Материалдар / Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған жан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған жан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.
Авторы:
07 Ақпан 2024
110
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған жан


Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов.

Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.

1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты.

Атқарған қызметі

1920-1941 жылдары — Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.

1941-1952 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан ғылым академиясының президенті болған.

1952 жылы — әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.

1955 жылы — Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.

1947 жылы — Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті.

Ғылым жолында

Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақанғанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің  стратиграфиясы,  тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы  және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.

Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде  Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сәтбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Еңбектері

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған.  Жезқазған кенін зерттеу және  Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында  қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.

Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қаныш Сәтбаев аштықтан иесіз қалған ауыл балаларына өз көмегін көрсеткен.

Ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА ұйымдастырушысы және оның бірінші президенті, геология- минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО ҒА академигі (1946), Қазақ КСР ҒА академигі (1946), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951), Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) ауылында дүниеге келген.

1926 ж. Томск технологиялық институтын бітірген. 1926-1929 жж. "Атбасцветмет" тресінің геологиялық бөлімін басқарған, 1929-1941 жж. – Қарсақпай комбинатының геология- барлау бөлімінің бастығы және бас геологы, 1941-1964 жылдары

– Қазақ КСР Геология ғылымдары институтының директоры (1946 жылға дейін КСРО ҚазҒАФ), КСРО ҚазҒАФ (1941-1946)

Президиумы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақ КСР ҒА Президенті (1946-1952 және 1955-1964). Кен орындарында геологияның көкейкесті мәселелерімен айналыса жүріп, Қаныш еліміздегі металлогеникалық ғылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан металлогендік мектебін кұрушы. Өзінің ғылыми ізденістерінің көпшілігін ол Қазақстанның кен орындары мен минеральдық ресурстарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арнады. Ғылыми мұраларының ішінде Жезқазған кен орындарын зерттеудегі және Орталық Қазақстанның болжам металлогендік картасын жасауға арналған еңбектері жоғары бағалы болып табылады. Сәтбаев Жезқазған кен орнының осы типтегі әлемдегі ең ірілер разрядына жататындығын дәлелдеді. 1929-1931 жылдары Жезқазған-Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның болашағын қайта қарауға мүмкіндік берген кеңейтілген жаңа зерттеу бағдарламасы белгіленді, геология-барлау қызметін озық теориямен қаруландырды, іздеу-барлау жұмыстары бағытын айқындап берді.

30-жылдары Жезқазғанда мыс кенінің түзілуінің нақты өлшеуішін ұсынды, ол түгелімен тәжірибеде нақтыланған болатын және кен орнындағы қалыпқа түсірілген кешенді геология-бақылау жұмысының негізіне сүйенілген. Қаныш Орталық Қазақстандағы геологиялық дамудың, сондай-ақ осы аймақтағы әрбір алты геотектоникалық сатыларының мерзімдеріндегі геологиялық құрылым мен металлогендік ерекшеліктің басты белгілерін сипаттайтын негізгі құрылымдық элементтерді анықтады. Көмекші палеогеографиялық металлогендіқ және басқа карталардың кешені жасалды.

Өзінің зерттеулерінің келесі сатысын ғалым жекелеген пайдалы қазбалардың кен орындарының генетикалық табиғатының ерекшеліктеріне арнады, геохимиялық, минералогиялық, геологиялық-құрылымдық қатынастағы ерекшеліктерін, олардың түзілулеріндегі геологиялық жағын анықтады. 50 металлогендіқ формацияны бөліп ала отырып, Орталық Қазақстанның әрбір металдық тобы үшін жеке болжамдық, картасын жасады, оны енгізудің нәтижесінде 1954-1958 жылдары әртүрлі металдардың жаңа кен орындары мен кен түзілулері ашылды. Қаныш Имантайұлы басшылығымен осы карталарды жасағаны үшін бір топ ғалымдар Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958) болды, I Бүкілодақтық металлогения мәжілісінде Қазақстан геологаясы мектебінің көш бастап тұрған рөлі мойындалды.

Жезқазғандағы тау-кен–металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Ертіс-Қарағанды, Маңғыстаудағы, Мұғалжар, Торғайдағы табиғи байлықтарды зерттеу жөніндегі ірі зерттеулерді ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикізат базаларының ірі объектілерін игеру, Кенді Алтай, Қаратау фосфориттері және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты. Ол Қазақстанның экономикалық аудандарында өндіріс күштерін зерттеу мен игеруге арналған республика ҒА жолсапарлық сессиясын өткізудің қозғаушысы болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942), 4 – Ленин орденімен, Отан соғысының орденімен және медальдармен марапатталған. Жоңғар Алатауындағы мұздық пен пик жоталарына, Қазақ КСР ҒА Геология институтына, Жезқазғандағы тау-кен – металлургия комбинатына, республикамыздағы қалалар мен селолардағы көптеген көшелер мен мектептерге ұлы ғалымның есімі берілген. Оның есімін нөмірі 2402 шағын ғаламшары алып жүр (1929 жылғы 31 шілдеде). Белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан осы ғаламшарды ашқан еді. Шағын ғаламшар Жерге әрбір бір жыл бес айда жақын келеді. Бұл ғаламшар оны ашушының өз ұсынысымен Сәтбаев аталған. Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығы бұл есімді бекіткен.


Ғылыми еңбектері мен публикацияларының тізімі


  1. Қазақстан – менiң Отаным: (мақала, эссе, публицистикалары) / Қаныш Сәтбаев. – Алматы : Ғылым, 1999. – 464 б.


  1. Таңдамалы. 5 томдық / Қ. И. Сәтбаев; құраст. Қ. А. Ақышев, құраст. Т. М. Әлжанов. – [2-шi басылым]. – Шымкент : Оңтүстiк полиграфия, 2007. – Т. 1 : Қазақстан – менiң Отаным. – 381 б.

  2. Собрание трудов. В 8 т. / К. И. Сатпаев. – Алматы: Ғылым, 1998. – Т. 1 : Большой Джезказган. – 527 с.

  3. Собрание трудов. В 8 т. / К. И. Сатпаев. – Алматы : Ғылым, 1998. – Т. 2 : Минеральные ресурсы Казахстана : черные металлы. – 312 с.

  4. Собрание трудов. В 8 т. / К. И. Сатпаев. – Алматы : Ғылым, 1999. – Т. 3 : Минеральные ресурсы Казахстана : цветные металлы (медь, свинец, цинк). – 334 с.

  5. Собрание трудов. В 8 т. / К. И. Сатпаев. – Алматы : Ғылым, 1999. – Т. 4 : Геологическое изучение Казахстана. Металлогения. 379 с.

  6. Собрание трудов. В 8 т. / К. И. Сатпаев. – Алматы: Ғылым, 1999. – Т. 5 : Наука Казахстана : 1941-1951 гг. – 454 с.

  7. Собрание трудов. В 8 т. / К. И. Сатпаев. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. – Т. 6 : Наука Казахстана :1955-1963 гг. – 536 с.

  8. Калиева Ж. А. Роль и значение интеллигенции Павлодарского уезда в движении Алаш // Өлкетану=Краеведение. 2007. – № 4. – С. 65-72.

  9. Каналу – имя К. Сатпаева // Звезда Прииртышья. – 1999. – 27 нояб. – С.1.

  10. Каримов А. Музей Сатпаева в школе (№ 22) // Звезда Прииртышья. – 2002. – 9 нояб. – С. 1.

  11. Кожанов О. Ученый, государственный деятель // Звезда Прииртышья. – 2004. – 6 апреля. – С. 5.

  12. Кожанова М. Наш знаменитый земляк // Звезда Прииртышья. 2006. – 11апреля – C. 4.

  13. Кожанов О. Личность планетарного масштаба // Звезда Прииртышья. – 2007. – 10 апреля. – С. 4.

  14. Кожанов О. Сатпаев в Сибири // Звезда Прииртышья. – 2008. 30 декабря. – С. 8.

  15. Кожанов О. Мир Сатпаева. // Звезда Прииртышья. – 2009. – 7 апреля. – С. 4.

  16. Козыбаев М. К. Академик К. И. Сатпаев : к 100-летию со дня рождения // Общество имени Сатпаева // Звезда Прииртышья. – 2010. – 10 апреля. – C. 8.

  17. Косячная Т. Живите долго Ханиса Канышевна! / Т. Косячная, Н. Тодорова // Казахстанская правда. – 2006. – 21 декабря. – С. 4.

  18. Кошенова Р. Сатпаев и современность // Білік. – 2013. – 29 сәуір. – С. 5.





Пайдаланылған әдебиеттер:

Shape3 Shape4

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!