Материалдар / Қазақ әдебиеті 8-сынып Т.Әбдіков "Қонақтар" әңгімесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиеті 8-сынып Т.Әбдіков "Қонақтар" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Төлен Әбдіковтің "Қонақтар" әңгімесі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өтілген күні:

Пән аты: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков

«Қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі мен

шығармашылығы жайлы алған білімдерін бекіту,

«Қонақтар» әңгімесінің сюжеті, тақырыбы мен идеясын

тану, мазмұнын талдай отырып, ата-ана мен бала қарым-

қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен

ұштастыру.

Дамытушылық: тауып айтатын, ұтымды сөйлей алатын, мәнді сұрақ

қойып,мағыналы жауап алатын тұлға қалыптастыру, ой

өрісін шыңдау, әңгімені өмірмен байланыстыра келе ой

қорытындысын жасай білуін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға ата-ана алдындағы , туған жер, ел алдындағы

парызын терең түсінуге баулу, адамгершілік қасиеттерді

бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы


Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, баяндау, салыстыру,

проблемалық сұрақ, топтастыру, талдау, дебат


Сабақтың көрнекілігі: Төлен Әбдіков портреті, шығармалар жинағы,

интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Миға шабуыл»

Оқушылар өткен тақырып бойынша әр бөлімге түсінік береді.

Оқушыларды фишкалармен бағалап отырамын.

  1. Т.Әбдіков өмірі мен шығармашылығы

  2. «Қонақтар» әңгімесі

  3. Әңгіменің композициясы

а. Оқиғаның басталуы - Сағыныш

ә. Байланысуы - Қонақ келсе, құт келер.

б. Дамуы - «Геологияның болашағы керемет қой....»

в. Шиеленісуі - Ерғабыл қарттың реніші

г. Шарықтау шегі - Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.

ғ. Шешімі - Жаман болсаң да, аман бол.


Үй тапсырмасын қорыту

Семантикалық карта толтыру арқылы

Кейіпкер сөзі

Ерғабыл қарт

Бағила кемпір

Сапабек

Тома

Абыл қарт

Азды-көпті ғұмырымның ішінде талай бақтан айырылып, талай баққа қолым жетті. Бірақ әкем көрген, әкемнің әкесі көрген қара орнымнан айырылып көрген күнім жоқ.






Біздің Қазақстанда өте сирек кездесетін элементтер көп. Асыл тастар қаншама! Гранитке байланысты пайда болатын мөлдір көк флюарит, қою жасыл турмалин, қан қызыл граниттердің өзі не тұрады.






Бала бір жақта, біз бір жақта. Мына қу моладан сүйегімізді табар бір күні. Осы Қаратүбектің басында жұмақ тұрғандай, екі елі қия баспайсың.






Шырағым-ау, осы асыл тастарыңнан, өзі, пайда бар ма? Маған біреуін әкеп берсеңші.






Аже, бер, дайте мне, дайте.






Бос сөйлемеңдер! Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу шаңыраққа!






Ал, енді мына балаларың бір түйір қазақша білмейді. Ал енді оқу уже басталып қалды. Бұл арада орыс мектебі жоқ. Мұны қалай оқытамыз деп отырсыздар. Биыл жетіге келеді.






Қайдам, осы асыл тастардың соңында кеттің ғой өзіңмен-өзің боп. Тым болмаса жылына үйге бір апта да түнеп кетпейсің.








ІІІ. Бекіту.

Мағынаны тану.

- Оқушылар, дәптерлеріңе күн реті мен сабақтың тақырыбын жазыңдар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдау

Өткен сабақта біз Төлен Әбдіков, оның өмір жолы, шығармалары жайлы мағлұматтармен танысып, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнын игерген болатынбыз. Ондағы қаһармандармен танысып, әңгімені бөлімдерге бөлдік. Бүгінгі сабағымыз да өткен сабағымызбен өзектес, үндес: ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас, бүгінгі күн проблемасы. Бүгін біз «Қонақтар» әңгімесін талдап, кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз көзқарасымызды білдіреміз.

Төлен Әбдіков шығармаларының басты тақырыбы - адамгершілік, салт – дәстүр, ізгілік.

Әңгімедегі кейіпкерлерді атап, жазып шығайық.

-Ерғабыл қарт, кемпірі, Сапабек, Тома, Жеңіс, Абыл қарт, Аспандияр.

«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы - адамгершілік, баланың ата- ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек сияқты қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын, жасанды қарым - қатынасы.

Енді, әрқайсысымыз осы әңгімедегі оқиғаға өз көзқарасымызды білдіріп, пікірлерімізді айтайық.

