Материалдар / Қарым-қатынасқа байланысты диагностикалық жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарым-қатынасқа байланысты диагностикалық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1719
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Психологиялық -диагностикалық жұмыс



Тақырыбы:

Shape1

































Сабақтың тақырыбы: «Қарым-қатынасты зерттеу әдістері» Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау;

2.Адамдармен қарым-қатынас орната білуде тиімді әдістерді қолдану;

3.Өз ойына сенімді болып, нақты жеткізуді дамыту.

Көрнекіліктер: плакат,парақшалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

II. Қарым- қатынас жайлы оқушыларға мағлұмат беру.

III. Ойын,әдіс,жаттығуларды қолдану.

  1. «Өз араңызда қандайсыз?» тесті

  2. « Сөйлейтін айна, сөйлемейтін айна» жаттығуы

  3. «Сиқырлы орындық»жаттығуы

М. СНАЙДЕРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУЫН БАҒАЛАУ ДИАГНОСТИКА МЕТОДИКАСЫ

«Өз-араңызда қандайсыз?» тесті

  1. Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?

А). Бір қалыпты – 3 ұпай

Ә). Өрши түсемін – 2 ұпай

Б). Үндемей құтыласыз - 1 ұпай


2. Достарыңызбен ара-қатынасыңыз қалай?

А). Жиі араласып тұрасыз – 3 ұпай

Ә). Онша араласпайсыңыз – 0 ұпай

Б). Реті келгенде - 2 ұпай


3. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?

А). Үйде – 3 ұпай

Ә). Достарыңызбен бірге – 2 ұпай

Б). Кино, кафе, дискотекада - 3 ұпай


4. Газет-журнал оқып тұрасыз ба?

А).Иә – 0 ұпай

Ә). Уақытыңыз болғанда – 3 ұпай


Б). Анда-санда - 2 ұпай


5. Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?

А).Әрине – 3 ұпай

Ә). Киім таңдамайсыңыз – 2 ұпай

Б). Модамен киінесіз - 0 ұпай

6. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?

А).Иә – 4 ұпай

Ә). Жоқ – 3 ұпай

Б). Біреудін шаруасына араласпайсыңыз - 1 ұпай


6. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыңыз?

А).Бір қалыпты – 3 ұпай

Ә). Үндемей қаласыңыз – 0 ұпай

Б). Жеңілдей сезінесіңіз - 1 ұпай



10-15 ұпай. Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс-керісті жаныңыз қаламайды. Айқай-шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.

16-25 ұпай. Ұрыс – керіс болса-ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз. Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін әр дайым ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан «Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр керісті сабырлықпен шешу керекпіз.

Әрине, әр сәтте сабырлықты сақтау өте қиын, өйткені өмірімізде адамдармен тығыс қарым-қатынаста болғандықтан кейде арадағы түсінбеушілікпен келіспеушілік ұрыс-керіске алып келуі мүлдем мүмкін. Қалай сонда әңгіменелүшінің көңілін, қөз-қарасын сабырлықпен өзгертуге болады деген сауалдарға жауап іздейк.





« Сиқырлы орындық» жаттығуы

Мақсаты: Қиын тапсырманы орындағанан кейін,топтағы қысымды шығару.

Ортада жаттығуды орындауға аса назар аудартатын қатысушыны орындыққа отырғызамыз. Орындықтың сиқыры мынады: « Орындыққа отырған адамның кемшілігі жоқ,мінезінде тек жағымды қасиеттері бар».Барлық топ мүшелеріне осы адам туралы ойлайтын пікірлерін, барлық мейірімділігін айту ұсынылады.Егер де жаттығу баяю, нашар жүрегізіліп жатса жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек.Содан кейін бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам өзі туралы басқалардың ойларын естігенде,қандай әсер алдың? деген сұрақ қоя отырып қатысушының сезімін білуге тырысыңыз.

Егер де қатысушы өз еркімен орындыққа отырғысы келмесе,жүргізуші оны талап етуге болады.

Талқылау: Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілетіндігін (қаншалықты қажеттігін) сұрауыңыз керек !



«Үндемейтін және сөйлейтін айна» жаттығуы

Психолог ортаға өз адамының шығуын өтінеді.

  • Сенің міндетің айнадан, нақтырақ айтқанда екі айнадан топтың қай мүшесі сыртыңнан келгенін анықтауға тиіссің. Бұл екі айна, әрине, тірі айналар. Біреуі үндемейді, ол сенің ту сыртыңда кім тұрғанын ым және қимыл арқылы түсіндіріп бере алады. Екі айна-сөйлейді. Ол атын атамай тұрып, бұл адамның қандай екендігі туралы түсіндіреді. Топтан «айналар» болатын екі адамды таңдап ал. Ойыншы айналарды таңдап алғаннан кейін психолог оларға нақты құрылымды береді. – «Айналар» қабырғаның жанында тұрады. Негізгі ойыншы балалардың дәл алдында басқа балалар негізгі ойыншының сыртында орналасады да, ақырын, бір-бірлеп артына таяп келеді. «Айналар» кезекпен балаларды бейнелейді. Алдымен үндемес айна жұмыс істейді. Егер негізгі ойыншы артында тұрған баланың кім екенін ажырата алмаса, екі айна сөйлейді және ол тек бір тіркес ғана айтады. Егер ойыншы онда да табылмаса «үндемес» айна тағы бейнелейді, т.с.с. ойыншының міндеті артық тұрған адамды мейлінше тез анықтау.

Айналар үшін кейбір шарттар бар. «Үндемес» айна ойыншының артында тұрған адамды бейнелеумен шектелмейді. Бірақ адамның тек қана сыртқы ерекшеліктерін сипаттап кейбір физикалық мінездемеге ғана тоқталмау керек. «Сөйлейтін» айнаға кейбір нақты шектеулер қойылады.

Біріншіден, әрине, ойыншының артында тұрған адамның атын атауға болмайды.

Екіншіден, бұл адамды бейнелеген кезде ол адамға қатысты топқа таныс емес жағдайды еске түсірудің қажеті жоқ.

Үшіншіден, қарапайым сыртқы келбетін бейнелеуден аулақ болыңыз. Бұл тек үшінші оразада ғана рұқсат етіледі.

Бірнеше минуттан кейін бастаушы негізгі ойыншыны ауыстыруды ұсынады. Ал ол айналарды да ауыстыруға рұқсат алады.

Талқылау.

  • Қай ойыншыға жасырынған адамды анықтау үшін бейнелеуі қажет болды?

  • Ойыншылардың қайсысы талантты айна болып саналады?

  • Бұған не көмектесті?

  • Қай ойыншы «айналардың» бейнелеулеріне таң қалды?

  • Сіздер өздеріңіздің бейнелеріңізді көргенде не сезіндіңіздер?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!