Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ халқының әндері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін патриоттық сезімде қалыптастыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ халқының әндері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін патриоттық сезімде қалыптастыру
Аңдатпа: Мақалада оқушылардың тәрбиесіндегі патриотизм, әсіресе Отанға, халқына деген сүйіспеншілігі, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігі, өз туған еріне деген үздіксіз ынтықтығы, ата-бабаларына, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, тұрмыс-салтына деген құрметі қарастырылады.
Аннотация: В статье рассматривается необходимость в воспитании у школьников патриотизма, в частности любви к Родине, своему народу, неотрывной привязанности к месту своего рождения, уважение к предкам, традициям, культур, всему укладу жизни.
Annotation: the article deals with the need to bring up patriotism in students, in particular love for the Motherland, their people, an inseparable attachment to the place of birth, respect for ancestors, traditions, cultures, the whole way of life.
Түйінді сөздер: патриот, Азаматтылық, Отан, мақтаныш, бірлік,ұлттық мақтаныш, халық әндері, рух
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: "өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегіңде тағу", - деді.
Біздің елімізде патриотизм идеясы ұлттық тарих пен мәдениеттің қисынынан құралады, мемлекеттік рәміздерге, Тәуелсіздік пен егеменді даму идеяларына, әлеуметтік әділеттілікке, халықтың әл-ауқатына сүйенеді.
Сондықтан ұлттық мақтаныш, ұлттық рух, ұлттық қадір-қасиет патриотизм идеясында көрініс табады. Патриотизмнің ерекшелігі-ол адамның рухани әлеміне енеді. Сондықтан патриотизм биік сөздерсіз болмайды.Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу әрқашан қазіргі заманғы мектептің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені балалық және жастық шақ – Отанға деген қасиетті махаббат сезімін ояту үшін ең құнарлы кезең.
Патриоттық тәрбие дегеніміз-оқушылардың өз Отанына Патриотизм-жан-жақты дамыған тұлғаның маңызды белгілерінің бірі. Бастауыш сынып оқушылары өз Отаны мен халқы үшін мақтаныш сезімін, оның ұлы жетістіктері мен өткеннің лайықты парақтарын құрметтеуі керек. Мектептен көп нәрсе талап етіледі: оның осыған байланысты рөлін асыра бағалау мүмкін емес."Патриоттық тәрбие" ұғымының мәні жақсылық пен жамандықтың нақты ұғымдарын түсіндіруде, мектеп оқушыларының санасын отандық тарихтың жоғары мұраттарына айналдыруда және сол арқылы оларда Қазақстанның лайықты жалпы әлемдік маңызы мен өзін-өзі құндылығы туралы өзіндік түсінік қалыптастыруда жатыр.
Патриотизм өз Отанының жетістіктері мен мәдениетімен мақтануды, оның мінезін сақтауға деген ұмтылысты білдіредіҚазіргі қоғам ғылымның дамуымен және әрбір жеке адамның бостандық шеңберінің кеңеюімен, жеріміздің түкпір-түкпіріндегі барлық адамзат үшін қандай да болсын білімнің қолжетімділігімен сипатталады.
Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан 21 –ші ғасыр әлемі ақпаратқа,жаңа технологияларға толы болғандықтан жастарымыздың адамгершілік-рухани ағартушылығын талап етеді.Білім беру ұйымының басты міндеті өскелең ұрпақты дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тұрақты адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Егер музыкант-педагог халықтық ұлттық дәстүрлерге, оның мәдениетіне , салт – дәстүрлерге, әдет ғұрыптары мен дәстүрлеріне сүйенетін болса адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысы неғұрлым тиімді болады. Музыкалық және эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның қалыптасу процесінде, жалпы рухани мәдениетті сақтауда маңызды рөл атқарады.
Жеке тұлғаны қалыптастыру негіздері қаланған мектепте эстетикалық тәрбиенің маңызы ерекше.Соңғы жылдары республикамызда қоғам өмірінің рухани саласында өз халқымыздың мәдениетін таныстыруда өзгерістерге үлкен мән беріле бастады. Бұл тұрғыда қазақ халқының ән шығармашылығына ерекше рөл беріледі.
Қазақ халық музыкасының үздік үлгілері, басқа халықтардың музыкасы сияқты,жалпыадамзаттық құндылықтарды - идеяларды, жақсылықты, жақынына деген сүйіспеншілікті білдіретіні баршаға мәлім.. Қазақ халқының ән шығармашылығының тәрбиелік мүмкіндіктері музыка сабақтарында және мектептен тыс іс-шараларда тиімді жүзеге асырылуы мүмкін, егер мұғалім балалардың ойлары мен сезімдеріне жүгінсе , музыкаға, өз халқының ән шығармашылығына қызығушылығын танытса, оның өмірге деген көзқарасын анықтаса, онда ол музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытады, өз халқының музыкалық шығармасына саналы және ұқыпты қарауға үйретеді. Балаларды халық дәстүрлеріне баулу патриоттық тәрбиенің маңызды құралы болып табылады.Бастауыш сыныптардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруда педагог тұлғасы үлкен рөл атқарады.Қазақ халқы ежелден музыкалық фольклордың байлығы мен алуан түрлілігімен әйгілі. Олардың тәрбиедегі рөлі зор. Халық әндері тек жақсылыққа, адам бақытына бағытталған жоғары ұлттық құндылықтарды бойына сіңірді.Әндердің басты мәні-сұлулыққа деген сүйіспеншілікті көрсету, эстетикалық көзқарастар мен талғамдарды дамыту.
Оқушыпарға патриоттық тәрбие беруде музыка сабағындағы үйретілетін қазақ халық әндерінің мәтіндерінің маңызы зор. Мәтіндегі кейіпкерлердің ұнамдысы да, ұнамсызы да оқушы санасына әсер етеді Сезімін билеп әр түрлі күйге бөлейді. Оқушыларға ұлтжандылық әсер етіп, сезімін оятуы мәтін мазмұнын, кейіпкер іс-әрекеттерін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі болады.Әрине, оны қамтамасыз ету - мұғалімнің міндеті.
Ағартушы ұстаз - педагог Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруі керек», - деп ұстаздың бала алдында биіктен көрінетін тұлға болу керектігін ескертеді.Ұлт ұстазының бұл пікірі бастауыш сынып мұғаліміне тікелей қатысты.
Оқу үрдісін жандандыруда оқушылардың білім сапалық деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, ізденістер жүргізуде. Әдіс-тәсілдерді мұғалім шеберлігі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады, тиімді жақтарын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметгі иесі мен сақтаушысына айналады»,-деп айтқан болатын. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
Бастауыш сынып оқушыларын қазақтың халық әндері арқылы патриоттық тәрбиелеу жұмысы негізгі үш жүйеден тұрады тұрады:
1.Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетінде патриоттық тәрбие бастауыш сынып оқушыларының туған елінің, туған жерінің тарихы, дәстүрлері, мәдениеті туралы білімдерін дамыту, өз отбасының тарихымен мазмұнды танысуға, басқалардың жұмысына құрметпен қарауды қалыптастыруға, оған қатысуға, адамгершілік мінез-құлық танытуға бағытталған әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшелігі бойынша іс-шаралар жүйесіндегі патриоттық тәрбие: Отанның, өз халқының тарихи өткеніне, оның салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды, өз Отаны үшін, мемлекет рәміздері үшін, өз халқы үшін мақтаныш сезімін; отан мен өз халқының тағдыры, оның болашағы үшін парыз бен жауапкершілікті, сондай-ақ сабақ қызметіндегі оқулықтар мен оқу құралдарының, әдеби шығармалардың материалында іске асырылатын гуманизм, мейірімділік, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсету қабілетін тәрбиелеуге бағытталған.Қазақ халық әндері арқылы патриоттық тәрбие нысаны ретінде:- сынып сағаттары: "Ата салтым-асыл мұрам,ардағым", "Музыканың бастауы- халық әндері", "Халық әндері- халық тарихының шежіресі", "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Гүлдене бер, менің Қазақстаным", " Отанды сүю деген нені білдіреді?"және т. б.;-баланың санасына халық әндері арқылы бұл біздің тарихымыз, қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын халықтардың еркіндік, тәуелсіздік және бейбітшілік туралы көп ғасырлық арманының іске асуы екенін жеткізу маңыздыХалық музыкасы- халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан замана тарихтарын бейнелейтін замана парақтары екенін, халық әндері тарих халық тарихының шежіресі екенін,қазақ халқының өмір- тіршілігін жырлап паш ететінін оқушылардың сана- сезіміне жеткізіп,халқына деген сүйіспеншілігін арттырып, осындай өмірге қандай жол тараптарымен жеткенін ой-сана сезімдеріне құйып, бойларына қазақ халқына деген ,олардың өнеріне деген махаббатты жеткізу музыкант-мұғалімнің басты мақсаты , міндеті болып табылады
Қазақ"Патриоттық тәрбие" ұғымының мәні жақсылық пен жамандықтың нақты ұғымдарын түсіндіруде, мектеп оқушыларының санасын отандық тарихтың жоғары мұраттарына айналдыруда және сол арқылы оларда Қазақстанның лайықты жалпы әлемдік маңызы мен өзін-өзі құндылығы туралы өзіндік түсінік қалыптастыруда жатыр. Эстетикалық тәрбие жүйесінде қазақ халқының халық педагогикасында музыка мен әндер көрнекті орын алады, олар лирикалық әндер, отбасылық – тұрмыстық әндер,еңбек және басқада қазақ музыкасына тән дәстүрлі әндер.
Музыкалық эстетикалық тәрбие беруде қазақ халқының ән шығармашылығын пайдаланудың қазіргі жай-күйін зерделеу барысында оқушылардың айтарлықтай жақсаруы мен кемшіліктерінің де жоқ еместігін көрсетеді. Атап айтқанда , халық шығармашылығы арқылы оқушылардың эстетикалық тәрбиесі жақсы жағдайда емес және бір жүйеге келтірілмеген. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ тарапынан халық әндеріне, күйлеріне, жырларына деген қызығушылық жоқ, оларды қазіргі заманғы музыка көбірек қызықтырады. Жергілікті ұлттың көптеген оқушылары музыкалық аспапта ойнауды білмейді және отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты балаларын музыка мектебінде оқытуға, музыка сауатын үйретуге мүмкіншіліктері жоқ. Осы кемшіліктерді ығыстырмай, әрине білім беру шаңырақтары еліміздің болашақ жеткіншектерінен қандай да бір мәдениетті, эстетикалық тәрбиеге бай, өз елінің тарихын жетік білетін,туған елін, жерін шын көңілмен сүйе білетін азамат тәрбиелеуді күту артықшылық болады деп ойлаймын. Мектеп ұжымдары музыка пәніне немқұрайлықпен қарап, музыка сабағын тек алдағы мейрамдарға ән үйретуді ғана талап етіп жатқан жағдайларды ескере келсек өте ренішті жағдайда екенімізді ұмытпауымыз керек.
Бүгінгі таңда көптеген рухани құндылықтар жоғалған кезде балаларды адамгершілік құндылықтар жүйесіне тәрбиелеу өте маңызды, оның негізінде еңбекқорлық, ар-намыс, әдептілік, мейірімділік, үнемі өзін-өзі жетілдіруге және оқуға, тәртіпке деген ұмтылыс сияқты қасиеттер бар. Тәрбие жұмысында әртүрлі әдістерді, формаларды қолдану, белгілі бір ұйымдастырушылық және педагогикалық жағдайлар жасау бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің тиімділігін арттыруға, оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тек ұлттық мәдениет, халықтық дәстүрлер мен белгілі бір аймақтағы қоғамның қажеттіліктері негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарды әр оқушының жеке құндылықтарына аударуға болады. Білім беру мазмұны компонентінің міндеттерінің бірі-қазақстандық азаматтың туған жеріне деген адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу: ол тұтынушы немесе пассивті бақылаушы емес, өзінің "кішкентай Отанын"түсінетін және сүйетін табиғатты сақтаушы және жасаушы болуы керек.
Музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа жеткізу, балаларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау -жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы барлық білім беретін ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырымдама жасалды. Ол тұжырымдамада мектепті жаңартудың көкейкесті бағдарламаларын (оны ұлттық және дүниежүзілік өркениеттің диалектикалық бірлігін сақтай отырып дамытуға, ізгілендіруге), сондай-ақ мектептің ұлттық мәдени жасампаздық қызметін қалпына келтіруге негізделген.
Музыка аспабына үйрету сабағы білімгерлерге жеңіл музыка шығармаларын өздігінен талдап, үйреніп, оны орындап беруге дағдырландыруы керек.
Мұндай, өздігінен үйренетін материалды бастауыш мектеп оқушыларына арналған оқу құралындағы әндерді алуға болады. Музыка сабағына жұмыс жоспарын жасағанда кейбір ерекше жақсы үлгеруші оқушымен жоғарлатылған, яғни қосымша материал өтуіне де болады.
Уақыт озған сайын тәрбие беру, білім беру реформалары қоғамның дамуына қарай үнемі жаңғырып отырады.
Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде жүргізілетін өнер сабақтары қоғамда болып жатқан құбылысты, жаңа ойды бала санасына басқа сабақтардан бұрын жеткізуші болып табылады. Өйткені өнер-өмір шындығы. Өмір шындығы мектеп табалдырығын аттаған балаға білім беру, тәрбиелеуде жан-жақты қарастырылады. Сондықтан музыка сабағының әдіс-тәсілдері үнемі жылма-жыл өзгеріп, бала тәрбиесі ісіне жаңа нышандар жаңа бағдарламалар тудырады.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларын қазақ әндері арқылы өз елінің дәстүрлерін, тарихын,қазақ елінің патриотын тәрбиелеу бойынша мектептің жұмысы жоғарыда айтылғандай жүйелі, мағыналы, ауызбіршілікпен жоспар жасалып, оның іске асуына мектеп әкімшілігі ықпал жасаған жағдайда іске асырылады. Бұл жұмыс жүйелі, жан-жақты, күнделіктіболған жағдайда,біздің мақсатымыз – Қазақстандық патриотизмді, яғни кіші Отанға, содан кейін – Отанға-Қазақстан Республикасына, халыққа, ана тіліне, халық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.