Материалдар / Қаратау шайыры - Шойынбет би
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қаратау шайыры - Шойынбет би

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал би-шешендер өмірінен мағлұматтар береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
808
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зерттеу барысы

І. Зерттеудің мақсаты:

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – жергілікті жерлердегі халық аузындағы Шойынбет бидің халық аузындағы шешендік сөздерін қағаз бетіне түсіру, жас ұрпаққа өнегелі сөздерін үлгі ету.

ІІ. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Шешендік сөздері ел арасында ауызша айтылып жүргендігі анықталып, олардың болашақта ұмыт болу мүмкіндігі болжанды. Сол мақсатта зерттеу жұмысы тыңғылықты жүргізілді.



Зерттеу кезеңдері:

1.Ел ішін аралап, үлкен кісілермен әңгімелесіп, шешендік сөздерді жинақтау;

2. Шешендік сөздер туралы ғалымдар пікірлерімен, зерттеулерімен танысу;

3.Жиналған материалдарды талдау, қорытындылау, жариялау.



Зерттеу әдістері:

  • Ізденіс

  • Талдау

  • Жүйелі қорытындылау

Жұмысымды жазу барысында қазақ шешендік өнерінде Қаратау шайыры Шойынбет бидің даналық сөздерін іздеу, зерттеу, талдау, жүйелі қорытындылау, халық аузындағы Шойынбет бидің бата беруі, дауға түсуі, түс жоруы, даналық сөздері, сөз тапқырлығы жайында еңбектері анықталып, жинақталды.








Кіріспе

Қандай қоғам болмасын мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда сөз өнері тізгінін қолға ұстаған тұлғалардың шешуші рольде болғандығы ақиқат.

Шешендік өнер-халықтың дүниетанымы мен философиялық таным-түйсігін айқындайтын құбылыс. Шешендік сөздер жеке тұлғаларға тиесілі болғанымен ол халықтың пайым-парасат, зерде-зейінінің жемісі. Би-шешен сөздерінің жер дауы, жесір дауы, құн даулау сияқты әлеуметтік мәселелерден басқа, салмақтырақ қыры тәрбиелік-тағылымдық мәнінің тереңдігі.

ХІХ ғасыр сөз өнерінің, яғни риториканың өркендеп, қанатын кеңге жайған тұс еді. Ортақ жаудың тарих сахнасынан жойылуы, қазақ руларына бүтіндей тыныштық әкелгенімен, өз ішіндегі жер дауы, жесір дауы, барымта сияқты ежелден келе жатқан ескі әдет етектен тартуын қоймады. Қазақ үшін мұндай келеңсіздіктер кейде рулық, жүздік сипат алып, мемлекеттің іштен іруіне әкеліп соқтыратын.

Қазақтың осындай кеселден арылтуына немесе ел ішіндегі тыныштықты, бейбітшілікті сақтауда би-шешен, ақындардың рөлі ерекше болды. Мұндай жағдайда ел басқарып отырған хан-сұлтандардың өзі халық ішінен шыққан қабырғалы билер мен от ауызды, орақ тілді шешендерге, ақындарға арқа сүйегендігі тарихи шындық еді.

Белгілі ғалым шешендік өнерді зерттеуші Нысанбек Төреқұл: «Қазақта би-шешендер ерекше тұлға. Ерекше тұлға дейтін себебіміз, бұрын-соңды қазақтан басқа халықтарда мұндай тұлға, мұндай елді аузына қаратақан адамдар болған емес. Шығыс халықтары арасында біздің билерімізге ұқсас бірлі жарым болуы мүмкін, бірақ олар дәл қазақтағыдай еместін. Демек, би – шешендер тек қазаққа ғана тән құбылыс. Олар айтқан билік , шешендік сөздер тек қазақ арсында кездесетін халықтық асыл қазына болып табылады»,-деп жазды.

Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, ұлтымызға тән осынау ұлы тұлғалардың ел тарихындағы еңбектерінің елеулі екендігіне олардың бүгінге жеткен шығармашылық мұрасын зерделей отырып көз жеткіземіз. Тіпті, қара қылды қақ жарып, төрелік айтқан билер дәуірі біздің заманымыздан бұрынғы ғасырларда да болғандығын зерттеушілеріміз дәлелдеп жазу үстінде.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»,-дейді дана Төле би. Би болу, билік айту сөз білетін кісінің бәріне бірдей бұйырмаған.

Би-шешен атанған тұлға қашанда әділ, адал болуға тырысқан. Кез-келген даулы мәселені қара басының пайдасына шешкен би-шешендерге халық екінші қайта сенім артпаған. Дегенмен де, халық тарихынан арды аттады дейтіндей би-шешеннің есімдерін кездестіру қиын.

Би-шешендер тарихына зер сала отырып, көз жеткізген ақиқаттың бірі шешендік өнердің тақыр жерден шықпағандығы, оның ғасырлар бойы желісін үзбей келе жатқан үлкен мектебінің болғандығы. Қазіргі уақытқа жақындау, дерек-мәйегі мол ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы шешен-билердің өмірі бір-бірімен байланысты, тағдырлары сабақтас өрілетіндігіне зерттеу барысында анық көз жеткіздік. Мысалы, Бөлтірік шешеннің Бердіқұл бимен кездесуі, Байдалы бидің Саққұлақ биге бата беруі, Андас би мен Сүйінбай ақынның сөз қағысуы, Жанқұтты шешенмен Құнанбайдың дәмдес-тұздас болуы, Жидебай бидің Шабанбайға берген мақтау сөзі сияқты деректерді басқа би- шешендер өмірінен молынан ұшыратуға болады. Бұл дегеніңіз қазақ қоғамындағы дала ділмарларының шығармашылық рухани байланысы өте терең болғандығын аңғартады.

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден - бірге жатталып, ұрпақтан - ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отырылуы мүмкін. Үшіншіден, шешендік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме - дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады.

Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Соның бір айғағы, біз әңгімелеп отырған Шойынбет бидің айтқандары; Бірде Шойынбет биге, мынадай сауал қойылады: «Байлық жақсы ма, бақ жақсы ма, әлде бала жақсы ма?» деген сауалға : «Байлық қолда ұстаған тұз, бақ ұзатылған қыз, бала артта қалған із»,-дегені қандай тапқырлықпен дәл тауып айтылған десеңізші?! Тіл шеберлігі, сөз қарымы мен мағынасында түйдектей айта білген, сөз шайыры. Шешендік сөзде ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән - мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай - ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.

Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын - жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді. Шешендік өнер – халықтың дүниетанымы мен философиялық таным-түйсігін айқындайтын құбылыс. Шешендік сөздер жеке тұлғаларға тиесілі болғанымен ол халықтың пайым-парасат, зерде-зейінінің жемісі. Би-шешен сөздерінің жер дауы, жесір дауы, құн даулау сияқты әлеуметтік мәселелерден басқа, салмақтырақ қыры тәрбиелік-тағылымдық мәнінің тереңдігінде деп айтамыз.



ІІ негізгі бөлім

Шешендік сөздерімен Теріскей өңірінде аузы дуалы Шойынбет би бабамыздың шешендік сөздері қазіргі таңда халық арасында қолданып жүргені анық. Шойынбет би айтқан екен деген шешендік сөздер хатқа түспегенімен халық арасында қолдануда.

Мысалға:

«Азанғы өкпені түске сақтама,

Түскіні кешке сақтама.

Адамгершілік белгісі – кеңдік,

Бұл да үлкен ерлік», - деп көрегендікпен айтқан Шойынбет би бабамыз 1852 – 1937 жылдар аралығында Қаратаудың теріскей жағындағы Аққолтық ауылында ғұмыр кешкен. Шыққан тегі орта жүздің қоңырат тайпасына жататын Маңғытай. Шойынбет Созақ, Шолаққорған, Бабата, Үштөбе, Жартытөбе, Қызылкөл төңірегіндегі дау – дамайға билік айтып, әділдік, шешендігімен көзге түседі. Сөйте келе ол Қаратаудың Досбай, Көлбай болыстарымен жиі қатысып, өрісін кеңейтеді. Бәрі құда – жекжат болып араласып жүреді. Кейін Шойынбет би Түрістан, Шымкент, Әулиеата шаһарларындағы үлкен жиындарға қатысып, ел, ру аралық жер дауына, құн дауына билік айтады. 

Сөз өнерінің бірегей майталманы Шойынбет шешеннің адамгершілік болмыс-бітімін айқындайтын, үлкен философиялық ойларға құралған мына бір халық аузында хатқа түспей жүрген сөздерін жинап жаряаласақ адамзат баласы үшін өмір сүру қағидасы іспеттес.

Дәулет – қолдың кірі, жусаң кететін,

Бақ – сел – көшкін, уақытпен өлшенген.

Өнер – ризық, несібе таусылмайтын,

Тіл – ізгілік мұрат, ұрпаққа қалдыратын.

                                       Шойынбет би

Осы бағытта аз да болса, мәлімет жинау мақсатында ауылдарды аралауды ойластырдық. Осыған қоса, жүрген жерде біз білмейтін аңыз әңгімелер, шешендік сөздерін жинастыруды жоспарладық. Ел аузынан алған Шойынбет бидің шешендік сөздерін хатқа түсірірдік.

Шойынбет биді бірде халық сынапты: (Халық аузынан)

Жартытөбе ауылының Үш төбе деп аталатын жерінде Шойынбет деген би өткен. Ол өз өмірінде жарлы – жақыбайларға қол үшін беруден, жақсылық жасаудан аянбаған кісі көрінеді.

Бірде Шымкентте өткен ояздық жиналысқа Шойынбет би төрелік жасайды. Жиналысқа келгендерге Шойынбеттің ұзын, әрі арық кейпі ұнамайды. «мына түрімен қандай билік айтып жарытар дейсің» деген келушілер табылады. Сонысын дәлелдегісі келген әлгілердің бірі «Шойеке, менің сізге сауалым бар, соған жауап берсеңіз» деп қолқалайды. Би оған қарсылық білдірмейді. Сонда әлгі:

  • Байлық жақсыма, бақ жақсыма, әлде бала жақсыма?- дейді.

Сонда Шойынбет: Байлық қолда ұстаған тұз,

Бақ ұзатылған қыз,

Бала артта қалған із-деген екен.

Бұл тапқырлыққа жиналғандар таңқалысып, Шойынбет бидің төрелігіне құлақ асады.Ұтқыр ой, тұшымды жауап айта білу Шойынбет бидің басты қасиеті бола білген. Айтқанын ақ тұтып, ауыл ақсақалдары биге ризалықпен бата берген.


Шойынбет бидің бата алуы (Халық аузынан)

Бір сапарында Шойынбет би Шымкенттен қайтар жолда белгілі бір байдың үйіне түседі. Үй иесі:

-Биеке қанша балаңыз, малыңыз бар?-деп сауал тастайды.


Шойынбет би:

-Жалғыз балам, атым бар,-деп жауап береді. Басқалар бұл сөздің мәнісін түсінбей қалады.

Бай:

-Менің сенен тағы бір тілегім бар орындайсың ба?- дегенде Шойекең:

-Ол түгілі бестенде хабарым жоқ ,сондықтан ол тілегіңізді орындай алмаймын,- дейді.

