Материалдар / "Қазақ экслибрисі-Мәрзия Жұмашқызы" ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақ экслибрисі-Мәрзия Жұмашқызы" ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Экслибрис аса күрделі өнер. Бұл жанрды түсіну үшін суретші линогравюраның қалай кесілетінін зерттей білуі қажет. Гравюра техникасы төзімді, үлкен еңбекқорлықты талап етеді. Иненің жасуынан өтетіндей дұрыс сызықтар тудыру үшін материалдардың қарсыласуын жеңіп, яғни линолеум, самшит, қорғасын пластиналарына миниатюралық құрал-саймандармен нәзік оюлар салынады. Клише осылай туады. Титімдей гравюраны идеядан қағазға бастырылатын мөр сияқты дәрежеге жеткізгенше тек тынымсыз жұмыс істей беруге тура келеді. Мәрзия Жұмашқызы Жақсығарина 1 сәуір 1961 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының Шаңды ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Жұмаш Беркімбетұлы Жақсығарин 1977 және 1980 жылдардың социалдық жарысының жеңімпазы, Еңбек Қызыл Ту Орденін алған(1973), "Құрмет Белгісі" Орденінің (1981) иегері. Анасы Жансұлу Бүркіталина Елғондықызы сол кезедгі байдың қызы болған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған. 7 баланы: 5 ұл, 2 қызды өсірген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2023
134
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ» МКҚК











Ғылыми жұмыс

Тақырыбы:

Қазақ экслибрисі-Мәрзия Жұмашқызы

Ғылыми бағыты: Тарихыңды таны- тұлғаңды құрметте



















Орындаған: Русланқызы Нұрхаят, Муратова Мадина

Жетекшісі: ҚББП Мерекеева Айжан Байғалиқызы









Ақтөбе – 2023 жыл

Мазмұны

I.Кіріспе…………………………………………………………….………3

II.Зерттеу бөлімі

2.1.Кітап белгілерінің құпиясы ................……….......…………….….…4-5

2.2. Қазақ экслибрисінің шығу тарихы …………………………..…….6-8

2.3. Қазақ экслибрисі-Марзия Жұмашқызы ………..........………..........9-10

2.4. Қылқалам шеберінің дара жолы ......................................................11-12

III.Қорытынды………………………………………………………..……13

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..…14

V.Қосымша……………………………………………………………..….15





























I.Кіріспе

«Барлық адам балалық шағында суретші болады.

Дегенмен біршамасы ғана өскенде сол бағытынан айнымайды.

Көркемөнерді ойлап шығаруды да білу керек»

Пабло Пикассо

Ұлттық бірегейліктің айрықша белгілерін әрқашан әлемдік кеңістікте көрсететін дүние ол, әрине - өнер болмақ. Өнер салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың ерекшеліктерін анықтайтын күшке ие. Ал сол ұлттық колорит пен тарихты көрсету қазақ бейнелеу өнері үшін маңызды болып есептеледі. Себебі, бейнелеу өнерінің ұлттық кәсіби деңгейі, яғни қазақ суретшілерінің шығармалары қазақ болмысы мен ұлттық нақыштың тарих беттерінде мәңгі айна болып қалатынын көрсетеді. Ұлттық құндылықтар туралы айтқанда, біз бәрімізге қатысты үлкен жауапкершілікті көреміз. Өйткені, ұлттық өнер мен ұлттық құндылық кез-келген халықтың ерекшелігін көрсетеді. Ал сол ерекшелікті анықтау үшін бірінші кезекте қазақ бейнелеу өнеріне жүгінсек болады. Себебі, бейнелеу өнеріне қатысты “Өнер-мәдениеттің айнасы” деген пікір бекер айтылмаса керек.

Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы олардың шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, экслибрис, портрет, пейзаж жанрларына жатады.

Экслибрис мәдени құбылыс ретінде әлеуметтік ортада да маңызды рөл ойнайды. Арнайы экслибрис салуға тапсырыс беретіндер қазір де табылады. Және бұл кітаптардың кімге тиесілі екендігін ғана көрсетіп қоймайды әрі сол адамның мәдени-интеллектуалдық деңгейін де танытады.

Ұзынсөздің қысқасы, біздің елімізде халықаралық деңгейде мойындалған экслибрисшілер бар ма десек, суретшілер қауымдастығы бір ауыздан Ақтөбедегі Мәрзия Жақсығаринаны атаған болар еді. Мәрзия Жақсығаринаның сырт мемлекеттерде көрмелерін өткізіп, Халықаралық каталогтардан есімін кездестірген сайын, жерлестерінің де жүрегін мақтаныш кернейді.




II.Зерттеу бөлімі

2.1.Кітап белгілерінің құпиясы

«Экслибрис – элитарлық өнер.

Және бұл толығымен түсінікті де.

Бес миллионға арналған өнер болады,

бес мыңға арналған немесе

бес адамға ғана арналған өнер болады»

Санктпетербургтік коллекционер Вениамин Худолей


Экслибрис (лат. Exlibris – «кітаптардан») – кітапқа кітапхана иелерінің негізінен түптің ішкі жағына жапсыратын кітап белгісі. Әдетте, экслибристе иесінің аты мен тегі және иесінің кәсібі, қызығушылықтары немесе иесінің кітапханасының құрамы туралы қысқа және бейнелі түрде сөйлейтін сурет көрсетіледі.

Ең қарапайым кітап тақтайшасы – кітап иесінің аты жазылған қағаз жапсырма (кейде ұранмен немесе эмблемамен біріктірілген). Көркем кітап тақтайшалары – баспа графикасының туындылары. Олар әртүрлі гравюра әдістерімен жасалады - олар мыс, ағаш немесе линолеумға қашалған, мырыш немесе литографиялық әдістерді қолдану арқылы орындалады.

Экслибрис аса күрделі өнер. Бұл жанрды түсіну үшін суретші линогравюраның қалай кесілетінін зерттей білуі қажет. Гравюра техникасы төзімді, үлкен еңбекқорлықты талап етеді. Иненің жасуынан өтетіндей дұрыс сызықтар тудыру үшін материалдардың қарсыласуын жеңіп, яғни линолеум, самшит, қорғасын пластиналарына миниатюралық құрал-саймандармен нәзік оюлар салынады. Клише осылай туады. Титімдей гравюраны идеядан қағазға бастырылатын мөр сияқты дәрежеге жеткізгенше тек тынымсыз жұмыс істей беруге тура келеді.

Егер суретші туындысын тамашалаған адамға эмоционалдық тұрғыда әсер еткісі келсе, бір немесе екі түсті ғана қолданып қоймай, акварельдің көмегімен қосымша реңк береді.

Экслибрис XVI ғасырда Германияда ойлап табылған. Алғашқы кітапшалардың авторларының арасында Альбрехт Дюрер, Лукас Кранах және Кіші Ганс Холбейн сияқты Қайта өрлеу дәуірінің ұлы шеберлері болды.

Ең көне орыс кітапшасы - Соловецкий монастырының 1493-1494 жылдардағы кітаптарынан табылған Аббат Доситейдің қолмен салынған кітап белгісі.

Ресейде экслибрис 18 ғасырдың басында пайда болды - Петр I енгізген басқа еуропалық жаңалықтармен бірге. Әрине, экслибристердің алғашқы иелері императорлық отбасының мүшелері, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары мен өкілдері болды. тектілігі. Кітаптың асыл иесі оны әдетте мақтан тұтатын латын ұраны сүйемелдеуімен елтаңбасының суретімен безендірді. Бірақ иесін анықтаудың одан да тиімді жолы суперэкслибрис болды: сол елтаңба, бірақ кітап мұқабасының жоғарғы мұқабасында алтынмен бедерленген.

Егер экслибрис жанрындағы туындыларды жинайтындар болмаса, бейнелеу өнеріндегі бұл бағыт бағаланар ма, бағаланбас па еді, кім білсін?! Экслибристің дүниеге келуі газет-журнал шығару, кітап басу ісімен қатарлас болғандықтан болар, оны баспасөзбен қоса құриды деп болжайтындар бар. Алайда экслибристің ең үздік үлгілері қайталанбас жәдігерлер қатарында қала бермек.






























2.2. Қазақ экслибрисінің шығу тарихы

Қазақ экслибрисінің ұлттық мәдени мұра категориясына енетін жеке құбылыс ретінде оянуы өткен ғасырдың 70-ші жылдарының орта тұсына дөп келеді. Дау жоқ, егер экслибристі әркім өзінің жекеменшік төлтаңбасына айналдыра бастаған кезге оралсақ, бұл мәселені алғаш басыла бастаған қазақ кітаптарына түскен рулық белгілермен — тамғамен (таңбамен) байланыстыруға болар еді.

