Жаймина Г.А.
Көкпекті ЖББМ, Бұқар жырау
ауд.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА БАҒАЛАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Еліміздегі жағдайға байланысты
ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтан оқыту форматына көштік.
Дегенмен, жаппай қашықтан оқыту форматына өту бірден сәтті болды
деп айту қиын. Себебі, ата-анамен оқушы үшін түрлі оқыту
порталдарымен ғаламтор арқылы тіркелу, мұғалімнің жанама (алыстан)
сабақтағы әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланбай ауқымды тапсырмалар мен
үйге тапсырма беруі, күнделікті сабақты түсіндіруге бейімделген,
ұстазын қажет ететін оқушыларға телеарналардан, түрлі
платформалардан өз беттерінше оқу қиындық
туғызды.
Қашықтан оқытуда оқушылардың
білімін жақсарту мақсатында мұғалімдер алдына қоятын аса бір
маңызды талаптарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап
үйренуін қалыптастыру. Ал, бұл оқу нәтижесін арттырудағы ең басты
қажеттілік. Біздің мектепте жұмыс істейтін ақпараттық платформада
(синхронды, асинхронды аралас), ғаламтордағы жұмыс қауіпсіздігі
туралы мәселелерді ата-аналарға айтып түсіндіріп, әр сынып
жетекшісі жеткізе білді.
Сіз кері байланыстың адам
өміріндегі маңызы зор екендігімен келісесіз бе? Біз өзіміздің
ісәрекеттеріміз арқылы, олар туралы ойлану және басқалардың оларға
көзқарасын қадағалау арқылы үйренеміз, өзімізді дамытамыз және
нәтижелерімізді жетілдіреміз. Оқытудың қашықтан немесе сыныпта
өткізілетініне қарамастан, кері байланыс әрқашан құнды болып
табылады. Оқу барысында тиімді кері байланысты қалай қамтамасыз
етуге болады? Оқу үлгерімін жақсарту үшін мұғалім мен оқушылар не
істей алады?
Кері байланыстың ықпалы:
оқушының мұғалімге кері байланысы.
Оқушының мұғалімге кері
байланысын қалай ұйымдастыруға болады?
-
Оқушының оқу мақсатын
түсінуіне және қабылдауына көмектесіңіз.
2. Оқушыларға сабақтың
мақсатын талқылау және тапсырмаларды орындау кезінде сұрақ қоюды
ұсыныңыз
3. Өзін-өзі бағалау мен өзара
бағалауды ұйымдастырыңыз және бақылау жүргізіңіз. Объективтілікті
қамтамасыз ету үшін интерактивті тақтада (Padlet, Jamboard, ZOOM),
оқушыларға алдын ала жіберілген маршрут парақтарында, өзін-өзі
бағалау және өзара бағалау формаларында орналастыруға болатын
тапсырмаларды бағалау критерийлері мен
дескрипторларын ұсыныңыз (және оларды міндетті
түрде өзіңіз пайдаланыңыз).
4. Тапсырмаларды орындау
кезінде, онлайн сабақ барысында және қорытындылау кезеңінде келесі
үш маңызды сұраққа жауап іздеу арқылы оқушылардың рефлексиялық
ойлауын дамытуға ықпал етіңіз:
«Мен қандай мақсатқа
ұмтыламын?» – қызығушылығын туғызу үшін.
«Мен қандай нәтижеге жеттім?»
– оқу қызметін талдау және бағалау
үшін.
«Келесі қадам қандай?» –
келесі әрекеттерді жоспарлау үшін.
Бұл сұрақтардың әрқайсысы оқу
үдерісін жанжақты қарастыруға бағытталған.
Синхронды және асинхронды
оқытуда кері байланыс пікірлерін ұсыну үшін Гугл файлдарындағы
«Пікірлер» қызметін пайдалануға болады. Оқушылар мұғалім қолдану
үшін ашып берген бір құжатта бірлесіп жұмыс істей алады. Немесе
оқушылардың әрқайсысы мұғалім ұсынған құжатты өзінің Гугл Дискісіне
көшіріп алады (бұл үшін міндетті түрде Гуглде есептік жазбасы
(электронды пошта мекенжайы) болуы керек және сыныптастары мен
мұғалімге оның сілтемесін жіберіп, басқалардың түзетулер енгізуі
және өз пікірлерін білдіруі үшін ашып
береді.
Мұғалімнің оқушыға кері
байланысын қалай қамтамасыз етуге болады?