Кейін қасындағылар осы сөздің мәнін сұрайды. Сөйтсе жалғыз балам бар дегені өлген ұлын, жалғыз атым бар дегені оны ұры алып кетті, бір тілегім дегені үздіксіз шегетін темекіні қоясыңда, ал бесеуден хабарым жоқ дегені бес уақыт намаз оқымаймын дегені екен. Оның тапқырлығына риза болған кісі бата берген көрінеді.

Даналық сауал (Халық аузынан)

Түркістан қаласына қарасты Шоқтас деген ауылда Керімбек қажының баласы Мәуленқұл болыс «жауапкершілікте өлген туысқан адамының құнын аламын»,- деп жар салады. Сонда әкесі «қой ол дұрыс емес балам, бір адамның құнын ал» деп ақыл айтады. Бірақ Мәуленқұл болыс қарт әкесінің сөзіне тоқталмайды. Халықты жинап осы ойын айтып тұрғанда Шойынбет би тұрып оған қол көтеріп «менің екі сауалым бар» депті. Молда болыс «сұра»депті. Шойекең:

«Бірінші сауалым, сенің сол өлген адамың анадан туғанда біреу ме еді әлде екеу болып туған ба еді?

Ал екінші сауалым, сол адамды өлгенде екі жерге қойдың ба?»- дейді.

Болыс сөз таба алмай кібіртіктеп қалса керек. Жұрт мырс-мырс күліпті.

Ал әкесі Керімбек:

  • Ә, балам аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деген, өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығады деп халық бекер айтпаған ғой,- деп баласына бірнеше ақыл айтқан екен.

Шойынбет бидің түс жоруы (Халық аузынан)

Шойынбет би жас кезінде түс көріпті. Түсінде өзі дарияның ортасында тұрып дәрет сындырып тұрса керек.

Оянғаннан соң:

-Е, мен үлкен халықты аузыма қаратқан ағып тұрған шешен болады екенмін, - деп жорыпты.

Тағы бірде түсінде доңыз терісін киіп алған екен. Бұл түсін былай жорыпты. «Мұсылман баласы доңыз етін жемейді, ал маған ешкімнің сөзі өтпейтін болады» деген екен. Түсті көруден емес жорудан дейді ғой халық. Халық айтса қалт айтпайды.

Сол ауылдың бір аңшы жігіті жылда бір қасқырдың бөлтірігін алады екен. Жылдағы әдетімен ертесіне жүрем деп отырған түні түс көріпті.

Түсінде қасқырдың апанына кіре бергенде апан құлап басып қалады екен. Бұл түсті жігіт Шойынбетке айтып беріпті. Сонда Шойекең былай жорыған екен: «Еш уайымдама, бұл жолы бөлтірікті анасымен қоса аласың », деген екен. Шынымен де солай болады. Түсті де кемелді оймен жори білген Шойекеңе ауыл жұрты түс жорытатын болыпты.

Шойынбеттің алғашқы дауға түсуі (Халық аузынан)

Шойынбет би жасынан-ақ билік айтуға бейімділік танытқан. Қозы бағып жүргенде басындағы қалпағын бұтаға кигізіп қойып, даушыға жауап қайтарып өз-өзімен кеңес жүргізеді екен. Ақыр соңында шешімге келіп, билік айтып, өзі жеңіп шығады екен. Сол араман мақсаты өзінің өмірінде көрініс беріп бірнеше дауларға да төрелік етіп, тұжырымды ой тастай біліпті.


Құда-жекжат жайындағы әңгімесі


Шойынбет бидің жалғыз қызы Асылханды Мұқаш бай баласына алып бермекші болады да бұларды Қарабұлақ деген жерде тұратын ауылына меймандыққа шақырыпты. Мезгіл қыс кезі екен. Бай қыстың көзі қырауда қымыз, өрік, мейіз сияқты түрлі таңсық тағамдарды беріп отырып: «Сіздің ауылда осындай тағамдар бар ма?»,-деп сұрайды. Сонда Шойекең:

«Жердің үстіндегі адамдар бір-біріне немере-шөбере, құда-жекжат емеспе, мұндай тағамдар біздің ауылдан да табылады тек осындай құда-жекжаттық байланысымыз сақталса болды »,-дегенде мұндай ұшқыр уәж күтпеген Мұқаш бай бас изеп «дұрыс, дұрыс айтасыз» деп өзі ұялып қалыпты. Сөз тапқырлығымен, кемелді ойлылығымен дараланған Шойынбет би өз заманының тұлғасы бола білген екен.





























\




Қорытынды


Шойынбет би сөздерінің барлығында да тәрбиелік мән бар. Адамгершілік қасиеттерді бағалау тұрғысында саналуан оқиғалар (жер дауы, жесір дауы, барымта, т.б.), ағайынның, дос-жолдастардың қарым-қатынастары, мәселелерге байланысты туындаған сөздері халықтың жадында жатталған. Әсіресе, оның билермен болған сөз сайыстарындағы билік шешімдері сөз өнерінің құқықтық заңдылықтары сақтау құралы болғандығын дәлелдейді.

Мысалы Шойынбет бидің Халық сынағына түскені, Түс жоруы, даналық сауалы, Шойынбет бидің бата алуы осының бәрі
Шойынбет шешеннің де әлеуметтік-қоғамдық қайраткер тұғырына көтерілген қызметі осындай «Билік сөз» үлгілері арқылы танылған.
Шойынбет шешендік сөздері – жүзжылдық белестерінен өткен, қазіргі кезде жаңа әлемдегі Қазақ мемлекеті атымен әлемдеп ең озық елдермен иық теңестірген халқымыздың ұрпақтарын тәрбиелейтін рухани құралдарымыздың бірі. Қазақтың тәлім-тәрбиелік негізі бай, терең мағыналы осындай мұралары әлемдік педагогикалық көзқарастар жүйесін де байыта түсетіні ақиқат. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлттық-отаншылдық бағдарлы сөздері де Шойынбет би баба сынды даналарымызды ұлықтау арқылы өз бағытымыздан адаспайтынымызды дәлелдей түседі: «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ. … Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан – теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік!».
Қорыта айтқанда, қазақ тарихындағы көрнекті би-шешен, Шойынбет сөз өнері шығармашылығы мен қайраткерлігі тұтасқан қызметінің өнегесі біздің ұлттық және жалпыадамзаттық мұраттарды игерген озық өркениеттік болмысымызды анықтай түседі. Қазақ өркениетінің осындай гуманистік тағылымы ұрпақтарды адамгершілік ұлағатымен мәңгілік болашақта да тәрбиелей береді.













Аннотация


«Қаратау шайыры Шойынбет бидің халық аузындағы шешендік сөздері» тақырыбында жазылған ғылыми жобалық зерттеудегі мақсатымыз қазіргі ел аузында жүрген Шойынбет бидің шешендік сөздерін жинастырып, жас буынға өз дәуірінде кемелді ой айта білген өз тумамызды дәріптеу.

Бұл жобада Аққолтық өңірінің тумасы Шойынбет бидің (1852-1937ж.ж) мәңгі өшпес мұра болып қалған аса бағалы шешендік сөздері, нақылдары сараланып жинақталған. Шешеннің ғажап тапқырлық шешімдері, төреліктері жайында айтылған. Шешендік сөздері, ұтымды жауаптары, даналық сауалдары үлкенге де, кішіге де ғибрат аларлық тұнып тұрған өсиеттері жинақталған.








































Жоспар



І. Кіріспе

1.Шешендік сөз-қасиетті өнер

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қаратау мен қара сөздің шайыры-Шойынбет би

  2. Шойынбет бидің халық аузындағы даналық сөздері

ІІІ. Қорытынды

  1. Шойынбет бидің шешендік сөздеріндегі тәрбиелік мәні







































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!