Материалдар / Қасым Қайсенов шығармаларында кездесетін әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қасым Қайсенов шығармаларында кездесетін әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасым Қайсенов шығармаларында кездесетін әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді оқыту арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмыс пен құндылықтарды сіңіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2024
114
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

"№35 орта мектеп" КММ




Picture 1

Бағыт: «Қасым Қайсенов шығармаларын оқытудың әдістемесі»




Тақырып: «Қасым Қайсенов шығармаларында кездесетін әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді оқыту»




Автор: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Дюсюпова Толкын Каныбековна










Өскемен – 2024 жыл




«Қасым Қайсенов шығармаларында кездесетін әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді оқыту»


Тақырыптың өзектілігі: Адамы мен заманы түбегейлі жаһанданып жатқан жаңа заманда шәкірт оқыту талабы да күшейіп отыр. Алдымыздағы оқушыларды бір оқулықтың ішімен қызықтыру мүмкін емес. Оқулық ішіндегі дүниеге қызықтыру үшін, өмірмен байланыс, шынайы көріністерді көзбен көрерліктей жеткізіп, мысалдарды шынайылықпен талдап көрсету көзделіп отыр. Осыған орай өмірін қару мен қаламына арқау еткен Қасым Қайсенов шығармалары, әңгімелері мен естеліктері біздер үшін тапсырмас шынайы дәлелдер іспеттес. Кез келген пәнге мысал тауып, шынайы өмірмен байланыс көруге боларлық. Соның ішінде халқымыздың ұлттық болмысы мен дәстүрлері, әдет-ғұрыптары күнделікті тұрмыста анық байқалатын жазушының шығармаларында тілдік ерекшеліктерімен, көз алдымызға сол қалпында айдан анық елестететіні кез келген оқырманына мысал бола алады. Сондықтан Қ.Қайсенов шығармаларын сабақтарда мысал ретінде келтіре отырып, ұлттық әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмастығын назарда ұстап, алдымыздағы оқушыларға оқытудың өзін өзекті деп таптым.

Қандай да бір шынайы өмірді бейнелеген шығарма арқылы қазақи болмысымыз бен ұлттық кодымызды әр оқушының бойына сіңіре алу – ұстаз шеберлігінде. Шығармашылық жолдағы кез келген ұстаз осы бір ұстанымды сабақтарында пайдаланып, оқушы ынтасын ашып, өмірге қызығушылығын арттырып, халқымыздың қанға сіңген жақсы қасиеттерін дарыта білсе, мәдениеті мен әдебиетін ұлықтайтын, ұлттық мұрасын ұмытпайтын, жан-жаққа еліктеп мазасы кетпейтін жеткіншектер тәрбиелей алатындығымызға еш шүбә жоқ. Сондықтан алдымыздағы оқушыларға әрбір сабағымызда тақырып төңірегінде жазушы мұрасынан мысалдарды анық айтып, өмірмен байланыстырып, бойына ұлттық болмысты, жүрегіне жалындаған рухты сіңіріп оқытсақ, тақырыбымның нәтижеге жетуі болмақ.

Зерттеу мақсаты: Қасым Қайсенов шығармаларында кездесетін әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді оқыту арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмыс пен құндылықтарды сіңіру.

Зерттеу міндеттері:

- жазушы шығармаларынан нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеу;

- сабақтарда қолдануға арналған шығармадағы үзінділерді анықтау;

Зерттеу әдістері:

-Жазушының таңдамалы шығармаларына шолу жасау;

- Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар кездесетін шығармалардан үзінділер табу;

- Сабақта қолдануға мысалдар арқылы қол жеткізуге дәлелдер келтіру.






Алтайдың асқар тауларындай аты бар, қаламынан қалған хаты бар, өр мінезі, батырлық пен батылдығы, қайсарлығы - қазақтың қанға сіңген қасиетінің бәрін бір бойына дарытқан Қасым Қайсенов – ұлы тұлға. Ел басына күн туып, оның болашағына қауіп төне бастаған кезде бүкіл Одақ жұртшылығымен бірге қазақ халқы да жұдырықтай жұмылып, қан майданға аттанды. Бүкіл қажыр-қайратын жеңіс жолына сарп етті, тіпті өз өмірлерін қиды. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған қазақтың қас батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы-партизан Қасым Қайсеновтің туғанына бүгін 105 жыл толып отыр. Қос қарудың иесі болған Қасым Қайсенов өмірі туралы барша қазақ білетіні мәлім.Сондықтан ол кісі жайлы мәліметтерді қайталап айтқанша, тақырып негізіне көшіп, болашақ жастарды тәрбиелеуге атсалысқан жазушы – батырдың ұлағаттарына тоқталсам.

Оқырмандарына ерлікті қаламына арқау ете отырып, елдікті ұғындырды.

Мен-дағы өр қазақтың Қасымымын,

Демеймін қатардағы жасығымын.

Тағдырдың талайынан талмай өткен,

Алтайдың алшы түскен асығымын,-деген бір шумағында мың ұрпақты тәрбиелеп, оята алатын, жүрегіне рух ұялататын сөздер жатыр.

