Материалдар / ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді. Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
269
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ТИГІЗЕТІН


Ерманова Камиля Анарбаевна

Түркістан қ. Түркістан жоғары медицина колледжі.

Анатомия және физиология пәнінің оқытушысы.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Жер ғалашмарындағы тұрғындардың шамамен 6%-і қант диабетіне шалдыққан. Ең өкініштісі, бұл дерт жылдан-жылға жасарып келеді: егер бұрындары қант диабетінің 2-ші түрі көбіне 50 жастан асқан адамдарда кездессе, қазір бұл ауру 30 жастағы науқастардан да анықталып жатыр. Осыдан 30 жыл бұрын қант диабетінің 2-ші түрі қарт адамдардың дерті деп саналды. Қазақстанда диабетпен ауыратын 400 мыңдай адам есепте тұр. Әлем бойынша қант диабетімен күресіп келе жатқан 400 миллион науқас бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тек Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны бір миллионға жетуі мүмкін дейді. Бұл ауру емделмейді, бірақ бақылауда ұстауға болады. 

Қант диабетінің пайда болу себептері.

Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді. Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Қант диабеті инсулинге тәуелді (инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз
(инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді. Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді. Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн. Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор, қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді. Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды: Диабетпен қан, ауалы – тамшылы немесе жыныс жолы арқылы жұқтыру мүмкін емес. Тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін. Азық түлікке тәтті тағамдарды көп пайдалану диабет туғызбайды, бірақ ауру туғызатын қаупті көп көтеретін семіртеді. Факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар. Егер Сізде осы факторлардың бірнешесі қосылса ауру қаупі жоғарылайды.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі: Ауру қатты екпінді басталады.Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді. Асқынуға бейімді. Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.

Қалай анықтайды?

Қандағы глюкоза деңгейін экспресс-тест көмегімен анықтайды, тиісінше, нәтижесін бірден біле аласыз. Бұл ретте, қанды аш қарынға, сондай-ақ, тамақтан кейін кез келген уақытта тапсыруға болады – кездейсоқ өлшегендегі қалыпты мәні - 7,8 ммоль/л кем болуы керек, жүктілік кезінде  көмірсу алмасуының бұзылуын анықтауға арналған тексеру жеке өткізіледі. Себебі 2 типтегі қант диабеті мен глюкозаға төзімділіктің бұзылуының әдетте клиникалық белгілері болмайды. Сондықтан да, басқа елдерде де, бізде де жүктілік бойынша тіркелу кезінде барлық әйелдерде аш қарынға гликемияны зерттейді. Диабеттің жоғары қаупі барларға – глюкозаға төзімділікке пероральды тестті жасайды. Оны алмасудың бұзылуы аса жоғары болғанда, яғни жүктіліктің 24-28 апталарында барлық жүкті әйелдерге өтеді. Алдымен аш қарынға қандағы глюкоза деңгейін анықтайды, одан кейін 10-20% ерітіндісінде 75 грамм құрғақ глюкозаны ішуге береді, 2 сағаттан кейін жаңадан қандағы глюкоза деңгейін айқындайды.

Диабетті анықтау немесе растау үшін қолданылатын тағы бір зертханалық тест – бұл гликирленген гемоглобинды анықтау. Егер глюкоза деңгейі нормадан артық болса, онда оның артығы қан жасушаларындағы гемоглобинмен қалыпты жағдайдан гөрі эритроциттермен, көп мөлшерде байланысады. Себебі эритроциттер орташа есеппен 120 күн өмір сүреді, глюкозаны аш қарынға бір реттің өлшеуден гөрі, гликирленген гемоглобин қандағы қант деңгейін жоғары болса ұзақ мерзімде "көруге" мүмкіндік береді. Қант диабетке күдік пайда болғанда, қазіргі уақытта глюкозотолерантты тесті жүргізу ұсынылады, ол аш қарынға қанттың қарапайым талдауан гөрі аса сезімтал. Қант диабеті кезінде жеткіліксіз дәрежеде инсулин өндіріледі, бұл өз кезегінде глюкозаның толық көлемде қайта өңдеудің мүмкінсіздігіне әкеп соғады. Тиісінше, глюкоза деңгейі жоғары болады - 11,1 ммоль/л және одан да жоғары. Дені сау адамда қант 7,8 ммоль/л аспайды. Көмірсу алмасуының бұзылыстарын анықтайтын тағы бір тәсілі - бұл гликирленген гемоглобинды (немесе гликозилирленген деп те атайды) анықтау. Бұл көрсеткішті қант диабетін диагностикалау, сондай-ақ, бақылау үшін пайдаланады. Мысалы, егер диабеті бар адам диетаны ұстамаса, дәрі-дәрмек қабылдауын өткізсе, онда оның гликирлен гемоглобин көрсеткіштері де жоғары болады. Алайда, қан құрамындағы қант деңгейі нормадан жоғары болып, бірақ диабетке дейін жетпейтін жағдайлар да болады. Мұндайды "предиабет" деп атады. Қант диабетінің алдын алу үшін диетаны ұстану, тұрақты физикалық жүктемелерді жасау және салмақты бақылау өте маңызды болады.

Алдын алу

Аурудың және диабет асқынуларының алдын алу үшін мынадай қағидаларды білу керек. Үнемі емдеу және қан құрамындағы қанттың деңгейін бақылау ұстау қажет. Қант диабетімен ауыратын науқас эндокринолог дәрігерде есепте тұруы тиіс. Құрамында көмірсуы көп тамақ түрлерін, тәтті торт, конфет, балды шектеген жөн. Фаст-фуд, майға қуырылған картоп, қытырлақ нанды да аздап жеу керек. Спортпен шұғылданып, көп қозғалу қажет. Егер ауыз құрғап, көп шөлдесеңіз, жалпы аурудың белгілері басталса бірден дәрігерге баруға кеңес береміз. Жаман әдеттерден (темекі шегу, алкоголь ішуден) арылыңыз. Дұрыс тамақтануды жолға қойыңыз, артық салмақтан және семіздік ауруынан арылыңыз. Вирусты жұқпалы аурулардан сақтануға, ауру жұққан жағдайда дер кезінде емделуге тырысыңыз. Созылмалы аурулардан – артериал гипертензия, жүрек ишемик аурулары, панкреатит, тағы басқалардан емделіп жүруге тырысыңыз. Күнделікті 5-6 шақырым жаяу жүріңіз, таза ауада серуендеңіз, спортпен айланысыңыз.
Тәтті және майлы тағамды шегеру қажет. Тәтті тамақтар қанда глюкоза мөлшерін тез көтеріп жібереді. Аздап жеуге болатын тамақтарға нан, жұмыртқа, картоп, күріш, ұн өнімдерінен даярланған тамақтар, жаңа ет, шұжық, құс еті, балықтың майсыз түрлері дәнді дақылдар, тәттілігі жоқ көкөністер жатады. Бұл тағам түрлері қандағы глюкозаны аз мөлшерде көтеруі мүмкін. Ал, құрамында нәруыз (белок) және майлар бар ас қанда глюкозаның көтерілуіне әсер етпейді. Сондықтан, дәрігер тыйым салған тағамдардан тыйылғаныңыз жөн. Қант диабетіне жеңіл қарамаңыздар...
Қорытынды:

Бір сөзбен айтқанда, қант диабетінің пайда болуына адамның дұрыс тамақтанбауы мен дене қимылының азаюы және күйзеліс себеп болады екен.
Расында, қазір технологиялық үдерістер адамның дене қимылын азайтты. Бүгінде нарықтық қатынастар қалтаның қамын күзетуге кірісті. Мұндай жағдайда адам басынан күйзелістің өтпеуі мүмкін емес. Бұл да диабеттің асқынуына алып келеді. Сондықтан, психолог мамандармен кеңесіп тұрған жөн.
Әсіресе, аяғы ауыр жандар стреске түспеуі тиіс. Себебі, ол іштегі нәрестеге әсер етеді. Егер тығырыққа тірелген сәт болса онда психологқа жүгінген жөн. Ең бастысы, ашуға көп ерік бермеңіз, нерв жүйеңіз шаршамасын.
қант диабеті адам өміріне өте қауіпті дерт. Оған бей-жай қарамағанымыз абзал, әсіресе келешек ұрпақ қамын ойласақ, бүгіннен әрекет еткен абзал...

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. И.И. Дедов, Г.А. Мельниченко; В.В. Фадеев «Эндокринология » Гэотар Медиа 2013жыл

  2. Ж.Абылаев; Е.Тулемисов; М.Ибраева «Эндокринология » Алматы 1993жыл

  3. В.В.Потемкин «Эндокринология » Москва, «Медицина» 1986жыл

  4. Б.С Калимурзина «Ішкі аурулар» 2010ж

  5. Amerikan Diabets association Standarts of medical care in diabetes-2014



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!