Материалдар / Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ептегілерінің кешешек ұрпаққа берер тәрбиесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
541
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігі

Шалқар қаласы, №3 жалпы білім беретін орта мектеп

Бағыты: _______________________

Секциясы: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:  «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»

Жоба авторы: Алиманова Роза Туремуратовна

Жетекшісі:  Алиманова Роза Туремуратовна №3 жалпы білім беретін орта мектебі, Шалқар қаласы

Кеңесші:Умбеталина Зоя Бабырашовна, Филология ғылымдарының кандидаты,доцент. Қазақ-Орыс Халықаралық университеті

«Қазақ ертегілерінің  тәрбиелік мәні» атты ғылыми жобаға  берілген


Сын пікір

Ғылыми жоба тақырыбы бүгінгі күнгі ұлттық сананы жетілдіру, жеке тұлға тәрбиелеу мақсатындағы мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарымен сабақатастығы оның өзектілігін айқындайды. Қазіргі таңдағы «Рухани жаңғыру» аясында жүргізілуге тиісті іс-шараға да өз үлесін қоса алады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасын  тасқындап келіп жатқан жаһандану дауылына қарсы тік тұра алатын жігерлі рухты өз ұлтымыздың ішкі рухани байлығынан іздеу – ең ұтымды жол. Кішкентай  бүлдіршіннің санасына ең бірінші ұлттық сана сәулесін түсіретін ұлтымыздың ертегілері мен аңыздары. Жетекші осы мәселені жақсы ұғынған. Өз алдында тәрбиеленіп жатқан шәкіртін осы бағытқа жетектеуге әрекет жасаған. Бұл – қолдайтын әрекет. Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігіне де дәлел бола алады.

Ғылыми жобаға жоспар жасалған. Кіріспе, Қорытындыдан өзге Негізгі бөлімді екі тақырыпқа бөліп қарастырған. Өз бетінше ізденген Сагдиана қазақ ертегілерінің түрлерін оқулықтардан алынған ізденісіне сәйкес баяндаған. Екінші бөлімі «Ертегінің тәрбиелік мәні» деп, жоба тақырыбын осы тарауда ашуға әркеттенген.

Бүлдіршін талапкер өзінің негізгі қортыныдыларын жүйелі баяндаған.

Ғылыми жоба шартына сәйкес, _______________ өзінің тақырып бойынша  ұсыныстарын анық көрсете алған. Қарапайым және өте пайдалы ұсыныстар деуге болады.

Қорыта айтқанда, ______________________________ дайындаған «Қазақ ертегілерінің  тәрбиелік мәні» атты ғылыми жоба өз жасына сәйкес дұрыс орындалған. Жас талапкердің айтқан ойы, берген ұсыныстарын кәдеге жаратуға болады.

Әрине, нақты ертегілерді тереңірек талдау қажеттігі көрінеді. Оны болашақта әрі қарай жалғастырар деп сенуге болады.  Сагдианаға сәттілік тілеймін.

Сын пікір берген: Умбеталина Зоя Бабырашовна, Филология ғылымдарының кандидаты,доцент. Қазақ-Орыс Халықаралық университеті

Пікір

Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі ертегілер және олардың тәрбиелік мәнін зерттеу барысында ___________ класс оқушысы ____________________ өзінің халық ауыз әдебиетінің бірі ертегілерге деген қызығушылығы және олардың тәрбиелік мәнін ұғына білді. ___________ ертегілердің түрлерін бар ынта-ықыласымен оқып, оларды өзінен кейінгі іні-қарындастарына түсіндіре айтып, кітапханалардан түрлі ертегі кітаптарды іздеп,оқиды екен. Өмірде қазақ ертегісінің тәрбиелік мәні зор екенін, яғни ертегіні оқу арқылы адам бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге болатынын ____________ түсіне білді. Ол зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар тастамақшы. Осындай жас буын _______________ талпыныс еңбегі жақсы бағаланып, ұсыныстары қабылданып, іске асырылады деген сенімдемін. Жетекшісі: Алиманова Роза Туремуратовна

Аннотация

Қазақ  ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Қазіргі таңда жаңа технология дамыған заманда  балалардың қиялынан тек қана робот машиналар немесе тоботтар деген қиял ғана туады. Олай дейтін себебім телеарналардан көбінесе шетелдік ертегілер көрсетіліп жұр. Ал қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Балаларды  қазақ ертегілерін насихаттау арқылы тәрбиелеу.

