Суретке назар
аударайық.
Суретте не көріп
тұрсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар
адамның қаңқасы.
Біз бүгін осы адам
қанқасының құпияларын білетін боламыз.
Оқулығымыздың 32
бетін ашайық.
ОМ
таныстыру.
Қаңқаның не үшін қажет
екенін түсінетін боласың;
Қаңқа бөліктері мен
атауларын білетін боласың.
1 . Дене бөліктерін
ата. Әрқайсысың қызметі туралы айт.
Дене
бөліктері
Адам денесінің қандай
негізгі бөліктері бар? (Бас, кеуде, аяқ-қолдар.)
Қолдың бөліктерін
атаңдар. (Білек, шынтақ, иық.)
Адамның қолдары қандай
қызмет атқарады?
Аяқтың бөліктерін
білесіңдер ме?
(Жамбас, тізе, балтыр,
табан.)»
Оқушыларға саусақтарын,
басын, шынтақтарын ұстап көруге ұсыныс жасау.
Нені байқадыңдар?
(Ішінде қатты негіз бар.)
Ішінде не
бар?
Суреттерге назар
аударыңдар.
Үйдің тірегі не үшін
қажет? (Үйдің құрылысының қалпын құрайды, оған тірек
болады.)
Адам денесіндегі
осындай қызметті не атқарады? (Қаңқа адам денесінің қалпын құрайды
және қорғанышы болады. Сүйектер жұмсақ ұлпалардың (ткань) мықты
қорғаны болып табылады).
Қаңқаны көргендерің бар
ма? Қайда көрдіңдер?
(Кинода, теледидарда,
кітапта, мұражайда.)
Қаңқа.
Суреттегі қаңқаның
бөліктеріне мұқият қара.
-Адамның бас сүйегі
нені еске түсіреді?
-Адамның бас сүйегінің
барлық бөліктері өзара тығыз байланысқан.
-Неліктен адамның бас
сүйегі қатты болады?
-Ол нені
қорғайды?
-Сендер кеуде қуысы
сөзінің мағынасын түсіндіре аласыңдар ма?
Бас сүйегі миды
қорғайды, ал омыртқа, кеуде және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде
қуысын құрайтынын түсіндіру.
(Сүйектер бірігіп,
кеуде қуысын құрайды, ол кеудені қорғап тұрады.)
«Омыртқалардың өзара
бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге
көмектеседі» деп түсіндіру.
Аяқ-қол сүйектерінің
қалай біріккеніне назар аударыңдар. Оқушыларға қолдарымен шынтақ,
иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын
қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс
жасау.
(Т) Қаңқаның суретін
бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта құрастыруға, оның
бөліктерінің аттарын жазуға тапсырма беру.
Дене
бітімі
Суреттегі балаларды
салыстыр.
-Олардың қайсысы саған
көбірек ұнайды?
-Неліктен?
-Қалай дұрыс жүру
керектігін, яғни арқаны тік ұстап, алдына қарап жүру қажеттігін
айту.
-Партада қалай отыру
керек? Неліктен?
-«Қайсысы дұрыс отыр:
Негеш пе, әлде Эврика ма? Негеш нені дұрыс істемей отыр? (Оның
аяқтары еденде тұруы қажет, арқасын тік, басын сәл еңкейтіп ұстауы
керек).
Эвриканың суретіне
мұқият қара.
-Қалай дұрыс отыру
қажеттігі туралы айту
(Ж) Сыныптасының қалай
отырғанын талқыла.
Сергіту
сәті:
Қызықты
ақпарат:
Адaм баласы әрбір саусағын өмір бойында 25
миллион рет бүгеді. Адaм туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды,
ол 2 — 6 жас аралығында пайда
болады. Ересектерге қарағанда сәбилер көп сүйекпен
туылады. Кейін кейбір сүйектер бітісіп кетеді. Бірақ жаңа туылған
сәбилерде болмайтын нәрсе бар. Ол – тобық. Ол тек 2 — 6 жастарда
пайда болады Адам қаңқасында 1200 г кальций, 530 г фосфор,
11 г магний бар. Сүйек кірпіштен 30есе, ал граниттен 2, 5 есе
қатты. ) Қаттылығы жағынан қорғасыннан 9 есе асып түседі. Адамның
ортан жілігі тік тұрған күйінде 1, 5 т, ал асықты жілігі 1, 8 т
қысымға шыдайды. Сүйек мықтылығына жілік басындағы сүйек
талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиетті
көпір, мұнара салуда қолданады
екен
Дене
бітімі дегеніміз – адамның денесін ұстау
қалыбы. Оның бұзылуы әртүрлі ауруларға себеп болуы мүмкін. Жүрген
кезде, үстелде отырғанда
денені тік ұстау
маңызды. Сондай-ақ ұйықтаған кезде етбетінен, өте биік немесе өте
төмен жастықта жатуға
болмайды.
Дене
бітімінің түзу,әрі сымбатты болуы,жүрісінің жеңіл болуы адамды
әдемі етіп көрсетеді.Алайда,әрдайым осылай бола бермейді.Кейде
әдемі,сұлу адам бүкірейіп,аяғын сүйретіп,әрең
жүреді.
Сымбат
неліктен бұзылады?
Сымбаттылық омыртқа жотасының жағдайына байланысты.Қалыпты
жағдайда омыртқаның мойын,арқа және бел иірімдері
болады.
Міне
омыртқаның осы жағдайы әдемі сымбаттылық түзеді және ішкі мүшелерді
қорғайды.
Бүкірліктен және омыртқаның бір жағына қисаюынынң сымбат
түзеді.
Сымбаттың бұзылуының
себептері:
-
Бұлшықет
жүйесінің жеткіліксіз және дұрыс
дамымауы;
-
Үстел
мен орындықтың оқушы бойына сәйкес
келмеуі;
-
Ауыр
заттарды бір қолмен ғана көтеруге
әдеттену;
-
Үйде және мектепте үй
тапсырмасын орындаған кезде партада дұрыс отыру ережесін сақтамау
болып табылады.
-
Өз дене
бітіміміздің сымбаттылығын сақтау үшін дұрыс тамақтанып, дене
жаттығуларын орындап отыру қажет.
Қаңқа мен бұлшық еттің
дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың
әсері.
Денсаулықты нығайту және
ұзақ өмір сүрудің бірден-бір жолы –дененің қимыл белсенділігі екені
ежелден белгілі.Дене жаттығулары адамның денсаулығын
нығайтады,көңіл-күйін жа қсартады.Денсаулыққа тек дене шынықтыру
жаттығуларын жасау,дененің қимыл белсенділігін арттыру арқылы ғана
қол жеткізуге болады.
Жаттығулардың мынадай
түрлері бар:
-
жалпы дамыту
жаттығулары;
-
таңертеңгілік гигиеналық
жаттығулар;
-
өндірістік
жаттығулары;
-
сауықтыру-емдеу
жаттығулары;
-
атлетикалық
жаттығу;
-
ырғақты
жаттығулар
-
жүзу;
-
спорт
ойындары-футбол,баскетбол,волейбол,теннис және
т.б.
Жаттығулардың әрқайсысының
өзіндік мақсаты және адам ағзасы үшін атқаратын қызметі
болады.
Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор.Ол адам
денесінің тіреуіші, қорғаушысы.Оның арқасында адам тік жүреді,
қозғалады.Тірек-қимыл жүйесінің дұрыс дамуы адамның тамақтануының,
тамақ құрамындағы минералды және органикалық заттардың қызметіне
байланысты.Қазақ халқында жүгіріп, секіріп, теңселіп ойнайтын
ойындардың көптеген түрлері бар.Мысалы: алтыбақан, ақсүйек, бәйге,
күрес, көкпар т.б бұл ойындар ашық алаңда, адамның тірек-қимыл
жүйесінің дамуына, дененің сымбатты, құрыштай шынығуына зор әсерін
тигізеді.
|