-
Оқушыға кері байланыс оны
сынау үшін емес, өз жетістіктерін одан
әрі жетілдіруіне көмектесу
үшін ұсынылатынын түсіндіріңіз.
-
Сипаттамалық кері байланыс
беруге тырысыңыз, себебі бұл анағұрлым
ықпалды болады. Ол үш сұраққа
жауап береді:
«Не жақсы
орындалды?» – Орындалған жұмыстың сапасы
қандай
болғанына қарамастан, оқушыға
қолдау көрсетіп, мақтайтындай жетістігін таба біліңіз. Мысалы:
«Жарайсың, сен тапсырманы ойдағыдай орындауға
тырыстың!».
«Нені әлі де жақсартуға
болады?» – Не нәрсені жетілдіруге
болатынытуралыөз пікіріңізді ұсыныңыз.
«Мұны қалай жетілдіруге
болады?» – Оқушының тапсырма жөнінде
ойлануына ықпал ететін сұрақ қойып, қажетті ресурстарды,
нұсқаулықтарды ұсыныңыз.
3. Кері байланысты нақты оқу
мақсаттарына, күтілетін нәтижелерге немесе бағалау критерийлеріне
бағдарлай отырып, оның тиімділігін қамтамасыз
етіңіз.
4. Кері байланысты тұрақты
түрде және уақтылы ұсыну арқылы Сіз оқушыға өзінің іс-әрекетін
түзетуге мүмкіндік бересіз, ал өзіңізде оқушының кері байланысты
қолданғаннан кейін тапсырманы қалай орындағанын бағалауға мүмкіндік
болады.
5. Кері байланыс ұсынуда «Еске
салу», «Кезеңкезеңмен көмек беру», «Үлгілер ұсыну» сияқты
тәсілдерді қолданыңыз. Ескерту оқушының назарын оқу мақсатына
шоғырландырады. Кезең-кезеңмен көмек беру оқу әрекетінің нақты
аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үшін сұрақтарды,
тапсырманың немесе әрекеттің сипаттамасын, аяқталмаған сөйлемдерді
қолдануға болады. Оқуда қиындықтары бар оқушыларға тапсырманы
орындау үлгілерін ұсыну олардың тапсырманы ойдағыдай орындауына
көмектеседі. Кері байланыс ұсыну үшін бұрын ұсынылған құралдарды
пайдалануға болады.
Кері байланыстың тағы қандай
нұсқаларын қолдануға болады?
Тапсырманы ойдағыдай орындаған
оқушыларға мұғалім құттықтау ашық
хатын немесе әртүрлі
мазмұндағы смайликтер жібере алады (смайликтердің
мән-мағынасын балалармен алдын ала келісіп алған
дұрыс).
Оқушының жіберген
қателерін белгілі бір түспен
бояп, оқушыға оларды түзетуді
ұсынуға болады.
Егер оқушыларға интернет
қолжетімді болса, ZOOM-да шағын
конференция ұйымдастырып, 3-5 минут ішінде
тақырыпты меңгерудегі қиындықтар мен табыстарды талқылауға болады.
Шағын конференцияға бір оқушыны да немесе тапсырмаларды орындау
барысында ұқсас қателіктер жіберетін оқушылар тобын да шақыруға
болады.
Ең бастысы, кері байланыстың
тиімділігі оның сапалы болуында екендігін есте
ұстаңыз.
Мектеп мұғалімдері қашықтан
оқытуға көшуі кезінде өз жұмысында онлайн-ресурстарды
пайдаланатындардың үлесі 64% - дан 85% -ға дейін өсті (1-сурет;
2-сурет). Мұғалімдердің көпшілігі қашықтан оқу сапасын арттыру
мақсатында өздері онлайн курстарға жазылып, білімдерін көтеріп,
қашықтан оқытудың жолдарын меңгерді. Мұғалімдердің 47%- ы болашақта
осы онлайн-ресурстарды дәстүрлі оқыту кезінде де
пайдаланатындықтарын айтты.
1-сурет. Онлайн-ресурстарды
2-сурет. Қашықтан оқыту кезінде онлайн-
пайдалану. ресурстарды
пайдалану
Қашықтан оқыту аясында
бағалауға арналған тапсырмалар
2019-2020 оқу жылының төртінші
тоқсанында қашықтан оқыту кезеңіндегі оқушылардың орындаған
тапсырмаларын тексеруге мұғалімдер көп уақытын жұмсаған болатын.
