Қашықтықтан
оқытуды
үйренемін
Қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы
.Сондықтан қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп,
онлайн-сабақтардың оқу үдерісін жоспарлауды, оқу жетістіктерін
бағалауды ұйымдастыруды үйреніп
қарайық.
Қашықтықтан оқыту – білім
алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес
жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып
жүзеге асырылатын оқыту;
Қашықтықтан білім беру
технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline»
режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу
сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін
қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу,
телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу
сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы
асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды
бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының
оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін
қарастырады.
Қашықтықтан
оқыту-қолайлы уақытта кез
келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен
қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту,
үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу
мүмкіндігі.
Қашықтықтан оқыту фомасы- оқытудың
электронды технологиясын қолданып, жұмыстан қол үзбей, қолайлы
уақытта кез келген жерде, жеке режимде білім алуды қамтамасыз
етеді.
Барлық білім алушылардың виртуалды «жеке
кабинеті» болады, онда таңдаған пәнді өз бетінше игеруге
арналған оқу-әдістемелік, ұйымдастыру материалдары мен тапсырмалар
салынады.
Қашықтан
оқытудың ерекшеліктерін зерттеу (қашықтағы сабақтарды ұйымдастыру,
жоспарлау). Оқушыларды қашықтан оқытуға ынталандыру мен
қатыстырудың ерекшеліктерін зерттеу (оқушылардың өзіндік жұмысын
қалай ұйымдастыруға болады немесе үй тапсырмасын қалай тексеруге
болады және тағы да басқалар). АКТ құралдары мен қызметтерін
зерттеу. Қашықтан оқыту форматындағы ата-аналармен жұмыстың
ерекшеліктері. Ерекшеліктері модулінің өзі бірнеше өзекті
тақырыптармен, ұстаздар қауымына қажет ақпараттармен қамтамасыз
етілген екен. Алғашқыда
синхронды
оқытудың
асинхронды
оқытудан
айырмашылықтары, қашықтан оқыту барысында мұғалімнің қызметі мен
қашықтан оқыту барысында оқушының іс-әрекеті сияқты мәселелерге
қарастырылды.
Сонымен қатар, қашықтан оқытуда қалай «оқу
үдерісін жоспарлауға болады?» деген сұрақ туындайды. Қашықтан
оқыту кезеңінде қандай мақсаттарға қол жеткізуге болатынын мұқият
ойластырамыз; қашықтан оқытудың ең қарапайым бір-екі құралын таңдап
алып, солармен жұмыс істеуді бастаймыз. Бірден көптеген құралдарды
қолдануға тырыспаумызкерек; қашықтан оқыту кезеңінде біздің оқу
сценарийлеріміз неғұрлым қарапайым, түсінікті және шынайы болса,
оларды ойдағыдай жүзеге асыру және қажетті нәтижеге қол жеткізу
мүмкіндігі соғұрлым көбірек болу керек; оқытудың жаңа форматына біз
ғана емес, оқушылар мен олардың ата-аналары да жаңадан бейімделуде
екенін, олар да біз сияқты мазасызданатынын есімізде ұстауымыз;
оқушыларымыздың ерекшеліктерін ескеріп және онлайн сабақты
жоспарлау барысында сабақ мақсаттары мен тапсырмаларды әзірлеп, бір
немесе бірнеше саралау тәсілін
таңдауымыз.
Бағалауды
ұйымдастыруда оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас және қолдау
көрсетіп, түсінікті және дәйекті ережелер мен рәсімдерді
қалыптастыратын; оқу үдерісіне қызықты әдіс-тәсілдерді қолдануды;
оқуда және тапсырмаларды орындауда цифрлық немесе цифрлық емес
құралдарды таңдау және пайдалануды; барлық оқушылардың табысқа
жетуіне жағдай жасалатын, оқушыларда өз пікірін айтуға және
тапсырмаларды таңдауға мүмкіндігі болатын саралап оқытуға
бағдарлануды басты назарда ұстау қажеттілігі . Қашықтан жұмыс
істеу барысында өзара жағымды және оңтайлы қарым-қатынас аса
маңызды. «Уақытында тапсырмадың! Не деген масқара?! Нашар!» деудің
орнына тағы да бір мүмкіндік беру жолдарын қарастырған абзал. Басты
назарды ынталандыру, қолдау, эмоцияларды білдіру, адами
қарым-қатынасты сақтау мүмкіндіктеріне аудару
керек.
Оқуға қатыстыру модулінде тақырып аясында
“Оқушыларды оқу үдерісіне қалай ынталандыруға/тартуға болады?”
деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақты шешуде оқушыларды оқыту
үдерісіне ынталандыру факторларын, әдіс-тәсілдерін анықтау аса
маңызды. Шәкірттерді оқуға қызықтыру, ынталандыру жайлы ойлаған
кезде, біз олардың ішкі ынтасын арттыру жолдарын түсінуге
тырысамыз. Оқуға қатыстыру дегеніміз оларды қызықтыру, жаңа бір
нәрсе жасап көруге, таңдауға, қателесуге, қайтадан бастауға,
табысқа жетуге ұмтылуға мүмкіндік беру. Осылайша, білімгерді оқуға
белсенді қатыстырудың тәсілдерін қашықтан және дәстүрлі оқытуда
кеңінен қолданып, балалардың дербес оқушыға айналуына
көмектесеміз.
Қашықтан
оқытуды ұйымдастырудағы ең негізгісі әрине, АКТ құралдары:
қазақстандық платформалары Bilimland Онлайн
мектеп,ZOOM,Кundеlік.kz.
Қашықтан
оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидті және
WatsApp,Telegram мессенджері қолданып, оқу мақсатына сәйкес келетін
цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан оқыту мен оқудың,
сондай-ақ дәстүрлі сыныптағы сабағымыздың тиімділігін арттыра
аламыз. Осы телекоммуникациялық және ақпараттық құралдар негізінде
әр түрлі педагогикалық қызмет түрлерін қолдануға болады. Мысалы,
қашықтан іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар мен семинарлар, қол
жетімді емес нысандарға виртуалды бару, виртуалды экскурсиялар,
мектеп оқушыларының, сондай-ақ мұғалімдердің бір-бірімен
компьютерлік хат алмасуы, электронды бюллетеньдер шығару және тағы
басқалар. Бұл қаражат жеке-жеке де, кешенде де жұмыс
істей алады. Мысалы, оқушыларға білім беру мәселесі қойылған дәріс
материалы
ұсынылады.Осы бағытта
Bilimland Онлайн Мектепке еңгізілген , өзім
құрастырған
9 сыныбына
арналған
БЖБ
жоспарын ұсынып
отырмын.
«Қазақ жазуының даму
жолдары" , «Жолың болсын, жо
«Қазақ жазуының даму жолдары" , «Жолың
болсын, жолаушы» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалауие
№1
ОБЗОР УРОКА
9.3.4.1. Мәтіндердің
стилін, жанрлық ерекшелігін салыстырып, талдау
жасау
9.4.3.1. Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді
қолданып
жазу
ЗСодержание урока
Мәтін
Көне заманнан бері қазaқтар
әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы –
қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы.
Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне
түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы
Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі
біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір сүpген гeографиялық оpындаpын
көрсетеді. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі
aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі
1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған
еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ
ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің
заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ
әліпбиін жасaды. Осы әліпби
негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай,
Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жaзылды.
1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі
әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы
кирилицаға негізделгeн әліпби
қолданылуда.
Қазіргі кездe қоғамдa лaтын
әліпбиінe көшу мәселесі көтеpілy үстінде. Ел арасында түрлі
пікірлер айтылады. Біреулері қолдаса, кейбірі әліпбиді ауыстыруға
ұзақ уақыт, көп қаражат, сонымен қатар интеллектуалдық күш-жігер
керек деген көзқараста.
Ал еліміздің Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев: «Латын графикасына көшу қазақ тілін жаңғыртып қана
қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», – деген
болатын. Сондықтан біздің латын әліпбиіне көшуіміз әлемдегі
бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру жолындағы маңызды қадам
болмақ.
-
Мәтінге тірек болатын сөздерді
табыңыз.
A)тарих, руна
жазуы, ескерткіш
B)көне түркі
мұралары, араб графикасы, маңызды
қадам
C)латын
графикасы, өнер, әліпби
2. Мәтіннің мазмұны бойынша 1 «жалған»
ақпаратты белгілеңіз.
A)Ел арасында түрлі пікірлер
айтылады.
B)Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі
1929 жылға дейін cақтaлып
келді.
C)ХХ ғасырдың бaсындa Абай Құнанбаев қазақ
әліпбиін жасaды.
D)1940 жылдан бастап кирилицаға негізделгeн
әліпби қолданылуда.
3. Мәтіннің стилін
анықтаңыз
A) Ауызекі сөйлеу
стилі
В)
Публисцистикалық стиль
С) Көркем-әдеби
стилі
D) Ресми іс-қағаздар
стилі
4. Мәтіннен "Мезгіл" сөзіне синоним
табыңыз.
А) оқиға В)
негізі С) көзқарас D) уақыт
5. Мәтіннің
мазмұны бойынша 2 «дұрыс» ақпаратты
белгілеңіз.
А) Мағжaн,
Абай, Мұхтардың еңбектері осы әліпби негізінде
жaзылды.
В) Латын
графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып
келді. С)Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін
пайдаланып келген.
D)1929-1940
жылдар аралығында халқымыз араб графикасы негізіндегі әліпбиді
пайдаланды.
6. Мәтіннің жанрын
анықтаңыз
А) мақала В) әңгіме С) ертегі D)
өлең
7. Жазба жұмысында
афоризмдерді қолданады
Сізге саяхаттау өте ұнайды.
Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда ұшақты емес, пойызды
таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен
кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 2 күніңізді сипаттайтын күнделік
жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді
қолданыңыз.
Афоризмдер:
1. Жол сұрамай, жолға
түспе.
2. Жол сұраған
адаспайды.
Қорыта айтқанда ашық онлайн-курсы отандық
ұстаздар үшін оқытудың тиімділігін қарастыруымен тиімді әрі пайдалы
болды. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп,
онлайн-сабақтардың оқу үдерісін
жоспарлауды, оқу жетістіктерін бағалауды
ұйымдастыруды үйрендік.
Қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса,
оны ұйымдастыруда педогог-ұстаздардың біліктілігі жоғары,
зияткерлік және кәсіби деңгейі жоғары деңгейде дамыған болуы өте
маңызды!
Аюпова
М.В.
№16 жалпы орта білім беретін
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты
мұғалімі, педагог-сарапшы