Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қазақ әдебиеті сабағы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу" семинар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ әдебиеті сабағы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби біліктілігін шыңдау мәселесі болып отыр. (Осы жерде қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қала мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге байланысты ұйымдастырып отырған шараларына ризашылығымды білдіргім келіп отыр)
Есте сақтау керек!!!
Мұғалім қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: ол- адамды жасаушы адам.
-
Сабақ- мұғалім мен шәкірттің қарым-қатынасы.
-
Сабақтың мақсаты-баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.
-
Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.
-
Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.
-
Баланы таңқалдыруды ұмытпа, «Даналыққа ұмтылу» таңқалудан басталады.
-
Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Баланың кемшілігін емес, жеңісін ізде.
-
Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.
-
Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.
-
Тырнақ астынан кір іздегенше, қар астынан гүл ізде.
-
Әр бала - табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр бала- ханзада мен ханша.
Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіруі керек.
Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты, нағыз шығармашыл мұғалім.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда сыни тұрғысынан оқу мен жазу технологиясы өз тиімділігін нақтылауда. Яғни, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамытады.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде «шығармашылық» ұғымы «жаңалық», «жаңа дүние жасау», «жаңалық ашу» ұғымдарына жақын қолданылып жүр.
Әдіскер – ғалым М.Р.Львов шығармашылыққа оқушылардың жазған өлеңі мен прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай-ақ, жеке күнделіктері мен хаттарды, т.б. жатқызады.
Демек, шығармашылық-өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау мүмкіндігінің жемісі және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны білдіреді.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденіммпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда тиісті деңгейде жүргізілетін шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Ғалым С.Рахметова шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші жақпен баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз жандарынан әңгіме құрастыру, т.с.с.) барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары деп көрсетеді.
Әрине, өздігінен ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген, жинаған материалын талдай білген оқушының әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасын терең ойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндіктер туатыны сөзсіз. Сонымен қатар оқушының оқырмандық, ізденімпаздық белсенділіктерін де арттырады.
шық – аданың белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы
Шығармашылық – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы
Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту, білімді қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі меңгерту сабақтың үш сатысында жүргізіледі: қызығушылықты ояту сатысында айтылған сөз, істелінген әрекет бүкіл сабақтың сыр сандығын ашатын кілті десем, мағынаны тану сатысын білімнің нағыз шыңдалар шағы дер едім, ал ой толғау сатысында нәтижені көру, яғни еңбектің жемісін тату іске асырылады.
Ендеше, әдебиет сабақтары арқылы оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға қалай баулуға болатынына тоқталып өтейік.
аударма жасату (Абай аудармаларына жеке тоқталып өтіп, салыстыра талдау жасап, өздеріне орысша нұсқаларын беріп, аударуға мүмкіндік жасау)
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады.
«Әдебиет» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мынадай әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады:
-
Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы: әдеби ертегіні өткенде сыныпты 4 топқа бөлу. 1-топ ертегіні өзге топтарға баяндап береді. 2-топ ертегі мазмұнына жоспар құрады. 3-топ ертегіні басқа ертегімен салыстырады. 4-топ ертегіні «Егер де мен жазушы болсам» айдарымен басқаша мазмұнда аяқтайды.
-
Ақын, жазушылардың сюжетке негізделген туындыларын басқаша аяқтау.
-
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
-
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
-
Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы: Өзі жас, мұртты,
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. /сыпыртқы/
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор мүмкіндік береді.
Жалпы айтқанда, сабақтың әр кезеңі арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуға болады:
Сергіту сәті ретінде құр билетіп қойғанша балаларға өтіп жатқан тақырыпқа сай мақал
мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар ұсынып, 1 минуттың ішінде қанша жаттай алатындарын тексеру. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартуға үлес қосады.
“Аққулар ұйықтағанда” поэмасы бойынша алатын болсақ:
Берілген мақалдардың 1минутта қаншасын жаттай алатынын тексеру. Оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсарту.
1.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
4. Аққуды атпа, досыңды сатпа!
5. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
6. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
Топпен жұмыс жүргізгенде:
3 топқа 3 түрлі қораппен «Сәлемдеме» келеді.
1-топ - Аққу сұлбасы
Критерийі: Аққудың мойнына- шығармада көтерілген мәселені көрсетулері тиіс
Кеудесіне- «Аққулар ұйықтағанда» шығармасының тақырыбы мен идеясын;
Қанаттарына - шығарма кейіпкерлерін;
2-топ – «Оқиға тауы» композициялық талдау жасау
3-топ - «Аққулар ұйықтағанда» шығармасын оқуға кеңес бере отырып, жарнама мәтінін құрастыру.
Критерийлері:
1. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқырманға таныстыру
2. Жарнама үлгісін сақтау
3. Безендірілуі ерекше (креативті) болуы тиіс
«Рөлдегі оқушылар» стратегиясын топтық тапсырмалар немесе жеке оқушыларға да саралау тапсырмасы ретінде беруге болады:
1-топ: Із қуушы - кейіпкерлердің ізін қуады. (кейіпкерлерді табу, басты(тура), жанама, жағымды, жағымсыз)
2-топ: Кейіпкерді сипаттаушы - кейіпкерлердің мінезін, сыртқы тұлғасын қандай деп ойлайтынын сипаттайды.
3-топ: Бейнелеуші-суреттеуші - оқиғаларға байланысты шығармалардан суреттер (пейзаж, оқиға орындары, көріністер, т.б. болуы мүмкін) салады.
4-топ: Жазушы - шығармадағы маңызды деген мәселе төңірегінде хат, хабарлама, шағын эссе жазады.
5-топ: Дәнекер - шығарма мазмұнын қазіргі қоғаммен байланыстырады
Сабақ барысында постер құрастырудың да оқушыларды шығармашылsққа баулуда маңызы зор деп ойлаймын.
-
Өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдау
-
Ақпарат жинастыру
-
Ақпараттарды талдау, бағалау
-
Т – кестесі, кластер, Венн диаграммасы, т.б. пайдалана алады
Рефлексия кезеңінде:
«Кезбе тілші»
1-нұсқа
1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: сабақтың өту барысын )
2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер. (кері байланыс ретінде сұрауға болады. Мысалы: «Сіз қалай ойлайсыз сабақтың тақырыбы толық ашылды ма?», «Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлайсыз ба?»
«Ойын – үйренудің ең тиімді әдісі»
Әр әдіс пен тәсілдің негізінде ойын идеялары, элементтері жатыр. Топтық немесе жұптық жұмыстың өзінде ойынның табы, жұрнағы бар. Әрине, оқушыларда «Бүкіл сабақ бойы ойнап, уақытымызды қызықты өткізеді екенбіз ғой!» деген жаңсақ пікірді қалыптастырмаған жөн, керісінше оларда «Ойнап жүріп, күрделі мәселелерді шешеміз!» деген көзқарас басым болу керек. Ойын мұнда танымдық әрекеттің ең тиімді әдісі ретінде қарастырылып, жүзеге асырылады. Философтар ойынды бекерден «Адамзаттың ұлы ұстазы» деп атамаған.
Оқушыларды шығармашылыққа баулуға байланысты тағы да бірнеше стратегияларға тоқталайық:
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін:
«Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.
«Ұйқасын тап!»
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.
Ұйқас түрлері:
Қара өлең ұйқас - ААБА
Шұбыртпалы ұйқас - АААА...
Ерікті ұйқас - АӘБВГ...
Кезекті ұйқас-АБВБ
Шалыс ұйқас - АБАБ
Егіз ұйқас - ААББ
Аралас ұйқас - ААБВБВБББ
-
Шумақ, тармақ, бунақ, буындарды анықтау
Ө/зен де жоқ // сый/ма/ған // ар/на/сы/на, / а / 11
Жыл/ға да жоқ // да/ла/мен // жал/ға/су/ға. / а /11
Тас/та тұн/ған // жаң/быр/дың // там/шы/сын/дай, /б / 11
Қа/лай біт/кен // мы/на көл // тау ба/сы/на?! /а/ 11
Бір шумақ, 4 тармақ, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу. Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи … . (күнделігім)
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам жағып берген
Айналайын … . («Әліппеден») Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … . (дәптерімді)
Бала достық – балғын шақ
Іс болмас па аяқ асты тосыннан,
Бақыт құсы ұша қоймас басыңнан.
Болса егер нағыз досың жаныңда,
Мұңайғанда табылатын қасыңнан.
Бала достық, балғын достық пәктілік,
Еш табылмас іздесең де шарқ ұрып....
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз