Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым – асыл қазынам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне тәжірибе жинауға көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам!


Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншек бойына халқының қадір-қасиетін сіңіртіп,

үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, кішіге қамқоршы болуға, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсіруіне инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: «Ата мен немере» суреті, домбыра, қамшы, киелі

заттар, ұлтымыздың аспаптары. «Ата-балаға сыншы», «Аталы бала - еркетай», «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді білер» деген қанағатты сөздер. «Кітап бұрышы» ұйымдастырды.



Армысыздар! Қадірменді қонақтар және ұстаздар! Сіздерді 1-қазан Қарттар мерекесіне және ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

8 «Д» -сынып оқушыларының «Қарттарым – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатына

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Біздің бағдарламамыз үш бөлімнен тұрады:

  1. Ата сөзі – ақыл сөзі.

  2. Ескірмейтін – есті сөз.

  3. Мақал-мәтелдер. Кім көп біледі?



1-жүргізуші:

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз-дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, өзі нәр.


2-жүргізуші:

Ата салты – ардақты,

Әрбір сөзі –салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.


1: Арман деген не?

Қарт: Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.

Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,-депті қарт.

Қарт: Бақытты болу оңай ма?

2: Ата, жары жақсы болса, бақыт жанында.

Қарт: Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

Қарт: Дос табу оңай ма?

3: Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Қарт: Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

4: Үйде кім, елде кім қадірлі?

5: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үз базар, баласыз үй қу мазар.

Қарт: Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

6: Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.

Қарт: Жоқ, балам, әке қанша мейірмді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ана – үйдегі бақ, әке отыратын тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.

Қарт: Шындықты не бұзады?

7: Ата, шындықты тіл бұзады.

Қарт: Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындыққа ие болса, ақылды артады. Ақымақ адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өскешіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады.

Қарт: Адамға ақыл беретін кімдер?

8: Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.

Қарт: Жоқ, балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің - табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады.

Қарт: Адамның ақылы қайда?

9: Адамның ақылы тілінде, ата.

Қарт: Жоқ, балам, тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы тағында, әкімнің ақалы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12