Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қазақ халқының ағартушысы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ халқының ағартушысы
Қазақ даласында халықтың болашағы үшін мектеп ашып, өсер ұрпағын оқу- білімге шақырып, оған керекті оқу құралдарын жазған ұлы педагог, көрнекті ағартушы-демократ, жазушы, балалар əдебиетінің атасы Ы. Алтынсариннің Қазақстанда оқу-ағарту ісінің дамуында алатын орны ерекше. Ы. Алтынсариннің ағартушылық тұрғыда жазған еңбектері қазіргі кездегі болып жатқан өзгерістерге байланысты ерекше маңызға ие болуда. Республикамыз егемендікке ие болып ұлттық бағыттағы тəрбие беру бетбұрысы басталғаннан бері Ы. Алтынсарин сияқты ұлы ғұламалардың шығармаларының өзектілігі арта түсті.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашан да уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тəнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мəдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені ұлы ұстаз адамзатпен бірге жасайтын мəңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Мəдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дəл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін ұлы бір мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мəдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Ыбырайдың ағартушылық майданда көп кедергіге кездесіп, талай жылдар бойы өз мақсатына жете алмай, кейде, тіпті уақытша сəтсіздікке де ұшырап жүргенде де негізгі мақсатынан ешбір танбай, қайта оған зор жігермен кірісіп, ізденушілігінің өзіндік тарихи себебі де бар еді. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарда қазақ қоғамының нендей мəселеге мұқтаж болып отырғандығын ағартушының өзі де талай рет зор маңыз бере айтқан еді. Өткен ғасырдың 70-жылдардағы іс-қағаздарының бірінде ол: «Қазақ халқының арасында өзінің көрші халықтарының тілін білуге, олардың жазуын үйренуге ұмтылушылық күшейіп келеді, өйткені, біріншіден, олардың қазіргі экономикалық жəне саяси жағдайының өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, мысалы, орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет етіп отыр», — деді.
Ағартушылық көзқарасы осылайша нақты қалыптасқан Ыбырай мектеп ашу жұмысымен қанша мұқият шұғылданса да, оны тек 1864 жылдың қаңтар айында ғана ресми түрде аша алды. Дала тұрмысында бұл тұңғыш жаңа мектептің ашылып, іске кірісуі Ыбырайдың өміріндегі ең бір бақытты кезең болып саналды, оған айрықша қуаныш əкелді, келешек істерге зор шабытпен кірісуіне жағдай туғызды. Ағартушының: «Менің үнемі ұмтылған тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады», — деп жазуы осының айқын айғағы еді. 1864 жылдың 8 қаңтары – қазақ халқының мəдениеті тарихында жаңа типті халықтық мектептің дала өмірінде тұңғыш ашылып, іске кіріскен даңқты күні болып қалды. Бұрын ешқандай дайындығы жоқ бұл жаңа мектепте Ыбырай бүкіл педагогикалық жұмысты өз білгенінше, өзінің орыс мектебінен алған білімі мен тəрбиесі негізінде жүргізеді.
Сөйтіп дала өміріндегі бүкіл оқу-ағарту жұмысының тағдырын өзқолына алып, оның ұшы-қиыры жоқ ісін дұрыс жолға қою міндеті қазақ мəдениетінің тарихында алғаш рет Ыбырай тəрізді əрі педагог, əрі шын патриот, азамат ұлдың үлесіне тиеді. Ыбырайдың 1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып жаңа қызмет орнына тағайындалуы оның ағартушылық қызметінің кең көлемде өріс алуына мүмкіндік туғызады. Бұл қызметке өзін жоғарыдағы басқарушы орындардың ресми бекітілуін күтпей-ақ ол сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ даласынан жаңа типті мектептерді көптеп ашу мəселесімен төтенше шұғылданады.
Қажымай ізденудің нəтижесінде Ыбырай 1883 жылдың 15 қарашасында Торғай қаласынан қолөнер мектебін ашады. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық мəні бар тұңғыш оқу орны болып саналады. Ыбырай қазақ даласында ашылып отырған мектептер қоғамдық өмірмен тығыз араласып, өзінің оқу, тəрбие жұмысын оның озық талаптарына сай құра білуі керек деп таныды. Мектеп бітірген жастардың əлеуметтік өмірге бірден жəне батыл араласуын талап етті, сондай-ақ ең əуелі мектептіңөзіолардыосыбағытқанақтылытəрбиелей алуы қажет деп санады. «Қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстық ағартушылығына үйретудің өзі қазақ даласында тəрбиелік мəні бар жұмыс деп білемін», — деп жазды ол.
