Материалдар / Қара шаңырақ 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қара шаңырақ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
710
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:


Күні: 13.10.2017


Мұғалімнің аты-жөні: Айткожина А. Д.

Сынып: 5 Т1


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер.

Сабақтың тақырыбы

Қара шаңырақ

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.2.1- лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

5.4.1.1- қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: үндестік заңы туралы мәліметті меңгереді.

Көптеген оқушылар: грамматикалық талдау жасау дағдылары дамиды

Кейбір оқушылар: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады

Жетістік критерийлері

Үндестік заңының ережесін біледі;

Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

Сөздік қоры молаяды.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Асыл тастар. Тасымал.


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


5 мин


1.Ұйымдастыру.

Сөздік диктанты жазылады. Оқушылар жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға бөліп жазады.

Сөздік диктанты

Кенже ұл, қара шаңырақ, иесі, құндылық, міндет, туыс, ата-ана, үлкен үй, отбасы, келін, отағасы.

Осы сөздер арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар талданады.











1 слайд




Сабақтың ортасы

35 мин






















Оқылым алды тапсырмасы.

Сұрақтарға жауап беру:

Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіңдер?

Қазақ отбасындағы қандай дәстүрлерді білесіңдер?

Ең кенже баланың отбасындағы міндеті не деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға мәтін таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.

Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.

Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.

Оқылым кезіндегі тапсырма.

Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, оқыған мәтіндерінің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңберде тұрғандарға сұрақтар береді. Кейін ауысады.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

1-тапсырма.

Мәтінді топпен оқиды. 1А, 1Ә және 1Б тапсырмаларын орындайды.

Ережені түсіндіру.

Топпен жұмыс.


2-тапсырма, 3-тапсырмаларды тақтада орындау. Қалған оқушылар дәптерге орындайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырмалар.

Отбасына байланысты мақал-мәтелдерді табу, жалғастыру.

1. Ағайын тату болса, ат көп,

Абысын тату болса ас көп.

2. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

3.Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.

4.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.


Оқушылар топта отбасындағы кенже ұлдың міндеттерін кеңірек талқылайды? Өзіндік ойларын білдіреді.

( Мысалы, ата- анадан қалған мұраны сақтау, қадірлеу, жаңарту, бауырлары келгенде жақсылап қарсы алу т.б).

(Мұғалім әр топты тыңдап, кері байланысын беріп отырады).




Мәтін және сұрақтар































Сабақтың соңы

5 мин



Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескереді. «Бес саусақ»

1.Дамытқан дағдым -

2.Кедергі -

3.Қиын сөз-

4.Көңіл күйім-

5.Кімге көмектестім?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!