Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анаға қашықтықтан оқытуға психологиялық жадынама
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қашықтан оқытуды
ұйымдастыру жөнінде
ата-аналарға арналған
жадынама
Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің педагог-психологі
Рысбекова Гулзат Ерболатқызы


Page 2

Құрметтіата-ана!
Бала тәрбиесі -ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық
иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім
болатыны баршамызға мәлім.
Қазақта «Баланың бас ұстазы -ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде
дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап
кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-
аналар балаларының оқу –үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны
қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді
білмейді.«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды
тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген дана сөз бар.


Page 3

Құрметті ата-аналар!
Балаларды қашықтықтан оқыту
барысында оқуға деген қызығушылығы
мен ниеттерін сақтау маңызды.
Соған орай Сіздер үшін жадынама мен ұсыныстар.


Page 4

Күн тәртібі
Алдыңғы кезекте өзіңіз бен балаңыз
үшін әдеттегі күн тәртібі мен қалыпты
сақтау және жалғастыру қажет.
Күн тәртібінің кенеттен өзгеруі баланың бейімделу
мүмкіндіктерінің қайта қалыптасуына әкеліп, оған
шектен тыс қысым мен стресс тудыруы мүмкін.


Page 5

Бейімделу
Баланың ата-анасы мен жақындары
өздері алдымен болып жатқан жайтқа сабырлық
пен шыдамдылық танытуы маңызды.
Баланың эмоционалды жағдайымен тікелей
байланысты.
Өздеріңіз сабырлы болып, ұстамдылық сақтап, баланың
вирус және т.с. сұрақтарына жауап беруден қашпаңыз,
бірақ пандемиялық жағдай мен оның оның қатерлері
туралы ұзақ талдау жасамаңыз.
Ғаламтор желілеріндегі үрей, мазасыздық қорқыныш
сезімдерін тудыратын ақпараттарды қарамауға
тырысыңыздар!


Page 6

Ресурстарды пайдаланыңыз
Балаларды қашықтықтан оқытуды
ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген
ұсыныстарды ұғып, түсінуге тырысыңыз.
Тек ресми ақпараттарға бағдарланыңыз.
Мектеп үшін де осы процесті ұйымдастыруға
уақыт қажет екенін ескерсеңіз.
Бүгінгі күнде ата-ана үшін де, педагогтарға да
қашықтан оқытуға көмектесетін өте көптеген
ресурстар бар.


Page 7

Өздеріңіз «үйреніңіздер»
Егер оқушының ата-анасы мен жақындары баламен бірге
қашықтық сабақтардың кейбіреуін «меңгеріп, үйренуге»
тырысса, онда қашықтықта оқыту тартымдылығын
жоғарылата алады.
Мысалы, балаға сұрақтар қойып, дискуссияға қатысу
арқылы сабақты қызықты әрі танымдық ойын-
жаттығуына айналары сөзсіз.
Бала үшін –бұл мотивацияны жоғарылату мүмкіндігі
болса, ал атаана үшін –өз баласын тануға және түсінуге
мүмкіндік береді.


Page 8

Баланың бойында сенімділік қасиетті орнатыңыз:
«Менің қолымнан келеді», «Мен жасай аламын»,
«Мен батылмын», деген сияқты сӛздерді жиі
қолдануына ықпал жасаңыз.
Балаңызбен бірге отырып, оның осыған дейін қандай да
бір жетістіктері жайлы талқылаңыз. Жақсы іс-
әрекеттерін мақтаңыз, мадақтаңыз. Баланы
ынталандыру оның одан да үлкен жетістіктерге
жетуіне жол ашады.
Бала үшін әрдайым жақсы сӛз айтып, дұрыс
кеңестермен бөлісіп отырыңыз. Сіздің қолдауыңыз
бала үшін қашанда маңызды


Page 9

Позитивті белсенділік
Үйде отырып, бала сыныптастармен және
достарымен қарым-қатынас жасауды
жалғастыру қажет (қоңыраулар, топтық
чаттар, т.б.)
Бірақ сонымен қатар балаларыңыздың үйде уақытын
тиімді пайдалануын қадағалаңыз, яғни ұялы телефонда
не қарайтынын бақылауда ұстаңыз, қашықтықтан
оқу баланың өмірінде бірінші рет болғандықтан
тәжірибе аз. Сол себепті қашықтықтан алған
білімді дұрыс игеруіне, меңгеруін сіз басты назарда
ұстаңыз


Page 10

Уақытты пайдаланыңыз
Балалардың ұзақ уақыт үйде отыруы оларды кей
жағдайда күйзеліске алып келуі мүмкін. Олар
үлкендердің назар аударуын қажет етеді,
мазасызданады, тұйықталады, көңіл-күйі төмен
немесе ерекше жоғары болуы да мүмкін. Бұл дегеніміз
балаға ересектер тарапынан көбірек көңіл бөлуді
қажет етеді.
Баланың өзбеттілік белсенділігін (үнемі алдандырып,
айналдыру) мезгілдерін назарда ұстап, бұрын кейінге деп
қалдырылған істерді үлкендермен бірге жасауға тарту
қажет.
Басты идея мынада: үйде болу «жазалау» емес,
керісінше жаңа дағдылар мен білімді игеру, қызықты
жаңа істерді меңгеру болып табылады.


Page 11

Ата —ана —бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де
балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді
жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де
санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа
білмейтін ата —аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй
шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады.
Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті
жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп,
ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына
келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің
сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында
әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.


Page 12

Психологиялықкеңес
•Егербаланыүнемісынапотырса, оныңоқуғақұлқы
болмайды.
•Баланы мақтапотырсаолөзқадіріүшіноқиды.
•Бала төзімділіктеөссе, олбасқалардытүсінуге
үйренеді.
•Бала адалдықтаөссе, оладалболыпжетеді.
•Бала қауіпсізжағдайдаөссе, оладамдарғасеніммен
қарайды.
•Бала кекшілідіктеөссе, олқатыгезболыпөседі.
•Бала түсініктежәнесүйіспеншіліктеөссе, олбұл
әлемненмахаббаттабудыүйренеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
28.04.2020
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі