Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ халқының болжамдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Табиғат туралы халық болжамдары
КІРІСПЕ
Адамзаттың тіршілігі өмір сүрген ортаға, табиғат болмысы мен құбылысына, төңіректегі жан-жануарлар, жәндік-мақұлықтар мен өсімдік әлеміне тығыз байланысты. Ертеде, ғылым мен техника дамымаған заманда, Құдайдан өзге сенері жоқ халық қарапайым күнкөрісі мен шаруашылығын қоршаған ортаның қилы-қилы жағдайына сәйкестіре қалыптастырып жүргізу мақсатында көп ізденіп, тиісті қаракет жасаған. Шаруа адамына егін егіп, өнімін молайту және төкпей-шашпай мезгілінде жинап алу, малды шығынсыз, жатқа ұшыратпай бағып өсіру, қауіп-қатерсіз сапар шегу, тағы басқа да тіршілік проблемалары жергілікті жердегі ауа райы құбылыстарын алдын-ала болжап білуді қажет етті. Ол үшін, бір жағынан, ауы райының өзгермелігі қалай, не себепті, қандай ізділікте жүретіні зерттелсе, екінші жағынан, ондай өзгеріс болар алдында үй және түз хайуандары, жәндік-мақұлықтар қандай әрекет — құлық танытатынын байқау керек еді. Ғасырлар бойы осы бағытта жүргізілген оңды, кейде сәтсіз бақылау, зерттеу ауа райы құбылыстарын болжаудың халықтық жүйесін жасақтатуға мүмкіндік берді.
Ауа райын алдын ала болжаудың тәжірибеде ақталған халықтық нұсқалары баршылық. Олар әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Әрине, нақтылы тұста кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Өйткені, соңғы жылдары республиканың барлық аймақтарында қалыпты экология өзгерді. Әуе кеңістігі ластанды, өзен-көл сулары тартылды, жер асты сулары кермектенуде. Ондаған өсімдік тұқымын жойды. Топырақ эрозиясы біраз жер көлемін шарпыды. Мұның бәрі қай аймақта болса да, ауа райының қалыптасқан табиғи сипатына қолайсыз өзгерістер енгізді. Әйткенмен, талай жылғы өмір дәлелдеген халықтық тәжірибе нұсқалары негізін сақтап қала бермек.
Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Себебі интернет дамыған заманда әлемнің кез келген түкпірінде қандай ауа райы екенін немесе алдағы аптада күн райы қандай болатынын үйде отырып та білетін болдық. Әйтсе де бұл болжамдар табиғи апаттар мен зілзалалардан кейде сақтап, кейде бармақ тістетіп жататыны да бар. Ал ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.
Құстарға байланысты болжамдар
-
Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады;
-
Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады.;
-
Бозторғай ұясын қыраңға салса, жаз жауынды болады;
-
Дуадақ қыстап қалса, қыс жайлы болады;
-
Қамыс торғайы ұясын биікке салса, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.
-
Қызыл қаз саздан соғатын ұясының іргесін биік етсе, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.
-
Жыл құстары топтасып ұшса, жылымық күз созыла түседі. Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса, қыс қатты болады.
-
Жарқабақтағы ұя биікке салынса, су тасқыны болады.
-
Саңырау құр бұтаққа қонақтаса, тұман түседі.
-
Қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады.
-
Шіл үйірін молайтса, қыс суық болады.
-
Қаз бен үйрек үстеріне қар шашып шомылса - күннің жылуына не бұрқасынға көрінеді;
-
Қаз бен үйрек қыстап қалса — қыс; қолайлы, көктем ерте кірмек;
-
Қаз бір аяғын кетеріп ұзақ тұрса не қанатын жиі қаққыласа, аяз тұрмақ;
-
Қызыл қаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа — жаз құрғақ, жөндеп биіктетсе — жаз жаңбырлы;
-
Қаз бен үйрек суға шомылып қиқулап, қанаттарын қомдап мазасызданса, ауа райы бұзылады;
-
Үйрек ұясын су жағасына таяу салса — жаз қуаң, судан қашық салса — жаз жауын-шашынды;
-
Қыста қаз қаңқылдаса, күн жылынады;
-
аязды күні үйрек қанатымен жиі желпіпсе, аяз сынады,
-
Қарлығаш келгенде терек бұтақтары жапырақ жаяды;
-
Қарлығаш бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғады;
-
Қарлығаш жер бауырлай ұшса, жаңбыр жауады не жел тұрады;
-
Қарлығаш биіктей ұшса, ауа райы жақсарады, төмен қалықтаса, бұзылмақ.
-
Тырна қыстаған жақтаң оралуы — күннің жылынғаны;
-
Тырна тырауласа, қиқулап тљмен әрі шапшаң ұшса, жауын-шашынды болмақ;
-
Тырна дыбыс шығармай тым жоғары ұшса немесе билесе, күн жылынады;
-
Тырна үнемі биіктен ұшып төмендесе, ауа райы өзгереді;
-
Тырна арқаға беттей ұшса, жылылықты кұт, кері бағытта ұшса, кұн салқындайды;
-
Тырна жылы жаққа қайтқаннан кейін үш апта өткенде түнде аяз тұрады;
-
Тырна қазан айының басында көрінбесе, қыс бір ай кеш түседі.
-
Шағала төмен ұшса, теңіз бұрқанады;
-
Шағала су бетінде ұзақ, көбіне қалқып ұшса, ауа райы тынышталады;
-
Шағала жағалауда қалықтап, жартастар арасында, құм, таяз, қайраң жерлерде қиқулап ұшса, теңіз дауылы көтеріледі.
-
Балшықшы балшықтан шығып, далада ұшып жүруі — ауа райының жақсару белгісі.
-
Сандуғаш түн бойы тынбай сайраса, бұзылған ауа райы жайлы қалпына түседі, ауа райы бұзылар болса, үнсіз қалады.
-
Қызғыш құс кешкілік ән салса — ертеңгі күн ашық.
-
Көкек таңертең ерте көкектесе, су бетін тұман жауын, шық мол түседі;
-
Көкек ку-кулеген дауысы жиі естілсе — алдағы күн ашық.
-
Кептер гүрілдеп шуласа — жылылықтың нышаны; дем алып отырып бір аяғын қанатының астына тықса, күн салқындайды.
-
Кептер пана іздеп, жасырына бастаса, ауа райы бұзылады.
-
Қараторғай көрінгені — көктем туғаны;
-
Қараторғай мезгілінен ерте келсе — көктем шуақты;
-
Қараторғайдың кеш қайтуы — қоңыр күздің қолайлылығы және келер қыстың жұмсақтығы;
-
Қараторғай жүнін үрпитіп мазасызданса, ауа райы бұзылмақ;
-
Қараторғай бір жерден екінші жерге топтанып ұшып қоныс аударса, кешікпей жел тұрады, топтанып шырылдаса, күн көзі ашылады;
-
Қараторғай топтанып ұшып аспанда неше түрлі қимыл жасаса, күз ұзаққа созылады.
-
Бозторғай келгені — орман алаңының қардан ашылғаны;
-
Бозторғайдың ұя салғаны — көктемнің кіргені.
-
Бозторғай ұзақ шырылдаса, аспанға шырқап шығып әндетсе, күн кезі жарқырап, ауа райы жақсарады;
-
Бозторғай күзде топтасып, ұзақ шиқылдасса, қар ауады;
-
Бозторғай үнсіз жүрсе, жаңбыр жауады.
-
Шымшық таңертең шиқылдай бастаса, түнде аяз тұрады;
-
Шымшық қосылып жиі-жиі шиқылдаса, күн жылынады.
-
Сауысқан үй жағалай үшып, шатыр ішіне қонақтаса, боран болмақ.
-
Қарға ерте көктемде қарға шомылса, күн жылынады;
-
Қарға жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды;
-
Қарға ағаш бұтақтарына жайғасып немесе шуылдасып топтанып ұшса, күн суытып, боран соғады;
-
Қарға қыста терек басына қонақтап қарқылдаса, аяз тұрады;
-
Қарғалар жиналып шуласып, төңіректі басына көтерсе, қар жауады;
-
Қарғалар бастарын әр жаққа қаратып отырса - күн ашық желсіз;
-
Қарға ағаш діңгегіне жақын қонақтаса - күн желді.
-
Ұзақтың келгені - көктемнің кіргені;
-
Ұзақ әдеттегіден ерте оралса, көктем қолайлы болмақ;
-
Ұзақ жазда көкке жайылса, кешікпей жаңбыр жауады;
-
Ұзақ қыста тұмсығын қанатының астына тықса, аяз тұрады;
-
Ұзақ теректің ұшар басына қонса, күн жылынады, орта тұсына қонып, бұтақтардың арасына тығылса, аяз кушейеді.