Ал тамғаның тарихы бұдан мыңдаған жылдар бұрынғы түркілердің, түркі-қазақтардың ежелгі мәдени ескерткіштеріне апаратынын, мысалы, Б.Бартольд, Н.Бичурин, А.Окладников, Д.Майдар тәптіштеп-ақ жазған. Әрбір ру ешқашан өзінің тамғасынан ажырамаған, бұл, әрі-беріден соң, түркі халқының бұлжымас заңы болған. Ежелгі түркілердің негізгі ізбасары ретінде осы тәртіпті кейін қазақ жұрты да берік ұстанған. Тамға халықтың, рудың, тайпаның жеке таңбасы ретінде қастерленіп, сондай ерекше маңызды да символдық көрініс ретінде әскери байрақтарға тігіліп, кейін пайда болған елтаңба тәрізді құрметке ие болған. Бұдан соң, заман өзгере келе, «меншік иесінің белгісіне» айналып, үй тұрмысына еніп кеткен. Тамға экслибристің арғы атасы болатыны сондықтан.

Қазақстанда графика жанры Шоқан Уәлихановтың экспедициясы құрылған кезден басталады. Бұл — ХІХ ғасырдың екінші жартысы еді. Осы ұлы ғалымның жолжазба суреттерін, портреттерін, пейзаждары мен күнделікті тұрмыстық бұйымдарды, түрлі көріністерді, сәулет ескерткіштері мен қазақ-қырғыз жұртының ұлттық киімдерін қағаз бетіне түсіруін қазақ графикасының алғашқы тәжірибелері деуге болады.

Ал қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуын зерттеушілер, әрине, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына жатқызып жүр.

Станоктік графика Қазақстанға В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, Г.Брылов, сондай-ақ, В.Граббе, С.В.Кукуруза тәрізді өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңындағы қуғын-сүргін кезінде жер аударылып келген орыс суретшілерінің келуімен байланыстырылады. Ұлы Отан соғысында бұлардың қатарына Д.Митрохин, В.Воинов, Т.Глебова, В.Стерлигов сияқты суретшілер қосылды.

Тұңғыш рет 1968 жылы Алматыда өткен С.Г.Ивенскийдің шығармаларынан жасақталған экслибрис көрмесі Қазақстанның көркемөнеріндегі елеулі құбылыс болды. Бұл оқиға жергілікті суретшілердің ерекше ықыласын оятты да, 1971 жылы кітап графикасына арналған алғашқы I-республикалық көрме өтіп, оған үш облыстан 19 автор қатынасты. Назарға 119 экслибрис ұсынылды. 1983 жылғы II- республикалық көрмеге 41 автордың 350 кітап белгісі қойылды. Одан бергі кезеңдерді қысқартып баяндасақ, Н.Строваның 1989 жылы «Қазақ экслибрисі», 1996 жылы «Ақтөбе экслибрисі» кітаптары жарық көрді, ал 1999 және 2001 жылдары Ақтөбе қаласында өткен халықаралық экслибристер көрмесінің каталогтары басылып шықты. Қазақ экслибристері Чехия, Польша, Америка, сондай-ақ, Ресей мен Украина журналдарында жарияланды.


Қазақ суретшілерінің экслибристері тақырыптық һәм стильдік әр алуандығымен назарға ілігеді. Бірқатар еңбектерге ұлттық нақыштар тән болса, енді басқалары бейнелерді пейзаж бен фольклорға, тарих пен архитектураға негіздеген романтикалық немесе оқиғалық сюжеттермен байытты.

Міне, осы қасиеттер қазақ суретшілері Әнуар Өтеген Тана мен Мәрзия Жақсығаринаның кітап белгілерінен де анық байқалады.

Әнуар Өтеген-Тана 1942 жылы 20 шілдеде Ойыл селосында дүниеге келді. 6 сәуір 2022жылы Ақтөбе қаласында қайтыс болған. 1972 жылы Төменгі Тагиль мемлекеттік педагогикалық институтының көркемөнер-графика факультетін бітірген, дипломдық жұмысы «Менің отбасым» деп аталған линогравюралық серия еді.

Шығармашылық кәсібін сол 70-жылдары бастаған Әнуар әуелі қазақ жұрты мен сол жұрттың тіршілігін бейнелеген графикалық сериялары мен талай кітаптарды көркемдеген иллюстрациялары арқылы дереу танылды.

Ол бастапқы кезде линогравюра техникасы мен офорттық графикаға көбірек ықылас аударды. Гуашь, пастель, көмір, акварель және қарындаш суретшінің сол кезгі жақын тұтқан құралдары еді. Бұдан соң майлы бояуға да кезек келді. Суретшінің әсем живописьпен суарылған картиналары жұртты кейбір графикалық формаларымен де ерекше сүйсіндіретін.

Солайша 1972 жылдан бастап Әнуар республикалық, бүкілодақтық һәм халықаралық көрмелерге біздің облыстың сәлемін жеткізе бастады. Ал 1978 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі атанды. Мұндай одаққа қабылдану ол кезде әркімге бұйыра бермегені де рас.

Экслибристің шебері ретінде оның шығармалары 1989 жылы шыққан «Қазақ экслибрисі» каталогына енгізілген еді. Оның миниатюраларында ұлттық әуен ерекшеленіп тұратыны бар. Яғни қазақы нақыш суреттің негізгі жүгін көтереді де, бұйымдар мен заттар соған қосымша қызмет етеді. Оның шығармаларының ерекшеліктері — ұлттық салт-дәстүрді осы заманғы көріністермен астастыру, тұнық лирикалық әуен.

Әнуардың «Суретті әліппесі» (1992) — Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы қарлығаштарының бірі. Әрбір әріпті әсем көркемдеген бұл әдістемелік құрал қазір де қазақ алфавиті мен тілді үйретудегі негізгі көмекшілердің сапында келе жатыр. Альбомды зерделей қараған кезде суретшінің сұңғылалығы мен өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін жете білетіндігі анық аңғарылады. Балалар мен жас буынның көзіне көп түсе бермейтін көне көріністер мен көп қолданылмайтын ескі сөздер көкіректі оятады. Ал өлкемізде сирек кездесетін құстар мен аңдар суретшінің «Бұларды қорғау керек!» деп аталатын суретті кітабына (1993) негіз болды.

«Менің отбасым», «Қазақтың салт-дәстүрі мен тұрмысы», «Әлия», «Махамбет», «Хадистер», «Шежіре», «Естеліктер», «Гендерлік саясат», «Өрнектер», «Өмір комедиясы», «Кресло», «Біздің комедия», «Бабам туралы» тәрізді сериялар мен әрқилы графикалық техникалармен жасалған 600-ге жуық экслибристері оның талмай ізденулерінің мол жемістері.

Ақтөбедегі ұлттық қолданбалы өнердің негізін қалаушы ретінде Әнуар қазір республикамыз бен шетелдерге мәлім болған тұтас буынды тәрбиелеп шығарды: Таймас Телеуішев, Алексей Верещагин, Марат Сапин, Тағыберген Қайрақбаев, Нұрлан Төлепбаев, Нұркен Өтеген, Владимир Аралбаев, Бақыткерей Жапаров, Мәрзия Жақсығарина, Марат Бекеев, Өмірбек Жұбаниязов, т.б.

Өткен жылға дейін Әнуар Өтеген-Тана Қазақ-Орыс халықаралық университетінің профессоры, студенттерді дизайн мамандығына баулыды. Оның мұндағы шәкірттері де халықаралық экслибрис және графика көрмелерінің дипломанттары болып үлгерді.

Суретшінің еңбегі тіпті де тасада қалған емес. Оның есімі «Абай» (1995), «Ақтөбе» (2001) энциклопедияларына енгізілді. 2003 жылы Португалияда шыққан “CONTEPORARY INTERNATIONAL EX-LIBRIS ARTISTS” («Экслибристің қазіргі әлемге танымал суретшілері») әлемдік энциклопедиясының ІІ томы біздің суретшіміз туралы да толымды деректер берді. Ал Павел Стеллер атындағы медаль және дипломмен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, «Жальгирис-600» эксибристер мен графика көрмесінің халықаралық дипломымен, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің «Сапалы маман иелерін даярлауға зор үлес қосқаны үшін» Құрмет грамотасымен марапатталғаны осы сөзіміздің куәсі.


























