«Қазақ дастарханының қысқаша тарихы» факультативтік бағдарламасының тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ дастарханының қысқаша тарихы» факультативтік бағдарламасының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлам тақырыптары мазмұны ұлттық болмысты, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындыруға, теориялық тұрғыда білім алушыларға қазақтың ұлттық тағам мәзірі, оның тарихы туралы өздігінен білім алуына жағдай туғызуға, сала педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыруға, кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арғынбек Алтын Мешітбайқызы

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық 

тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК

 Тарих пәнінің оқытушысы





«Қазақ дастарханының қысқаша тарихы»

факультативтік бағдарламасының тиімділігі


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Қaзіргі кeзeңдe білім жүйесін жаңартудың маңызды міндеттерінің бірі - бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой - өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру. Егеменді еліміздің халықтық тәлім тәрбиелерін жинақтап оқу процесіне енгізу зияткер ұлтты қалыптастырудың басты құралы.

Қазақтың ауызбіршілікпен, тұтастықтарын сақтап өмір сүруінің сыры- дәстүр талаптарын орындауда жатыр

Қазақ халқының жиып терген мол тәжірибесіне негізделген ұлттық дастархан тарихындағы ауқаттану, ас қабылдау, тағамды дайындау, ас беру, аспен сыйлау тәртібі жас ұрпақты ізеттілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке адамгершіліктің асыл қасиеттерін күнделікті тұрмыста үнемі үйретуге бағытталған.

Аз ғана өнім түрінен сан-алуан тағам дайындап, оларды сапасын, пайдалы қасиеттерін, дәмін сақтай отырып өңдеуді шебер меңгерген қазақ халқының өз жаратылысына сай болмысымен үйлескен ұлттық дастарханы, оның тұрмыс-тіршілігінің айнымас бөлігі ғана емес, тарихы, көшпелі мәдениеті мен салт-дәстүрін толық сипаттайды.

Бағдарламада халқымыздың тағамдары тарихы, ұлттық дастарханға байланысты салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдары кеңінен қамтылған, қазақтардың ұлттық дастарханы туралы тарихнамада ұмыт қалған деректер берілген, ұлттық ас мәзірлері, оның ерекшеліктері туралы баяндалған.

Тақырыптар мазмұны ұлттық болмысты, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындыруға, теориялық тұрғыда білім алушыларға қазақтың ұлттық тағам мәзірі, оның тарихы туралы өздігінен білім алуына жағдай туғызуға, сала педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыруға, кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Тақырыптарды игеру барысында:

- білім алушылар қазақтың ұлттық дастарханына тән тарихнамада ұмыт қалған құнды деректер арқылы ұлттық тәрбие құндылықтарын түсінеді;

- қазақтың ұлттық дастарханына байланысты әдет-ғұрыптар, ырым, тыйымдар мен түсiнiктер арқылы білім алушылардың адамгершілік - рухани сапаларының дамуына ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құруға жағдай жасайды;

- болашақ мамандар ұлттық руханият контексінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.

36 сағаттық факультативтік курсқа арналған тақырыптық күнтізбелік жоспарлау «Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Тамақтандыру өндірісі тағамдарының технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша жұмысшы біліктілігі мен орта деңгей оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген жалпы кәсіптік пәндер шеңберінде жасалып, болашақ мамандардың білімін тереңдетуге бағытталды.

Бағдарлама халқымыздың тағам тарихы, ұлттық дастарханына байланысты салт дәстүрлерге қызығушылық білдірген тұлғаларға, білім алушылар мен оқытушылар кәсіби білімін арттыруда көмек бере алады.

Бағдарламаның өзектілігі — қазақ елінің мемлекеттілігінің көне замандардан қалыптасқандығын, түркілердің өз заманына сай әлемдік өркениетті қалыптастыра алғандығын зерттеу, кеңінен насихаттау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2022
497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі