Қарудан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері 10 сынып Алғашқы әскери дайындық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарудан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері 10 сынып Алғашқы әскери дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарудан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері оқушыларға қару ережелерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

________ Б.Есенбаева


  1. Сабақтың тақырыбы: Қарудан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдерімен, қауіпсіздігімен таныстыру.


  1. Уақыты: 40 сағат


  1. Өткізілетін орны: 10 сынып


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 мин.

  • Атыстың қандай кезеңдері бар, олардың сипаттамалары қандай?

  • Оқ қозғалысының бастапқы жылдамдығы неліктен қарудың маңызды ұрыстық сипаттамасының бірі боп саналады?

  • Атыс серіппесі дегеніміз не және ол атыс нәтижесіне қалай әсер етеді?

  • Оқ ауаға ұшқанда оған қандай күштер әсер етеді?

  • Түзу атудың практикалық мәні туралы айтыңдар?

  • Нысана орны, көздеу және көтерілу бұрыштарының арасында қандай байланыс бар?

  • Лақтыру, көтерілу және ұшу бұрыштарының арасында қандай байланыс бар?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Қарудан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.

Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастыруымен, атыс алаңында немесе тирде белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігі-мен қамтамасыз етіледі.

Атыс алаңында немесе тирде атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдыр-мау мақсатында:

атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргі-зуге;

атыс басшысының пәрменінсіз (рұқсатынсыз) каруды алуға және оқтауға;

тіпті оқталмаған автоматтың өзін жан-жаққа адамдар немесе жануарларға, сондай-ақ оны нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар немесе жануарлар бар болатын болса, бағыттауға немесе кезеуге;

оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;

атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамға беруге неме-се оны қай жерде болсын қалдыруға;

"Ат!" пәрменінен (сигналынан) "Тоқтат!" пәрменіне (сигналына) дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тыйым салынады.

Атқыш каруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60 градустан асырмай жоғары қарата ату бағытында ғана ұңғының ауыз жағымен атыс шегіне ұстап түруға міндетті. Қаруды калдырып кету немесе басқа адамға беру тек кана атыс басшылығынын пәрмені бойынша орындала-ды. Бұл жағдайда алдын ала қарудын оғын алып, онда патрондардын қалма-ғанына көз жеткізу керек. Атыс аймағында адам немесе жануар көрінген сәтте атыс дереу тоқтатылады.

Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері. Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға тұрақты дағдыларды жаттықтыру кажет. Винтовкадан ату төсілдері атысқа оңтайлану, көздеу және шүріппені басудан тұрады.

Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану атыс дәлдігіне шешуші әсер ететін винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Атуға ең ыңғайлы жағдай - жатып ату, өйткені ол атқыш пен винтовка-ның ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жатып атуға оңтайлануға ату үшін ыңғайлану, оқтау мен винтовканы орнықтыру енеді.

Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қара-тып, оң қолда ұстап түрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық ад-ым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне тұрады. Сосын, сол қолымен жерге тіреліп, сол аяқтың жанбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25-30° болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салынады.

Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң қолмен жүргізіледі, Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып, патронды бас және сұқ саусақтармен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.

Кіші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіл алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі. Сосын оң колмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусактын бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі.

Атысқа оңтайланып болған соң, орыналасу жағдайының дұрыстығына көз жеткізуі керек. Ол былайша жүргізіледі:

Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын бірне-ше секундқа екі көзін жұмады да, оң не сол көзін ашып (егер атқыш сол қолмен ататын болса), қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағытталғанын қарайды.


в) Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қандай жағдайларда атысты жүргізуге тиым салынады?

  • Винтовкадан ату тәсілдерін ата?

  • ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасын атуға даярлау туралы айтып беріңдер.


Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: _____________ Т.Мурзагулов

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.04.2018
4036
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі