Материалдар / Қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер оқушылардың сын ойлау қабілетін арттырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2023
395
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы,Кеген ауданы,Алғабас ауылы

«Ұ.Бағаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Алғабас бастауыш мектебімен»кмм







Тақырыбы: Қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану











Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Сағымбаева Шынар Бектурсыновна

















2022-2023 жж

Қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................

І тарау. Жаңа технологияларды меңгерту-бүгінгі күннің басты талабы

1.1. Қазіргі таңдағы оқыту технологияларының маңызы ..................................................................................................................................

1.2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі....

................................................................................................................................

1.3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер...................................................................................................................

Қорытынды..........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Мақсаты:
А) Оқушыларды сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарын анықтау;
В) Әр түрлі әдіс-тапсырмалармен қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабағына деген қызығушылығын, тіл байлығын, ой өрісін, ынтасын дамыту;

Міндеттері:
А) Сыни тұрғыдан ойлана алатын тұлғаны қалыптастыру;
В) Өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін кез-келген жерде пайдаланатын ойлы, білімді, парасатты оқушыны тәрбиелеу;

Өзектілігі:

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Қазіргі заманда жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің, яғнибіздіңөз кәсіби шеберлігімізді шыңдауымызды, жаңартуымызды талап етіпотыр. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Біздің болашағымыз – білімдіұрпақ.Елбасыныңалғақойған«Елуелдіңқатарынан көрінукерекпіз»дегенүлкенүмітінақтауымызүшінбізойынанықайтаалатын,ойлауқабілеттеріжоғарытұлғақалыптастыруымызкерек.Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуіұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Біздің, яғни,мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекеттерін жасайды

1.1.Білімді де білікті, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу бізүшін маңызды. Қазіргі жаңару кезеңінде оқушылардыжан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.Қазіргі кезде оқыту технологияларының түрлері өте көп. Оларды айтатын болсақ: Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.ЭрдниевтіңДидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген технологиялар енгізілді.
Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.


Еліміздің алдағы уақытта көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатында білім сапасын арттыруымыз қажет. Мұғалім өзінің біліктілігін арттырмайынша, оқушының білім сапасын арттыра алмайды. Еліміздің дамыған елге айналуына, көк байрағымызды желбірете жоғары көтеріп, Қазақстан деген елдің бар екендігін әлемге танытатын біздің білімді жастарымыз. Демек, ХХІ ғасырдағы жастарда білім болмай, еліміз ешқашан өркендемейді.
Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ үдерісін ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу барша ұстаздың басты мақсаты. Оқушыларға сабақ беруде жаңа технологияларды пайдалану арқылы білімін арттыра аламыз. Сондықтан да олардың білімді терең меңгеруіне, ойлануына,өз бетінше ізденуіне, алған білімін кез келген жерде пайдалана алатындай етіп қалыптасуына қолдау көрсетуіміз қажет.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады

Тақырыптың өзектілігі:
• Мектептегі дәстүрлі сабақтардың балаларды жалықтыруы;
• Оқушылардың тіл байлықтарының төмендігінен ойларын ашық, жеткілікті түрде жеткізе алмауы;
• Қазіргі техника заманы дамыған кезеңде, оқушылар интернетті пайдалана білгенімен, сыни тұрғыдан ойлана алмауы;
• Жұппен, топпен жұмыс істей алмауы;
• Оқушылардың кез-келген туындаған проблемаларды шешімін таба алмауы;

1.2.Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеу керек екендігін түсіндім. Мұғалім оқушыны сыни тұрғыдан ойландырғысы келсе:

1. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды беру
2. Тапсырма берілгеннен соң, белгілі бір уақыт мөлшерін белгілеу
3. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешімін табу керектігін түсіндіру
4. Топта бір-бірімен пікір алмасып, диалогтық қарым-қатынасты орнатуды, бірінің пікірін бірі тыңдауды, келесі адамның пікіріне күмәнмен қарауды түсіндіру
5. Өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туғызу
6. Оқушының берген жауабының мағынасына назар аударып, мұқият тыңдағаннан соң, әділ бағалауы қажет
Сыни тұрғысынан ойлаудың тиімділігі:
1. Оқушының сөздік қоры артады ;
2. Өз бетінше,жұппен ,топпен жұмыс жасайды ;
3. Білім алуға өзі жауапты екенін сезінеді ;
4. Шапшаң, тез ойлау,сөйлеу қабілеттері шыңдалады ;
5. Өз пікірін білдіріп, оны қорғай білуге үйренеді.
6. Ұяң, көп сөйлемейтін оқушылардың сөйлеу қабілеттері ашылады
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. [Мұғ.арн.нұс. 49 бет]

Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.
.

Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып,оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру,дербес шешім қабылдау.

Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы – төкпелі,күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді.Мұның себебі мынада:адам өз түсініктерін,ұстанымдарын,құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай,олар туралы терең ойланып,оның бәрін күмәнмен қабылдап,«тұла бойынан»өткізу қажет.Ричард Польдің пайымдауы бойынша,адамдар«өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрінде ақиқат деп түсінбеуі қажет.Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек».Демек,олар өмірдің барлық жәйттерімен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі,құндылығымен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек.Сол себепті сыни ойлауды «сыпайы күмәндану» деп атайды.

Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып,оларды оқу мен өмірде туындайтын мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасап,шешім қабылдауға баулиды.Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып,оларға жауап іздеп,өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Қазақта бес саусақ бірдей емес деген сөз бар, оқушыларда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең төмені де,тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да , қанша сүйресең алға баспайтыны да болады. Бірақ ұстаз барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуы тиіс. Оқушыларға зерттеу жүргізгенде жоғары сынып оқушыларында нақты білім бар екендігі, бірақ олар өз ойларын жеткізуге қиналатыны анықталғанекен. Сондықтан оқушылардыңойындамыту жұмыстарына көп көңіл бөліну керектігі көрінді. Осы жағдайда тиімді технологиялардың бірі- «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз педагогтің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Бұл технологияның мақсаты сынауға емес шыңдалған ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің бірін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жоба әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың терең де еркін ойлауына, үздіксіз еңбектене білуіне жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырған кезде нәтижесі жоғары болған.
Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшінтөмендегіқағидалар сақталуы тиіс:
Бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылыоқу мен жазудыдамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу”дегенді білдіреді.

1.3.Өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланғанымда, оқушының терең білім алып, берілген жауаптарға күмәнмен қарай отырып, өз шешімін қабылдауға, өзін-өзі реттей отырып, тәртіптілікке дағдыланатынын байқадым. Оқушының бойындағы сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығын, берілген тапсырмаларға бірлесе жұмыс істей алатынын, іскерлік пен ізденімпаздық қасиеттердің бар екендігін аңғардым. Менің өткізілген сабақтарымда оқушылардың осындай іс-әрекеттерін көре отырып, бұл тәсілдің бізге қажет екендігін түсіндім. Берілген тапсырмаларды оқушылар жұптасып, топтасып, ауызбіршілікпен орындап отырғаны, мені қатты қуантты. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап бере алды. Оқушылар әрбір берілген тапсырмаларды шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып орындады. Әсіресе топтың спикерлері постерлерін қорғауға шыққан кезде, мен күтпеген жауаптар мен сөздерді айтқанда, олардың тіл байлығы мен ойлау қабілеті ересектерден кем емес екенін байқадым. Психолог Жан Пиаже когнитивті дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни, бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталатынын түсіндім. Мысалы: 5-сынып әдебиет пәнінен А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» әңгімесін өткенде бекіту кезеңінде «Венн диаграммасы» әдісі арқыды Крыловтың мысалымен салыстыру арқылы екі автордың мысалдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты табу арқылы ойлау, сөйлеу дағдылары қалыптасады,яғни Крылов туралы мәліметтер қарастырып,оқушы өз бетінше ізденеді.
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл оқудың екінші кезеңі «мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқу стратегияларының бірі-
INSERT.Ол бойынша оқу тақырыбымен танысу барысында
«Ү»-білемін
«-»-білмеймін
«+»-мен үшін жаңа ақпарат
«?»-мені таңқалдырды - деген белгілерді қойып оқып отыру тапсырылады. Бұл әдісті 5-сыныптың әдебиет пәнінен «Менің атым Қожа» повесін өткен кезде қолдандым.Оқушылардың ойын қозғау мақсатында
INSERT кестесін қолдандым.Мысалы.

V-«Білемін»

-«Мен үшін жаңалық»

+мен үшін жаңа ақпарат»

?-«Мені таңғалдырғаны»

Киносы бар екенін білемін.Қожаны сомдаған актердің орыс тілді азамат екенін білемін

Қожаның өз-өзіне есеп беруі

Майқанованыңтентек Қожаны оқу жылында төрт деп бағалауы

Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Бұл әдіс оқиғаны түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудыңбірден-біркепілі.
Тақырып бойынша
«Ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушылардың ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау,баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты кезеңдерге уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді-маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді етуге бағытталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы» т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақ ерекшелігіне, ауыр-жеңіліне қарай қолданылады.
«Ой толғаныс» сатысында
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісін қолдануға болады. Оқушылар дәптерлерінің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазады. Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады(нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б )



Бұл әдісті өзім беретін 5,9-сыныптың әдебиет сабақтарында ақын,жазушылардың шығармаларын талдау сабақтарында өз тәжірибемде жиі қолданам.


Мәтіндіоқубарысында олар:Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып болған соң,жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады.Оқушылар жұмыстарын аяқтап болған кездеқорытуға әзірлеп келген сұрақтарымды қойып ,жауаптар аламын. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықтап қойылуын қадағалаймын.Мысалы:
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай ақ әдіс тиімділігі сабақтан тысқары қатыспай қалатын оқушы болмайды. Оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын-пікірін білдіру арқылы оқушының ойы, тілі дамиды.
«Ой толғаныс» кезеңінде қолдануға болатын тағы бір әдіс «Еркін жазу».Бұл әдісті қолданған кезде, сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені білу керектігі тағы басқа жайлы қағаз бетіне түсіруін тапсырамын.Мысалы,5-сыныпта қазақ әдебиетінен « Асан қайғының жерге айтқан сыны аңыз-әңгімесі»,Д.Бабатайұлы шығармалары,Ы.Алтынсаринің әңгімелеріне байланысты өткен сабақтарымда осы әдісті жиі қолдандым. Жазуға уақыт беріледі.Уақыт аяқталғаннан соң оқушылар өз жазғандарымен таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.

«Топтастыру әдісі»бойынша,9-сыныппен «Шешендік өнер»тақырыбында өткен сабақтарымда 1-топқа- «Шешендік сөз» дегенді қалай түсінесіңдер?және осы тақырыпқа кластер жасау,2-топқа- би-шешендерге тән қасиет.Осы тақырыпқа кластер жасауды тапсырдым. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өздерінің бұрыннан білетін білімдерін еске түсіріп тапсырманы мұқият қызығушылыпен орындады. Венн диаграммамен, сөзжұмбақпен жұмыс жасаған кезде, слайдтан зерттеушілер мен әншілердің суреттерін жасыру барысында, сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар дұрыс жауап бергендігі мені қатты қуантты.Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлел келтіре білуге жетелейді. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан ойлай отырып, ой толғау,суреттей алу,еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлем жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданатын оқу әдістерінде мұғалім басты орын алып,оқушы тек тыңдаушы ғана болса,сын тұрғысынан шыңдалған ойлау арқасында оқушы білім негіздерімен толығып,болашақта ойлауға құлшыныс алады.Сондықтан сын тұрғысынан ойлау-өте күрделі де маңызды құбылыс.

Қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлау теориясынан негізделген,жаңа әдіс – тәсілдерді өз сабақтарымда қолдануға тырысамын.Сабақтарым сәтті шығуы үшін,алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру бағытында,сабақтарымды әртүрлі тренингтер арқылы бастаймын,одан әрі оқушыларды түрлі әдіс – тәсілдермен шағын топтарға бөлудің өзі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынына көзім жетті. Оқушылар,әсіресе үлгерімі төмен оқушыларда топтық жұмыс кезінде сабаққа қызығушылықпен қатысып,өздеріне деген сенімділіктері орнайтынын байқап жүрмін.Топтық жұмыс барысында олар үнсіз отыруға,басқалардан қалыс қалуға болмайтынын түсініп, өз – өздерін реттей бастайды.Оқушылар жұптасып,топтасып ойланады,ой бөліседі,пікір алмасады,талқылайды.

Менің сабағымда көбіне қолданып жүрген әдіс – тәсілдерім:«Шың», «Серпілген сауал»,«Венн диаграммасы», «Постермен жұмыс», «Бес жолды өлең», «Адасқан әріптер», т.б.

9-сыныпта өткен І.Жансүгіровтың «Құлагер» тақырыбындағы сабағымда үй тапсырмасын қайталау мақсатында «Миғашабуыл» әдісін қолдандым. Бұл жерде оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді.Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін өткенде үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Шың» әдісі арқылы поэмадағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді анықтап,мінездеме берді.Сонымен қатар сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін сергіту сәттерін,шығармашылықпен жұмыс сияқты әдістерді қолдандым.

7 -сыныпта өткен «Күй – музыканың ерекше жанры» атты сабағында үйге тапсырмаға «Жұмыр,Қылыш» және «Адай» күйінің шығу тарихын жазып келу тапсырылған болатын,бірақ сыныпта үй тапсырмасын үш оқушы ғана орындап келген екен.Мен бұл тапсырманы беру арқылы сыныпта көшбасшы, дарынды балаларды анықтай алдым. Сонымен қатар 5 – сынып жоспарында диктант жазу үшін арнайы сағат берілмеген. Алайда мен он – он бес минуттың арасында диктант жазуға арнаймын. Жазба жұмысын орындау барысында «Түрлі түсті жиектер» әдісін қолданамын. Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында түрлі түсті қарындаштармен белгі салып отырады.«Қызыл–тексеріп ,барлық қателерін түзетіңізші»,«жасыл – барлық қателерді белгілеңізші,мен барлығын өзім түзетемін»,«көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз,мен оны асығыс орындадым» және т.б.

5-сыныпта өткен Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» және «Атымтай Жомарт» әңгімесінде мен «Кейіпкерлермен кездесу» әдісін қолдандым. Шығарма кейіпкерлерімен кездесе қалсаңдар тек екі сұрақ қоя аласыңдар, өздерің туралы және ол туралы.Сендер қандай сұрақ қояр едіңдер?Ол қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? Бұл әдісті 5 – сынып оқушылары тез түсініп өздерінің сұрақтарын дайындап және кейіпкердің берер жауабын да дайындап қойған болатын.Бұл әдісте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады деп ойлаймын.

Қорытынды.
Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады.Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын , өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін , өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды . Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті.
Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.









Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру // Сыныптағы тәрбие. - №1.-19-22 б.

2.Жеке тұлғаға бағытталған саба

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!