Қазақ елінің әр кезеңдегі мемлекеттік рәміздері - тарих, шежіреМақсаты: Тарихтағы таңбалар мен рәміз белгілерінің пайда болуы және казіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің туу тарихына және олардың авторларына тоқталу.Дамытушылық мақсаты: Рәміздерді салыстыра отырып,оқушылардың танымдық ой - сараптамалық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу қазақстанның әрбір азаматының борышы екенін ұғындыру.Сабақтың түрі: саяхат сабақ.Әдісі:интерактивті, иллюстративті.Көрнекілігі: суреттер, бейнетаспалар.Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка пәндері.Кітапханашы:Бәрі болған қазақ сынды көне елде,Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де,Жаһандағы ең жуынгер халықта Кім сенеді,Ту болмады дегенге?!Батырлыққа уызынан жарыған,Ер түркіні байрағынан таныған.Өзі ақын, өзі әнші халықтаКім айта аларБолмаған, - деп, - Әнұран?!Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға,Қалай оның Елтаңбасы болмайды,Түлігіне дейін салса ен - таңба?! -деп жас ақын Абзал Бекешовше айтқандай. Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығында да шет елдерге өзіндік бет - бейнесін танытатын белгілері - ел нышандары (Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) болатыны белгілі. Таңба түркі тайпаларында өте ерте заманнан - ақ қолданылған.1466 жылы күз айында Сарыарқадағы Нұра өзені бойында көп халық рулары мен тайпалары басшыларының қазақ хандығын құру үшін тұңғыш бас қосуы болатын. Жиналғандар қазақ тайпаларының басын қосатын қазақ хандығы құрылсын деп шешкеннен кейін, келесі мәселеге көшті. Ол рудың өз таңбасын, белгісін анықтау болды. Мұндай белгі не үшін қажет? Ол кезде жайылым үшін, жер үшін, сауда жолдары үшін рулар арасында дау - жанжал жиі болып тұратын. Осындайда кімнің қай рудан екенін білу үшін әр рудың өз таңбасы болғаны дұрыс еді. Халық жырауы Асан қайғы рудың белгісі етіп таңба үлестірді.Қыпшаққа - айбалтаны, үйсінге - жалау, жалайырға - шылбыр, найманға-бақанды, арғынға - көзтабанды, адайға - садақ пен жебені т.б. Халық сол күннен бастап "Нұраның таңбалығы" деп атап кеткен. Таңба белгілерінің ең ертеден келе жатқандарының бірі - тулар. Туды адамдар ертеден - ақ пайдаланған. Тіпті ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің сол кезге лайық тулары болған. Бертін келе ту жасау ісі жетіле түсті. Матадан жасалған тулар мұнан үш мың жыл бұрын алғаш рет қытайлар мен үнділіктерде болған. Сол тұста қазақ даласында да тулар пайда бола бастады. Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сзылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөгде, Бумн және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай - қайсының да өз байрағы болғаны тарихта мәлім.Мысыалы, "көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісінің белгісіне баласа,түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған. Сондықтан ата - бабаларымыз:Көк асаба, қызыл ту-Айқайлаған ұлы шу! Көк асаба, қызыл