-Ертегілерді асыл мұра  деп қабылдау

-ғылым мен техника дамыған заманда ғаламторда, ақпараттық құралдарда, баспасөз беттерінде  қазақ ертегілерін  жариялау.

Ғылыми жобаның міндеті:

-Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу.

Зерттеу жаңалығы:

1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

2. Аудиодискілер, ұялы телефонның App Store, Play Market жүйелерінде ертегілер программаларын шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.

3.Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлерінің суретін салса.

4.Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.

5. Шоколад қораптары сыртына суреттерін салу.

6.Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.

7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.


Зерттеу нәтижесі:

1. Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.

2. Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.

3. Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, ұялы телефонның App Store, Play Market жүйелерінде ертегілер программаларын үйде ұйықтар алдында тыңдауға болады.

4. Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.



Аннотация

Цель иследовательской  работы: Воспитательная роль казахских сказок.

-принятие казахских сказок как наследие.

-казахские сказки так же встречаются:в информационных носителях, издательствах  и  во многом  другом.


Abstract

Abstract: the purpose of  this  study is to examine the peculiarities of Qazaq fairy tales, as well as its role in the moral education of preschool children. In the education of people by kind, merciful, honest fairy tale plays the most important role. A child who, "grew up in fairy tales," will never commit meanness, will keep optimism in the hardest moments of life, because the folk tale is the best teacher. Therefore, we can safely say that the study of fairy tales is always a relevant, necessary direction of work in a modern school.


Keywords: role, fairy tale, folk fairy tales, Uzbek, wonder fairy tale, social fairy tale, fairy tale about animals, peace, the good and the bad, the moral education, children of preschool age.

5 Reasons why fairy tales are good for children:

1. They boost a child's imagination and cultural literacy

2. They teach us right from wrong

3. They develop critical thinking skills

4. They can help children deal with emotions themselves

5. And finally, they are great fun!

Fairy tales help to teach children an understanding of right and wrong, not through direct teaching, but through implication.











































Мазмұны

І.Кіріспе..........................................................................................................................3-5

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Қазақ ертегілерінің түрлері ....................................................................................6-9

2.2.Ертегінің тәрбиелік мәні .....................................................................................10-12

ІІІ.Қорытынды ..............................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................14













































Кіріспе

Менің зертеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Менің ертегіге деген қызығушылығым кішкентай кезімнен басталды. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Себебі, қазақ  ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай, кәзіргі кезде ғаламтордан, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер, анимациялық фильмдер  жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Қазақ ертегілерінің  тақырыптары сан алуан.

Зерттеу жұмысымдағы мақсатым қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды  қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда  насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды айтсам деп едім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді болад деген ойдамын. Менің ойымша адамдардың бойында тек қана жақсы қасиеттер болуы тиіс, ал осы қаситеттерге қазақ ертегілерін оқу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан да  мен қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттемек болдым. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым.

Ертегі құдіретті нәрсе, ұйқыға батқызады,қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегілер ерте  заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді.

Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс- салты, іс-әрекеті   басты   орын   алады. Ертегі балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды  ғажайыптың бейнелеуші құрал ретінде қолданылады. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан

Осы ауызша әңгімелері, ертегілері   арқылы   еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы, мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесін  тудырған. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертекші», «ертегіші» дейді. Осы атау көп ертегінің басында әдейі айтылып  отырады. Қазақ ертекшісі  де көптен көп ертегісін: «ертеде бір бай болыпты», «ертеде бір ханым болыпты», «ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп бастайды. Немесе «ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеді» деген сияқты көп ертектерге ортақ ерекше өлең бастауымен келеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақта,ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табуымен аяқталады.

«Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Ертегінің түрлері

Мен жетекшіммен бірлесіп қазақ халық ертегілерімен танысқаннан кейін, олардың түрлерін, ерекшеліктерін зерттей бастадым. Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты

1.Қиял-ғажайып ертегілері,

2.Түрмыс-салт ертегілері,

3.Хайуанаттар туралы ертегілер,

4.Шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!