Материалдар / «Қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 10 сынып

«Қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 10 сынып (жаратылыстану-математика бағыты)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
88
0 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін: ________________ Келісемін:_________________ «Қаралды»

Мектеп директоры Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі Хаттама № « » ________ 2024ж.

« _____ »________ 2024 ж орынбасары Бірлестік жетекшісі

« _____ » _____________2024 ж



Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Сыныбы: 10 -сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі:

Сағат саны: 68 сағат , аптасына 2 сағат


Баспасы: «Атамұра» 2019 жыл Авторлары: А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы


«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 77-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту қазақ тілінде)




2024-2025 оқу жылы




Түсінік хат

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі мектептер «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда:

оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан ары дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;

оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер:

- Ауқымды контекст бойынша топтық зерттеу жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша автор көзқарасын талдау;

- Жанрларды түрлендіру (драманы хикаятқа немесе хикаят тарауларын драмалық шығармаға айналдыру) және оның әсерін бағалау;

- Рөлдік ойындар арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кездесулер ұйымдастыру);

- Оқушылардың сөйлеу және сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, ми шабуылы, дебат, т.б. стратегияларды қолдану;

- Оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қатысымдық сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру технологиясын қолдану.

- Оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК» (көңілділер, тапқырлар клубы) және т.б. арқылы монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау.

- Оқу үдерісінде түрлі үн, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды, компьютер мен лингафондық аппараттарды, белсенді оқыту әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдану.


«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТҰҒЫРЫ


Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру. Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімі жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушыларға тиісті мінез-құлық ережелерін үйрету көпмәдениетті қоғамның әлеуметтік және кәсіби өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:

- басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім–күйге, идеяларға толеранттылық көрсете білу қасиеті;

- оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі;

- түрлі көзқарастарды талдай отырып, өзгенің пікірімен салыстыру арқылы өз ойын ашық жеткізу дағдысы;

- ұлттық мәдениетке, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарауға, сыйлай білуге үйрету;

- Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтауды қолдау дағдыларын қалыптастыру;



«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТҰҒЫРЫ


Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі инновациялық дамыта оқыту моделіне жатады. Бұл оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын, тәні мен жанын, рухани қырларын біртұтас гармониялық жүйеде қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтың алатын орны аса маңызды болып табылады.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінің білім алушылар мен педагогтердің қарым-қатынастарын табысты етіп ұйымдастырудың өзіндік ұстанымдары бар. Ол ұстанымдар мынадай:

Іс-әрекет ұстанымы;

Білім берудің тұлғалық-жанама сипатты ұстанымы;

Белсенділік ұстанымы;

Жүйелілік ұстанымы;

Тұтастық ұстанымы;

Дербестік ұстанымы;

Диалогтік ұстанымы;

Іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдерінің вариативтілігі ұстанымы;

Саралай оқыту және даралай оқыту ұстанымдары.

Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтар ұйымдастыруда мына қағидаттарға сүйену керек:

1) тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтарда оқушының мектепке келмей тұрғанда-ақ қалыптаса бастайтын субъектілік өмірлік тәжірибесі бар тұлға ретіндегі жеке басының дербестігінің, жеке басы құндылығының, өзіндік болмысының басымдығы;

2) білім беру үдерісі – өзара байланысты болып келген екі құраушының, білім беруші мен білім алушының бірлігі;

3) білім беру үдерісін жобалауда білім алу барысын оқушының оқыту мазмұнында берілетін әлеуметтік маңызы бар нормативтерді қайта өзгерте отырып меңгеруін алдыңғы орынға қою басымдығы;

4) білім беру үдерісін құрастыруда және жүзеге асыруда әрбір оқушының тәжірибесін анықтаудың маңызы зор, сонымен қатар, оның әлеуметтенуін, оқу барысында қалыптасып жатқан тәсілдерді бақылау; түрлі мазмұндағы тәжірибені алмасуға бағытталған мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы; білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына ұжымдық түрде бөлініскен іс-әрекеттің түрін арнайы ұйымдастыру;

5) білім беру үдерісінде оқыту үдерісінің ішкі мазмұнынан туындайтын ерекше бір «кездесу» болады. Ол қоғамдық-тарихи тәжірибе мен оқушының білім алу барысында жүзеге асыратын жеке басы тәжірибесінің кездесуі болып табылады.

6) тәжірибенің екі түрінің өзара әрекеттесуі олардың тұрақты келісім жолымен жүруі керек, сол арқылы оқушының таным субъектісі ретінде жинаған тәжірибесі енді оның жеке өміріне пайдаланылуы керек;

7) оқушының жеке тұлға ретінде даму барысы оның нормативтік іс-әрекетті игеру жолымен ғана емес, оқушының субъектілік тәжірибесінің өз басының әрі қарай дамуына қуат беретін маңызды бастау ретінде танылу жолымен де жүруіне байланысты;

8) білім алудың маңызды нәтижесі қажетті білім мен білікті игеру негізінде танымдық қабілеттердің қалыптасуы болып табылады.

Осы айтылғандардың барлығы тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша ұйымдастырылып өткізілетін сабақтардың өзіндік ерекшелігін танытады. Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша ұйымдастырылып өткізілетін сабақтар оқушылардың дүниенің мәнін өзінің көзқарасы тұрғысынан игеруі, ол көзқарастың мазмұны оның субъектілік тәжірибесінде жинақталған жеке тұлғалық мәністерден, құндылықтардан, қатынастардан тұрады. Оқушының осындай тәжірибесінің мазмұны сабақтарда мүмкіндігінше барынша ашылуы, барынша пайдаланылуы керек, қол жеткенше ғылым мазмұнға толығуы, ал керек болған жағдайда, білім беру үдерісінде өзгертіліп отырылуы керек.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтар. Сабақ – білім беру үдерісіндегі басты құраушы элемент. Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтардың функциясы мен ұйымдастыру түрі өзгереді.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақ білімдік ақпарат беру мен білімді тексеру сияқты дәстүрлі кезеңдерден ғана тұрмайды. Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтардың ұстанатын басты бағдары – оқушы берілген білім мазмұнына деген өзінің көзқарасын, қатынасын білдіре алу тәжірибесі анықталады, қалыптастырылады, дамытылады.

Сөз жоқ, мұндай деңгейге жету үшін, яғни, оқушы өзінің жеке басының тәжірибесімен жұмыс жасауға дағдылануы үшін арнайы жаттықтыру талап етіледі. Мұғалім ол үшін тек пән мазмұнын ғана жеткізуші ретінде емес, әсіресе, сабақта берілген білім мазмұны бойынша оқушылар талдаулар жасауға дейін көтерілу жолын анықтаушы, белгілеуші ретінде танылады.

Сабақта полилог–сұхбат әдісін кең қолдана отырып, мұғалім оқушыларға өздері меңгеруі тиіс ғылым-білімді іздеу мен сұрыптау жұмыстарын жаппай және тең дәрежеде ұйымдастырып жүргізеді. Осындай жағдайда ұйымдастырылған сабақ қана оқушы үшін жеке тұлғалық тұрғыдан маңызды болып саналады.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтың, барлық сабақтардағыдай, білімдік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары болады. Бірақ осыған қоса, тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтың оқушының танымдық әрекетін туындату үшін қажетті жағдаяттар туғызуы аса үлкен орын алады. Оқушының танымдық әрекетін туындатуда оңтайлылығы анықталған мынадай педагогикалық жолдар бар:

оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу әрекетін ұйымдастырудың түрліше формалары мен әдістерін қолдану;

сыныптағы әрбір оқушының тақырып бойынша білім мазмұнына өз көзқарасын танытуға деген қызығушылығын, құлшынысы мен шабытын оятатын жағдай туғызу;

оқушыларды өз ойын айтуға әрдайым ынталандырып отыру, тапсырмаларды орындауда қателесуден, қате жауаптар алудан қорықпауға дағдыландыру т.б.













«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан






10-сынып

2

2

2

2































«Қазақ әдебиеті» (оқыту тілі қазақ тілінде) пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

10-сынып

(жаратылыстану-математика бағыты)

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады немесе белгіленген оқулыққа сүйене алады. Таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.

Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері


Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру

Анализ және интерпретация

Бағалау және салыстыру

І тоқсан

(16 сағат)

І бөлім

Қалың елім, қазағым


Абай шығармашылығы: «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау


10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу

р/с

Бөлім/ тақырып

Сабақтардың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағаттар саны

Мерзім

дер

Ескертпе

1

І бөлім

Қалың елім, қазағым

Абай шығармашылығы. «Сегізаяқ» өлеңі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

1


2

«Сегізаяқ» өлеңі


«Сегізаяқ» өлеңі

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау


1


3


«Сегізаяқ» өлеңіндегі көтерілген мәселелер.

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

1


4

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

1


5


«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіне әдеби талдау. Бөлім бойынша жиынтық бағалау -1

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;


1


6

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

1


7


«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

1


8

Он жетінші қарасөз

Он жетінші қарасөз

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

1


9


Он жетінші қарасөздегі көтерілген мәселелер

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

1


10

Отыз екінші қарасөз

Отыз екінші қарасөз

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

1


11


Отыз екінші қарасөзіне әдеби сын-пікірлер.