-
Тауық жүнін үрпитіп қытқылдаса, ауа райы бұзылады;
-
Тауық құмға аунап, қанаттарын қаққылап сілкініссе, қауырсынын тарағыштаса, жаңбыр жауады;
-
Қораз кешке шақырса, ауа райы өзгереді, күндіз жиі-жиі шақырса, күн жылынады;
-
Тауық үстіне, төңірегіне топырақ шашса, күн шуақты болмақ;
-
Тауық мезгілінен бұрын күзде түлесе - қыс жылы;
-
Тауық ұясына ерте қонақтаса, қыста аяз тұрмақ, жазда жаңбыр жаумақ;
-
Тауық бір аяғын бауырына алып, екінші аяғымен қаздиып ұзақ тұрса, күн суытады;
Жануарларға байланысты болжамдар
-
Қойлар күзде, қыста өріске шығар алдында ойнақшып секіріп, бірін-бірі қуалап сүзіссе, аяз тұрар, мұндай әрекеттері жылы маусымда байқалса, ауа райы бұзылар;
-
Қой қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпсай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе, ауа райы бұзылады;
-
Қой қысқы жайылымда үйіріліп топтасса немессе сапырылысып ілгері-кейін жүре берсе, үрит-соқ сүзіссе, қорадағы көңді тұяғымен тепкілесе, тістерін жиі-жиі қайраса, кешікпей боран соғады;
-
Қой қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз жұмсақ болар;
-
Қой тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар қалың болар;
-
Қойлар қыста қораға топырламай, еркін кірсе, таңертең желге қарсы қарап күйсеп жатса, ауа райы тұрақтанып, жақсарады;
-
Күзде тау беткейіндегі отар үнемі өрді беттеп жайылса, қозылар енелерінен қалғыштап, отардан бөліне берсе, күздің соңы, қыстың басында сақа қойлар аузына бір-бір тал шөп тістеп өрістен қайтса қыс қатты болар;
-
қозылар қоралы қойдың алдын орап жайылса — қыс қолайлы;
-
Жүні қобырап, дымқыл тартса, жиі-жиі пысқырынса, лақ, қозы секендеп ойнақтаса, сақа қойлар құлағын қаққыласа, жаңбыр жауар;
-
Қойлар сілкініп сүйкеніссе, маңырап шуласа, жауын басылып, күн көзі ашылар.
-
Мизан туған күні түйе бір жағын ықтап, жайсыз жатса — келер қыс қатты; басып құбылаға беріп, төрт аяғын керіп жатса — жайлы;
-
Қыста түйе ернін жиі жыбырлатып, жылқы оқыранып, құр жұтынса, көктем ерте туады;
-
Жылқы жиі пысқырынса, ауа райы бұзылады;
-
Суатқа айдаған Қара мал пысқырынып тебінсе, жанбыр жауады;
-
Сиыр танауын тартып, мойнын жиі-жиі былғақтатып мазаланса, дауыл не боран соғады.
-
Суыр ініне ерте жатса, қыс қатты болады.
-
Суыр інінің аузын қораласа, көктемде су тасқыны болады.
-
Суыр інінен ерте шықса, кешікпей күн жылынады.
-
Суыр мезгілсіз жайылса, ауа райы бұзылады.
-
Жаңбыр жауып тұрғанда ала тышқан шақырса, кешікпей жауын басылады.
-
Сұр тышқан шақыруын қойып, інге тығылса, кешікпей қар жауады.
-
Дала тышқандары шұбырып шөп жинаса, кешікпей жауын-шашын болады.
-
Ала тышқан қырға шығып шақырса, ауа райы бұзылады.
-
Көртышқан ін қазғанда топырағын жақын үйсе, қыс қатты болады. Топырақты алыстау үйсе, қыс жайлы болады. Көртышқан інін өзен жағасына жақын жерден қазса, жаз қуаң болады. Егер өзеннен алыстау қазса, жаз жауынды болады.
-
Су бетінде шабақ шоршып ойнаса, жаңбыр жауады.
-
Көлбақа жағаға шығып, сазға бауыр басса, жаңбыр жауады. Көлбақа қыста құрқылдаса, қыс жайлы болады. Көлбақа жазда құрқылдаса, күн ыстығы көтеріледі.
-
Бүгелік жылқы бауырында болса, қыс жайлы болады, егер жылқы басына шығып ұшса, қыс қатты болады.
-
Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады. Жылқы ішін тартса, ауа райы бұзылады.
-
Жылқы оқыранып жусаса, боран соғады. Жылқы қыста оқыранып, ерінін жыбырлатса, кешікпей күн жылынып, қар суын ішеді.
-
Жылқы жазда қырға шығып үйездесе, қыс қатты болады.
-
Түйе пысқырса, боран соғады. Түйе ерінін жыбырлатса, жылымық болады. Түйе сары ала күзден ықтаса, қыс қатты болады.
-
Ит пен мысық иіріліп жатса немесе тұмсығын бауырына тығып ұйықтаса, жауын-шашын болады.Мысық үйден шықпай бұйыға берсе, күн суытады.
-
Тауық қораланып, жерді қопсытса, күн суытады.
Аңдарға байланысты болжамдар
-
Аю үңгірін таудың биігірек жеріне салса, келер көктемде су көп тасиды.
-
Бұғы мүйізін шайқаса, ауа райы бұзылады. Бұғы кеш шақырса, қыс жайлы болады.
-
Қыста киік, қарақұйрық өзеннің мұзын басып, солтүстік қапталына шықса, кешікпей күн жылынып, сең жүреді.
-
Қыста киік, қарақұйрық сексеуілді паналаса, боран болады.
-
Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады.
-
Қоян жазды күні өте көп тараса – алдағы қыс қатты;
-
Қоян қыста үйді төңіректесе, аяз тұрады.
-
Тиін күзде ұясын теректің төменгі діңіне салса - келер қыс аязды, жоғары діңіне салса - жылы;
-
Тиін жаңғақты көп жинаса - алдағы қыс ұзақ әрі суық.
-
Доңыз әлсін-әлсін қатты шыңғыра берсе, жауын-шашын болмақ.
-
Қарға жатса, не керіліп ұзақ жатса, таяуда књн жылынбақ;
-
– итаяққа құйған асты аз ішіп, бұйығып жата берсе, жаңбыр жауады, мезгілсіз қайта-қайта ұлуы - жаманшылық белгісі не табиғат апатының хабары.
-
Мысық бұйығып ұзақ ұйықтаса, күн жылынады;
-
Мысық жуынса - күн шуақ;
Жәндіктерге байланысты болжамдар
-
Ара шырын жинаудан ерте оралса, ауа райынын қолайлылығы сақталады;
-
Ара ұясына кеш қайтса, ұясына топталып жиналса, таласса және қатты гуілдесе, жаңбыр жауады;
-
Ара таңертең ойнаса, шырын жинауға ұясынан ерте ұшса, көк жапырақ жайған мойыл мен шетен ағашына тобымен жиналып гуілдессе, ауа райы ашылады;
-
Ара жауын-шашында ұясынан ұшып, қайта қонып гуілдессе, ауа райы жақсарады;
-
Ара ашулы және қызғанышты құлық танытса — жаз құрғақ, қуаң;
-
Ара жаңбыр бұлты төніп келгенде жұмысын тоқтатпаса, жаңбыр жаумайды;
-
Аралар ұясынан ұзап шықпаса, ауа райы бұзылады;
-
Аралар омарта тесігін ашық қалдырса — жылы, балауызып бітесе — келер қыс суық;
-
Аралар ұя қабырғаларына топтанып отырса, аптап түседі.
-
Өрмекші кешкісін жаңадан өрмек тоқыса, өзі жұрт көзіне көбірек керінсе, ертеңіне ауа райы жақсарады;
-
Өрмекші өрмекті шеңберлеп тоқыса, ауа райы ашылады;
-
Өрмекшінің өрмек торы көп болса, күн ысиды;
-
Өрмекші өрмегін жерге жақын тоқыса, күн жылынады;
-
Өрмекші өрмектің арқау (бас) жібін ұзын өрсе, қолайлы ауа райы тұрақтанады;
-
Өрмекші өрмегін тездетіп ере бастаса, өзіне ұя салуға кіріссе, күн суытады;
-
Өрмекші өрмектің ұзын желі аралықтарын көлденен қысқа жіптермен бекітіп, жаңа торын жиілетсе, жел көтеріледі немесе жаңбыр жауады;
-
Көбелек гүлге қонбаса, ауа райы жақсарады;
-
Көбелек сіркіреген жауында ықтасыннан шығып ұшса күн көзі ашылады;
-
Көбелектер бұтақтар арасын, қуысын немесе басқа ықтасындарды паналаса, найзағай ойнайды.
-
Шегірткелер кешкісін топтанып секіріп немесе шөп басына қонып ұзақ шырылдаса, ауа райы жақсарады;
-
Шегірткелердің даладағы шырылы әдеттегіден қатты шықса — ауа райы құрғақ;
Табиғат құбылыстарына байланысты болжамдар
-
Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс. Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуға тиіс. Күн қораланса, қар қалың түседі.
-
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.
-
Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа-райы жылынады.
-
Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі.
-
Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.
-
Ай қораланса, қыс қатты болады. Ай шалқалап туса, ауарайы мал-жанға жайсыз болады.
-
Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне алшақ болса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады. Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне жақын болса, ауа райы мал-жанға жайлы болады.
-
Үркер суға түссе, ауа райы жауынды болады. Үркер қырға түссе, құрғақшылық болады.
-
Жаз айларында көк жүзі бозаң тартса, қыс қатты болады.
-
Қыста бұлт желге қарсы көшсе, көп кешікпей қар жауады.
-
Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы күрт бұзылады.
-
Бұлт шет пұшпақтап ыдыраса, ауа райы оңалуға бет алғаны.
-
Көк жиектен будақ бұлт шығып, өркештене көтерілген кезде ыдырап кетсе, қатты жел тұрып, үскірік аяз болуға тиіс.
-
Көк жиектен көтерілген будақ бұлт көк жүзін жапса, аттың қара қапталынан келетін қар жауады.
-
Ұзақ уақыт оңтүстіктен соққан жел бағытын өзгертіп, шығыс жақтан соғатын болса, ауа райы оңалады.
-
Егер ұзақ уақыт оңтүстіктен соққан жел бағытын өзгертіп, батыстан соқса, ауа райы бүлінеді. Онда жаз болса аңызақ жел соғып, қыста ызғырық соғады.
-
Шық қалың түссе, шөп қалың бітеді.
-
Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.
-
Жаздың желтеңі қыстың боранына сай келеді.
-
Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.
-
Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
-
Жаз найзағайлы болса, қыс жұмсақ өтеді.
-
Шөп буыны ерте қатса, қыс жайсыз болады.
-
Сарымсақ қабығы қалың бітсе, қыс қатты болады.
-
Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар.
-
Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып, ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру-сырқау жоламайды.
-
Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе бұрынғы ауруынан айығады.
-
Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
-
Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
-
Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
-
Жазғытұры күн алғаш күркірегенде: «Мал желіні сау болсын, сүт мол болсын!» - деп, шөмішпен ақ алып шығып, жабыққа жағады, босағаға төгеді.
-
Біреудің үйі өртенсе, арты жақсылық болады деп ырымдайды.
-
Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
-
Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды.
-
Балапан шығарған құсты атпайды.
-
Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
-
ерте жалт ойнаса, кешікпей күн суытады;
-
ертеңгі күн күркірі суықтық хабары;
-
алғашқы рет күн күркірегенде жел арқадан тұрса ай бойы салқын, шығыстан тұрса-құрғақ, солтүстіктен соқса-жылы болмақ;
-
бұлт тым жоғары және тез көшсе, ауа райы жақсарады;
-
алғашқы күндері жайма-шуақсыз ауа райы серпінді болса, ол ай бойы құбылады;
-
ай ортасында ауа райы қандай болса, жаз бойы да сондай, жылы жел ессе-жаз қолайлы, жел арқадан соғып, салқындаса-жаз қоңыр салқын, жаңбыр жауса-бүкіл жаз жаңбырлы.
-
Сәуірде күн күркіреп, көктемнің хабарын жеткізеді;
-
Сәуірдің екінші он күнде әуелі суық жел есіп, соңынан жылы леп береді;
-
Сәуірдің үшінші он күнде ірі өзендерде сен жүріп, су тасиды. Тау өзендерінің тасқыны арыпдайды;
-
Сәуірде аспан ашық көкшіл түске енсе, күн жылынып, жанбыр жауады;
-
Сәуірде түн жарық болса, кешікпей жер тоңазиды;
-
Сәуірде өзен сулары көп тасыса — жаз ыстық.
-
алғашқы күн ашық, жылы болса — айдың соңы салқын немесе керісінше;
-
Мамыр ай бойы жылылық болса — бүкіл жаздағы ауа райы бір қалыпты;
-
Мамыр жаңбырлы болса — маусым ылғалсыз, қыркүйекте жаңбыр сирейді;
-
Мамырда қайыңнан шырын көп бөлінсе, үйеңкі мезгілінен бұрын түбіттенсе, үйеңкі мен қандыағаш қайыңнан бұрын жапырақ жайса — жаз жаңбырлы;
-
Мамырда қайың үйеңкі мен қандыағаштан бұрын жапырақ жайса — жаз ыссы;
-
Маусысның алғашқы екі күні жауын-шашынды болса — ай бойы құрғақ;
-
Маусымда күн сәулесі күңгірттенсе — күшті найзағай жарқылдайды;
-
Маусымда жел бір жақтан ұзақ соғып, кенет бағытын өзгертсе, үлпілдек бүрін ашып, ұлпасын шашса, күн шығарда ауа қапырық болса, таңертең күн үсті-үстіне ұзақ күркіресе, тоғай үстіне тұман қонса, ауа райы ұзақ уақыт бір қалыпты тыныш тұрып, соңынан жел күшейсе — жаңбыр жауады:
-
Кемпірқосақ таңертең тартылса — жауып хабаршысы;
-
Кемпірқосақтың қызыл бояуы қалыңдаса — жел тұрып, кейін ауа райы ашылады;
-
Кемпірқосақ күнбатыстан көрінсе — ауа райы жақсарады;
-
Кемпірқосақ жаңбырдан соң тез тараса — ауа райы ашылады, ұзақ тұрса — жауын-шашын әкеледі;
-
Мырза (жомарт) күз – дәнді дақылдар мен жеміс-жидектер пісіп молайған шақ.
-
Сары (алтын) күз – ағаштардың, өсімдіктердің жапырақтары сарғайып түлеген кез.
-
Жылауық күз – күн салқындай бастаған, жауын-шашынды ылайсаң мезгіл.
-
Қоныр күз – күн бұлыңғыр тартып, қара уық түскен кез.
-
Қара күз – күздің нағыз суық түскен кезі.
ЖЕР СІЛКІНУ НЫШАНДАРЫ
-
Құстар қым-қиғаш ұшып-қонып, улап-шулап дәйексізденеді;
-
Құмырсқалар илеуінен безеді;
-
Иттер қыңсылап, кейде мезгілсіз ұлып мазасызданады;
-
Мысықтар жер тырналап, мияулап үйден қашып шығуға тырысады;
-
Жыландар топтанып өзге жаққа көшеді;
-
Кесірткелер өз мекенінен жедел қоныс аударады;
-
Атжалмандар мен тышқандар індерін тастап, топ-топ жиналып әбігерге түседі, ерсілі-қарсылы жүгіріп, кейде өзара таласады;
-
Жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды.
