Материалдар / Қауіпсіз мектеп - қауіпсіз орта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қауіпсіз мектеп - қауіпсіз орта

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруды психологиялық қолдау бойынша ата аналармен және педагогтармен жүргізілетін іс шара жоспарлары бар. Педагогтарға, тәрбиешілерге, психологтарға арналған дайын үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2020
5015
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Артыкбаева Гулбану, Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі


Тапсырма №1. Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруды психологиялық қолдау бойынша ата-аналарға арналған іс-шара үлгісі.



Іс шара тақырыбы: «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз орта»

Мақсаты: білім беру мекемесінде қауіпсіз орта қалыптастыра отырып, білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғызу.


Әдісі: семинар

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, АКТ құралдары, плакат, маркер, стикер


Психолог: «Қайырлы күн ата-аналар! Қауіпсіздік – адам баласы үшін әрқашанда керек. Қауіпсіздік аясындағы мектептің қызметі – оқу және еңбек қызметі кезіндегі күтпеген жерден туындайтын ықтимал жайттардан (өрттен, апаттан) оқушылар мен қызметкерлердің өмірін сақтау мен денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды сабақ қызметі кезінде қорғау болып табылады. Ал баланы жан-жақты даму барысында мектеп-ата-ана-ұстаз үштігін сақтай отырып, балаға қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз орта» атты семинарымызға қош келдіңіздер.


Семинар ережесі:

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз;

  • Өзгенің сөзін бөлмейміз

  • Топпен бірлесе жұмыс атқарамыз

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз


Оқушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастырудағы негізгі міндет – кез келген балаға қауіпті жағдайлардың негізгі түрлерінің ерекшеліктері туралы білім беру және соған байланысты дұрыс (қауіпсіз) мінез-құлықты ұйымдастыра білу. Қауіпсіз мінез-құлық дегенде қиын да қысылтаяң жағдай туындағанда субъектінің өз қорғанышын сақтау мен әрі қарай дамытуға деген қабілеттілікке дайындығы мен икемі түсініледі. Қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру процесінде бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Бұл салыстырмалы түрде тыныш әрі бірқалыпты қалыптасу жасы және сонымен қатар аталған кезең қызу эмоционалдық дамуымен, қабылдаудың жаңашылдығымен сипатталады. Бастауыш сынып оқушыларында көрнекі-бейнелі түсінік пен көре отырып бақылау басым, ол оқиғалар мен заттарды, олардың сипаттамасы мен анықтамасын есте сақтауға мүмкіндік береді.


Ендеше, құрметті ата-аналар сіздің түсінігіңіздегі қауіпсіз мінез-құлық деген не?

(ата-аналардың пікірін тыңдау)


Аяқталмаған сөйлемдер:

  • Балам үшін қауіпсіз мектеп қандай болу керек?

  • Қауіпсіздік дегенді қалай түсінесіз?

  • Қауіпсіз орта қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың байланысы қандай болмақ?

  • Баланы қалай қорғауға болады?

  • Егер сізге билік берілсе, мектептегі қауіпсіздік шараларын қалай ұйымдастырар едіңіз?


Видеоролик: «Бала және қауіпсіздік»


Талдау: «Видеороликтен не түйдіңіз?


Топппен жұмыс: «Қауіпсіз мектеп»


1-топ: «Мектептің сыртындағы қауіпсіздік жүйесі»

2-топ: «Мектептегі баланың қауіпсіздігі»

3-топ: «Қауіпсіз орта қандай болмақ?»


Сергіту сәті: «Қарлығаш» биі


Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқаулық

Төменде берілген нұсқаулықты балаңызға әрдайым айтуды ұмытпаңыз:


Бейтаныс – ата-анаң, әжең, атаң жоқ кезде саған келіп, сөйлесуге тырысатын кез келген адам (кейде сені атыңды атайды). Кішкентай балалар қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын білуге тиіс және үлкендерсіз қалаға шықпау керек    

Бейтаныс адаммен қарым-қатынас кезінде:

  1. Көшеде ешқашан бейтаныс адаммен сөйлеспе.

  2. Ешқашан бейтаныс адаммен бір жаққа баруға келіспе, оның машинасына отырма.

  3. Ол қанша көндіруге тырысса да, қанша нәрсе ұсынса да келіспе.

  4. Бейтаныс адам саған бірнәрсе сатып алуға немесе сыйлауға уәде берсе, оған ешқашан сенбе.

  5. Саған ештеңе керек емесін айт.

  6. Егер бейтаныс адам айтқанынан қайтпаса, қолыңнан ұстап алса немесе алып кетуге тырысса, сытылып шық та қаш, дауысыңды шығарып айқайла, көмекке шақыр, тепкіле, тырнап ал, тісте.

  7. Осындай кез келген оқиға туралы міндетті түрде ата-анаңа, мұғалімге және танитын үлкен адамдарға айт.

  8. Бөтен адам – тіпті ол сені немесе сенің ата-анаңды танитынын айтса да сен оны білмейтін адам.


Осы бір қарапайым кеңестерді балаларымызға әрдайым айтып, өзіне төнген қауіпті алдын алуға тырысайық. Бала болашағымыз. Бала байлығымыз. Оларды қорғау – ата-ананың, мектептің, мемлекеттің міндеті болмақ.


Бүгінгі семинар-тренингімізден не түйдіңіз алдарыңыздағы стикерге жазып, кері байланыс орната кетсеңіздер. «Тілек ағашына» өз пікірлеріңізді ілуге рұқсат.бүгінгі семинарға келіп ат салысқан барша ата-аналарға алғысымды айтамын.







































2 тапсырма: Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша педагогтермен жүргізілетін тренинг үлгісі


Тренинг тақырыбы: «Қауіпсіз орта қалыптастырайық»

Мақсаты: мектеп педагогтарымен бірлесе білім алушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастырудың алғышартын құру.


Әдісі: тренинг


Көрнекіліктері: плакат, маркер, клей, нақыл сөздер, АКТ құралдары


Жүргізілу барысы:


Қайырлы күн әріптестер! Мектепке қабылданғанда бала алғаш рет оның мектептегі, үйдегі әрекетін әрқашан анықтап отыратын бірқатар ережелер мен мектептегі тікелей міндеттермен кезігеді. Бірінші сынып оқушысы өз әрекетін бағалай білуді меңгеруге енді ғана аяқ басады. Соның әсерінен қауіпсіз мінез-құлыққа оқытудың алғашқы кезеңінде оқушыдан оның жасаған барлық іс-әрекетін егжей-тегжейлі түсіндіруді өтіну керек, мұнда оның іс-әрекеттің мәнін ұғыну мақсаты көзделеді. Мұғалім ата-аналармен бірге балаларды оның қалыпты өмір сүруіне, еңбегі мен демалысына қауіпті түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретеді. Мұндай жұмыс жағдай туындағанда емес, тұрақты түрде жүргізілуге тиіс. Осы тәсіл арқылы өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін білім мен қабілетті қалыптастыруға болады. Ата-аналармен (заңды өкілдермен) бастауыш сынып оқушыларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға қатысты бірыңғай тәсілдеме қалыптастыру бойынша өткізілетін ағартушылық жұмыс; ата-аналарды (заңды өкілдерін) мектептен үйге қарай қайтатын балалар үшін қауіпсіз бағыт әзірлеу бойынша бірлескен жұмысқа тарту, сауықтыру шараларын, спорттық жарыстарды, рөлдік ойындарды, алғашқы көмек көрсету бойынша жаттығу сабақтарын өткізуге тарту, т. б. маңызды.


Видеоролик: «Мектептегі қауіпсіздік»

Талдау: «Қандай ой түйдіңіз?


«Мұнара» жаттығуы


Алдарыңызда А4 қағаздары мен маркер, клей берілді. Сіздерге тапсырма «Мектепте білім алушылардың қауіпсіз ортасын қалай қалыптастырамыз?»


Осы сұраққа жан-жақты жауап бере отырып, мұнара үлгісін құрасыздар. Білесіздер мұнарамыз құламай, нық тұру үшін оның фундаментінен бастап дұрыс құру керек. Сұрақты жан-жақты зерттеп, әр қабырғасына мектептегі қауіпсіздік шарасын күшейтуге қажет ресурстар мен қажет дағдылар туралы жазып шығыңыздар.



Сергіту сәті: «Қара жорға» биі


Мектепте қауіпсіз және денсаулық сақтаушы инфрақұрылым құру Бірінші сынып оқушыларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңызды шарты білім беру ұйымында қауіпсіз әрі денсаулық сақтаушы инфрақұрылым құру деп санаймыз. Барлық мектептегі үй-жайлар санитариялық және гигиеналық нормаларға,өрт қауіпсіздігі нормаларына, білім алушылардың денсаулығы мен еңбегін қорғау талаптарына (сыныпта, асханада, спорт залында, стадионда, т. б.) с әйкес келуге тиіс. Медициналық-психологиялық қызмет міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Сабақта және сабақтан тыс қызметте дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру білім алушылардың бойында күш-жігер қасиеттерін, ептілікті, тез ден қоюды қалыптастыруға және тұтас алғанда, психологиялық, физикалық және әлеуметтік денсаулықты сақтау және нығайту үшін маңызды ағзаның бейімделу функциясын арттыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің қарым-қатынас стилін, әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, оқу ынтымақтастығының технологиялары, топтық жұмыс балаларды өз күшіне сену сезімін қалыптастыруға, табыс жағдайын жасауға, алаңдаушылық сезімнен, агрессиядан арылуға ықпал етеді. Жағымды эмоционалдық-психологиялық ахуал қорғаныштық сезімді дамытуға, қолайлылыққа әсер етеді, мұның өзі түрі жағдайларда, оның ішінде қауіпті жағдайларда балалардың дұрыс мінез-құлқын айқындайды.



Жолдағы жағдайды қадағалау, бағдарлауды үйрену, бағалау және қауіпті көре білу маңызды. Бастауыш мектеп жасында бала: қоғамдық көлік аялдамаларында автобус, трамвай, троллейбустың кеткенін күтуді, содан соң ғана жолдан өтуді; үлкендерсіз жолға шығуға болмайтынын; жол тек машиналарға арналғанын, жаяу жүргіншілер үшін тротуар бар екенін; жолды тек жаяу жүргіншілер жолы арқылы кесіп өтуге болатынын, бағдаршамының жасыл белгісінде өтуге болатынын; өтетін жолдан басқа жерде жолға жүгіріп шығуға болмайтынын және жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға болмайтынын; көліктегі апат жағдайындағы әрекетті; бейтаныс адамдардан сақтануды; өрт туындаған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, т. б. меңгеруге тиіс.


Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқаулық

Бейтаныс – ата-анаң, әжең, атаң жоқ кезде саған келіп, сөйлесуге тырысатын кез келген адам (кейде сені атыңды атайды). Кішкентай балалар қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын білуге тиіс және үлкендерсіз қалаға шықпау керек.

. Бейтаныс адаммен қарым-қатынас кезінде:

  • Көшеде ешқашан бейтаныс адаммен сөйлеспе.

  • Ешқашан бейтаныс адаммен бір жаққа баруға келіспе, оның машинасына отырма. Ол қанша көндіруге тырысса да, қанша нәрсе ұсынса да келіспе.

  • Бейтаныс адам саған бірнәрсе сатып алуға немесе сыйлауға уәде берсе, оған ешқашан сенбе. Саған ештеңе керек емесін айт.

  • Егер бейтаныс адам айтқанынан қайтпаса, қолыңнан ұстап алса немесе алып кетуге тырысса, сытылып шық та қаш, дауысыңды шығарып айқайла, көмекке шақыр, тепкіле, тырнап ал, тісте.

  • Осындай кез келген оқиға туралы міндетті түрде ата-анаңа, мұғалімге және танитын үлкен адамдарға айт.

  • Бөтен адам – тіпті ол сені немесе сенің ата-анаңды танитынын айтса да сен оны білмейтін адам.


Осы нұсқаулықты барлық оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысыңыздар. Әр балаға жеке түсіндіруге тырысыңыздар. Мектеп баланың болашақ өміріне даңғыл жол салатын ізгі орта. Мұнда бала өзін қауіпсіз және жайлы сезінуі сіз бен біздің алдымыздағы басты міндет. Ендеше балаларды қорғайық, оларға қорған болайық деп бүгінгі тренингті аяқтаймыз.


Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»


Тренингтен не түйдіңіз алдыңыздағы стикерге жазып, тақтадағы кері байланыс қағазына ілуіңізді сұраймын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!