10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу

1


12

Масғұт» поэмасы

Абайдың поэмалары. «Масғұт» поэмасы

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау

1


13


«Масғұт» поэмасы. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;



14


«Масғұт» поэмасындағы адамершілік құндылықтар.

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

1


15


Тоқсандық жиынтық бағалау

1


16


Поэманың тарихи және көркемдік құндылығы

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

1


ІІ тоқсан

(16 сағат)

ІІ бөлім: Қазақтың Қанышы


М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе


10.1.1.1. әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме) жазу



10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

1

Бөлім/ тақырып

Сабақтардың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағаттар саны

Мерзімдер

Ескертпе

1

ІІ бөлім: Қазақтың Қанышы

Медеу Сәрсекенің өмірі мен шығармашылығы. «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі

10.1.1.1. әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

1



2

«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі

«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің жанрлық ерекшелігі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану


1



3



«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі . Шығармадағы образ.

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

1




4


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі . Шығарма үзінділерімен жұмыс.

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

1



5


«Қаныш Сәтбаев» шығармасының композициялық құрылымы

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау




6


«Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы ұлттық құндылықтардың әлемдегі орны Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру


1



7


«Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы автор бейнесі

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

1



8


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің көркемдік ерекшелігі

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

1



9


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі. Шығармашылық жұмыс.

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

1



10


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау


1



11


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау


1



12


«Қаныш Сәтбаев» шығармасының заманауилығы мен жаңашылдығы

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

1



13


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу


1



14


«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіне жазылған әдеби сын-пікірлер

10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу


1



15


Тоқсандық жиынтық бағалау

1



16


«Қаныш Сәтбаев» шығармасы. Әдеби эссе жазу

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

1



ІІІ тоқсан

(20 сағат)

ІІІ бөлім: Парасат пайымы

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі,

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі,

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.2.4.1 көркем шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; 10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

р/с

Бөлім/ тақырыптар

Сабақтардың тақырыптары

Оқу мақсаттары


Сағаттар саны

Мерзімдер

Ескертпе

1

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау

1



2


«Шашты» әңгімесі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

1



3


А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

1



4


«Шашты» әңгімесінің көркемдік тілі.

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

1



5


«Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселелер

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

1



6


«Шашты» әңгімесін адамгершілік құндылықтар тұрғысынан талдау. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу


1



7

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі. Композициялық құрылымы

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау

1



8


«Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесінің жанрлық ерекшелігі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

1



9


«Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

1



10


«Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесіндегі автор бейнесі

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау


1



11


«Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

1



12


«Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесіндегі көтерілген мәселелер

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

1



13


«Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесіндегі құндылықтар

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

1



14


«Көшпелі алтын» әңгімесіндегі адамгершілік құндылықтар көрінісі

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу


1



15

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі


10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау



1



16

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

10.1.5.1.ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

1



17


«Шетте жүрген бауырларға» өлеңіндегі ұлттық құндылықтар Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2

10.2.4.1 көркем шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;


1



18


«Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

1



19


Тоқсандық жиынтық бағалау

1



20


Тоқсандық қайталау.

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

1



IV тоқсан

(19 сағат)

ІV бөлім: Тарих тағылымы

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы,

Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

10.2.1.1әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме ) жазу;

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

р/с

Бөлім/ тақырыптар

Сабақтардың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағаттар саны

Мерзімдер

Ескертпе

1


Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.2.1.1әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау

1



2


«Бесеудің хаты» драмасының жанрлық ерекшелігі

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

1



3


Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы тарихи тұлғалар бейнесі

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

1



4


«Бесеудің хаты» драмасындағы автор бейнесі

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

1



5


«Бесеудің хаты» драмасы. Үзінділермен жұмыс

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

1



6


«Бесеудің хаты» драмасындағы қазақ еліне тән тарихи құндылықтар

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

1



7


«Бесеудің хаты» драмасындағы ең басты құндылық – адам ұғымы

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

1



8


«Бесеудің хаты» драмасындағы көтерілген мәселелер Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

1



9


Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау

1



10


«Жалғыз» поэмасының көркемдік тілі

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

1



11


«Жалғыз» поэмасындағы образдар жүйесі

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

1



12


«Жалғыз» поэмасындағы автор бейнесі

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

1



13


«Жалғыз» поэмасындағы басты құндылықтар. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

1



14


«Жалғыз» поэмасы. Әдеби эссе.

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

1



15


Тоқсандық жиынтық бағалау

1



16


Глоссариймен жұмыс. Әдеби-теориялық ұғымдар.

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

1









Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!