Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы, Қоғалы ауылы,
«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Махымова Гульжаухар Бейсембаевна
Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Әдіс-тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау көзқарастарын, ненің жақсы-жаман екенін ажырата отырып баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Жаңашыл ұстаздың мақсаты - оқушылардың алатын білімдерін сапалы етіп, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін.
Еліміздің алдағы уақытта көркейіп, дамыған отыз елдің қатарына қосылуы үшін білімді ұрпақ керек. Сондықтан мұғалім өзін-өзі үнемі жетілдіріп, іздену үстінде жүреді.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиеленеді.
Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.
Берілген тапсырмаларды оқушылар жұптасып, топтасып, ауызбіршілікпен орындайды. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беріп, тапсырмаларды шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып орындайды. Әсіресе топтың спикерлері постерлерін қорғауға шыққан кезде, мен күтпеген жауаптар мен сөздерді айтқанда, олардың тіл байлығы мен ойлау қабілеті ересектерден кем емес екендігі байқалады. Психолог Жан Пиаже когнитивті дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни, бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталады.
«Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы» атты сабағымда оқушылар : үй жұмысын пысықтауда «Миға шабуыл» әдісі арқылы Жаяу Мұсаның өлеңдеріне тоқталады. Топтастыру әдісі бойынша «ХІХ-ХХ ғасыр аралығында өмір сүрген қандай әнші- ақындарды білесіңдер?», «Жаяу Мұса кім?», «Жаяу Мұсаның қандай шығармаларын білесің?», «Үкілі Ыбырай кім?», «Үкілі Ыбырайдың қандай шығармаларын білесіңдер?», «Ақынның орнында сен болсаң, не істер едің?», «Сал-серілер мен қарапайым адамдардың бір-бірінен қандай ерекшеліктері бар деп ойлайсыңдар?», «Ақындар қандай кезеңде өмір сүрді?», «Үкілі Ыбырай кімдер үшін күресті деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылғанда , венн диаграммамен, сөзжұмбақпен жұмыс жасаған кезде, слайдтан зерттеушілер мен әншілердің суреттерін жасыру барысында, сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар дұрыс жауап бергендігі мені қатты қуантады. Оқушыларға: «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың аралығында өмір сүрген қандай әнші-ақындарды білесіңдер?» деп сұрағанымда, Ә.Найманбаев, Біржан сал Қожағұлұлы, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса Байжанұлы, Балуан Шолақ сияқты әнші-ақындарымыз бар екендігін сыни тұрғыдан ойлана отырып , өздерін еркін ұстауға, ойлаған ойын толық жеткізуге дағдыланады .
Выготский айтқандай Жада арқылы бір-бірлеріне көмек бергенде, көпіршелер құрылғанда, оқушының білімі артатынын айтады. Оқушылар алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдап, бағыт-бағдар беріп, мадақтап отыру керек. Диалогтік оқыту арқылы оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген ынтасы қалыптасады. Бахтин, Мерсер, Велс, Вуд, Александер сияқты зерттеушілер айтқандай, сабақта оқушылар берілген сұрақтарға, тапсырмаларға диалогтік қарым-қатынас орнату арқылы жауап бере алады. Александер өзінің зерттеу жұмысында: диалогтің механикалық есте сақтау, декламация, нұсқаулық, талқылау сияқты бес түрін атап өткен. Ал Мерсер сыныптағы талқылауда диалогтік әңгіменің үш түрін зерттеген. Мысалы: пікірталастық әңгіме, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Оқушының сыни тұрғысынан ойлануына оң ықпалын тигізетін әңгіме түрі зерттеушілік әңгімесі болып саналады. Осы зерттеушілік әңгімені өз сабақтарымда жиі қолданамын. Сабақтарымда зерттеушілік әңгімені құру мақсатында, үй тапсырмасы ретінде Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармаларын зерттеп келуді оқушыларға түсіндірдім. Келесі сабағымда ізденіп келген жұмыстарын алдымен жұптасып , кейін топтасып талқылап, топтың спикері айтады. Аяжан сегіз жасында ақын түс көріп, түсінде ақ сақалды қария кісі өзінің домбырасын ұсынғанын, Шөже, Орынбай, Арыстанбай, Тезекбай, Біржан, Ақан, Балуан Шолақ сияқты ақындардан үлгі-өнеге алып, шығармашылық қабілетін арттырғанын зерттеп келген. «Гәкку» әні 1934 жылы Бурсиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің ариясы ретінде орындалғанын, 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің 10 күндігінде Күләш Бәйсейітова орындап шыққанын, «Гәкку» әнінің 4 түрі бар екенін, ақын Кәкима атты сұлу қызға ғашық болып, қызды аққу мен қазға теңеп, осы әнді шығарғанын, «Мүмкін, ақын бұл қызға ғашық болмағанда, әнді парақ бетіне түсірмес пе еді?» деп, өзінің пікірін білдіріп, ақын сондықтан да әнді айтудан жалықпағаны туралы зерттеп келсе, «Қыз Жібек» көркем фильмінде Төлеген рөлін сомдаған Құрманбек Тастанбеков осы - «Жиырма бес» әнін кереметтей етіп орындағанын, басқа да ақын-жазушылар «Жиырма бес» әнін өздерінше толғағанын айтып өтеді. А.Шерниязов өзінің «Жиырма бес » әнін ерекше толғап, жиырма бес, отыз, қырық жастың ерекшеліктерін жырлағанын айтты. Аружан екі ақынның өлеңін салыстыра отырып, А.Шерниязов өзінің өлеңінде, жастық шақты жарқылдаған найзағайға теңегенін, ал Үкілі Ыбырай «Жиырма бес» өлеңінде жастықты күнге, кәрілікті түнге теңегенін түсіндіреді. Сондықтан «Жиырма бес» әнінің мазұнын тереңінен түсініп, біліп жүрсек, нұр үстіне нұр болатынын жасырмады. Сыныпта оқушылар зерттеушілік әңгіме құрғанда, оның сабаққа қызығушылығы, ынтасы мен оқу қабілеті артатынын сабақ барысында білімді тереңінен меңгеретіндігі байқалады.
Оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарында талқылау жүргізгенде «Мүмкін», «Егер», «Бәлкім», «Сондықтан» деген сөздерді пайдалана отырып талдайды. Сабақ барысында АКТ, «Бес минуттық эссе жазу», «Бес жолдық өлең құрастыру», «Ақылдың алты қалпағы», «Үштік одақ», «Өкіл», «КӘМҚ», «Кинометафора», «Стоп кадр», «Ойлан, бірік, бөліс», «Сұрақ-жауап», «Өрмекші», «Ыстық орындық», «Джиксо», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Фишбаун» т.б. әдістерді жиі қолданылады. Электорндық оқулық арқылы «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» атты бейне таспаны көрсетіп, нені түсінгені жайлы эссе жазуды түсіндіргенімде, оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, жеке жұмыс жасауға кіріседі. Нәтижесінде эссенің жазуда оқушылардың ойлау қабілеті қаншалықты дамығандығын, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, тіл байлығының мол екені байқалады.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.
Пиаже айтқандай оқушылардың ойлау қабілеттері ересектерден кем емес. Және де бес жолды өлең құрастыруда оқушылардың ойлау деңгейі мен шығармашылық қабілеті қалыптасады. Сабақта қамтылмаған оқушы қалмайды. Сабаққа ынтасы мен қызығушылығы төмен оқушылардың өзі,тапсырмалар берілгенде, топтағы оқушыларға қарап, әрекет жасап, білім алуға талпынады. Оқушылардың білімінің ілгерлеуіне мұғалім қолдау көрсетсе, сонда білімі шыңдала түседі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйтеруден балаға» деп, бекерге айтылмаса керек. «Білім инемен құдық қазғандай» деп, оқушы өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінген жағдайда білім сапасы артып, білімнің көшбасышысы болуына жол ашылады.
Шәкірт ұстаздан үлгі-өнеге алады. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші, шәкірт ұстазға қарап өседі. Құзырлы мұғалімнің бойында ағылшынның педагог-психологы, әрі зерттеушісі Шульман айтып өткендей бас, қол, жүрек сияқты үш көмекшілер болған жағдайда ғана, оқушыларға білім беру сапасы артып, құзырлы мұғалімге айналады. Пажарес оқушының сыни тұрғыдан ойлап, шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастырғысы келсе, онда мұғалімнің өзі де сыни тұрғыдан ойлай білетін, бойында жаңашылдыққа жаны құмар болуды айтады.
А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы» деп бағалаған. «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас» дегендей бүгінгі күннің ұстазы − шығармашылықтың адамы. Сол себепті мұғалім ХХІ ғасырдың жаңа идеяшыл ұстазына айналу үшін, үнемі іздену үстінде жүріп, жаңа технологияларды тереңінен меңгерген жағдайда, өзінің білімі мен біліктілігін арттырған кезде ғана нағыз ұстаз болады.
Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бір бөлек.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.