Материалдар / "Қаза тілі мен әдебиетә пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша рефлексиялық есеп"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қаза тілі мен әдебиетә пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша рефлексиялық есеп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұнын оқыған барша ұстаздарға көмекші құрал деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
512
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еліміздегі сабақты меңгертудегі ең үлкен мәселелердің бірі болып –оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Ол үшін мемлекетіміздің зиялы қауымдары оқыту үдерісінде осы жылдары көптеген өзгерістер еңгізген болатын. Сабақ түсіндіру, меңгертуде жаңа технологияларды қолдану, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, балалардың жас ерекшеліктеріне баса назар аудару сынды мәселелерге көп көңіл бөлінген болатын. Осы орайда сабақтарымызда жаңадан қолдана бастаған   әдіс – тәсілдеріміз оқушылардың білімін толықтыруға, тілін байытуға, пәнге деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі. Соған сәйкес озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс – тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Оқыту үдерісіндегі басты элемент – сабақ, қысқа мерзімдік жоспар жасау барысында, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді элементтерін кіріктіруге негіздедім. Қазақ тіліндегі сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету, балаларды қазақ тілінде сөйлеуге және ойын ашық жеткізуге дағдыландыру. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу. 
Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.
 
Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі – «Сыни тұрғыдан ойлау технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың тілін дамыту» тақырыбын алып отырмын. Білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Іс жүзінде өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс – тәсілдер: түртіп алу, күнделік жазу, әлем шарлау, рөлдік ойындар, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасын толықтыру, сұрақ – жауап. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылардың бір – бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады.
Бұл әдіс-тәсілдердің көбін 5-6 сыныптарда өткізіп келемін. Бұл сыныпта өткізген екі сабағымма тоқталып өтсем. Бірінші оқушылардың тілін дамытуға бағытталған «Дәрігер қабылдауында. Тіл дамыту.» сабағын қаралық. Таңдап алынған тақырыбым сыни тұрғыдан ойлау технология элементтерін пайдалан отырып, оқушылардың тілін дамыту» болғандықтан осы сабағымда балалардың сөйлеу дағдысына баса назар аударып, бірнеше тәсілдерді қолдандым. Сабағымды саяхат сабақ ретінде алдым. Сабақта сұрақ-жауап, аудио жаттығу пайдалана отырып, оқушыларды сөйлету, диалог, жеке жұмыс, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, эссе жазуды орындаттым. Берілген әдістердің барлығы оқушылардың тілін дамытуға бағытталған. Сыни тұрғыдан ойлау элементтері жақсы қолданылған.
Мәселен:

Менің әкем – дәрігер. Ол ауруханада жұмыс істейді. Әкем науқас адамдарды емдейді. Оның жұмысы адам өміріне байланысты. Мен әкемді мақтан етемін. Мен де өскенде дәрігер болғым келеді. Балаларды емдеймін. Баланың денсаулығы жақсы болса, ата- анасы бақытты болады. Дәрігер болу үшін көп оқу керек. Адамды емдеу өте қиын. Дәрігер адамдарға денсаулық пен өмір сыйлайды. Оны барлық адам құрметтейді. Дәрігер – қасиетті мамандық.

-Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, түсінгенін айту. Мәтін бойынша «Жуан және жіңішке» сұрақтар құру, сұрақтарға жауап беру. Жоспар құру. Мәтінін айту. Ал оқушылармен жеке жұмыс ретінде «Дәрігер қабылдауында» тақырыбында диалог құру тапсырма берілген. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатың. Сондықтан сабағымда диалогтық оқытуды қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейлерінің жоғарылауына ықпал еттім. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты әріқарай диалог арқылы жүргіздім. 
Тірек сөздер:

  • Кіруге бола ма ?

  • -Кіріңіз.Отырыңыз.

  • -Қай жеріңіз ауырады?

  • -Қызуым көтеріліп тұр.

  • -Ауырғаныңызды қашан сездіңіз?

  • -Кешеден бері.

  • -Тіліңізді көрсетіңіз. Жиі ауырасыз ба?

  • -Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр.

  • -Шешініңіз. Еркін демалыңыз. Мына жеріңізді басқан кезде ауыра ма?

  • -Жоқ. Ауырмайды.

  • -Қауіпті ештеңе жоқ. Сізге кішкене салқын тиіп қалыпты. Мен дәрілерді жазып берейін, бір таблеткадан күніне үш рет тамақ алдында ішіңіз. Емделіңіз. 

  • -Рақмет. Сау болыңыз. Осы тірек сөздерді пайдалана отырып, диалогты құрып, балалардың «Дәрігердің қабылдауында» дәрігермен қалай сөйлесетіндігіне назар аударту, сөйлеу мәдениетін қадағалау.

Сабақты әсерлі, балалардың санасында қалатындай етіп өткізуде видеороликтердің ролі зор. Мәселен, осы сабағымда «дұрыс тамақтану- саулық кепілі» тақырыбында дыбыссыз видеоролик көрсетіп, балалар осы роликке өздері мәтін құрады, ойларымен бөлісті. Сол арқылы балалар берілген тақырыпты талдады және жаңа тақырыпты ұқты. Видеороликтен өмірлік сабақ алды. Роликті қарап зиян тамақтың түрлерін атап, оның денсаулыққа қалай әсер ететінін түсіндіріп, ой қозғады. Ал екінші сабағыма келер болсақ, «Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа». Күрделі сөздер» алған болатынмын. 6-сыныпқа арналған бұл тақырыпта да видеоны пайдаланған болатынмын. Видеоны көрсете отырып, ішінен күрделі сөздерді тауып, оладың жасалу жолына назар аудартқан болатынмын. Мәселен: құсжол, Жантас, Қожаберген сынды сөздер. Сондай-ақ, бұл сабағым басталған уақытта Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына шағын көрме ұйымдастырған болатынмын. Көрме арқылы балаларды кітап оқуға қызығушылығын оятуға тырыстым. Көрменің көмегімен балалардың жаңа сабаққа қызығушылығын оята отырып, балалар атасының атасы жөнінде атап айттым. Автор жөнінде жаңа мағлұматтар ұсындым, балаларға арналған басқа да туындыларымен таныстырдым. «Мағынаны тану» стратегиясын пайдаланған болатынмын. Мәселен: «Мағынаны тану» стратегиясы бойынша суреттегі кейіпкерлерді атаңыз.

Рисунок 2

Ал грамматикалық тақырыбымды аша түсу үшін жіңішке сұрақтар қоямын.

  • Сөз дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

  • Дара және күрделі сөздердің айырмашылығы неде?

  • Күрделі сөздердің түрлерін атаңыз? Оларға мысал келтіріп, дәлелдеңіз?

Ал «Теріп алу» стратегиясы пайдалана отырып кейіпкерлердің мінездерін теріп жаз.

Сыни тұрғыда ойлау технологисының элементтерінің бірі «РАФТ» тапсырмасын орындау.

Р- роль – Жанар, Қожа

А- аудиториясы - сынып

Ф- формасы- ішкі ой

Т- тақырыбы – « Егерде мен...... болсам».

Бұл тапсырманың көмегімен оқушылар өз-өзімімен салыстыра отырып, ішкі ойларын білдіру. «Егер де мен Жанар немесе Қожа болсам...»деп берілген видеороликтен нені өзгертер едіңіз? (Балалар дәптермен жұмыс жасап, ойларымен бөліседі). Сондай-ақ, «5 жолды өлең» тапсырмасы

Күрделі зат есім кім? не? 1 сөз

Сын есім қандай? 2 сөз

Етістік қайтті? 3 сөз

Сөйлем кім туралы? 4 сөз

Сөйлем құрастыру арқылы балалардың сөйлеудағдыларын дамытуға

бағыттаймын. Ал үй тапсырмасына берілген келесі жаттығуда «Қожаға хат» жазу сияқты әдістер мен тәсілдер қолдандым.  Балалар Қожаға хат жазу арқылы видеороликтен алған білімдерін тексере отырып, Қожабергеннің қандай мінездерін түзетер едіңіз немесе қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? Сондай-ақ, жаңа мәтінді түсіндіруде жаңа сөздердің орны бөлек. Жаңа сөздерді оқушыларға меңгертпейінше жаңа мәтінді түсіндіру мүмкін емес, әсіресе орыс сыныбындағы қазақ тілі сабағында. Соған сәйкес, жаңа тақырыпты бастаған кезде Бердібек Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» видеоролигін қосып мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру.

Ақылды-умный Сенімді – надежный

Ұқыпты – аккуратный Қырсық – капризный

Мәдениетті – культурный Қатыгез – жестокий

Қарапайым – скромный Үзінді – отрывок

Ұнау-нравиться
Балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сабақты өмірмен ұштастыра білу керек. Мәселен, осы тақырып бойынша балаларға сұрақтар қою арқылы мәтінді меңгерту және ой қозғау.

