Материалдар / Қазақ халқы шығармашылығы арқылы балалардың танымдық белсенділігін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқы шығармашылығы арқылы балалардың танымдық белсенділігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқымыздың өнерін шығармашылығын тану арқылы ой өрісін дамытады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2021
815
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ халқы шығармашылығы арқылы балалардың танымдық белсенділігін дамыту


Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық белсенділігін дамыту моделі өзара тығыз байланыстағы тұжырымдамалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық құрамдас бөліктерден тұрады. Аталған дамудың бағалау компоненттерін қажеттілік-құштар болу, байқап-білу, үйреніп-жасау құрайды. Оларға сәйкес өлшемдері болып қазақ халық шығармашылығына тұрақты танымдық қызығушылық, қазақ халық шығармашылығын танып-білуге эмоционалдық жағымды қатынасы, қазақ халық шығармашылығы түрлерін білуге, үйренуге, жасауға ерік-жігерінің болуы, оны іс-әрекетте көрсетуі табылады. Деңгейлері құштарлық белсенділік, талпынысты белсенділік, саналы белсенділік болып анықталды.

Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық белсенділігін дамыту бағытындағы «Сәби танымы» кешенді бағдарламасы үш бағытты қамтиды: 1) Ерте жастағы балаларды тәрбиелейтін педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған дәріс-семинарлар; 2) Ерте жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен бірлестіктегі жұмыс; 3) Ерте дамыту орталықтарында балалардың танымдық белсенділігін дамытудың оқу-ойын іс- әрекеттерін ұйымдастырудың тақырыптық жоспары және іс-шаралары.

Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық белсенділігін дамыту аталған үш бағытты қамтитын бағдарлама мазмұнын (формалары, әдістері, құралдары) кешенді пайдаланғанда ғана нәтижелі болады.

Зерттеуді сынақтан өткізу. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары, теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланды:

Қазақ халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесінің педагогикалық негіздері. ҚазМемҚызПУ. «Қазақстандағы және әлемдегі мектепке дейінгі білім беру»: Тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы» (профессор

А.К.Меңжанованың 80-жылдығына арналған) атты ХҒПК материалдары, Алматы, 7-8 қараша, 2014ж. 57 бет.

Ерте жастағы балаларда танымдық қызығушылығын дамытуда халық ертегісінің ролі. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ. Академик Т.Тәжібаевтың 106 жылдығына арналған жыл сайынғы «Тәжібаев оқулары» аясындағы «Мәңгілік ел жағдайындағы Қазақстандағы психология ғылымының қазіргі жай-күйі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары, Алматы 23 ақпан, 2016ж. 25 бет.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Абай атындағы ҚазҰПУ. Филология институты. «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде». Жас ғалымдарға арналған VIII халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы,8 сәуір 2016ж. 132 бет.

Дошкольное образованиеэто фундамент всей образовательной системы «PRESCHOOL EDUCATION IS A FOUNDATION OF ALL EDUCATIONAL SYSTEM». Международная научно-практическая конференция"Задачи мировой науки на 2015 год" (ОАЭ, Дубай). 24-25 января, 2015 г. 95 стр.

5.Ерте жастағы балаларда таным белсенділігін дамытуда табиғи ортаның ролі. I Международной научно-практической интернет- конференции«Тенденции и перспективы развития науки и образования в условиях глобализации». Государственное высшее учебное заведение «Переяслав-Хмельницкий государственный педагогический университетимени Григория Сковороды». Украина, Киев. 21-22 февраля 2015 г. 221стр.

Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. IIІ Международной научно- практической интернет-конференции«Тенденции и перспективы развития науки и образования в условиях глобализации». Государственное высшее учебное заведение «Переяслав-Хмельницкий государственный педагогический университетимени Григория Сковороды». Украина, Киев. 2-3 мая 2015 г. 146 стр.

7.Раннее развитие лидерских качеств детей путем коммуникационного контакта со взрослым. «Научная дискуссия: Вопросы педагогики и психологии». Сборник статей по материалам XLVIII международнойнаучно- практической конференции. Часть II. No 3 (48), 110 стр. Москва, Март 2016 г.

Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша барлығы 12 еңбек жарық көрді. Соның ішінде 3 мақала ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, 2 - Scopus базасына енген шетелдік басылымдарда, 3 - халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, 4 - алыс-жақын шетелдік халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланды.

Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі философиялық, педагогикалық және психологиялық еңбектердегі қағидаларды басшылыққа алуымен, теориялық және әдіснамалық тұжырымдарға негізделуімен, зерттеу мақсатына сәйкес әдіс- тәсілдерді қолдануымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының

Ерте жастағы бала – ерте жастық шақ кезеңі - балаға жаңа жетістіктер алып келеді, адамға тән психикалық әрекеттердің алғашқы формалары қалыптасады. Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар (мысалы, Р.Зазза) туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.

Ерте жастан дамыту – ерте даму дегеніміз – ол, өз баласының қабылетін (3 жасқа дейін) ертерек және тиімді түрде ашып және нығайтуға арналған іс- әрекеттерінің бағдарламасы

Қарым-қатынас /общение/ - субъектілердің өзара әрекеті, онда рационалдық және эмоционалдық ақпаратпен, іс-әрекетпен, тәжірибемен, біліммен, іскерлік пен дағдымен, іс-әрекет нәтижесімен алмасу жүзеге асырылады. Жеке адамның және топтың дамуының қажетті шарты.

Ойын – адам белсенділігінің көрінісінің формаларының және іс-әрекет түрлерінің бірі. Балалар өзара қатынастарын ересектердің әрекетін және олардың өзара қатынастарын жаңғыртудың тәсілі, сөйтіп қоршаған шындықты таниды. Ойынның түрлері: заттық, ролдік, символикалық, сюжеттік, компьютерлік, т.б..

Таным – санада объективті дүниенің психикалық бейнеленуінің және қабылдауының процесі, нәтижесі ретінде оның мәні туралы жаңа білім б.т.;

Мектепке дейінгі педагогика баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым табиғаттың және қоғамның заңдарын ашуға бағытталған адамның ерекше іс- әрекеті. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие процесінің мәнін құрайды.

Танымдық белсендiлiк – психикалық белсендiлiктiң түрi, қызығушылық, зейiн, бiлiмге құмарлық, шығармашылық формасында көрініс табады

Ұлттық мәдениет – материалдық және рухани мәдениетке бөлінеді, ол қоғамдық сананың барлық түрлерiмен айналысады: құқық, мораль, саясат, дiн, ғылым, өнер, философия.

Ұлттық сезiм – қоршаған айналаға ерекше қатынас түрi, халықтың қажеттiлiгiмен тығыз байланысты.

Ұлттық мiнез – белгiлi ұлттық тарихи, экономикалық, мәдени, тұрмыстық, табиғи ерекшелiктерiне негiзделген нақты категория.

Ұлттық қатынас – бұл көп ұлтты және бір ұлттық қоғамдардың ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да қатынастардық синтезі. Олар әр түрлі деңгейде көрініс тауып, дамиды – мемлекетаралық және мемлекетшілік; ұлт ішінде және ұлтаралық, қоғамдық және жекелік.

Ұлттық тәрбие – жалпыадамзаттықты ұлттық пен бірлікте ұштастыратын азаматтарды, ұлт мұшелерін қалыптастыру: мәдениет, тілді білуімен қатар ол қазіргі білімді де меңгеруі тиіс

Халықтық тәрбие – тәрбиелеу аясындағы өмір, болмыс, педагогикалық практика.

Халық педагогикасы – бұл практика жүзiнде тексерiлген және жинақталған эмпирикалық бiлiмдердiң, iскерлiк пен дағдының жиынтығы. Ол халық бұқарасының тарихи және әлеуметтiк тәжiрибесiнiң өнімi ретiнде, көбiне ауызша түрде бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа берiлiп отырады. Оның мұрасы халық жасаған ертегiлерде, аңыздарда, мақал-мәтелдерде т.б. сақталады

Ынта - адамның белгілі бір таңдаған іс-әрекетке бағытталғандығы.

Ынталандыру – жағымды әрекетті ынталандыру мақсатындағы тәрбиеленушіге педагогикалық әсер ету жолдары.

Iс-әрекет - философиялық, социологиялық және психологиялық категория: бүкiл қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар зерттейтiн құбылыс; адамның немесе топтың және дүниенiң өзара әрекетi, соның процесiнде адам дүниенi және өзін-өзі саналы және мақсатты бағытталған түрде өзгертедi.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!