнеше жастарды аэроклубқа оқуға тарта отырып, Хиуаз бірінші болып жазылады. Ұшу дайындығы кезінде ол ұшқыш-инструкторлардың көзіне түсіп, өзінен ұшқыш шығатынына оларды әбден сендірген. Аэроклубтағы оқуын мектептегі сабағымен қатар ала жүріп, 1940 жылы мектепті үздік аттестатпен бітіріп қана қоймай, запастағы ұшқыш атағымен әскери билетті де алады. Ал, облыстық әскери комитет оның ұшқыш болуға болашағының зор екенін көріп, ұшқыштық шеберлігін шыңдауға кеңес берді. Хиуаз Доспановадан басқа Кеңес Одағының батыры атағын алған Леонид Беда, Иван Куличев, Алексей Чурилин және т.б. аэроклубтың тәрбиеленушілері болған екен.

Орал аэроклубынан алған ұшқынмен Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болған қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық еді. Тұңғыш маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Алайда, бұған жасымаған алғыр қыз Мәскеудің Бірінші медициналық институтына оқуға түседі. Хиуаз Доспанова медицина саласын таңдауының себебін былайша түсіндіреді: «Өзім нағашы апамның қолында өскенмін. Ол кісі жие ауыратын. Қазақтың ырымымен ақпен емдеп жатқанын көргенмін. Содан дәрігер болсам дедім». Медицина институтында да құрбыларының алды болып, сабақты жақсы оқып қана қоймай, гимнастикамен айналысып, қоғамдық жұмыстарға да араласады. Институттың бірінші курсын тамамдап, каникулға шықпақшы болғанда, фашисттік Германия Кеңес еліне баса көктеп кірген еді. Жазғы демалысында патриоттық сезімге толы студент қыз Мәскеу қорғанысына қатысу жұмысына қалады. Оқуының екінші жылына аяқ басқанда да елдегі астан-кестенге бей-жай қарап, оқуын жалғастыра алмады. Майданға медбике болып сұранамын деп жүргенде, әуелде аэроклубта оқуына себепші болған, кездестіруді армандаған атақты ұшқыш Марина Раскованың әйел ұшқыштар полкін жасақтап жатқанын естіп, полкке қабылданатын сынақ комиссиясына қатысады. Раскованың өзімен жолығып, әлемдегі алғашқы ұшқыш әйелдер полкіне қабылданады. Саратов қаласындағы әскери-әуе училищесінен штурмандар дайындайтын класты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде авиация тарихында тұңғыш рет құрылған түнгі мезгілде жау позицияларын бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттады. Полктің командирі Е.Бершанская болды. Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысады. ПО-2 деп аталатын жеңіл, бомбалағыш ұшақтардың міндеті алдын-ала белгіленген жау құрамалары шоғырланған жерлерді бомбалап отыру. Штурман міндеті ұшақты нысана үстіне дәл әкеліп, жарқырауық бомбаны тастау болды. 1965 жылы 25-мамырда «Ленинская смена» газетіне шыққан «Бомбы ложились в цель» атты Х.Доспанованың мақаласында соғыс кезінің кейбір эпизодтарын баяндалады. 1943 жылы Хиуаз Доспанова ауыр жарақатының жазылмағанына қарамастан госпитальдан шығып, қыздардың көмегімен ұшақ кабинасына мініп, полкпен бірге Таман шығанағын азат етуге кіріседі. Қасындағы жолдасы Юлия Пашкова болатын. Бірнеше аптаның ішінде-ақ, Таман шығанағы жаудан азат болды. Ал, Қырымда қарусыз, азықсыз қалған қоршаудағы сібірліктердің дивизиясы орналасқан Эльтиген станицасы стратегиялық маңызды пункт болды. Бұл жолы енді қарсыластың жағына бомба емес, әуеден қару-жарақ, азық-түлік салынған қаптар пен жәшіктер лақтыру қажет еді. Жау оғы теңізден де, құрлықтан да атқыласа да, әскери тапсырманы орындаудан тайынбаған полк құрамындағы ұшқыш қыздар кейін сол сібірліктердің алғысын алады.

1943 жылдың наурызына дейін Хиуаз Доспанова штурман қызметін атқара жүріп, 300 рет көкке көтеріліп, әскери тапсынманы орындауда бағытынан еш айнымай, ауа-райының қолайсыздығына да қарамай, оғын мүлт жібермеген. 1944 жылдың сәуірінен бастап, денсаулығына байланысты ұшқыштық жұмысынан босатылып, байланыс бастығы қызметіне ауыстырылады. Бұл мәліметтерді 46-гвардияның Штаб бастығы майор Ракобольскаяның қолы қойылған және командир подполковник Бершанская қолдаған аға лейтенант Х.Доспанованың жеке ісінен алынған мінездеменің көшірмесінен көруге болады.

Майданнан соң еңбек жолы Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысынан басталады. Содан кейін, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің хатшысы, Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Кеңесінің Президиумының хатшысы қызметін атқарады. Соғыста алған ауыр жарақатына байланысты ерте зейнетке шықса да, аз іс тындырмады. Оның соғыс кезіндегі ерлігімен қатар, бейбіт өмірдегі қайсарлығы, әділдігі, жанашырлығы басым болған іс-әрекетін бірі білсе бірі білмейді. Жасында қиындыққа тіке қарап көзсіз ерліктер жасаса, кемелденген жасында халықтың, болашақ ұрпақтың игілігіне аянбаған батыр-қыз, батыр-ана кеш те болса өзіне лайық «Халық қаһарманы» атағына ие болып, қазақ халқына аты кеңінен жайлады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!