Материалдар / Қашықтықтан білім беру заман талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтықтан білім беру заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қашықтықтан оқытудың қазіргі цифрлық технологиялық аршындап дамып жатқан уақытында артықшылықтары және заман талабы болып отырғандығы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2023
212
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан білім беру заман талабы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қазіргі заманғы мектептің түлегі өз жұмыс нәтижесіне көрегендік жасап , өз ойын жүзеге асыра алатын, жаңалық ашуға , шығармашылық зерттеушілік іс – әрекеттерін игерген ерекше ойлау шеберлік қабілетке ие тұлға болуы қажет .

2020 жылы күллі әлемде енгізілген пандемия режимі тек денсаулық сақтау саласына ғана емес, адам қызметінің барлық салаларына, оның ішінде білім беруге де үлкен әсерін тигізді.

Білім және ғылым саласында енгізілген ірі өзгерістердің бірі– қашықтықтан оқу технологиясының жаппай қолданылуы.

Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесіне кедергісін тигізді . Балалардың мектепке барып білім алу мүмкіндігі болмай қалды. Осы себепті оқытудың басқалай түрлері ойластырылды. Қашықтан білім беру үшін сабақтарды телеарналар арқылы трансляциялау, видеосабақтарды арнайы платформаларға жүктеу, радио арқылы сабақтарды аудиотрансляциялау, электрондық пошта және пошта қызметі what`s up, zoom желілері сынды т.б. тәсілдер пайдаланылды. Мемлекетіміз қашықтан оқыту процесінің оқушыларға қолжетімді болуын ұйымдастырды. Осылайша қашықтықтан оқыту заман талабына айналды . «Балапан» және «Ел Арна» арналарында телесабақтар арқылы оқыту кеңінен қолданылды. Оқушылар осы арналардағы видеосабақтар арқылы оқыды.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқыту үдерісінің толық немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Оған қоса, әрбір пәнді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері ескерілуі қажет. Мәселен, зертханаларды қолдануды қажет ететін пәндерді қашықтықтан оқыту мұқият дайындықты қажет ететіні белгілі. Сол сияқты, оқушылардың бір-бірімен үздіксіз сөйлеу әрекетін талап ететін тілдерді оқыту пәндері де жан-жақты дайындықты керек етеді.

Қашықтықтан оқыту кезінде «Университетіміз заманауи және дамыған IT-инфрақұрылымы барлық студенттерді қашықтықтан оқытумен қамтуға мүмкіндік берді . «Универ 2.0» және «Moodle» – ақпараттық және білім беру платформалары қолданылды. «Универ 2.0» жүйесі – бұл ҚазҰУ-дың инновациялық дамуы, студенттің оқуға түсуінен бастап, оны бітіргенге дейінгі оқу үдерісіне қолдау көрсетіп келді. Бағдарламалық жасақтама пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің курстары мен базасын құруға, жеке немесе топтық дәрістер өткізуге, тапсырмалар беруге, олардың студенттермен орындалуын қадағалауға, курстың даму дәрежесін бағалауға және тағы басқаларға мүмкіндік беріп отырды . Қазіргі таңда біздің университетіміз қашықтықтан білім беру жүйесіне кез – келген уақытта әзір университет деп ауыз толтырып айта аламыз.

Сонымен қатар студенттерге түрлі виртуалды бағдарламаларды, мысалы, «Microsoft Teams», «Zoom», қашықтықтағы курстар, «YouTube» ағыны және басқа да сыртқы ресурстарды қазақ және орыс тілдерінде, DOT арқылы оқытуға арналған ағылшын тіліндегі қашықтықтағы курстар мен студенттердің нұсқаулықтарын, яғни дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық форматтарды ұсынды.

Тарих және география пәнінің мұғалімі ретінде қашықтықтан оқуда жазылым, оқылым, тыңдалым секілді қабілеттер аса қиындық тудырмайды. Дегенмен, сөйлеу қабілетін дамыту күрделі мәселе тудырады. Оқытушы әрбір студентті жеке-жеке тыңдағанда уақыт өте көп кетеді, оған қоса басқа студенттердің мотивациясы төмендейді. Бұл жағдайда басқа студенттерге сөйлеп тұрған студентті бағалау секілді қосымша тапсырмалар беруге болады. Топтық тапсырма беріп, әрбір студентті жеке-жеке тыңдап шығуға да болады. Алайда топтағы студенттердің саны көп болса, барлығын тыңдауға уақыт жетпеуі мүмкін. Сол себепті, Microsoft Teams қосымшасында breakout rooms функциясын пайдалануға болады. Бұл функция бір үлкен топтағы студенттерді кіші топшаларға не жұптарға бөлуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, студенттердің тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен сөйлеу әрекетін дамытуға мүмкіндік туады. Қашықтықтан оқыту жүйесінің кемшіліктері де жоқ емес. Мәселен, оқытушы үшін мынадай кемшіліктері болуы мүмкін :

Әр оқытушы платформаны қолданар алдында біраз жаттығуы керек;

Тапсырмаларды орындау процесі сыныптағыдай емес, баяу жылдамдықта өтеді, сондықтан сабақтың тапсырмаларын техникалық жағдайды ескере отырып алдын-ала мұқият жасау қажет;

Әр студенттің сабаққа қатысып отыруын қадағалап, тексеріп отыру өте маңызды, кейбір студенттер видеоны басқа жаққа бұрып, орнынан тұрып кетуі мүмкін;

Студенттер кез келген сайтқа кіру мүмкіндігін пайдаланып, сұрақтардың жауабын көшіріп немесе дайын мәтінді оқып бере салуы мүмкін;

Сөздерді, мәтіндерді онлайн аудармашыға салып, сыни турғыдан ойламауы мүмкін;

Жазылым процесін толығымен қадағалай алмайды. Студенттердің көшіріп алу қауіпі өте жоғары.

