Материалдар / «Қазақ - қонақжай халық»

«Қазақ - қонақжай халық»

Материал туралы қысқаша түсінік
менің ойымша жас мамандарға қажет болар деймін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Маусым 2018
728
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Такырыбы : Қазақ - қонақжай халық
Орындаған: Есеманова Г.А.

Пән: қазақ тілі
Сынып: 9 а
Мектеп- лицей№20 : Совет орта мектебі
Есеманова Г.А.

Тақырып:
Қазақ - қонақжай халық
Мұғалімнің аты: Жакенова Г.А.

Оқыту мақсаты
Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру.Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін молайту.

Күтілетін нәтиже:

-Салт –дәстүрге деген құрмет сезімдерін оянады;
-Сауатты сөйлеу және тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе алады;
-Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген оң көзқарасы дамиды;
-Өз ой-пікірін айтуға, өзіндік көзқарасын дәлелдеуге дағдыланады;

Ресурстар
9-сынып оқулығы, қиықшалар, кесте, суреттер,постер, интербелсенді тақта

Жоспар

Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу . Сынып оқушыларын ұйымдастырып, психологиялық ахуал жасау.
2. Сөз,сөз тіркесі,сөйлем әдісі арқылы топқа бөлу.
-3 мин
Видеоролик көрсету арқылы болжам жасау
Сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
3. Сабақтың тақырыбы Қазақ – қонақжай халық
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Қызығушылық
ты ояту
Сабақ мақсатын анықтау.
-Не білгім келеді?
"Болжам" стратегиясы.-3 мин
-Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы неге "Қазақ – қонақжай халық" деп аталады?
Болжам жасау
Оған қандай дәлелің бар?
Шындығын
да не болды?






Оқушылар өз ойларын айтады.
Әр топ өз болжамдарын айтады. "Болжам" кестесін толтырады.
Болжамдар тақтаға жазылады.

Мағынаны тану
Өрнекті ара стратегиясы.-12 мин
Мәтінмен жұмыс
1 топ
Топ мүшелерін сандармен бөлу1,2,3
2 топ -5мин.
1 сандары 1 -топқа-мәтіннің бірінші бөлігі
2 сандары 2 -топқа-мәтіннің екінші бөлігі
3 сандары 3-топқа-мәтіннің үшінші бөлігі
3 топ-5-мин.
Әр сандар өз тобына келіп оқыған мәтіндерін өз топтарына түсіндіреді.
Мәтіннің үш аспектісі бойынша сұрақтар -5мин.
Мәтінге байланысты әр топ сұрақтар даярлайды.
Сол сұрақтарды бір-бірлеріне қою арқылы өзара мәтін төңірегінде сұхбаттасады.
Оқушылар мәтінді оқиды. Жеке оқиды, көршісімен бөліседі, топта талқылайды.





Ой толғаныс
Мақалдардың мағынасын аш.
Қыз – қонақ.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
Қонаққа кел демек бар, Кет демек жоқ.
Тойдың болғанынан боладысы қызық.
"Болжам" кестесінің 3-бағанын толтырады. -5 мин
-Қай топтың болжамы сәйкес келді?
-Сабақтың мақсатына жеттік пе?

3 топ мақалдардың мағынасын ашуы керек

Кері байланыс
Карусель стратегиясы
Қазақ халқын неліктен қонақжай халық дейді? деген сұрағына өз көзқарастарыңызды жазыңыз.
Топ мүшелері өз көзқарастарын білдіреді.

Топпен жұмыс
Грамматикалық жұмыс
І топ. Шұбат пен қуырдақ (сөйлем ойлау, синтаксистік талдау жасау)
ІІ топ. Қымыз бен бауырсақ (фонетикалық талдау)
ІІІ топ.Уыз бен ет (сөйлем ойлау, морфологиялық талдау жасау)
3топ қазақтың ұлттық тағамдарын табу, маркер мен плакат тарату

Бағалау
Бағалау критерийлері арқылы оқушылар өз – өздерін бағалайды. Мұғалім өзі қорытындылайды.
Өздерін бағалап үйренеді.

Үйге тапсырма



Қорытынды
Кері байланыс
Бүгін сабақта біз не білдік, не үйрендік және бізге не ұнады, не ұнамады.
Бағдаршам әдісі арқылы
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, жасыл түсті шамды көтер;
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген босаң, сары түсті шамды көтер;
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, қызыл түсті шамды көтер;

Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелекшелерді таңдаулары арқылы өздерінің сабақ барысында қандай нәтижеге жеткендерін көрсетіп кері байланыс жасайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