Материалдар / Қашықтықтан білім алу: Жаһанға өзгеріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан білім алу: Жаһанға өзгеріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Глобализацияның тіршілік сұранысы үшін пайда болған жаңа өзгерістер әлемді шарпығанда, қазақ тілі лексикасында өзгеше неологизм сөз пайда болды. Ол жаңа сөз – «онлайн». Қазақстанда қазіргі уақытта білім алудың түрі – «қашықтықтан оқыту» жүйесі ең тиімді әдіске айналды. Айта кетелік, бұл оқыту елімізде 2020 жылы «COVID-19» әлемдік пандемиясы қарсаңында басталып, күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтпады. Дәл қазір қашықтықтан білім алу теңгерімсіз өмір салтының негізіне айнала алды. Ауыз толтырып, бұл мәселені «актуалды» етіп көрсетсек те, жеке тұлғалардың стереотиптері таразыға салынатындай деңгейге жетті. «Таяқтың екі ұшы болады» демекші, қашықтықтан оқудың да жаһанға тигізер екі тұсы: «пайдалы» және «қауіпті» жақтары болады. 
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2022
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан білім алу: жаһанға өзгеріс

Глобализацияның тіршілік сұранысы үшін пайда болған жаңа өзгерістер әлемді шарпығанда, қазақ тілі лексикасында өзгеше неологизм сөз пайда болды. Ол жаңа сөз – «онлайн». Қазақстанда қазіргі уақытта білім алудың түрі – «қашықтықтан оқыту» жүйесі ең тиімді әдіске айналды. Айта кетелік, бұл оқыту елімізде 2020 жылы «COVID-19» әлемдік пандемиясы қарсаңында басталып, күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтпады. Дәл қазір қашықтықтан білім алу теңгерімсіз өмір салтының негізіне айнала алды. Ауыз толтырып, бұл мәселені «актуалды» етіп көрсетсек те, жеке тұлғалардың стереотиптері таразыға салынатындай деңгейге жетті. «Таяқтың екі ұшы болады» демекші, қашықтықтан оқудың да жаһанға тигізер екі тұсы: «пайдалы» және «қауіпті» жақтары болады.

Біріншіден, ең ұтымды, яғни «пайдалы» тұстарына кезек берсек. «Онлайн оқу» - қоғам үшін «индивидуалды» процеске ие болды. Әркім өркениеттен, заманауи түйсіктен артқы шепте қалмас үшін, теңгерімсіз дамуды жолға қойды. Адамзат тарихында күнкөріс үшін жаңаша салалар дүниеге келді. Атап айтсақ, блогинг, маркетология, интернет-журналистика, әлеуметтік желі маркетологиясы, дизайнерлік, копирайтинг және т.б. Одан өзге бұрыннан келе жатқан салалардың басым көпшілігі өз алдында ең тиімді бағыт «қашықтықтан жұмыс істеуге» көшті. Әрине, барлық жағдайда емес. Ендігіде адамзат үйде отырып, зейінін аша алады, жұмысын тысқа шықпай-ақ, ыстық ошағының маңында да атқару мүмкіндігіне ие болды. Пандемия кезінде індет жұқтырудан сақтана отырып, біз қашықтықтан сапалы білімді меңгере алдық. Бұрынғы приоритеттер мен стереотиптердің беті шаң басты. «Мүмкін еместі» іске асырдық. Нәтижесінде, өз алдында өз даму жолын ұстанған жастар тәрбиеленіп келе жатыр.

Екіншіден, уақыт өте келе адамзат бойында қауіптенуге болатын мәселелер туындады. Ол - «кибершабуылшылардың» соққысы. «Жаһанданамыз, бәрі қашықтықтан» деп едік, сол сәтті ұстап алған хакерлердің әрекеттері жайында жиі еститін болдық. Оның басты құрбаны мектеп оқушылары. Олардың аңқаулығын пайдаланған шабуылшылардың өрескел қимылдары салдарынан жастар арасында «сұмдық» әрекеттер байқалады. «Алдап-сулау» тәсілінен мастер хакерлер үшін ең құнды деректерді алу проблема емес. Арнайы өз миссиялары үшін адам санасына кірмейтін операцияларды жүзеге асырушылардың көбеюі де жаңа білімнің жаһандануының ұрпақтары десек те болады.

Қорытындылай келе, «қашықтықтан білім алу» басталғалы эгоны жарып шығатындар, жаһанданудың ең өзекті секторына айнала білгенін ұмытпайық!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!