Материалдар / Қаржылық сауаттылық 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қаржылық сауаттылық 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қаржылық сауаттылық күніне байланысты өткізілген сынып сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2019
6253
58 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сынып сағатының тақырыбы:

Picture 1


ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ




Өткізген: А.Ж.Юсупова

сынып жетекшісі,

7 «В» сынып оқушылары




23.02.2019 жыл




Қаржылық сауаттылық күніне арналған сынып сағаты


Пәні Сынып сағаты

Мектеп: Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Юсупова Аманкул Жумановна

Сынып: 7В/лицей

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қаржылық сауаттылық

Сабақ мақсаттары

білім алушылардың қаржылық сауаттылығы мен азаматтық ұстанымын арттыру.

Міндеттері:


-қаржылық қызметтің ақпараттық базасын қалыптастыру;

-қаржы саласындағы білімдерін кеңейту;

-қаржы мәдениетіне тәрбиелеу;

-қаржылық қызметпен айналысу уәжін қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: ақша, банкнот, қаржы, банк, қарыз, депозит, несие, қаржыгер, борышкер, теңге, аукцион, салымшы

Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер: сандарды көбейту және қосу,

Құндылықтарды дарыту

Тәуелсіз Қазақстан және Астана – Пирамида –бейбітшілік және келісім сарайы, оқушыларды топпен бірге жұмыс істеуге, келісімге келе отырып, бірлесе шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге жұмылдыру

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен: бір жылдық табыс көзін есептеу, салымшы ретінде түсетін пайданы есептеу

Қазақстан тарихы пәнімен: теңгенің шығу тарихы

Өмірмен байланыс: әр елдердегі бай адамдардың өмірі жайлы қысқаша мәлімет


Ресурстар

АЗ қағаздары, фломастерлер, сызғыштар, үлестірмелер

«Вавилондағы ең бай адам» кітабынан үзінді





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Психологиялық ахуал тудыру.

Топқа бөліну.

Оқушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Қораптан таңдап алған кәмпиттеріне жапсырылған қағаздағы тілектерді оқып жанындағы балаға тапсырады. Қағаздың түстері бойынша топтарға бөлінеді.

Сабақтың басы


"Қаржы"ұғымы сізде қандай ассоциация тудырады?

Қаржы − қолма-қол ақша, қолма-қол ақшасыз ресурстар, ақшаның басқа да нысандары мен құралдарын, сондай-ақ ақшалай қаржы есептерімен байланысқан қаржылық қарым-қатынастардан тұратын көп қырлы түсінік.


Сұрақ- жауап:

Қалай ойлайсыз, қаржы біздің өмірімізде қандай рөл атқарады?

Қоғамдық өмірдің қай саласында қаржыны пайдаланбайтынымызды атаңыз.

Әр сала қаржыны қалай пайдаланады?


Ақша – адамның күнделікті қажеттілігі. Мамандардың айтуынша, адам аптасына орта есеппен 5 сағат ақша туралы ойлайды екен.
Бірақ бұл көрсеткіш бірнеше есеге жоғары болуы мүмкін. Өйткені бүгінгі таңда екінің бірінде несие бар. Ондай адамның ақшаны сирек ойлауы екіталай.
Қаржылық сауаттылық – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Біз біліктілікке ие болып, оны арттырып, дамыта аламыз.

Қаржы негізі 5 қызмет атқарады:
1. Өмір сүруді қамтамасыз ету
Адамның жайлы өмір сүруі үшін ең алдымен: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, техника және тағы да басқа дүниелер керек. Бұл қажеттіліктерді өтеуде ақша маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартуға тырысады. Балалар дүниеге келген кезде үйіңізді кеңейтіп, көлік және техникалық жабдықтарды жаңартуды ойлайсыз. Балаларды оқытып, бүкіл отбасымен демалғыңыз келеді. Осының бәріне артық шығындарды болдырмай, отбасылық қаржыны дұрыс басқару арқылы қол жеткізуге болады.

2. Қауіптің алдын алу
Егер сіздің жеке қорыңыз бар болса, ол сізді кез келген қауіпті жағдайда сақтандыра алады. Бетін аулақ қылсын, дегенмен де өмірде небір жағдайлар кездеседі. Ауруханаға түсу, жұмысынан айрылу, мүгедек болып қалу, күтпеген жерден жақынынан, тіпті жалғыз асыраушысынан қол үзу секілді жайттар орын алып жатады. Кейде отбасылық мүліктерге қауіп төнеді. Мысалы, өрт шалу, су басу, жер сілкінісі, автокөлік немесе құнды мүлікті ұрлату, көлік апаты дегендей. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниялары өз шарттарына сай шығындарыңызды өтеп береді. Ол арқылы өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.

3. Биік белестерді жоспарлау
Дұрыс басқарылған қаржы – балаға ең сапалы білім беруге, отбасыңызбен шетелдерге саяхаттауға, ең жақсы спорт залын, тиімді қызмет көрсететін медицина орталығын таңдауға мүмкіндік береді. Биік белестерді жоспарлау дегеніміз – үй алу, көңіл көтеру немесе әртүрлі заттарды сатып алу ғана емес. Егер сіз барлығын тиімді ойластыра білсеңіз, биік мақсаттарды бағындыруға мүмкіндігіңіз мол.

4. Қаржылық тәуелсіздікке ие болу
Қаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы біледі. Бірақ шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Бұл – ай сайын немесе жыл сайынғы пассивті кіріс көзі саналатын капи­тал. Капитал – өздігінен табыс әке­летін активтер жиынтығы. Ол ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Көбісі мұны бекершілік деп санайды. Алайда әлемде қаншама адам инвестиция арқылы күн көріп отыр. Оларды рантье деп атайды. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы ғана капитал жинауға болады.

5. Артына мұра қалдыру
Адамдар белгілі бір жасқа дейін мұрагерлік туралы ойламайды. Тіпті, қартайған шағында да ойлауы екіталай. Негізінде мұраға мынадай дүниелерді қалдырылады: а) табыс әкелмейтін активтер (тұрғын үй, автокөлік және тағы басқа мүліктер); б) табыс әкелетін активтер (бағалы қағаздар, депозиттер, жалға беретін жылжымайтын мүлік және т. б.; в) қарыздар мен міндеттемелер. Егер адам болашақтың қамын алдын ала жасаса, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасылық капиталды мұра етіп, өз есімін де қалдырар еді.

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

1-тапсырма:

Барлық топқа бірдей тапсырмалар беріледі.

«Жазда ақша табудың оңай әрі қызықты жолдары» тақырыбында кластер жасау


Бағалау: Топтардың өзін-өзі бағалауы


Арнайы «Жазда ақша табудың оңай әрі қызықты» түрлеріне түсіндірме:

1. Репетитор 2. Гараждық жаппай сатылым ұйымдастыру 3. Көгалдандырушы

4. Көпшілік көрініске түсу (массовка) 5. Бала бағушы 6. Бөтелке жинау

7. Даяшы 8. Суретші-портретші 9. Кондуктор 10. Сатушы-кеңесші

11. Құттықтау агенттігін ұйымдастыру 12. Көше әртісі болу 13. Аспазшы

14. Промоутер Басқаша айтқанда, «бутерброд-адам».

15. Үндеулер мен хабарландыруларды жабыстырушы 16. Фотограф болу

17. Қоғамдық тамақтандыру орталығының қызметкері 18. Курьер

19. Дизайнер 20. Қолөнер бұйымдарын сатушы 21. Үй қызметкері

22. Үй жануарларын бақылаушы 23. Гид, экскурсия жетекшісі

24. Маймылмен суретке түсу 25. Тілші

2-тапсырма: Сәйкестендіріңдер.

Тұтынушы – тауар сатып алушы немесе әлдебір қызмет түрін пайдаланушы адам.

Монета – белгілі бір металдан немесе қоспадан құйылып жа-салған ақша белгісі.

Купюра – қағаздан жасалған ақша белгісі. 

Банк – ақшаны сақтайтын, айырбастайтын қаржы ұйымы.

Банк жүйесі– елдегі барлық банктердің, несиелік мекеме- лердің және банк операцияларын жүзеге асыратын жекелеген экономикалық ұйымдардың жиынтығы. 

Банк шоты – банктегі ақша сақталатын виртуалды ұяшық.

Төлемкартасы – банк шотынынңиесінеберілетінарнайы карта

Бартер - белгілі зат немесе қызмет түрімен алмасу

Валюта -әр елде өзінің ақша бірлігі.

Депозит – пайыздық үстеме алу мақсатымен банкке салынатын ақша. 

Пайыз – банктің клиент салымын пайдаланғаны үшін төлейтін ақшасы.


Бағалау: Топтардың бірін-бірі бағалауы


Қаржылық сауаттылық кеңестерін құру.

1 Ақша аспаннан жаумайды, еңбекпен келеді. Бірақ ақылмен жұмсамасаң, жоғалтып алу оп- оңай.

2. Ақша есепті ұнатады. Ақшаны бейберекет ша шуға болмайды. Әр теңгенің қайда жұмсалғанын күнделікті есептеп отыру керек.

3. Ақшаны үйде емес, банктің депозитінде сақтаған дұрыс. Сонда ол ешқайда жоғалмайды әрі иесіне табыс әкеледі.

4. Байлық тиыннан құралады. Ақша жинауды ерте бастасаңдар, күндердің бір күні қызығын көресіңдер.

5. Ақша сендерді емес, сендер ақшаны басқаруларың керек. Ол үшін қаржылық сауаттылық ауадай қажет. Жас кезде терең білім алсаңдар, есейгенде ақшаны дұрыс басқарып, байлыққа қол жеткізесіңдер.


3-тапсырма: Қаржылық есеп

1. Банкке жылына 10% -тік өсіммен 700000 тг салынды. Банкке салынған ақша 2 жылдан соң неше теңге болады?

2. Банкке жылына 15% -тік өсіммен 400000 тг салынды. Банкке салынған ақша 3 жылдан соң неше теңге болады?

3. Банкке жылына 8% -тік өсіммен 100000 тг салынды. Банкке салынған ақша 2 жылдан соң неше теңге болады?


Бағалау: топтардың бірін-бірі бағалауы


4- тапсырма: «Адасқан әріптер»

тейнқзеыа, мобкатна, тбеджю, фцияняли, себтәіклсеке, отрэскп, миторп


Бағалау: топтардың бірін-бірі бағалауы


Сабақтың соңы

Қорытындылау.

Бай болудың жазылмаған ережелері Вавилон қаласының әмірі Аркадты шақырып алып, неліктен халықтың тұтынуына қажет қаржысы жоқ екенін сұрайды. Сонда ол табысқа жетудің жеті ережесін айтады. Олар:

1. Табысты үнемдеуді үйреніңіз 

2. Шығынды бақылауда ұстаңыз 

3. Табысты арттырудың жолдарын табыңыз 

4. Тиімсіз инвестициядан аулақ болыңыз 

5. Үнемі инвестициядан түсетін табыс туралы ойлаңыз 

6. Жалпы кірістің мөлшерін арттырып отырыңыз 

7. Табысты арттыру приципін жаңартумен айналысыңыз

Кері байланыс








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!