Материалдар / ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ТІРЕК-СЫЗБА АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ ҮЛГІСІНДЕГІ САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСЫН ҚҰРАСТЫРУ МЕН ҚОЛДАНУ

ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ТІРЕК-СЫЗБА АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ ҮЛГІСІНДЕГІ САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСЫН ҚҰРАСТЫРУ МЕН ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама хан апа, Қанипа Бітібаевның ітірек-сызбал әдісін қазіргі заманда қалай дамытуға, қолданыға болатындығын қарастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
123
0 рет жүктелген
1350 ₸ 1500 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ТІРЕК-СЫЗБА АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ ҮЛГІСІНДЕГІ САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСЫН ҚҰРАСТЫРУ МЕН ҚОЛДАНУ


ШҚО білім басқармасы Өскемен

қаласы бойынша білім бөлімінің

«№24 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Закарьянова Айнұр Қызырбекқызы


Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин


Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшыратын жүрегі мейірім мен ізгілікке толы жан. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейтін мамандық иесі. Ол бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адам бойына қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Осындай жүрегі мектеп деп соққан ұлағатты ұстаз - Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева.

Ұлы педагогтің бала оқытуда қалдырған мұрасы біз үшін таптырмас асыл қазына. Қанипа Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары – баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өз мүмкіншіліктерін арттыруға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданысқа енген «модель», «жоба», «бағалау парағы», «постер жасау», «миға шабуыл», «технолгиялық карта» терминдері ұстаз еңбегінде бұрыннан көрініс тапқан жұмыс түрлері екендігіне көз жеткізе аламыз.

Қанипа апай университет қабырғасында білім алған шақта «Қазақ әдебиеті пәнінің әдістемесі» курсынан бізге дәріс берді. Сол кездегі ұстаздың сом тұлғасы, дауыс ырғағы, өзіндік характері әлі есімде...

Қанипа Омарғалиқызы басқалардан ерекше өз дәрісін «Жамбыл атындағы мектеп-интернатында» өз «авторлық сыныбында» өткізетұғын. Кабинеттің бірінші бөлмесі - сынып оқушыларына арналған, ал екінші бөлмесі - мұғалімнің әдістемелік сыныбы болатын. Сол әдістемелік бөлмеден шықпай үлкен ватман плакаттарға тущьпен жазылған тірек-сызбаларды көшіріп, ұстаз тәжірибесінен дәріс алатынбыз...

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ әдебиеті пәнінің көздейтін мақсаты - қазақша сөйлей алу, түсіну, өз ойын басқаға нақты түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан қазақ әдебиеті сабағында мұғалім қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға тілдік орта жасайтын жағдай туғызуға тырысады. Бұл ретте көмекке келетін В.Ф.Шалатовтың «Тірек сигналдар арқылы оқыту технолгиясынан» бастама алатын Қанипа апайдың тірек-сызба арқылы оқыту әдісі.

Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек-сызбалардың берері мол, өткен сабақтарды бекіте отырып, оқушыны жаңа ізденіске жетелейтін бірден-бір тиімді әдіс.

Бұл әдіс оқушыға жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, визуалды түрде жадында тез есте сақтап қалуға, білімін қайта жаңғырта алуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға пайдаланған өте тиімді, себебі оқушы схема бойынша сөйлем құрастырып, өз ойын айтып жеткізуге тырысады, сабаққа қызығушылығы артып, еңбектенуге талпынады. Тірек-сызба арқылы оқыту орыс тілді балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойлау қабілетін арттырып, қатысымдылық құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Тірек-сызба арқылы оқытудың тиімділігі:

  • Уақытты үнемдеп, оқытуды жеделдетеді;

  • Жаңа тақырыпты жеңіл түсінуе ықпал етеді;

  • Тілді коммуникативтік тұрғыдан үйретуге бағыттайды;

  • Оқушының көру, ойлау, түйсіну, қабылдау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерінеіне әсер етеді;

  • берілген материалдан негізгісін таңдай білу, іріктеу, саралау біліктіліктерін дамытады;

  • Оқушыны жаңа ізденіске жетелейді, қызығушылығын арттырады.


Сондай-ақ, мұғалімге сенімді көмекші құрал болып табылады. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгеріп, үлгерімі нашар оқушыларда белсенділік пайда болады.

Тірек-сызба арқылы оқытудың әдіс-тәсілдер:

  • Мағынаны тану;

  • Білімдерін жинақтау;

  • Тірек-сызба бойынша баяндау;

  • Сызбаны толықтыру;

  • Тірек-сызба бойынша сұрақ-жауап құрастыру;

  • Рефлексия...

Тірек-сызба арқылы жұмыс формалары:

  • Даралық;

  • Жұптық;

  • Топтық;

  • Ұжымдық.

Уақыт өте келе заман талабына сай, ақпараттық технологияның қарқынды дамуының арқасында Қанипа апайдың тірек-сызбаларын үлгі ете отырып, «Арман ПВ» баспасының көмегімен бірнеше сандық білім беру ресурсын құрсатырып, қолданысқа енгіздім. Соның бірі «Қазақ әдебиетінен 5- 11 сыныптарға арналған сандық білім беру қоры». [сурет №1] Бұл электрондық құрал шешімі ауыр орыс мектебінде ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда көп септігін тигізері хақ.

Жарыққа шыққан электрондық оқу құралы қазақтың біруар ұлы тұлғаларына арналған.

Сандықбілімберу қоры қазақ әдебитеті оқулығында берілетін теориялық негізге, білім мазмұнына сүйене отырып құрастырылды. Құрылымы жағынан жүйелі, бірізді. Әдістемелік негізі ақпараттық-танымдық және рефлексиялық сипатта. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрастырылды.

Мақсаты: қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» басты бағытқа айналған сәтте, «Алаш» байрағын желбіреткен белгілі ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылығын оқушыға тірік-сызба, кесте арқылы таныстыру, өздігінен білім алуға мүмкіндік туғызу, білімдерін шыңдау. Сондай-ақ құрал оқушының алған білімдерін жинақтап, сараптауға, өзін-өзі бағалауға және дербестікке тәрбиелейді.

Бұл электрондық құралда жұрт дегенде жұмылып, ел дегенде егілген ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген халыққа «Бес арыс» есімімен танымал: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы және ұлтымның даң құрдас ұлдары «Үш бәйтерегі»: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды ақын-жазушыларымыз жайлы ақпараттар қамтылған. [сурет №2]

Құрал үш бөлімнен тұрады: тірек-сызбалар, хроногиялық кестелер, тапсырмалар. [сурет №3]

Бірінші бөлімде оқушы теориялық материалдардан ықшамдалып жасалған тірек-сызбалар арқылы жүйелі түрде тұлғаны танып білу мақсатында ақын-жазушының туған жері, білімі, шығармашылығы жайлы қысқаша ақпарат алады. [сурет №4]

Екінші бөлімде оқушы хронологиялық кесте арқылы тұлғаның жылдармен сараланған өмір жолымен танысады.

Үшінші бөлімде алдыңғы екі бөлімнен алған білімін тапсырмаларды орындау арқылы тексереді. Тапсырмалар төрт түрде берілген, тұлғаны тану, ақпараттың дұрыс не бұрыстығын анықтау, сызбаны толықтыру, кестені сұрыптау.

«Қазақ әдебиеті» сандық білім беру ресурсын жалпы білім беру мекемелерінде, сабақ барысында, не сабақтан тыс уақытта, арнайы инклюзивті білім алатын орындарда мұғалім көмегімен не болмаса өздігінен қолдануға болады. Қазақ әдебиеті қазақ халқының көп ғасырлық тарихының бейнесі, сондықтан бұл құрал Қазақстан тарихымен де тығыз байланысты. Әсіресе жоғарғы сыныптарда пәнді оқытқанда тарихқа сүйене отырып әдебиеттің дамуына шолу жасалады. Сабақ барысында техниканың барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы біз баланың ойын, тілін дамытып, күрделі материалды жеңіл, қызықты етіп жүргізуге қол жеткіземіз.

Атақты ұстаз Қанипа Бітібава: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекте құру, сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді алушы дәрежесінде қатыстыру...», -деген болатын, сондықтан бұл электрондық құрал оқушылардың білімін дамытуға үлесін қосар деген ойдамын. [2]

Жалпы алғанда тірек-сызбалар арқылы оқыту арқылы оқушылардың нәтижеге бағытталған сөйлесім әрекеттерін дамытуға септігін тигізетін тиімді әдіс-тәсіл болып табылады. Бұл бағытта жұмыс жасай келе сыныптарда білім сапасының жоғарылағанын байқадым, осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып әр-түрлі дәрежедегі олимпиадалар, байқаулар мен ғылыми-практикалық сайыстарға ынтасымен қатысып жүлделі орындарға қол жеткізуде.

Мұғалім өмір бойы ізденісте жүреді, өмір бойы оқиды, зерттеп, зерделейді. Хан апамыздың әдіс-тәсілдері өз жалғасын жаңа форматта таба білсе, қашанда сұранысқа ие болары сөзсіз.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы., 2010. - №5, 80 б.

  2. Бітібаева Қ.О. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері: – Алматы: Рауан, 1999.

  3. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: Педагогикалық оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы: Рауан, 1997.

  4. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы: – скемен. 2002.

  5. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті тереңдете оқыту: – Алматы: Рауан, 2003.

  6. Закарьянова А.Қ. «Қазақ әдебиеті 5-11 сынып сандық білім беру қоры» электрондық құрал.,- Арман.ПВ – 2016.

  7. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2010 №5, №6.















ҚОСЫМША


Сурет № 1



Сурет № 2


Сурет №3




Сурет №4



Сурет №5



Сурет №6


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!