№ 112 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекттік мекемесі нің 11 «А» сынып оқушысы Атақұлова Диананың «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық Орталығының» ұйымдастыруымен 22 қыркүйек- Қазақстан Республикасы Тілдері мерекесіне орай « Мемлекеттік тіл- Қазақстан халықтарының бірлігінің кепілі» тақырыбында жазған шығармасы. « Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтары бірлігінің кепілі» Ата-баба өсиеті-Қазақ тілі, Кең даламның қасиеті -Қазақ тілі. Сан ғасыр ұмыт болмай келе жатқан Қазағымның аманаты-Қазақ тілі (өз шығармашылығымнан)... Тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры,тәлімі мен тәрбиесінің негізі,қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Соз болмаса,адамзаттың тірлігінде де мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек ,тілдің,сөздің орны ерекше. Міне,осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп , абыройы арта түсуде. «Тіл тағдыры-ел тағдыры» деп айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға , оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да, қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзатың абзал борышы. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасаты да білімді, іскер де қабілетті,отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. «Тәрбие басы-тіл» деген осы күнге дейін мән –мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз ХІ ғасырдың ұлы ойшылы Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты. Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да кореміз. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Ел басын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының « Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде», « Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы деген сөзі бар.
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол ұлы Абайдың ана тілі. Қазақ тілінде сөйлеу , ана тілін сақтау , оны мақтаныш ету –кез-келген қазақтың міндеті болса ,ал қазақ тілінде сөйлеу –кез-келген Қазақстандықтың міндеті.Қазақ елі өз егемендігін алғанан бері ,қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп,мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сол кезден бастап Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде сөйлеу міндет етілді. « Таңбасыз ел болмайды ,найзасыз ер болмайды» дейді қазақ елі. Бүгінгі таңда біздің таңбамыз да , найзамыз да- мемлекеттік тіліміз. Тілді жасап,дамытатын –халық. Тамырсыз тал өспейтіні секіді ,тілсіз мемлекет,мемлекет бола алмайды. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тағдыры қазақ халқымен, тілімен тікелей байланыста. Мемлекеттік тіліміз-бүкіл Қазқстан халықтарының қатынас құралы. Сол мемлекеттік тіліміз арқылы жүзден аса өзге ұлт өкілдері бір тудың астындағы бірлігі жарасқан Қазақстан мемлекеттін құрап отыр. Қазақ тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатыныс құралы ретінде қызмет етеді. Халқымыздың рухани қазынасы- ана тіліміз. Ол-қазақ тілі. Қазақ тілі –өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ тілінің биязы мақамы –домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан ауезділігі-шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз,бірінші ырысымыз,біз сондықтан,оны қадірлейміз. « Ұлттың тілі –ұлттың ділі» демекші, кандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы –ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі.Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп ,егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекеттіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру –әрбір ұлт жанды азаматың басты міндеті. Қазақ тілі –сол тілді жасаған,жасап келе жатқан қазақ халқының өткені бүгінгісі,болашағы. Қазақ тілі-ата –бабамыздан қалған асыл мұра. Қазақ тілі –халықтың өткен ұрпағын ,қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Қазақ тілі арқылы ғана біз халқымыздың тарихын , өз Отанымызды танып білеміз.