Тапсырмаларды орындау ата-аналардың түсінбеушілігі мен наразылығын
туғызды, өйткені олар баласының тапсырманы өз бетінше орындай
алмайтынын немесе оны орындауға көп уақыт жұмсайтынын
көрді.
Оқудың табыстылығын, яғни оқу
мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалау қажет екендігі сөзсіз.
Бұл үшін қашықтан өткізілетін сабақтың өзі де, оқушылардың
тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыстары да
мұқият ойластырылып,
жоспарлануы және
жүзеге асырылуы
тиіс. Сабақты жоспарлау кезінде
мұғалім белгіленген нормалар мен нұсқауларды ескере
отырып, өзіндік жұмыстарға арналған
тапсырмалардың көлемін анықтау үшін оқушылардың тұтас оқу күнінің
кестесін білуі керек.
Мысалы, мұғалім мен оқушыларға
интернет пен жеке компьютерлер қолжетімді (ноутбуктер, планшеттер
немесе смартфондар). Мұғалім синхронды және асинхронды оқытуды
қолдана отырып, 10.00-ден 10.40-қа дейінгі уақыт аралығында
қашықтан оқыту сабағын өткізуді
жоспарлаған.
Синхронды оқыту ZOOM арқылы
онлайн сабақ түрінде өткізіліп, онда жаңа сабақ материалы
түсіндіріледі (себебі материал оқушылар үшін таныс емес және
күрделі) немесе іс-әрекет тәсілдер көрсетіледі (егер оқу мақсаты
қолдану, талдау, жинақтау немесе бағалау сияқты ойлау дағдыларының
деңгейлерімен байланысты болған жағдайда). Білім алушылар сабақ
мақсатын талдап, сұрақтар қоя алады, ұсынылған оқу материалдарын
талқылау үшін топтарға немесе жұптарға бірігіп жұмыс істей алады
және ZOOM немесе Гугл Форма арқылы (Гид арқылы басқа да қызметтерді
табуға болады) ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің
меңгерген білімі мен тақырып бойынша түсінігін тексере алады.
Сабақты өткізу және тарату ұзақтығы кіші мектеп жасындағы оқушылар
үшін – 10-15 минуттан, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 20-30
минуттан аспауы тиіс.
Осыған орай, сабақты өткізу
уақыты сағат 10.00- ден 10.15-ке дейінгі (бастауыш сыныптар) немесе
10.00-ден 10.30-ға дейінгі (орта және жоғары сыныптар) аралықтағы
уақытты алады. Сағат 10.40- қа дейінгі қалған уақытты оқушылардың
оқулық тапсырмаларымен немесе белгілі бір қызмет түрлері арқылы
жіберілген ресурстармен өз бетінше жұмыс істеуі үшін пайдалануға
болады. Оқушыларға орындалған тапсырманы тексеруге жіберу уақытын
немесе бірін-бірі өзара бағалау мүмкіндіктері туралы ескерту
керек.
Егер сіз білім беру
платформасында немесе ортақ файлдарда орналастырылған тапсырмаларды
қолдансаңыз, онда мұғалімнің тексеруін немесе өзара тексеруді
синхронды түрде жүргізуге болады. Сондай-ақ білім беру
платформаларында көптеген тапсырмалар бойынша автоматты тексеру
тәсілі ұсынылады.
Дегенмен, Сіз өз бетінше
орындалатын тапсырманың қандай нұсқасын ұсынсаңыз да, оны
орындамайтын оқушылар болуы мүмкін. Мұның әртүрлі себептері әртүрлі
болуы мүмкін. Оқушыдан себебін анықтаңыз және оқушыға өз
көмегіңізді ұсыныңыз. Ұсынылған тапсырманың мән-маңызын
түсіндіріңіз, балаға таңдау еркін ұсыныңыз немесе өз бетінше
тақырыпқа қатысты белгілі бір тапсырманы белгілеуін сұраңыз.
Оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттері туралы ойланыңыз
(Говард Гарднердің көптік зият теориясы маңызды). Балаларға
орындалған тапсырманың нәтижелерін әртүрлі нұсқада – мәтін түрінде,
таныстырылым немесе бейнежазба түрінде көрсетуді ұсыныңыз. Мектеп
тәжірибесінде геометриялық теоремаларды түсінуде қиындықтары болған
оқушының олар туралы рэп шығару арқылы табысты меңгергені жөнінде
шынайы мысалдар болған.