Әрбір қаламгерге тән өзіндік ерекшеліктерді аңғарудың ең дұрыс жолы оның шығармаларының мәтіндеріне талдау жасау екенін ескере отырып, өзім таңдаған тақырып бойынша жазушының еңбектерін сараптаудан бастадым.

Қ.Қайсеновтің қаламгерлік қабілетінің дамуына шешуші ықпал еткен бір жағдай – болашақ қаламгердің балалық шағы халық ауыз әдебиеті үлгілерін айрықша қастерлеп сақтаған ортада өтуі. Қаламгер Қасым Қайсеновтің өзінің әжесін: «Апамның бір өзі кішігірім ансамбль іспетті еді. Қоңыр даусымен әсем әуенді ән салатын. Қисса, қара өлең, жұмбақ өлең, өтірік өлең, жарапазан дегендерді біздерге үйретумен әлектенетін», – деп еске алып [3: 178], өзіне еткен әсерін: «Жастай үйренген қисса, дастан, өлең, жырлар адам жадында ұмытылмай, ұзақ жылдар сақталады екен. Сол қайран апам үйреткен «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» сияқты қиссалар көкейімде әлі сайрап жатыр», – деп айтуы [3: 180] және әкесі мен анасының, әжесінің жыршы-әңгімешілігінен, қарындасы Шәмшияның әншілігінен алған тағлымдары туралы ой толғауы ауыз әдебиетінің дәстүрі оның бойына балалық шағында-ақ тереңдей сіңгенін аңғартады.

Қ.Қайсенов халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын өз шығармаларында шебер суреттей білген. Мұны жазушының «Атамекен», «Қыраулы қыс», «Асубай ата», «Мәтіш шешей», «Қоянсирақ», «Ат жарыс», «Тәтті іздеп», «Көк ат көпірден құлады», «Үйді сағындым», «Жаяу жарыс», «Көш», «Жайлауда», «Қой күзет», «Қаңылтыр құпиясы» атты әңгімелерінен көреміз. Әңгімелердің барлығы да авторлық бірінші жақпен баяндалған.
Академик З.Ахметов қазақ және әлем халықтары әдебиеттеріндегі осындай стильде жазатын қалмагерлерге, олардың шығармаларына тоқтала келіп: «Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады… Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады… Әңгіме кейде, баяндаушының (авторлық «Мен») бейнесі айқын көрінеді. Оның өзі оқиғаға тікелей қатысты болуы мүмкін»,- деген теориялық тұжырым жасаған [4: 56-57].

Ержүрек партизанның әңгімелеріне оның ес білген кезінен бергі қызықты да тартымды сан алуан оқиғалар арқау болған. Оның «балдай тәтті балалық шағына» саяхат жасасақ, болашақ партизанның бала күнінен-ақ байқалатын қайсарлығын, бірбеткейлігін, батылдығы мен өжеттігін жазбай танимыз. Сол әңгімелердің бәріне тән ортақ қасиет – қазақ халқының ұлттығын көрсете білетіндігінде.

Қазақ халқы өз баласын тіл-көзден сақтау үшін неше түрлі ат қоюға шебер. Шағын әңгімеден осындай ұлттық ерекшеліктер айқын аңғарылады. Оны болашақ жазушының азан шақырып қойған атын атамай, «Қара» деп атаудан көруге болады. Өзімізге таныс, бейтаныс қара баланың күнделікті тұрмыс та мән бере бермейтін әрбір жайттарын жазушы штрих, детальдармен әдемі бейнелеген. Бұл әңгімелердің күнделікті өмір тіршілігінен алынған мейлінше шынайы. Бұл жанр жазушыдан аз сурет арқылы көп жайды аңғартуды талап етсе, жазушы әңгімелері осы талапқа сай көркемдік шеберлікпен жазылған.

Жазушы қаламынан туған мына шығармалардағы ұлттық дәстүрлерімізге тоқсатала кетейін. «Жаяу жарыс» әңгімесінде ұлттық ойындар бәйге, күрес, «түйе балуан» туралы айтылады. Бұл жердегі мысал арқылы әр оқушыға ұлттық ойынымыздың құндылығы мен пайдасы туралы айта аламыз.

«Көш» әңгімесінде табиғатымыздағы төрт түлік малды сипаттап, пайдаларын ауыл ішіндегі адамдардың іс-әрекеттері арқылы көрсеткен. «Жылқы кісінеп, сиыр мөңіреп, қой маңырап ... жүк артқан түйелер...» деп ауылдың жайлауға көшіп бара жатқан жақсы сәттерін ідемі суреттеген. Сонымен қатар, осы әңгімесінде божы, арба, бишік, үзеңгі, дәртелерді де ұтымды пайдаланғаны байқалады. Ат әбзелдерін бүгінгі қала балалары біле бермейтіні анық. Оны да осы шығармалардағы мысалдар арқылы үйретуге әбден болады. «Көш» әңгімесінде қазағымыздың сандық-сақбыт, киіз-текемет, көрпе-жастық, ағаш шелек, торсық деген тұрмыстық, ұлттық сөздерімізді көз алдымызда, қолымызға ұстап тұрғандай жазған. «Қисық табан хром ірбіт етік киген...», «бүрмелі қара түлкі тымақ...» деген тіркестер арқылы ұлттық киім үлгімізді де насихаттауға болады.

