Материалдар / Қазақ фольклорындағы (батырлық жыр, ертегі) тұлпарлар бейнесі және оның мифологиялық ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ фольклорындағы (батырлық жыр, ертегі) тұлпарлар бейнесі және оның мифологиялық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне аңыз, батырлық жырларды оқушыларға меңгертуде көмекші құрал ретінде қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
633
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ фольклорындағы (батырлық жыр, ертегі) тұлпарлар бейнесі және оның мифологиялық ерекшеліктері

Бұл мақалада халық ауыз әдебиетіндегі көшпелі халықтың түсінігіндегі мифологиялық аттар бейнесінің адам өміріндегі орны көрсетіледі.

Қазақтың ұлттық  болмысы, жылқыға байланысты тарихи-этнографиялық деректердің қайнар көзі - фольклорлық материалдар болып табылады, мәдениет, тарихымыз атадан-балаға мирас болып келе жатқан аңыз-әңгімелерде, батырлық жырларда, ертегілер мен шешендік сөздерде, жұмбақтар мен жаңылтпаштарда сақталған. Ауыз әдебиетінің көпшілігі көшпелі малшылардың көзқарастарын, ұғымдарын, еңбек процестерін, олардың көпғасырлық еңбек тәжірибесін әр жақты көрсетеді. Мысалы, халық әдебиетінде көшпелі тұрмыстағы жылқы малының маңызы кеңінен бейнеленеді.

Мал бағып, жылқы өсірген, өмірінің көп уақыты ат үстінде өткен көшпелі халықтардың мәдениетінде - жылқы малының алған орны ерекше. Қазақ халқының нанымдық түсінігінде - бұл дүниедегі жан серігі болған аттар оған о дүниеде қызмет ету үшін иесімен бірге жерленетін болған. Оған дәлел ретінде археологиялық қазбаларда табылған мініс пен сойысқа арналған табындық жылқылар мен жүйріктігімен ерекшеленетін асыл тұқым сәйгүліктердің қалдықтары. Көшпелі халықтар өздерінің жан серігі аттарының ер-тұрмандарын түрлі мифологиялық бейнелермен әшекейлеген, құстай ұшқыр сәйгүліктердің бейнесін өздері тұтынған түрлі заттарға, тастарға салған. Қазақтың жылқыға байланысты туған наным-сенімдері Х.А.Арғынбаевтың, Ә.Т.Төлеубаевтың, С.Е.Әжіғалидің еңбектерінде, мақалаларында көрініс тапқан.

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде шаман діні мен мұсылман діні, сенімдері ұштасып, араласып отырады. Бұл ертегілер орыс, үнді, араб және Орта Азия халықтарының ертегілеріне ұқсайды; оларда әлгіндей арман, мақсаты , ұшқыш кілем арқылы берілген болса, біздегі қай ертегіні алып қарасақ та, қаһарманға көмектесетін "алты айлық жерді алты-ақ аттап өтетін" өрен жүйрік "тұлпар" ат болады, батырды көкке алып ұшатын "самұрық құс" болады.

Мен үлгі ретінде Ер Қосай, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Тарғын жырлары және архаикалық сипаттағы ертегілерден Ер Төстік, Алтын ат және Керқұла атты Кендебайлардан мысал қарастырдым. Осы сияқты мифтік сипаттағы ертегілерде ұшатын аттар, қанатты тұлпарлар, пырақтар жайлы айтылады.

Қанатты аттар бейнесі - қазақтың ауыз әдебиетінде жиі кездесетін мифтік бейне. Қанатты аттар көшпелі халықтың көне мифологиясындағы 3 мың жылдай бұрын пайда болған, аспан дүниесін мекен ететін, адамға, мифтік қаһарманға көмекші саналатын көне мифтік бейне.

Қанатты аттардың аспан әлемімен байланысы - қазақтардың космонологиялық мифтерінде де көрініс тапқан. Мәселен, аспандағы жұлдыздар бейнесіндегі Темірқазыққа екі қанатты Ақ боз ат, Көк боз ат байлаулы тұрады-мыс; оларды Жеті Қарақшы ұрлап алу үшін сол Темірқазықты айналып жүреді екен.

Мифтік тұлпарлар басқа дүниеге (ғылыми тілмен – біздің дүниемізге параллель дүниеге) өтіп кете алатындақтан, лезде көзге көрінбей жоқ болатын қасиетке ие.

Осы мифтік ертегілерде батырлар қанатты тұлпарларын мініп, жеті қабат аспанға көтеріліп, жеті қат жер астына түседі. Яғни, адамдар бұл аттарымен космостық әлемнің әр дүниесіне еркін , әп сәтте ауысы алады.

Қанатты тұлпарлардың тағы бір қасиеті - көріпкелдік қасиеті бар, қауіп- қатерді , алдын ала болжайды. Жоғарғы дүние өкілі ретінде қанатты тұлпарлар адамға жақсылық жасап, батырларға ақылшы, көмекші болады, оларды түрлі өнерге үйретіп, түрлі қауіптен құтқарады Мәселен, Ер Қосай батырлық дастанында, Қосайдың серігіне айналған Сары ат – досы қиналған сәтте тіл бітіп былай ақыл айтады:

Сонда Сары ат сөйледі:

Аманбысың, жолбарысым ?

Есенбісің, жолдасым?

Атым тастап кетті деп,

Кеулің бейғам болмасын.

Даулы судың бойынан

Мен бір бөлек жау таптым,

Алдымен қашып, лақтым,

Мен жөнелдім домалап,

Баяғы кеткен Сары ат деп

Жұрт келе жатыр қуалап,

Жеті атаңды өлтірген

Жаныңа қаза келтірген

Тақтаболат, Тасболат,

О да келді жалғыз тақ,

Менің мініп үстіме,

Шапшаңырақ жетіп бақ!

Қосай батырдың тағы бір қиналған кезінде Сары атына тіл бітіп сөйлейтін жері бар: «Қосай, сені алты айшылық жерден бір күнде әкеліп тұрмын, сен енді қызды көрейін деп келе жатырсың, қызды мен де көрейін. Мен бір қотыр тай болып батпаққа батып жатайын, сен бір тазша бала болып Ақсары байды тоғыз ұлымен алып кел, байдың тоғыз баласы келіп тартса да тұрмайын. Ал Алаукеш қыз келіп жалымнан тартса ұшып тұра келейін» - дейді.

Қазақтың ауыз әдебиетінде жылқы малы күшті дәріптеледі. Казақ жылқы жайында былай дейді: "Ат — ердің қанаты", "Алып — анадан, ат — биеден". Өлендер мен аңыздарда жылқы баласы адамның досы, жәрдемшісі, серігі боп сипатталады. "Қуса жететін, қашса құтылатын" жүйрік аттар, тұлпарлар жайында көп өлең-жырлар, аңыздар туған.

Қанатты тұлпарлар бейнесі –қазақ ертегілерінде оның ішінде , «Кер құла атты Кендебай», «Делдаш батыр», «Абдырахман патша» және т.б. ертегілерде кездеседі. Қазақтың эпостық қаһармандарының да тұлпарлары осындай қанатты аттар. Мәселен, Қамбар айтты тұлпарға-
Қанатты туған пырағым,
Аға-інім сен едің,
Тар жерле жолдас шырағым.
«Қамбар батыр». [7, 422 б].

Қазақтардың ескі нанымы бойынша мұндай тұлпарлардың қолтығының астында көзге көрінбейтін қанаты болады-мыс. Сондықтан қазақтар тұлпар құлын туарда оның қолтығындағы нәзік қанаты сөгіліп, жыртылып кетеді деп, құлынды енесінің ішін жарып алу керек деп санаған. Қазақтың эпостық жырларында, батырлық ертегілерінде болашақ тұлпардың осылай туатыны айтылады. Кейін қанаты қатайып, бабына келген тұлпар ұшқан құстан жүйрік, ұшқыр болып шығады. «Қобыланды батыр» эпосында қанатты тұлпар Тайбурылды осылайша енесінің ішін жарып алады. Мысалы,

Көкала бие дөңбекшіп,

Домалана сұлады,

Тұншығып тұлпар қылар деп,

Құртқаның жаны шығады.

Тонын жарып тұлпардың

Құлынға тыныс қылады.

Сонда жатып құлындап,

Бурыл тұлпар туады.

Тұяғын жерге тигізбей,

Құртқа сынды сұлуың

Алтын тонға орады…


Қазақ халқының эпос, ертегілерінде қанатты аттардың сыртқы пішінінің суреттелуін сақ-скиф өнеріндегі қанатты аттардың сырт пішінімен салыстырсақ тікелей ұқсастықты көруге болады. Олардың да қанаттары да кеудеге жақын, аттың алдыңғы аяғының қолтығында орналасады. Бұған дәлел ретінде,

Аршын басты Бурылдың,
Қабырғада қанаты.
«Қобланды батыр». [1, 52 б.].

Айналайын Шұбар ат,
Қолтығыңда бар қанат.
«Алпамыс батыр» жырында кездесуі.[1. 192 б.].

Олардың да қанаттары артқа қарай көлбей біткен. «Аттың сүбелігінде артқа қарай біткен қысқа екі қанаты бар, бірін суға, бірін сүтке салып отауда суытады» («Еділ мен Жайықтың құдалығы» ертегісі) [5, 48-50 бб.].

Сақ-скиф өнер ескерткіштеріндегі алтынмен жасалынған аттар сияқты, қазақ ертегілерінде де ұшатын алтын аттар кездеседі (мысалы, «Алтын ат» ертегісі) [4, 113-115 бб.]

Халқымыздың ертегі, эпостарындағы барлық қанатты тұлпарлардың ортақ ерекшелігін қарастыратын болсақ олардың мынадай негізгі сипаттары бар. Тұлпарда құстың қанатындай қанаты болуы оның мифологиялық космостық әлемнің жоғарғы дүниесінің өкілі екенін көрсетеді. Көне мифологиялық түсініктер бойынша алтын түс күнмен, аспан әлемімен байланысты екенін ескерсек, өнер ескерткіштерінде де, ауыз әдебиетінде де қанатты аттардың алтынмен байланысты болуы кездейсоқ емес.

Басқа дүние өкілі ретінде қанатты тұлпарлар түрлі ерекше қасиеттерге ие болған, олар адамша сөйлей алады, құйрығының не жалының бір талын тұтатса, көзді ашып жұмғанша үстінде сауыт-сайманы бөктерілген күйінде пайда болады.

Мысалы, «Керқұла атты Кендебайда»:

...Бір жерге келгенде Керқұла атқа тіл бітеді: «Әзірге саған менің де , құралдың да керегі жоқ. Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат, сонда мен дайын боламын.»

Ерназардың айтуымен Төстік егеуін іздеуге алты аяқты ала атты, жеті аяқты жирен атты мінбек болады. Төстік жылқыдан алты аяқты ала атты мініп, жеті аяқты жирен атты жетегіне алып келе жатқанда, алдынан Кенжекей шығып, мынаны айтады:

Сан жорғаны алмадым.

Ер аты деп таңдадым.

Айыл-тұрман, әбзелін,

Төстік, саған арнадым.

Жабы емес, қазақы ат,

Ер серігі қолғанат

Шалқұйрықты мін, Төстік!

Сан жасауын алмадым,

Саған бола таңдадым,

Ақсырмалдай сауытты

Осы жолға ки, Төстік! - деп зарлайды.

Төстік Кенжекейдің тілін алып, Шалқұйрық атты мінетін болады. Жылқыдан Шалқұйрықты ұстап әкелуге кісі жіберсе, барған кісіге ол ат ұстатпайды. Алдына келгенін тістеп, артына келгенін теуіп, маңайына жан жуытпайды. Шалқұйрықты ұстауға Төстіктің өзі келеді. Шалқұйрық Төстіктен қашпайды. Қолын созса, тырп етпей тұрып, жүгенге басын өзі ұсынады.

Төстік ауылынан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді.
- Төстік батыр, енді екеуміздің жанымыз бір, қандай пәле болса да, бірдей көреміз. Менің мына айтқан сөздерім есіңде болсын. Егеуіңнің қасында жалмауыз кемпір сені күтіп отыр, сен егеуіңді ала бергенде, ұстап алмақ. Егеуге жақындаған кезде кемпірді алдайтын бір ақыл тап. Кемпір алдана бергенде, мен бетегеден биік, жусаннан аласа бола берейін, сол кезде сен егеуді іліп ал да жөнел, артыңа қараушы болма, - дейді.
Көп уақыт жол жүргеннен кейін, Төстік егеу жатқан жерге келеді. Келсе, егеудің қасында кемпір отыр. Ер Төстік жақындай түсіп: "Шеше, шеше артыңдағы қыздардың бәрі өзіңдікі ме?” - дейді. Сонда кемпір артына жалт қарайды. Сол мезгілде Шалқұйрық бетегеден биік, жусаннан аласа бола береді. Төстік те егеуді іліп алып жөнеледі. Сонда кемпір: "Сен бе едің, Төстік, алдаған? Сені ме, Төстік, қап, бәлем!” – деп, тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап, қатты сасып, етегін басып, Төстікті қуа жөнеледі. Төстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір мезгілде тау қаңбақтай ұшады, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай тас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай, қара жер қақ айырылады. Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.
Сол кезде Шалқүйрыққа тіл бітіп:
- Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар -жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара бергеніңде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңнан кіреді, қонышыңнан шығады. Бұлар — жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады. Төрге отыра бергеніңде, дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, одан да сескенбе. Бұлар - жылан Бапы ханның өзі мен әйелі. Егер де бұлардан сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер астының еліне қадіріміз болмайды, жер үстіне жол тауып шыға алмай қаламыз,- дейді.

Төстіктердің тамағына у салып бермек болады. Саққұлақ мұны естіп отырады да, Төстікке айтады,Төстік ұрсып тамақты қайтарып жібереді. Епті Төстіктердің табағына салған уды білдірместен Кеще ханның нөкерінің табағына салып жібереді. Кеще ханның нөкері қырылып қалады. Бұдан жеңілген соң Темір хан ат шабысына шығады. Өзінің бар жүйрігін бәйгеге қосады. Ер Төстік Шалқұйрықты даярлайды. Қарақшының түбіне келген соң, Шалқұйрыққа тіл бітеді: – Егер атты өте алысқа айдаса, менің шабысым өте жылдам болады. Үш күн шапсам, бүйірім қызып, өзімді тоқтатуға шамам келмей, кетіп қалуым мүмкін. Мен келе жатқанда алдымнан арқан керіп қой. Арқан үш қабат болсын, бір қабаты кендірден болсын. Үш қабат арқанның үшеуі де үзілсе, мен саған жоқпын, ағынымды тоқтата алмай кеткенім, үшеуі де үзілмесе, мен жығылып өлемін, онда да саған жоқпын. Егер арқан жартылай үзілсе, мен тоқтаймын, жығылып қалсам да, жаным қайтадан кіреді, күдер үзбе, – дейді. "Ер Төстіктің жалғыз шолағы бір жерде зарығып өліп қалсын!” – деп, Темір хан атты бір жұмалық жерге айдатады. Балуан күресі басталады. Таусоғарға балуан шақ келмейді. Жер астының алыптарының бәрі жығылып бітеді. Күресуге кісі шықпаған соң, Таусоғар бір тауды көтеріп алып, жұртқа күшін көрсетеді. Темір хан мен Кеще хан қатты сасып:
-Тауды біз жаққа қоя көрмесін! - деп Төстікке жалынады. Төстік тауды орнына қойғызады. Бір жеті өткен соң, бәйге аттары қайтып оралады. Жұрт қарақшының түбінен аттарын күтеді. Бір мезгілде алыстан бір шаң көрінеді, шаңның ішінен жақындай келе бір қара көрінеді. Шалқұйрық екенін танып, Ер Төстік үш қабат арқан кереді. Шалқұйрық құйынша заулаған бетімен арқанға келіп жоқ болады. Қараса, Шалқұйрық жығылған екен. Шалқұйрық талып түсіпті. Сонда Төстік:
Үш жаның бар еді, екеуі шықса да, бірі қалған шығар, тұр, Шалқұйрық! Тіріл, Шалқұйрық! – депті. Сол уақытта Шалқұйрыққа жан кіріп, оқыранып түрегеледі. («Ер Төстік» ертегісі)


Олардың бұл қасиетін ертегі мифтардағы аспан әлемінің патшасы Самұрық құстың немесе перілердің қауырсынын тұтатқанда адамға көмекке жетіп келетінімен салыстыруға болады. Олар мифтік әлемнің әр дүниесіне еркін ауыса алады, басқа дүниеге өтіп кететіндіктен, көзге көрінбей жоқ болады («Керқұла атты Кендебай», «Делдаш батыр» т.б. ертегілер). Батырлар осы қанатты тұлпарларды мініп жеті қат аспанға көтеріліп, жеті қабат жер астына түседі. Яғни адам олармен мифтік космостық әлемнің үш дүниесіне (жоғарғы, жер  беті және жер асты дүниелеріне) саяхат жасай алады. Олардың көріпкелдік қасиеті бар, жамандықты алдын ала біледі, жауды сезеді («Жарты Төстік») [6,  66-70 бб.]. Жоғарғы дүние өкілі ретінде қанатты тұлпарлар адамға жақсылық жасайды, батырларға ақылшы, көмекші болады, түрлі өнерге үйретіп, түрлі қауіптен құтқарады («Бай баласы», «Еркемайдар» т.б. ертегілер) [4,  92-93 бб.].

«Керқұла ат құстай ұшып, құйғытып барады, айлық жерді алты- ақ аттайды.»

( «Керқұла атты Кендебай» ертегісі)

Эпостық қаһармандардың да тұлпарлары осындай қанатты аттар:

Қамбар айтты тұлпарға-

«Қанатты туған пырағым,

Аға-іні сен едің,

Тар жерде жолдас шырағым.» («Қамбар батыр»).

Сол уақытта шұбар ат,
Төрт аяғы тең болат,
Дұшпан ұстап алар деп,
Жасырып бойын жүр еді,
Жүгендеп басын алғанда,
Үстіне ер салғанда,
Сегіз жасар ат болды.
«Алпамыс батыр». [1, 182 б.].

«Ұстағанда құнан, жүгендегенде дөнен, ерттегенде бесті ат болды» («Құйын батыр» т.б. ертегілер) [4, 164 б.].

Осы айтқанды қортындыласақ қанатты тұлпарлар, шамандардың көмекші рухтары сияқты, басқа дүниеден келетін батырлардың көмекші мифтік рухтары, олармен батырлар да шамандар сияқты мифологиялық әлемнің үш дүниесінде (жоғарғы аспан дүниесінде, ортаңғы дүние – жер бетінде және төменгі жер асты дүниесінде) саяхат жасайды.

Қазақ халқының ең ірі, ең белгілі эпостық дастандарының бірі — Қобыланды батыр жайындағы эпос; мұның кейбір нұсқалары он мың жолға дейін барады. Бұл жырда Қобыландының туғаны, өсіп, ержеткені, ақылды, сұлу қыз Құртқаға үйленгені, оның өрен жүйрік тұлпары Тайбурылдың жайы және Қыпшақ руының ежелгі жаулары Қазан хан мен Алшағыр ханға қарсы батырдың жорығы хикая болады. Қобыландының, басқа да батырлардың тағдырында, барлық эпостық жырларда оның достары, әсіресе аты - батырдың ең жақын сүйеніші, жан серігі — үлкен орын алады. Батырлар мінген тұлпарға қойылған аттар халық ішінде батырлардың өз есімдерімен бірдей тараған: Қобыландының Тайбурылы, Тарғынның Тарланы, Алпамыстың Бай- шұбары, Қамбардың Қарақасқасы осындай аттар.

Тайбурыл ұшқан құспен, желмен жарысады, "бір төбенің шаңын бір төбеге қосады", биік-биік таулардан секіріп асады; көзді ашып-жұмғанша даланың тағы құланы мен көкқұтан құстарын таптап өте шығады, көлденең тастарды тұлпар тұяғы саз балшықша илейді; Қобыланды өзінің Тайбурылымен қырық күндік жерге бір-ақ күнде жетеді.

Ат және аспан денелері. Ежелгіні қоя тұрып, ортағасырлық қазақ түсініктеріне назар аударсақ, аспан денелерінің атауларының кейбірі ат образымен байланысты екендігін көрер едік. Мысалы, аспан кіндігі — Темірқазық, бұл атау атқа қатысты. Ол — ат байлайтын нәрсе, сол Темірқазыққа байланған екі ат — Ақбоз бен Көкбоз аттар. Олар қазықты мәңгі айналып жүреді. Бүкіл түнгі аспан - жайылым, оның барлық жұлдыздары да аттар. Жұлдыз бен жылқы сөздерінің өзі түбірлес (жұл — жыл). Осындай жылқы-жұлдыздардың сақталған фрагменті ретінде "Ертөстік", "Итығыл" ертегілеріндегі байдың аспанға ұшатын жылқыларын айтуға болады. "Ерназардың тоғыз мың жылқысы болған екен..." деп басталатын ертегіні барлық оқыған адам білетін шығар.

Ат - күн символы. Менің қарастырған ертегі, жырларымда ат-жылқының ең жиі айтылатын түсі — ала түс, шұбар, шабдар, тарғыл, бурыл, сары-ала деліне берсе де барлығы да ала түсті білдіреді. Ал сол түспен жалғаса қызыл не сары түстері (сары-қызыл, қызыл-күрең, қызыл-ала, сары-ала, т.б.) қабаттасып жүреді. Қазақ жылқыны түстеуге келгенде алдына жан салмайды. Сондықтан аталған екі түсті ортақ — ала түс деп орташалап алып, мифтік тұрғыдан қарастырамыз.

Ат сөзі туралы. Ат жылқы малы, ат — атау, барлық нәрсе мен құбылыстың аты, есімі болады, ат — ату етістігі. Ол оқ пен жебеге қатысты қолданылады. Жылдамдық мағынасында бұл етістік ат-жылқы жүрісіне сай, ат — атақ, даңқ, ең жоғарғы мәртебе, ат, ата, атағ — әке, баба, бұлар бір сөзден өрбігендер.

Ат пен от. Ала ат — ала, алағ, алау ат "отты алаулы ат" дегенді білдіреді. Қазақ шөпті — "от" дейді, ал отқа жайылатын қой мен сиыр емес, жылқы малы. Бұл сөздің мифтік мәні — "оттекті ат отқа жайылады, отты жейді, оттайды" дегенді білдіреді.

Ат — уақыт. Ала ат - қазақ танымында уақыт белгісі. Ақжан Машанов ала биені не ала құлынды күн мен түннің (ақ пен қараның) теңесуі, сипаты дейді. Ағамыздың сөзін жалғастырсақ, "Қырық өтірік" ертегісіндегі тазша баланың ала биені іздеп, аспаннан, бұлт арасынан табуы — осы уақыт мәселесі болады. Тазша дегеніміз "тасшы" — "жұлдызшы, есепші", сырық — күнсағат, ине - компас, ала бие - күн мен түннің көктемгі теңесуі, наурыз болып табылады.

Алаш, алаш болғанда,

Алатай ат болғанда,

Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда —деген жолдардағы ала тай — ежелгі мифтік уақыт, ол кезде қоғам жоқ, малдың ен-таңбасы жоқ. Яғни тәртіптің болмаған уақыты. Осы теңеулердің барлығында да ала ат күнтекті мифтік образ ретінде көрінеді. Оның ала-шұбарлығы да, ал-қызылдығы да, алау оттылығы да — сайып келгенде, күн образымен байланысты. Атқа қатысты адам есімдері жиі кездеседі. Күнделікті өмірдегі адамның ат-есімдерін айтпағанның өзінде мифтік-эпостық мысалдарының өзі бір төбе — Алғадай, Алатай, Тортай, Құлтай, Құлыншақ, Қаратайлар, т.б. Ат-есімдер қою үнді-ирандықтарға, әсіресе ирандықтарға тән болған. Осы дәстүр түркілерге де таныма



Қазақ фольклорындағы аттың сипаты. Атқа берілген қасиеттер қазақ мұрағатында мол болғандықтан олардың тек ортақ, негізгі қасиеттеріне тоқталып өтсем:

1)аттар міндетті түрде қанатты болып суреттеледі;

2)аттың тұяқтары металдан болады, яғни алтын, күміс, жез тұяқты тұлпарлар кездеседі;

3)аттар адамша сөйлей алады;

4)ат алдағы уақытта қандай оқиға болатынын біледі және иесіне айтады. Бұл ретте оның иителлектуалдық деңгейі иесінен жоғары болып сипатталады;

5)ат айналғыштық, өзгергіштік (оборотенчество) қасиетке ие, ол тұлпар аттан жаман қотыр тайға, не керісінше айнала алады;

6)ат — батырдың ең сенімді серігі. батыр зынданға (тозаққа) түскенде тек өз аты ғана құтқара алады, оны мына жолдардан аңғаруға болады.

Сонда Буырыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі…

Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады,

Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады.

Ебелек ұшты елсізден,

Көбелек ұшпас көлсізден,

Адам жүрмес жерлерден,

Батпақ, лай көлдерден,

Асқар – асқар белдерден,

Жалғыз шауып жол шекті.


Буырыл атқа «шу»деді,

Бүктеле беріп жазылып,

Буырылы бұлқып гуледі,

Алты қабат орнынан

Жетінші қабат қалаға

Қояндай ырғып жөнелді.

Ортасына шаһарының

Буырылы барып топ етті,

Жердің шаңы бұрқ етті

Төрт аяғы тиген жер

Тесіле барып солқ етті. (Қобыланды батыр жыры)

Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап- бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымеен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!