Балалар, қалай ойлайсыздар, біздің сыныпта Қожа бар ма?

  • Ал, Жанар бар ма? Балалар, қалай ойлайсыздар,

бұл оқушылардың біздің сыныптың оқушыларымен сәйкестігі неде? Балалар өмірмен байланыстыра отырып, сыныптағы өздерінің парталастарымен салыстырып, Жанар мен Қожабергенді табады. Оларға мінездеме береді. Кейін оқушылар Қожа мен Жанарға тоқталып болған соң, сол сыныптың сынып жетекшісі жөнінде де ой қозғауды. Қазіргі күнде де осындай С.Майқанова сынды ұстаздардың барын атап, оларды атайды. С. Майқановаға мінездеме айтылады. Осы ретте еріксіз бала тәрбиесіндегі әйелдер қауымының рөлі туралы ортаға ой тасталып, балалар қиын балаларды тәрбиелеудегі ананың, әйелдің орнын баса айтады да видеодағы Қожамыздың әжесі мен анасы туралы айтылады. Сабағымыздың басындағы жаңа сөздерімізді пайдалана осы тақырыпты талқылаймыз. Сабағымды тиімді қорытындылау үшін балаларға иә және жоқ деген жауапқа аяқталатын сұрақтар қоямын. Мәселен:

  • Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз сіздердің көңілдеріңізден шықты ма?

  • Қожабергеннің істеген істері дұрыс па?

  • Б.Соқпақбаев балалар әдебиетінің атасы екендігі рас па?

  • Сен Жанарға ұқсағың келеді ма?

  • Қожа істеген ісіне өкінеді ме?

  • Күрделі сөздер 4- ке бөлінеді ме?

  • Қожаберген сөзі күрделі сөз бе?

  • Бұл туындыдағы негізгі кейіпкер автор ма? Балалар «иә» және «жоқ» деп жауап беру арқылы өздерінің сабақ басынан алған білімдерін саралайды.

Білім берудегі ең елеулі мәселелердің бірі болып – бағалау танылады. Сол себепті бағалауға ерекше мән берген жөн. Мәселен мен өзімнің алғашқы екі сабағымда топ басшыларына үлестірме қағазын беру арқылы, сабақтың соңында топ басшысына сөз беру арқылы бағаладым.

Ал енді үшінші сабағыма тоқтала өтейін. Бұл сабағымның тақырыбы: «Бауыржан Момышұлының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»»ертегісі. Таңдалынып отырған тақырып 5- сыныптың қазақ әдебиеті пәні бағдарламасынан алынды, 2 сағатқа берілген. Мен соның 2-ші сағатын алдым. Тақырып оқушылардың жас ерекшелігін қамтиды. ) Сабағымның мақсаты Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолы, шығармашылығымен қысқаша таныстыру. Жазушының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді –ертегісінің мазмұнымен, түйінімен таныстыру,елін сүюге тәрбие беру болса, сабағымды әдебиетке шолудан бастадым. Балаларға көрме ұйымдастырдым. Соғыс кезіндегі суреттер мен туындыларды таныстырдым.

Балалар! Әдебиет – өмір айнасы болғандықтан ол бізді қоршаған ортамен, біздің өмірімізде болып жатқан оқиғалармен, біздің тарихымызбен тығыз байланысты. Біздің тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1418күнге созылды. Соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың саны – 603мыңнан асады. Қазақстанның да жеңісті жақындатуға қосқан үлесі зор. Қазақстанда құрылған 316 дивизияны генерал – майор И.В. Панфилов басқарды. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Б.Момышұлы да бар еді. Москваны қорғаудағы ерен ерлігі үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазір Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар бағында алауланған. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар олар: Т.Ж. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф.Павлов, С.Д. Луганский. Үш мәрте Кеңес Одағы Батырының атағын алған – И.Н. Кожедуб. Атақты жауынгер – жазушы Б. Момышұлы аталарын Батыр атағын 1990 жылы алды. Батыр аталарыңның өмірі туралы, ерлік істері туралы білу, сол кісілердің үлгі алу – біздің парызымыз.