Ағартушылық майданында Ыбырайдың қолы жеткен табыстар мен көтерген мəселелері оның орыстың прогресшілдік бағыттағы ағартушылары мен жазушыларынан шығармашылық түрде үйреніп, сол үйренгендерін қазақ қоғамының жағдайына сəйкес шебер пайдалана алғандығының нəтижесі болып табылады. Ыбырай қазақ даласында тұңғыш рет орыстың халықтық мектептерінің типінде жаңа мектептер ашып, орыс халқының тілі мен өнер-білімін, озық дəстурлері мен мəдениетін қажымай насихаттады. Ірі ағартушы зор саналы əлеумет қайраткері, өнерлі ақынының артында қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсаң, заманына бақсаң, көңілге үлкен алғысқа толы ойлар келеді.
Қазақ халқының ұлы перзенті XIX ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократы, қоғамда, өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.
Ыбырай Алтынсариннің сан қырлы бай мұрасын тереңнен зерттеуге Қазақстан ғалымдары ХХ ғасырдың басында мүкіндік алды. Басты міндет Ыбырай Алтынсариннің көзқарасындағы барлық дұрыс бағытты анықтау, ол өмір сүрген дəуірдегі қоғамдық тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтың бетін ашу, ұлы педагогтың қалдырған мұраларын қазақ халқының сол кездегі талап-тілегі, мұң- мұқтажы тұрғысынан қарап, өткен заманның өркениеттік қозғалысының үлгі- өнегесіне, əсер-ықпалына тығыз байланысты түрде талдау болып табылады. Ыбырай Алтынсарин мұраларын зерттеудегі бірден-бір дұрыс жол осы еді, қазақ ғалымдары осы жолды таңдады. Əрбір нақты тарихи дəуірдегі қоғам өмірінің аса маңызды құбылыстары ішінде барлық халықтарда да жаңа өспірім жас ұрпақты тəрбиелеу мəселесіне айрықша орын берілгені мəлім жəне əлеуметтік өмірдегі проблемалық мəселелердің түгел ғалымдар Ыбырай Алтынсариннің озық ой-пікірін мəдени бір жүйесі болып табылады, сөйтіп, белгілі кезеңдегі ауыспалы тарихи дəуірдің объективтік жағдайын айқын көрсетеді деп таниды.
Қазақстан авторларының зерттеулерінде Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық саяси жəне ағартушылық қызметі, сондай-ақ оның əдеби мұралары жан-жақты терең қарастыралады. Соңғы он жыл ішінде мұрағаттардан аса маңызды материалдар табылады; олар Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен қызметін ғылымитану əдістемесі тұрғысынан терең де толық зерттеуге мүмкіндік береді. Өз халқының болашағы үшін жанқиярлықпен күресудің жолдары туралы жəне жоғары идеал туралы Ыбырай Алтынсариннің кейде шолақ қайырып, қысқа айтқан, кейде үзіліп- үзіліп сілемі ғана қалған сөздері, міне, осылайша зерттеудің арқасында ғана дұрыс ұғылып, дұрыс түсіндірілетін дəрежеге көтерілді.
Ыбырай Қазақстанда оқу-ағарту мен мектептерді дамытудың түбірлі мəселелерін қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірімен байланыстыра білді. Орыс педагогтарының озық идеяларын қазақ халқының шаруашылық жəне əлеуметтік ерекшеліктеріне сəйкес шеберлікпен қолданды. Ол жаңадан ашылып жатқан мектептердің қазақ халқының саяси-қоғамдық прогресіне əсер тигізетіндей болуын, олардың сахара даласында нағыз мəдени ошақтарға айналуын табанды түрде талап етті. Ыбырай Алтынсарин балаларды тəрбиелеуде, оқытуды олардың ой-санасына қозғау салып жетілдіруді өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен балалар əдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар əдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды, оларды жас ұрпаққа үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.
Ыбырай Алтынсарин, И. Крыловтың«Егіннің бастары»,«Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан, «Полкан деген ит», «Силиний», И.И. Дмитриевтен, «Екі шыбын» орыс хрестоматиясынан көбінесе Паульсонның «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан аяған күштірек», «Əке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды. Бұл шығармалардың барлығы да əрі қысқа, əрі мазмұнды, əрі көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тəрбиелік жағынан шебер құралған шығармалар. «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білім мен техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жасөспірімдерді орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды: Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып-жұмғанша Жылдам хабар алғызды, — деп поезд бен автомашинаны үлгі етіп көрсетеді. Ғылым, өнер, техника жайларын сөз етеді.