«Жайлауда» әңгімесінде қанға сіңген керемет қасиетіміз сәлемдесуді анық аңғаруға болады. Жайлауда қой жайып жүрген бала Қасымға таяп келе жатқан Алдабергенге «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем берген баланың әдептілігі жазылған. Сол Алдабергеннің қамшымен Қасымды салып-салып жіберген сәтін түсінбей, үйдегі үлкендерден сұрап, оның сол үйге күйеу бала екендігін, Қасымды балдызсынып ойнағанын біледі. Бұндай қазақы қалжыңдарды да бүгінгі күні біреу білсе, біреу білмес.

«Қой күзет» әңгімесінде үлкендердің әрекеті арқылы ойын балалары көп нәрсе үйренді. Ауылға қасқыр күнде кіріп жүргеннен кейін, үлкендер «қасқыр арқаннан аттамайды» деп, қотанға қасқыр кірмес үшін бар арқанды жинап алып, бір-біріне байлап, керіп ауылды белдеулеп, қасқыр келеді деген тұстарға бақан құрғызады. Сол алтыбақандарға ауыл балаларын жинап түнімен ойнатып қояды. Сөйтіп ауылды қасқырдан қорғап қалған екен. Бұл арқылы да бұрынғы айлаларды, ұлттық ойынның пайдасын байқауға болады екен.

«Қаңылтыр құпиясы» әңгімесінде Самарқан қарт пен Салиха әжейдің іс-әрекеттері арқылы қазақтың дәм татырмай жібермейтін әдебін көрсетеді.

«Мәтіш шешей» әңгімесіндегі Мәтіш апасы жете алмайтынына көзі жеткен соң, пимасын сілтеп қалғанда, етпетінен түседі. Асықтарынан айрылып қалғанына ызаланып, пимасын тоғандағы суға лақтырып жіберетін қара баланың бойынан қайсарлықты, бірбеткейлікті аңғару оңай. Осы өжет кейіпкеріміздің «Тәтті іздеп» жүрмін әңгімесінде балаларға атаман болып жүріп (Никонарға) ұсталып қалған кезде ебіл-дебіл болып, кешірім сұрап жалынғанын көргенде, оның қылығына іштей риза болып, еріксіз езу тартасың. Күлетініміз – балалардың аңғал, аңқаулығы болса, бәрін жасырмай әкесіне айтып келген турашылдығына, өтірік айта алмайтындығына көңілің толады. «Көк ат көпірден құлады» әңгімесіндегі қара баланың әлсіз көпірді сабанмен кеңейтіп, оның үстіне қар төгіп, аттың тұяғының ізін қолмен салып, Рақымбай нағашысын алдап, атымен қоса құлатқанын көргенде, оның аңқау, аңғал нағашысын алдаған қулығына тәнті боласың. Бұл да нағашы мен жиен арасындағы қалжыңның – көркем шығармадағы кезекті бір көрінісі. Әсіресе, «Көш» әңгімесіндегі бүкіл ауылға «тентек» атанған оны әкесі: «– Әй, Қара, әне, Иіс келе жатыр», – деп қорқытатынын жазушы: «Бүкіл ауылдың балалары «Иіс келе жатыр» десе, жылағанын қоя қоятын. Онан жылқы екеш жылқы да қорқатын. Оның дауысын естісе, қорада жайына шөп жеп тұрған аттар біріне-бірі тығылатын», – деп суреттейді.

Жазушының осы әңгімелерінен қазақ тіліне басқа тілден келген сөздерді жазуы да қызықты. Оның «Тәтті іздеп жүрміндегі» Николайды – Никонар, «Қаңылтыр құпиясындағы» консервіні – кәнсәрп, «Велосипедтегі» велосипедті – белесепед деп қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салып жазады.

Қасым Қайсенов шығармаларынан автордың жазба әдебиет мұраларымен қатар фольклорлық дәстүр негізінде пайда болған туындылармен де жете суысындағаны байқалады. Тарихи тұлға деңгейіне көтерілген қайраткерлердің, қарапайым адамдардың образдарын жасауда автор жазба әдебиетінің де, ауыз әдебиетінің де уақыт тезіне төтеп берген тәсілдеріне арқа сүйегені аңғарылады. Қаламгердің өз шығармасына арқау болған өмір шындығын ешбір қоспасыз, өзгеріссіз беру дағдысы оның шығармашылығына тән басты ерекшелік болып табылады. Оның туындыларының осындай сипаты оларды көркем тарихнама үлгілері ретінде қабылдауға толық негіз береді.


Әдебиеттер:

1. Қайсенов Қ. //Таңдамалы шығармалар жинағы 1-2.- Алматы: «Қазақстан»,2008-480 б.

2.Қабышұлы Ғ., Сегізбайұлы К. Қаһарман.–Алматы: Атамұра, 2007.–290 б.

3. Қайсенов Қ. Естеліктер мен жазбалар. – Алматы: Атамұра, 2002. 304 б.

4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!