Біздің бүгінгі сабағымыз – жауынгер - жазушы Бауыржан аталарыңа арналады

(интерактивті тақтадан батырлар суреті, панфиловшылар бағы көрсетіледі). Сосын сыныпты алдын ала дайындалған қима қағаздар арқылы «Арыстан», «Жолбарыс», «Қыран» деп үш топқа бөліп аламын. Оқушыларды сабақтың соңында асықтар арқылы бағалаймын. Толық, нақты жауап үшін 2 асық, толық емес жауапқа 1 асық беріледі. Ең көп асық жинаған топ жеңімпаз болады.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару мақсатында тілдік орта қалыптастыру. Блиц-турнир ұйымдастырамын.
Әдебиет дегеніміз не? 


  • Әдебиеттің қандай түрлері бар? 


  • Ауыз әдебиетінің қандай негізгі түрлері бар? 


  • Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы кім? Бұл әдіс арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын оятқан болатынмын.  

Содан соң үй тапсырмасын сұрауға көшемін. - Б.Момышұлы туралы әңгімелеу. Слайд арқылы бекіту. Бауыржан  Момышұлы - даңқты жауынгер, халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры. Жазушы, ақын, әскери педагог Кластер толтыру негізінен әдебиет сабағында көбірек қолданылатын тәсілдердің бірі.

Содан соң ғана жаңа тақырыпқа көшемін. Мағынаны тану. Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя» романының үзіндісі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

1) Ол үшін осы ертегінің мультфильмдегі нұсқасын тамашалайық.

2) Алдын ала ертегіні оқып келуге тапсырма берілген.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап беру:

1.Сүлеймен деген кім ? Ол қандай адам болған?

2. Жауды жеңген кім? Ол жауды қалай жеңді?

3.Сүлейменнің патшалығында не болды?

4.Сүлеймен патша жыланға не дейді?

5.Патша қандай жарлық берді?

6.Қарлығаш қандай әрекет істейді?

7.Қарлығаш патшаға не дейді?

8.Ашулы жылан қайтеді?

9. неліктен қарлығаштың құйрығы айыр екен?

Осы мультфильм мен оқулықтағы ертегінің кейпкерлерінің арасында қандай айырмашылық бар? (Оқулықтағы ертегіде Сүлеймен патша бар, жылан, мультфильмде Сүлеймен патша жоқ, жыланның орнында үш басты айдаһар)

Топпен жұмыс

1) Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу, оқулыққа сүйене отырып сипаттау (басты кейіпкерлердің суреттері).

2) Әр топқа суреттер (басы жоқ жылан, құйрығы жоқ қарлығаш, тұмсығы жоқ масаның суреттері) беріледі, сол суреттерде жетпей тұрған жерлерін салып, не істегендерін әңгімелейді.

3) Әр топқа абзацты оқуға тапсырма беріледі, соңынан оқулықты жауып қойып, осы абзацты қиылған сөйлемдерден құру керек.

«Арыстан» :

Күндердің күнінде Сүлейменнің патшалығына жау шауып, әлек салғанда жау бетін у себелеп қайтарған жылан екен.

Бұл баға жетпес ерлікке риза болған Сүлеймен патша жыланға:

- Қалауыңды айт, не тілесең, соны берем,-депті.

-Мен және менің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп тілеймін,-депті жылан.

«Жолбарыс»:

Содан патша ине тұмсық шаққыш жәндіктерді шақырыпты да, дүниенің төрт

бұрышына жұмсапты. Ұшып жүріп, жан-жануарды шағып, қанын сорасыңдар,

сонан кімнің қаны тәтті екенін анықтап қайтасыңдар деп жарлық етіпті.

Патша жарлығын бұлжытпай орындауға шабармандар ұша жөнеледі.

«Қыран»:

- Адамның қанынан тәттісі жоқ. Тілімнен дәмі әлі кетер емес...

- Кәне, тіліңді көрсетші!

Ақымақ маса тілін шығара бергенде қарлығаш оның тілін көмейімен жұлып алыпты.

- Өтірік айтқаннаң тілі осылай кесіледі! –деп қарлығаш қуаныштан сайрап жіберген екен.
Ой қозғау. Ертегі мен мультипликациялық фильмдегі кейіпкермен салыстыру. ВЕНН диаграммасын пайдалану.

Австралиялық педагог-психолог Джон Биггс «оқушы жоғары баға алуы үшін, жұмыстың күтілетін нәтижелері туралы білуі қажет және оларға жетуді үйрену керек» деген. Сол себепті де ардақты ұстаздар осы жолда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекпін.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!