Студенттер үшін мынадай кемшіліктер бар:

Студентке оқытушымен және өз тобында бірге оқитын студенттермен шынайы қарым-қатынас жасау жетіспейді;

Онлайн режимінде өтіп жатқан сабақты тез қабылдауы қиынға түседі, уақыт қажет;

Сабаққа бар ынтасымен қатыса алмай қалады, себебі басқа әлеуметтік желіге немесе сайтқа оңай кіре алады.

Еліміздің қашықтықтан оқытуына байланысты «Дарын онлайн», «Bilimland» сынды платформалардың қолданушыларының саны артқан . Бұл платформаларда мектеп мұғалімдері сабаққа қатысты бейнероликтерді жүктеп қояды. Оны көрген оқушы міндетті түрде жасақталып қойылған тест сұрақтарына жауап беруі тиіс. Алайда ескере кететін бір жәйт ол, оқушы өзінің қалаған уақытында тапсырманы орындайды. Қателіктерге бой алдырған оқушылар, мұғалімге байланысқа шығып қатемен жұмыс істей бастайды. Осылайша кері байланыс орнатыла бастайды, – деді

А. Аймағамбетов.

Қашықтан оқыту форматы педагогтер мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты реттеп, бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын айқын көрсетті.Ал колледждер мен жоғарғы оқу орындағылардың жағдай жақсырақ. Жоғары оқу орнында оқитын студенттер қашықтан оқыту технологияларын оқу процесіне енгізу бойынша тәжірибе бар. Сондықтан жоғары оқу орындары қашықтан оқыту түріне бірден кедергісіз көшті. Дегенмен, белгілі бір түйткілді мәселелер де жоқ емес Мемлекетімізде күн сайын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі аспектілеріне арналған республикалық онлайн-семинарлар өткізіледі. Бұл - оқыту сапасын арттыру мақсатында жасалған шара. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттер мен оқытушыларға техникалық қолдау көрсететін Help Desk жүйесі іске қосылды.

Әлем жаңа цифрлық дәуірде өмір сүріп жатыр. Бұл туралы көп айтылып келеді. Бұл жүйені дамытудың түрлі сценарийлері жасалды. Бірақ біз дағдарыс жағдайында тез шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Жалпы, білім беру жүйесі бірінші толқынға төтеп бере алды.

Бұл пандемиядан да өтерміз, бірақ білім беру жүйесі қазіргі жағдайдан сабақ алып, тиісті шараларды қабылдауы тиіс.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев осы жылдың 11 мамырында өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде: «Білім беруді неғұрлым икемді ету керек, балалар мен студенттерді қашықтық режимінде оқытудың хаттамалары мен әдістемелерін әзірлеу, еліміздегі оқу орындарын іс жүзінде цифрландыруды аяқтау маңызды. Қазіргі заманғы қашықтан оқыту технологияларын жеделдетіп енгізу қажет. Алдымызда білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау, оларды қолжетімді және интерактивті ету міндеті тұр», - деп ерекше атап өтті.

Қашықтан білім беру кезінде мектеп пен мұғалімнің жұмысы көбеймесе, азаймайды. Біз бұл технологияны ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушыларды сабақтан босатқанда немесе баланың денсаулығына байланысты үйінде оқуға мәжбүр болғанда не шағын жинақты мектеп оқушыларының білім алуына қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет болған жағдайда қолданатын боламыз.

Қалалармен қоса ауылдарда да нақты жағдайларды көру керек және шешім қабылдағанда барлық мүмкіндікті ескеру керек. Әлі де болса көп нәрсені қайта қарастырып, қорытынды жасап, жаңа стратегияларды әзірлеу керек деп ойлаймын . Осыған байланысты біз отандық және шетелдік тиімді тәжірибелерді жинақтап, оларды білім беру процесіне енгізуді жоспарлауымыз қажет деп түсінемін .

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.Қоғамды ақпараттандыру . Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады.Қазіргі таңда технологиялардың дамуы қашықтықтан оқытуды тіпті мобильдік қосымшалар арқылы ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Дегенмен, қашықтықтан оқытуды әлі де дамытқан дұрыс, себебі бұл салаға тек технологиялық жетістіктіктер ғана емес, студенттердің қашықтықтан оқуға ішкі мотивациясы мен білім алудағы жауапкершілігі керек.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Пандемея кезеңіндегі қашықтықтан оқыту мақалалар жинағы (85-87 бет. 147-149 бет)

2. Қазақстан және ТМД елдеіндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет. 38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).

3. Сайт: www.edu.gov.kz

4 . Kakoty, S., Lal, M., Sarma, S.K. (2011). E-Learning as a research area: an analytical approach. Int. J. Adv. Comput. Sci. Appl., 144-148.



Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарих факультетінің 1-курс магистранты

Байбукашева А.О























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!