2.3. Қазақ экслибрисі- Марзия Жұмашқызы

Біздің елімізде халықаралық деңгейде мойындалған экслибрисшілер бар ма десек, суретшілер қауымдастығы бір ауыздан Ақтөбедегі Мәрзия Жақсығаринаны атайды. Мәрзия Жақсығаринаның сырт мемлекеттерде көрмелерін өткізіп, Халықаралық каталогтардан есімін кездестірген сайын, жерлестерінің де жүрегін мақтаныш кернейді.

Мәрзия Жұмашқызы Жақсығарина 1 сәуір 1961 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының Шаңды ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Жұмаш Беркімбетұлы Жақсығарин 1977 және 1980 жылдардың социалдық жарысының жеңімпазы, Еңбек Қызыл Ту Орденін алған(1973), "Құрмет Белгісі" Орденінің (1981) иегері. Анасы Жансұлу Бүркіталина Елғондықызы сол кезедгі байдың қызы болған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған. 7 баланы: 5 ұл, 2 қызды өсірген.

Жас Жақсығарина Шаңды ауылындағы 8 жылдық мектепті бітірген. Оқуын Жаңа-Михайловск орта мектебінде жалғастырған. Мәрзия да бала күнінде жаздың жаймашуақ кештерінде аспандағы жұлдыздарға қол созып, алыс-алыс елдерді аралауды, атақты суретші болуды армандаған. Ол Ақтөбедегі мәдениет-ағарту училищесінде көркем безендіру бөлімі ашылғандығы туралы хабарландыруды көріп, бірден қалаға аттанады. Бақытты 30 студент – жаңадан ашылған бөлімнің алғашқы қарлығаштары еді.

Алғаш өнер туралы білімін Ануар Өтеген-Танадан алған, ал өнер тарихы туралы Петр Калиниченкодан алған. Оқуында үлкен жетістіктерге тез жете бастады. 1979 жылы Кавказды жеке өнер көрмесін ұйымдастырған. Училищені үздікке бітірген Мәрзия Мәскеу қаласына тұруға көшіп кетті. Сол жерде ол Лихачев атындағы Мәскеу зауытында суретші-безендіруші болып жұмыс жасады.1988 жылы Жақсығарина Алматыдағы Абай атындағы университетте графикалық өнер оқуын жалғастырды. Университте өнер тарихын белгілі, атақты Людмила Зальцман берген.

Қазір бейнелеу өнерінің қыр-сырын түпкілікті меңгеру үшін аудиторияда түнейтін студенттер бар ма, жоқ па, кім білсін. Мәрзия өзінің 60 жұмыстан тұратын тұңғыш көрмесін училище қабырғасында-ақ өткізген. Есесіне заманына орай облыстық газетте талантты қыз туралы суретімен «Коммунизмге жол» деген көлемді мақала шығады.

Біздің кейіпкеріміз экслибрис өнерімен 1994 жылдан бері айналыса бастаған. Ол алғашқы туындыларын талай көрмеге жолдаса да, екі жылдан кейін ғана суретші Варшава қаласының 400 жылдығына арналған Халықаралық экслибрис биенналесіне шақыру алады да, бес айлық баласымен алыс сапарға шығады.

Содан бері суретші 160-тан астам көрмеден ойып тұрып орын алыпты. Оның 110-ы – АҚШ, Аргентина, Мексика, Бельгия, Франция, Польша, Чехия, Словения, Испания, Корея, Украина, Түркия, Литва, Ресей елде­рінде өткен халықаралық көрмелер. Және экслибристен өзінің 25 бірдей жеке көрмесін өткізгенін, мұнан да бөлек Мәскеудегі Экслибрис музейінде жеке көрмесін өткізген тұңғыш қазақ суретшісі екенін атау ләзім. Сондай-ақ Мәрзия Жақсығарина ұстазы Әнуар Өтеген-Танамен бірге Варшавадағы экслибрис музейінде көрме өткізген алғашқы қазақтар екенін ұмытпаған жөн.

Мәрзия Жұмашқызы экслибрис жанрының өлмеуіне, өз шығармашылығының алға жылжуына өлшеусіз қызмет жасап жүрген жандар болмаса, құлшынысым баяғыда-ақ кеміп кеткен бо­лар еді, дейді. Бұлар – көрме ұйымдастырушылары, баспагерлер, коллекционерлер мен экслибрис жанрын бағалайтындар.

Бірінші экслибристерімді оның барлық заңдылықтарын сақтай отырып, белгілерден, кішірек көлемде бастадым. Сосын біртіндеп жұмыстарымның көлемі үлкейіп, экспозициялық, кәделік ауқымға ұласты. Композиция идеясымен көп жұмыс істеймін. Оның әрбір бөлшегі туралы ойланамын. Бір ғана жұмыстың эскизіне 2 аптадан бастап, 5 айға дейін жұмсайтын кездер болады, – дейді суретші.

1994 жылы Мәрзия Қ.Жұбанов атындағы университетте өнер кафедрасының мұғалімі ретінде жұмыс жасады. 2002 жылы Санкт-Петербургте диссертация қорғап, культурология кандидаты атанды. 2004 жылы Жұбанов атындағы университетте «Дизайн» кафедрасының доценті атанды. 2007-2013 жылдары қазақ-орыс халықаралық университетінде жұмыс жасады. Ал осы жұмысы үшін оған 2011 жылы профессор міндетін берді.

Ендігі жерде өнертану профессоры, мәдениеттану ғылымының кандидаты, Суретшілер одағының мүшесі Мәрзия Жақсығарина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті дизайн кафедрасының студенттерін экслибрис өнеріне баулиды. Оның көптеген шәкірттері қазірдің өзінде Италия, Польша, Ресей сынды бірқатар елдерде өткен көрмелерге өз бетінше қатысып үлгерді. Шәкірттері: Суретші-график «Sigma Graphics» шеберханасының иесі Давид Дерезовский; Халықаралық графика және экслибрис байқауларының жеңімпазы, суретші Людмила Рогова; Ақтөбе қаласына танымал «Nika design» басшысы, дизайнер Екатерина Аманжолова.
















2.4. Қылқалам шеберінің дара жолы

Өнер тарихы профессоры, мәдениеттану кандидаты, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мәрзия Жақсығарина алғашқы экслибрисін 1991 жылы салған. Жақсығарина атақты шетелдік қайраткерлерге арнаған 260 эклибрисінің авторы. Негізгі сериялары: «Қазақ елі» (1995—1996), «Ювелирные украшения Казахстана» (1997), «Абай — 150 жыл» (1995), «Ұлы жеңіске 50 жыл»(1995), «Мұхтар Әуезов — 100 жыл» (1997), «Құдайберген Жұбанов — 100 жыл» (1999), «Экзюпериана» (1994—2013), «Пушкиниана» (1998), «Архитектура» (1998) және т.б.

1998 жылы Жақсығарина Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі атанды. Сол жылы Мәрзияның жасалған жұмыстары үшін оған Ақтөбенің құрметті азаматы атағын берді. Халықаралық көрме ұйымдастырғаны үшін, қазақ мәдениеті мен рухын мадақтағаны үшін және ғылым, мәдениет салаларындағы үлкен жетістіктері үшін 2001 жылы «Еңбегі үшін» атағын иеленді. 2003 жылы Ақтөбе адамы атанды. Суретші Жақсығаринаның туындыларын тек жерлерстер ғана бағалаған жоқ, оны шетелдіктерде жақсы бағалады. 2003 жылы «Заманауи эклибрис суретшілері» әлемдік энциклопедиясының 2-ші томына енгізілді. Сонымен қатар, оның атақты туындыларын Польшада шығырған.

Жақсығарина көп жылдан бері қазақ тарихы мен мәдениетін мадақтаған және әлі де мадақтауда. 1998 жылы ол көрме өткізді және ол жерде өзінің 140 эклибрисін Оренбургтің 255 жылдығына сыйлаған. 2003 жылы сәуірде К.Жұбанов атындағы инженер-техникалық университетіне 50 эклибрисін сыйға тартқан. 2003 жылы Ануар Өтеген-Тана мен Мәрзия Жақсығаринаның бастауы бойынша Ойыл ауданының орталығында өнер музейі ашылды. Олар музейдін ашылуына 600 шақты туындыны берді. Оның ішінді белгелі Ресей және қазақ тұлғаларының шығармалары болды. 1998 жылы Ақтөбенің 130 жылдығына байланысты «XX ғасырдың польшалық суретшілері» көрмесін өткізді. Көрмеде 100 польшалық суретшінің 900-ге жуық эклибристері көрсетілді. 1999 жылы Құдайберген Жұбановтың 100 жылдығына арналған көрменің жетекшісі болды. Көрмеде 25 елден келген 124 суретшінің 357 туындылары көрсетілді.

Жақсығ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!