4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
Бөлім:
«Қиял мен шындық»
Оқылатын шығарма:
Т. Ахтанов «Күй аңызы»
Оқу
мақсаты:
8.1.1.1 әдеби
шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін,
эпилог,
прологтарды
анықтау;
8.2.2.1 автор бейнесі
мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік
көрінісін
талдау.
Бағалау
критерийі:
Ойлау
дағдыларының талдау,
бағалау.
деңгейі:
Орындау
уақыты: 15-20
минут
1-тапсырма. «Ол кім? Бұл не?»
әдісі. Үзінділермен танысып, үзіндінің кім туралы немесе не туралы
айтылғанын анықтайды.
Шығармадан
үзінді
|
Ол
кім?
|
Бұл
не?
|
– Күйшінің өмірі – осы.
Қамшыны
тастай беріп, домбыра ұстайсың. Домбырадан
босап кетсе, қолың тағы да тізгінде болады, солай, Оразымбет
шырағым...
|
|
|
Жасы он алты-он жеті лер шамасында болар. Қою
қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының
сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі
тозған.
|
|
|
Тамыры қураған ағаштай
семіп,
кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы,
күйіс
қайырмай, қыбыр етпей тұрған
мүсәпір
бейнесі, әсіресе, телміре қараған
жасқа
толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер
етті.
|
|
|
Даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты.
Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған
көк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай
буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз
бөрік7
|
|
|
– Ай, бірақ сен де бір
азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім – сөз. Өнерің жетсе,
тілегіңді бердім,
қарағым.
|
|
|
2-тапсырма. «6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып,
шығарма сюжетін талдаңдар.
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1. Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың
аттарын белдеуге
байлады?
|
|
2.Неліктен шал
жолаушыларға
сусын ұсына
алмады?
|
|
3. Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай
берді?
|
|
4. Ақсақал неліктен Естемеске қолқа
салды?
|
|
5. Нар иігенде, қыз неліктен нардың желінін
қысып ұстады?
|
|
6. Естемес күйші неліктен жолын Оразымбетке
берді?
|
|
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
•шығарманың сюжеттік желілерін анықтап,
талдайды;
•кейіпкерлер бейнесін
талдайды.
|
Үзінділермен танысып,
үзіндінің кім туралы немесе не туралы айтылғанын
анықтайды:
1-үзінді;
2-үзінді;
3-үзінді;
4-үзінді.
|
1
1
1
1
|
«6 неліктен?»
сұрақтарына жауап бере отырып, шығарма сюжетін
талдайды:
1-сұрақ;
2-сұрақ;
3-сұрақ;
4-сұрақ;
5-сұрақ;
6-сұрақ.
|
1
1
1
1
1
1
|
|
Барлығы:
|
10
|
Дұрыс
жауаптар
1-тапсырма. «Ол кім? Бұл не?»
әдісі. Үзінділермен танысып, үзіндінің кім туралы немесе не туралы
айтылғанын анықтайды.
Шығармадан
үзінді
|
Ол
кім?
|
Бұл
не?
|
– Күйшінің өмірі – осы.
Қамшыны
тастай беріп, домбыра ұстайсың. Домбырадан
босап кетсе, қолың тағы да тізгінде болады, солай, Оразымбет
шырағым...
|
Естемес
|
|
Жасы он алты-он жеті лер шамасында болар. Қою
қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының
сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі
тозған.
|
Жаңыл
|
|
Тамыры қураған ағаштай
семіп,
кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы,
күйіс
қайырмай, қыбыр етпей тұрған
мүсәпір
бейнесі, әсіресе, телміре қараған
жасқа
толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер
етті.
|
|
Нар
|
Даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты.
Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған
көк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай
буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз
бөрік7
|
Оразымбет
|
|
– Ай, бірақ сен де бір
азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім – сөз. Өнерің жетсе,
тілегіңді бердім,
қарағым.
|
Қария
|
|
2-тапсырма. «6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып,
шығарма сюжетін талдаңдар.
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1. Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың
аттарын белдеуге
байлады?
|
Қыз бала қаймықпай,
жолаушылардың қасына келіп, ізетпен үйге шақырып, белдеуге өзі
байлады.
– Әкемнің ұлы жоқ, айып
етпеңіздер, – деді даусы
сыңғырлап.
|
2.Неліктен шал
жолаушыларға
сусын ұсына
алмады?
|
– Естемес шырағым, –
деді. – Өлімнен ұят күшті. Сен келгенде, бір тостаған сусын тауып
бере алмай жерге қарап отырмыз. Биылғы жұт елді титықтатып кетті
ғой. Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл
көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаңсытып,
таңдайды кептіріп отыр, – деп шал ауыр күрсінді. Содан кейін қызына
бұрылды. – Жаңыл қалқам,
қайнардан
су әкеліп бер. Қонақтар
шөлдеген шығар.
|
3. Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай
берді?
|
Осы кезде үйге Жаңыл
кіріп, төменгі жаққа келіп отырды. Естемес қабақ астымен қыздың
тұлғасын шолып өтті. Жасы он алты-он жетілер шамасында болар. Қою
қара қасты,
мөлдіреген
қара көзді, дөңгелек
жүзді, қара торының сұлуы екен. Шал арғы-бергі елдің хабарын
сұрастырып отырғанда да, күйші пейілі түсіп, сөз арасында қызға
қарай берді.
|
4. Ақсақал неліктен Естемеске қолқа
салды?
|
– Апырым-ай, осы мал
жарықтықтың
күйге елігетіні болады
деуші еді. Естемес
шырағым, өнеріңді салып
көрсең қайтеді? Хақ тағала көз жасымызды көрсе, кім біледі, нарымыз
иіп кетер. Салшы өнеріңді, қарағым. Қолымнан келсе, не сұрасаң да
берейін.
|
5. Нар иігенде, қыз неліктен нардың желінін
қысып ұстады?
|
Күйшінің көзі Жаңылға
түсті...
Қыз нардың емшегін
қысып ұстап, қатып қалыпты. «Апыр-ау, бұл неге саумай тұр», – деп
ойлады Естемес. Нардың желіні
тырсиып
барады. Естемес қыздың
әдейі саумай тұрғанын байқады. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей
салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті.
Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма шуақ биігінен
төмендеп, қайтадан мұңлы
сазға
ауысып, күңіреніп
барады. Сәлден кейін жалт еткен арманынан айырылып қалғандай күй
тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап
қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шым дап сүт тамып
тұрды.
|
6. Естемес күйші неліктен жолын Оразымбетке
берді?
|
Естемес күйшінің
көзінен жас тамып кетті: «Заманым өткен екен ғой»,– деп аһ ұрып,
жалт бұрылды да:
– Ар жағын сен тарт, –
деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді.Оразымбет
домбыраны алып, жалғастырып тарта жөнелгенде, нардың сүті де
шелекке сауылдап құйыла
берді.
|