Жиынтық бағалауға арналған
тапсырмаларды әзірлеу барысында әр қадам бойынша нұсқаулар мен
ұсыныстар берілген нұсқаулықтарды әзірлеу аса маңызды. Мұндай
нақтылық оқушылардың өз бетінше жұмыстарды орындау кезінде сенімді
әрекет етуіне көмектеседі.
Тапсырмалармен асинхронды
түрде жұмыс істеген кезде сенімділікке негізделген
қарым-қатынас пен нұсқаулардың сапалы
болуы өте маңызды. Әрине, оқушылар
оқу материалдарының не болмаса ата- аналарының көмегіне жүгінуі
мүмкін. Дегенмен бұл өзін-өзі реттеу мен өз бетінше жұмыс істеу
дағдысының төменгі деңгейін көрсетеді. Осы орайда жоғарыда айтылған
жобалық тапсырмаларды еске түсіру қажет. Бөлім/тарау соңында оқушы
тарапынан ұсынылған дайын жобаны жиынтық (қорытынды) бағалау үшін
қолдануға болады. Сонымен қатар оқушыға тест тапсырмасының
сұрақтарына жауап беруді, бөлім бойынша әртүрлі жауап нұсқалары
және дұрыс жауабы көрсетілген тест тапсырмасына арналған сұрақтар
әзірлеуді не болмаса есеп құрастырып, оны шешуді ұсынуға
болады.
Оқушылардың жұмысын тексеріп
болған соң олардың ата-аналарына бөлімді/тарауды қаншалықты табысты
меңгергені туралы хабарлама беріңіз. Толтырылған рубриканы немесе
жұмысқа жазылған комментарий жіберіңіз.
Тапсырманы/ жұмысты орындауға
арналған нұсқаулардың ішінен егжей-тегжейлі нақтыланып берілген
нұсқаларды белгілеңіз.
Қашықтан оқыту кезінде білім
сапасын арттырудың жоғары қарқыны келесі пәндер бойынша байқалады:
қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, ал білім
сапасы көрсеткіштерінің төмендеуін келесі пәндерден байқауға
болады: математика, физика, химия, ағылшын, қалған пәндер үшін
шамалы өзгерістер бар. Белгілі бір пән бойынша оқушылардың білім
сапасының мұндай өзгеру себептерін анықтау мақсатында Google Form
арқылы оқушылар арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға
мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Сауалнама келесі сұрақтар мен
жауаптарды қамтыды (1 кестені қараңыз):
1-кесте. Сауалнама
нәтижелері
Сұрақтар
|
жауаптар
|
Қашықтықтан оқытуға қалай
қарайсыз? 5 балдық жүйе бойынша
бағалаңыз
|
Өте жақсы –
35,3%
Жақсы -
4,6%
Қалыпты -
60,1%
Нашар -
0%
Өте нашар -
0%
|
Сіздің ойыңызша, оқу түрі
сіздің оқу үлгеріміңізге қалай әсер етті? Егер солай болса,
қалай?
|
Иә, жақсы жаққа -
21,1%
Иә, ең жаманы –
13,8%
Жоқ -
15,1%
Жалпы, бәрі жақсы болды, бірақ
белгілі бір пәндерде қиындықтар болды -
50%
|
Қай пән көп қиындық
туғызды?
|
Математика-
52%
Физика-50%
Химия-
47%
Биология-32%
Ағылшын-
40%
|
Қашықтан оқыту сіздің
денсаулығыңызға әсер етті
ме?
|
Да –
38,9%
Нет –
61,1%
|
Сіз оқудың қандай түрін таңдар
едіңіз?
|
Дәстүрлі білім –
11%
Қашықтықтан оқыту –
44,6%
Қашықтықтан оқыту элементтері
бар дәстүрлі білім беру –
44,4%
|
Сіздің ата-анаңыз қашықтан
оқытуға қарсы болды ма?
|
Иә -
20%
Жоқ -
38,9%
Олар бұл туралы бейтарап болды
- 41,1%
|
Мектебіміздегі қашықтан оқыту
мен дәстүрлі оқыту кезіндегі білім сапасы көрсеткіші төмендегідей
нәтиже көрсетті:
3-сурет. Білім сапасы
көрсеткіші
Оқушылармен жүргізілген сұхбат
нақтырақ көрініс берді. Білім сапасында айтарлықтай өзгерістің
болмауы қашықтан оқу форматында мұғалімдердің жұмыс істеу
мүмкіндігінің жоғары болуының көрінісі.
Әдебиет:
-
Околесов О. П. Системный подход к построению
электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика.
-1999.
-
Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение:
каким ему быть? // Педагогика. - 1999.