Қарым-қатынас туралы тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым-қатынас туралы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Міндетті:
1.Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру;
2.Бала жанының нәзік екенін ата-аналарға түсіндіру.,

Тренинг құрылымы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Тренингтің мақсаты,міндеттерін хабарлау.
ІІІ.Негізгі бөлім.
1.Амандасу- «таныстыру» жаттығуы.
2.Бейнеролик «Төрт балауыз шам».
3. «Ағаш» жаттығуы.
4. «Бәріміз бірге» жаттығуы.
5. «Үй» жаттығуы.
6. Рефлекция
7.Ата –аналарға кеңес беру.


Тренингтің жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі амандасу,тренингке келгендерге алғыс айту.

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
Бүгінгі топтық психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде,коррекцияның негізгі құрылымы ретінде де қолданылады.Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып,дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру.Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

Топта жұмыс істеу ережесі:
1.Бір-бірімізді тренингтегі есіммен атау.
2.Біреу сөйлейді,басқалары тыңдау.
3.Тренингке белсене қатысу.
4.Әркім өз пікірін ашық білдіру.
5.Тренинг соңына дейін жұмыс жасау.





Негізгі бөлім.

1.Амандасу- «таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты:
тренингке қатысушы ата-аналар бірін-бірі жақсы тану үшін.

Нұсқау:Шеңбер бойымен тұрып,әр ата-ана өз есімін айтады.Бала кездерінде ата-анасы қалай еркелетті,кім деп атады,соны бейджик арқылы кеуде тұсына жазып алады.Тренинг соңына дейін сол адамды ерке атымен атап шығамыз.

2. «Төрт балауыз шам» туралы аңыз-әңгіме бейнеролигін көру.
Мақсаты:ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Бұл бейнероликті көргеннен кейін,енді сіздер яғни барлық ата-аналар неге жиналғанымызды түсінген боларсыздар.Қиын сәттерде біз бірімізге қолдау көрсетіп,үйдегі әке болсада,ана болсада баламызды түсінуіміз қажет. Сенім,махаббатымызды көрсете білу,өшуіне жол бермеу керекпіз.Сәттілік пен бақытты болашаққа баламыздың үмітін сөндірмеуіміз керек.Бұған-ең алдымен,әрине ата-аналарымыз міндетті.

3.«Ағаш» жаттығуы.
Мақсаты:
ата-ананың үйдегі бейнесін,рөлін білу.

Нұсқау:Ата-аналарға ағаштың суреті бар парақ таратылып беріледі.Сол ағаш суретіне, яғни,бұталарына балаңызбен немесе барлық жанұяңызбен уақытыңызды қалай өткізесіз?(қызығушылықтарыңыз,айналысатын істеріңіз). Немесе балаңызбен бірлесе қандай іспен айналысқыңыз келетіні жайлы бұтақтардың бойымен жазып шығыңыздар.
(жағымды әуен арқылы тапсырманы орындайды)
Өз ойларын ортаға шығып,түсіндіріп өтеді.

«Бәріміз бірге» жаттығуы.
Мақсаты:Ата-аналар арасындағы ұйымшылдықты анықтау мақсатында.

Нұсқау:Барлық ата-аналар ортаға шығады.Бір қатысушы парта үстіне жатады.Қалғандары сол адамды,тек ғана сұқ саусақтарын қолдану арқылы көтереді.
Талдау:
1.Қиындық болды ма?
2.Бірлесіп атқарған жұмыс нәтиже береді ме?
3.Бұдан шыққан қорытынды.

«Үй» жаттығуы.
Мақсаты:
ата-аналар өзін тани отыра,баласының болашағына дұрыс бағыт-бағдар беру.

Нұсқау:Сіздердің алдарыңызда үйдің суреті бар.Балалық шағыңыздың жағымсыз жағдайларды есіңізге түсіріп,үйдің сол жағына жазыңыздар. Сөйлеймін деушілерге сөз кезегін береміз.
-Ойланып көріңіздерші,балаларыңыздың өмірінде мұндай естеліктер болсын деп қалайсыздар ма?Жоқ десеңіз жағымсыз сөздерді сызып тастаңыз.
Үйдің оң жағына жағымды естеліктерді жазыңыздар.Өз ойларыңызбен бөлісуге болады.
-Ата-ана ретінде баламыздың балалық шағынан тек жағымды естеліктер пайда болуы үшін не істеуіміз керек?Ойларымен бөлісуге болады.

6. Рефлекция
Алдарыңдағы қағазға назар аударыңдар.Қағаз төрт бөлікке бөлінген.

Менің балам қазіргі уақытта

Менің балам 5 жылдан кейін








Менің балам 10 жылдан кейін

Менің балам 20 жылдан кейін»










7.Ата-аналарға кеңес:

1.Баланы үнемі сынай берсе,ол жек көруді үйренеді;

2.Егер бала өшпенділікпен өссе,ол қатыгездікке үйренеді;

3.Егер де балаға күле берсеңіз,ол тұйық болып өседі;

4.Егер баланы сөге берсеңіз;онда ол кінәлі сезіммен өседі;

5.Егер баланы әлпештей берсе,ол өзімшіл болып өседі;

6.Егер бала шыдамдылықпен өссе,онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;

7.Егер баланы қолдап тұрса,онда ол өзіне сенуді үйренеді;

8.Егер баланы мақтаса,онда ол игілікті болып өседі;

9.Егер бала шындықта өссе,онда ол әділетті болып өседі;

10.Егер бала қауіпсіздікте өссе,онда ол адамдарға сенуді үйретеді;

11.Егер бала мінсіз сынауды көріп өссе,адамды сынауды,кінә тағуды үйренеді;

12.Егер бала ақ пейілділік ішінде өссе,сабырлы болуды үйренеді;

13.Егер бала қолдау көріп өссе,өзіне сенімді болуды үйренеді;

14.Егер бала өз ісіне оң баға алып өссе,өз-өзін сүйіп өседі;

15.Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе,өмірде бақытты болуды үйренеді.





























АPicture 1 бай атындағы орта мектебі КММ














Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін кеңейтуде психологтың көмегі

Тренинг











Орындаған: мектеп психологы Игисинова М.Б.













2016 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
1413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі