№55 С. Қожанов атындағы орта мектеп
Ашық сабақ:
Бастауыш сынып мұғалімі:
Акиммбаева Толқын
БІРЛІК
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, С. Қожанов атындағы №55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Акимбаева Толқын Абдикадыровна.
Ашық сабақ Қаратпа сөз 2 сынып
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Акимбаева Т
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз. 1-6 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік бере отырып, оларға байланысты қойылатын тыныс белгілерін меңгерту.
2.Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, сөз қорын молайту. Сауатты жазуға үйрету.
3. Мәдениетті сөйлеуге, инабаттылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, слайдтар, парақшалар.
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, дүниетану, Абайтану.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
101-жаттығу. Әңгіме құрап жаз. Ат қой.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Өзі жап-жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
2. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
3. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.
4.Тұмсығы – қашау, кәсібі – ұя жасау,
Ағашты қорғап, зиянкесті асау.
5.Бұралса болды құлағы,
Уақытты қуады.
6. Аузы іште, мойны тыста,
Мұп-мұздай жазда.
7. Төрт аяқтап жүрсе де,
Ешкімнен бір азбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Тоны оның тозбаған.
8. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен
9. Күн күледі,
Жер түледі.
10. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
- Олай болса балалар, біз бүгін Қаратпа сөз туралы білеміз.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. а) Тыңдай біл – талдай біл.
жаттығу. Сөйлемді мәнерлеп оқы. Кімдерге қаратылып айтылғанын тап.
-Сәлем, қымбатты достым! .
-Сәлеметсіз бе, қадірлі ұстаз!
-Армысыз, әже!
-Ата, қайырлы таң!
- Сөйлегенде тыңдаушыны өзіңе қарату үшін қандай сөзді қолданасың?
2- жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Мазмұнына тыныс белгісіне назар аудар.
Арайлым сен кітапханаға Арайлым кітапханаға барды.
бардың ба?
Әже, ертегі айтып беріңізші.Әжем ертегі айтты.
Дүкеннен керек-жарағыңдыҚызым дүкеннен керек-
алуды ұмытпа, қызым.жарағын алуды ұмытпады.
-Не байқадың?
-Балалар, сөйлемдерді талдай отырып біз ережені шығардық.
Ереже. б). Есте сақта.
Ойдың кімге, неге арналғанын білдіру үшін, басқаның көңілін өзіне аудару үшін жұмсалатын сөзді қаратпа сөз дейміз.
Мысалы:
-Отаным, неткен ыстықсың!
-Ризамын, балам, ризамын!
-Олай болса оқулықтағы ережені қайталаймыз.
Ү. Дәптермен жұмыс.
3- жаттығу. Мәтінді тиіс дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөздерді тап. Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрлеріне жатады?
-Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті. Өзі бұрын есік ашпаған бала екен, жақсылап көйлек тігіп кигіз.
ҮІ. Тақтамен жұмыс.
-Иә, балам, оқып жүрсің бе?
-Оқып жүрмін, Абай ата.
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- М. Әуезов туралы не білеміз?
- Оның қандай романын білесіңдер?
4- жаттығу.
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Қаратпа сөзді тап.
Күлдірген-ай, Күлдірген!
Жуамын деп еденді,
Үйдің ішін бүлдірген.
Әй, Күлдірген, Күлдірген!
ҮІІ. . Суретпен жұмыс.
5- жаттығу. Суретке қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал. Қарамен жазылған сөйлемді, қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.
Ол қарғаны мақтай жөнелді.
-Бұл қандай ертегі?
-Бұл мысалды қазақшаға аударған кім деп ойлайсыңдар?
Сахналық көрініс. в) Ойлы болсаң- ойнап көр.
Түлкі мен қарға.
(Парақшаларға жазылған өлеңнен үзінді оқып береді.)
ҮІІІ. Сабақты бекіту.
1. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
-Кім жаңылтпаш біледі?
-Ішінде қаратпа сөз бар ма?
2. Жаңылтпашты жатқа жаз. Кім шапшаң? ойыны.
-Жұмаш !
Көзіңді жұм, аш! – деді Күләш.
-Оқушылардың жазған парақтарын тексеріп, бағалау.
ІХ. Сабақты қорыту.
Ө.Тұрманжановтың өлеңін мәнерлеп оқып, қаратпа сөзді табу.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
-Жаңа сабаққа байланысты пысықтау сұрақтарын қою.
-Біз бүгін нені білдік?
-Қаратпа сөз дегеніміз не?
-Қаратпа сөздерде қандай тыныс белгілері болады екен ?
Х.Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтай отырып, ауа- райына байланысты бағаладым.
Күн 5,
қар 4,
бұлт 3 .
Гүлдің әр күлтесіне бағасын іліп отыру.
ХІ. Үйге тапсырма 6- жаттығу. Диалог түрінде оқу. Екінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жазу.
қ
а
р
а
т
п
а
с
ө
з
0
т
п