Пікірталас

«Ерғабыл қарт пен Сапабек қандай кейіпкерлер?»

Жақтаушы топ Даттаушы топ


1.Ананың көңілі балада, 1. Жұмыс қайда болса,

баланың көңілі далада Отан сонда.


2. Баланың жақсысы – қызық, 2. Не ексең, соны орасың.

Жаманы – күйік.


3.Атаңа не қылсаң, 3. Басқа түссе, бақпақшыл.

алдыңа сол келер.


-Енді, өздеріңе ой салу үшін мына бейнесюжетке назар аударыңдар.

Проблемалық сұрақтар қою.


Ата-ана мен бала туралы

  1. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде ата-ана жайлы не айтылған?

  2. Абай «Қарасөздерінде» ата-ана жайлы не айтылған?

  3. ҚР Конституциясында ата-ана мен бала құқығы туралы не айтылған?

«Осы әңгімедегі болған жағдайға байланысты заң не дер екен» деген сауалмен біз қазір ғаламтор арқылы заң қызметкерімен байланысқа шығып, жауап алайық, балалар.

Бір оқушы ғаламтор арқылы байланысқа шыққан заң қызметкеріне сұрақ қояды.

-Еңбекке жарамсыз ата-ананы қараусыз қалдырған балаға заң қандай шара қолданады?

Әңгіме неге «Қонақтар» деп аталған? (Қазақ тілі пәнімен байланыстырып, Қонақтар сөзіне морфологиялық талдау жасап кетеміз.)


-Сонымен, балалар, барлық айтылған ой пікірлерді бір оқушы шығып, қорытындылап жіберсін.

ІҮ. Қорыту.

Ерғабыл қарт пен Сапабекке топтастыру әдісі арқылы мінездеме береміз.



«Егер мен автор болсам...»

Оқушы өзін автор орнына қойып, әңгіме сюжетін өзгертеді.


Мұғалім сабақты қорытындылайды.

  • Сонымен, балалар, бүгін біз Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесіне талдау жүргіздік.

Әңгіменің «Қонақтар» деп аталуының өзінде көп мән жатыр екен. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінде мынадай өлең жолдары бар:

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

«Дос келді!» деп, жасап жатыр анық той.

Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы міне! – танып қой.

Бұдан біз қазақ халқының ежелден қонақжай халық екенін аңғарамыз, балалар.

Қазақта қонақты төртке бөледі.

  1. Құдайы қонақ – танымайтын кісілердің қадірлі қонақ болуы.

  2. Арнайы қонақ – арнайы шақыртумен келетін сыйлы қонақ

  3. Қыдырма қонақ – онша сыйлы емес, қыдырымпаз қонақ.

  4. Қылқима қонақ – қадірсіз қонақ.

Атамыз қазақ «Қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып» деген екен. Әңгімедегі Сапабек те өз үйіне өзі арнайы қонақ болып, ғайып болды десек те болады. Сапабектен біз үлгі алмауымыз керек. Өйткені ол өзінің перзенттік парызын түсінбейді.

Жалпы бұл жалған өмірде адамдар бір-біріне қонақ.

Ертеде бір кісі:

- Мен намаз оқимын, Алла жолымен жүремін. Бірақ оны кім біліп жатыр,- деп Аллаға күрпірлік келтіргендей болыпты.

Сонда бір данышпан:

  • Алла тағаланы аспаннан іздеме, жүрегіңнен ізде. Ата-анаңды құрметте, сыйла, Бауырларың, достарыңды құрметте. Халық – Алланың бір аты демей ме, халық риза болса, Алла да риза!- деген екен.

Бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, қорытындылаймын.

-Ел арасында ертеңгі күні «Ақыр заман келе жатыр» деген әңгіме жүргенін білесіздер. Ақыр заман дегеніміз не?

Қазіргі кезде көкек аналардың көбеюі - ақыр заман!

Перзенттің «Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деп асырап, баққан ата-анасын қарттар үйіне өткізуі – ақыр заман.

Адамдардың есірткіге құмартып, бәрін ұмытып, мәңгүрт болуы – ақыр заман.

Бүгінгі сабақтан ой бөлісіп, біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын.


Ү. Бағалау, үйге тапсырма беру.

Оқушыларды таратқан фишкалармен бағалаймын.

Үйге тапсырма:

  1. «Менің перзенттік парызым» тақырыбында эссе жазып келу.

  2. Ата-ана мен бала тәрбиесі жайлы мақал-мәтелдер жаттау.


















Тақырыбы: Төлен Әбдіков

«Қонақтар» әңгімесі

Сыныбы: 8

Өткізген: Баймаханова А.Б.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!