АУА РАЙЫНЫҢ ЖАҚСАРУ НЫШАНДАРЫ
-
Күн батарда аспанның батыс бөлігі бұлттан тазарады.
-
Күн батарда көкжиек ашық өң алады.
-
Күн «суға» батады.
-
Күн шығарда жел күшейіп, кешке тынады.
-
Күн шапағы кеште қызарып, сарғылт-қызыл сәуле шашады.
-
Таңертең ұсақ жаңбыр жауады.
-
Таңертең тырнақша гүлдері ашылады.
НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
-
Тұманды күні ауа қапырық болса;
-
Күн сәулесі бұлдыр тартса;
-
Ашық шуақты күні көбелек кенеттен үйге ұшып кіріп, түн түспей-ақ төбенің ең қараңғы бөлігіне қонақтаса;
-
Әр түсті қою бұлттар шоғырланып, бірін-бірі басып тез көшсе.
ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
-
Күн бұлтқа не қызарып батса;
-
Күн көзінің айналасы торланса;
-
Күн батарда аспан сұрланса;
-
Ертеңгісін шөп басы өте құрғақ болса;
-
Таңертең шық тамшысы жапырақтың ұшында не шөп басында мөлтілдеп тұрса;
-
Таңертең кемпірқосақ көрінсе;
-
Кешкісін жел күшейсе;
-
Өзен суы жылынса;
-
Күндізгіден кеш жылырақ болса;
-
Тұманда жұлдыздар көрінсе;
-
Жоңышқа жапырақтары бір-біріне жабысып бүріссе;
-
Гүлдің хош иісі әдеттегіден мол тараса;
-
Жаңбыр жауғанда қақ суы көбіктенсе, соңы нөсерге ұласады.
-
— Айды күңгірт тұман басса, сулы-сылпық ауа ұзаққа созылады.
-
— Күн қонаға жауса, қонаға ашылады.
-
— Таң алдында басталған жаңбыр ұзақ жаумайды.
-
— Шарбы бұлт шашырай қонса, жел ескенмен, жаңбыр жаумайды.
-
— Жауын жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады.
-
Тамыздың алғашқы күні ылғалды болса – ай жаңбырлы, жайма шуақ болса – құрғақшылық;
-
Таң алдында жұлдыздар жиі жымындаса 2-3 күннен соң жаңбыр жаумақ;
-
Тамызда үздіксіз күн күркіресе – нөсер құяды;
-
Тамызда түнгі шық кеппесе – найзағай ойнайды;
-
Тамызда мысық торғай (сарғалдақ) шақырса, күн қызыл құлақтанып шығып, бетін бұлт торласа, қоғажай мен беденің гүл шоғырлары бүрісіп, ауызын жапса жаңбыр жауады;
-
Тамызда жауыннан кейін батпақтың беті көгерсе – жаңбыр қайталады;
-
Тамызда ағаш жапырақтары сарғая бастаса – күз ерте түседі;
-
Тамызда көкжиек алыстан көрінсе – ауа райы жайма шуақ;
-
Тамыздың алғашқы он күндіктің соңында ауа райы қандай болса, соңғы төрт жұма да сондай;
-
Тамыздың үшінші он күнде жауын жауса – жеті бойы сулы-сылпық, күшті жел тұрса-қыркүйек жаңбырлы.
-
Қыркүйектің алғашқы күндері күн күркіресе – күз жылы; жауынсыз жылы болса, күз кеш түседі;
-
Қыркүйекте жидек өнімді болса — күз ылғалды, өнімсіз болса құрғақ;
-
Қыркүйекте ауа райы құрғақ әрі жылы болса, қыс кеш түседі;
-
Қыркүйекте ағаш жапырақтары ерте түссе, қыс та ерте түседі;
-
Қыркүйекте ағаш жапырақтары түгел түспесе — қысқы ауа райы бір қалыпты;
-
Қыркүйекте қайың мен емен жапырақтары тегіс түссе — келер қыс қаһарлы;
— көкек шақыруын тыймаса — жаз ұзақ;
— ағаш жапырақтары сарғая бастаса — күз бен қыс ерте түседі;
Үшінші он күнде
— аптап басталады;
— жерді шық басқан «жылауық» күндер туады;
— ауа ыстық болса — келер желтоқсан суық;
— қымыздық бітік шықса — алдағы қыс жұмсақ;
— арша гүлдегенде шілде бітігі, тамыз туады.
ТАМЫЗ
Алаудай бетті шарпып аңызағы,
Өртеніп туды биыл тамыз айы.
Аптаптан желдің де өзі деміккендей,
Ышқына ішін тартып азынайды.
Жарылып аспандағы алып шыны,
Кеткендей ақтарылып бар ыстығы.
Шөл қысып жалпақ жатқан кең даланы,
Таңдайға тіліп алып жабыстырды.
Сатыбалды ДӘУІМҰЛЫ,
«Жалын гұмыр».
Айдың бір атауы — Сарша, мағынасы — шөп қуарып, жердің сарғаюы, шілденің аяқ кезі мен тамыздың бас кезіндегі ми қайнататын аптап ыстық. Жаз ортасы ауып, ағаш жапырақтары мен өсімдік сабақтары сола бастаған шақ. Сандықтан ай қосар сөзбен «Сарша тамыз» , - деп аталды.
Айдың жиырма жаңасында Сүмбіле жұлдызы туып, су салқындай бастайды. Осыған орай «Сүмбіледе су суиды» нақылы тараған.
Лақ сүмбіле – тамыз айының бірінші жартысы.
Теке сүмбіле – тамыз айының екінші жартысы.
ТАМЫЗДА
- алғашқы күн ылғалды болса – ай жаңбырлы, жайма шуақ болса – құрғақшылық;
- таң алдында жұлдыздар жиі жымындаса 2-3 күннен соң жаңбыр жаумақ;
- үздіксіз күн күркіресе – нөсер құяды;
- түнгі шық кеппесе – найзағай ойнайды;
- мысық торғай (сарғалдақ) шақырса, күн қызыл құлақтанып шығып, бетін бұлт торласа, қоғажай мен беденің гүл шоғырлары бүрісіп, ауызын жапса жаңбыр жауады;
- жауыннан кейін батпақтың беті көгерсе – жаңбыр қайталады;
- күн сәулесінен тұман тез тараса – қолайлы ауа райы біразға созылады;
- ағаш жапырақтары сарғая бастаса – күз ерте түседі;
- көкжиек алыстан көрінсе – ауа райы жайма шуақ;
- алғашқы он күндіктің соңында ауа райы қандай болса, соңғы төрт жұма да сондай;
- үшінші он күнде жауын жауса – жеті бойы сулы-сылпық, күшті жел тұрса-қыркүйек жаңбырлы.
Тамыз айдағы ашық, жақсы ауа райының белгілері
Көкніл көкжиектен таңның алтын шапақтанып атуы, таңертеңгі шықтың молдығы, тұманның су бетін бауырлауы, күннің тұманды жарып шығуы, өзен су деңгейінің көтерілуі.
Ауа райының құбылып бұзылу нышандары
Малдың суды аз ішуі, желсіз күні тоғайдың шуылдауы, кемпірқосақтың төмен көлбей тартылуы, орман құстары шуылының тынуы.
КҮЗ
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан,
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай...
АБАЙ,
«Күз».
Бұлт маусам жер шары орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралық. Астрономия тұрғысынан 90 күн. (Қыркүйектің 24 жұлдызынан желтоқсанның 22 жұлдызына дейін).
Күзде күн суытып, көлдер мен өзендердің суы тартылады, өсімдіктер қуарып, ағаш жапырақтары түседі. Егін пісіп орылады. Мал қоңданады. Жыл құстары тізбектеліп жылы өлкелерге кетеді. Күн қысқара береді. Жауын-шашынды жаз, қоңыр күз келер қыстың ұзақтығын білдіреді.
Халық аузында күздің бірнеше атауы бар.
Мырза (жомарт) күз – дәнді дақылдар мен жеміс-жидектер пісіп молайған шақ.
Сары (алтын) күз – ағаштардың, өсімдіктердің жапырақтары сарғайып түлеген кез.
Жылауық күз – күн салқындай бастаған, жауын-шашынды ылайсаң мезгіл.
Қоныр күз – күн бұлыңғыр тартып, қара уық түскен кез.
Қара күз – күздің нағыз суық түскен кезі.
Боқырау – қар жаып, суық түсе бастаған кез, күздің соңғы айлары.
ҚЫРКҮЙЕК
Туған ел, қандай ғажап қоңыр күзің,
Көмкерген сары алтынмен жердің жүзін.
Табиғат картасынан қазір көшкен,
Жаздың да жас иісті көрем ізін...
Жаз бен күз айырмаған әзірге ірге,
Толқындап алтын дария жатыр түзде.
Мейірімді өнерпаз жаз аттанарда,
Жасауын тапсырғандай қоңыр күзге...
Сәнді күз кемеліне келген шалқып,
Дегендей «Кезің бар ма менен артық!»
Байырғы дәстүрменен мырзасынып,
Қалдырмай, бар байлығын түгел тартып.
Әбу СӘРСЕНБАЕВ,
«Алтын күз».
Қыркүйек — күз басы, күзем айы. Саулықтар мен ешкілердің төлдеу мерзімін реттеу, оны жылы айларға келтіру мақсатында жаздың басында қошқарлар мен текелерге байланған күйек 90 күннен кейін алынатын мерзімге сәйкес келуіне байланысты айға «қыркүйек» атауы берілген.
Қыркүйектегі біраз күндік ерекше жайлы шуақ — «мизан шуагы».
Айдың соңғы, қазан айының бас кезіпде киік, ақбөкен, қарақұйрык, текелері үйірге түсер шақтағы бұл амал (он жеті тоғыс) — Киіктің матауы.
«Тамыз бәрін пісіреді, қыркүйек табаққа түсіреді» дейді халық.
ҚЫРКҮЙЕКТЕ
— алғашқы күндері күн күркіресе – күз жылы; жауынсыз жылы болса, күз кеш түседі;
— жидек өнімді болса — күз ылғалды, өнімсіз болса құрғақ;
— ауа райы құрғақ әрі жылы болса, қыс кеш түседі;
— ағаш жапырақтары ерте түссе, қыс та ерте түседі;
— ағаш жапырақтары түгел түспесе — қысқы ауа райы бір қалыпты;
— қайың мен емен жапырақтары тегіс түссе — келер қыс қаһарлы;
— қайың жапырақтары жоғарғы бұтақтардан бастап сарғайса, кектем ерте келеді, теменнен бастаса — кеш;
— шырша бүршіктері төмен өссе, аяз ерте тұрады, жоғары өссе — қыстың соңы суық;
— көктерек жапырақтары тегіс жазылса — келер қыс суық, ішкі беті жоғары қарай бүріссе — қыс жылы, әрі-сәрілігі — қыстың қолайлылығы;
— айдың ортасында күн бұлыңғыр болса - күз жауын-шашынды, ашық болса — жайма-шуақ;
— айдың соңғы күндері мұз сүмелектері ұзын болса — келер жаз ұзақ;
Айдың соңы жазбен қоштасу. Күн салқындап, жанжануарлар, құрт-құмырсқалар қысқы қоныстарына жайғасады.
ҚАЗАН
Сары жапырақ - күздің күні сары алтын.
Сары жапырақ - күздің оты жанатын.
Сары жапырақ - күздің құсы, жел жұлып
Орта жолда тастап кеткен қанатын.
Сырбай МӘУЛЕНОВ,
«Рауаң».
Ерте кезде ай «ҚҰЗАН» аталған. Бұл кезде жыл құстары жылы жаққа ауып, жергілікті мекендерде қарға, құзғындардың қалуы ай атауына себеп болуы мүмкін.
ҚАЗАН - алғашқы үсік жүретін қара суық айы. Бұлт қоюланған жаңбырлы, су беті қабыршықтанып, бозқырау түсер күзгі сілбі шақ. Түні қараңғы. Кеш піскен жеміс-жидек, бау-бақша, көкөністер суыққа ұрынар, ондай өнімдерді «Қазан соқты, қазан ұрды» дер шақ.
Бүкіл қысқа жетер соғым союға ерге болғандытан, қазанда жұрт жылқы мен қарамалды бірлесігі сойып, жіліктеп, аяқтап бөліседі де, келер соғымға дейін талғажау етеді. Бұл — ел аузында «қазан асы».
Осы айда мезгілі жетіп сарғайған терек жапырақтарын жерге төккен желдіқазанның жапырақ желі дейді, төгілген жапырақтары — «қазан жапырақ», ал ызғарлы қатты желі «қазанның қара дауылы» атанған.
Қазан айының соңында, қарашаның бас кезінде 5-10 күндік жауын-шашынды кезде бұғы маралмен насай топыр құрады. Он бес тоғысқа сәйкес келетін бұл амал — «буғының мойын жуары».
Қазанда бүкіл ауыл шаруашылығы жұмыстары жинақталады.
ҚАЗАНДА
— айдың басында жел арқадан соқса - суықтық, түстіктен соқса - жылылық әкеледі, батыстан соқса - ауа ылғалданады, шығыстан соқса - жайма-шуақ; солтүстік батыстан өткір жел соғуы келер қыстың қаһарлылығын меңзейді; қар жауса, қаңтардың соңында, ақпанның басында күн жылынады;
— алғашқы ызғарда ағаш жапырақтары сарғаймаса немесе үзіліп түспесе, күн қайта жылынып, ауа райы тұрақтанады;
— жаңа ай Жаңбырлы күні туса - келер ай түгел жаңбырлы;
— алғашқы қар жер құрғақта түссе, тез ериді, ылайсаң кезде түссе, жатып қалады; шие жапырақтары түспесе, қар қанша жауса да тез ериді;
— тұман кешке түсіп, тез тараса, қатқақ болады;
— құйрықты жұлдыз туса, өзен сулары тартылады;
— күндіз жауған қар көп жатпайды, түнде жауса, ұзақ жатады;
— күн көкжиектен тез көтеріліп, аспан шайдай ашылса, ауа райы өзгереді;
— пияз қабығы қат-қабат көп болса - келер қыс қаһарлы;
— емен мен қайың жапырақтары төгел түсгіесе - қыс қатаң, бірден түгел түссе, жүмсақ қысты күт;
— қарағай мен шыршаның бөршігі аз болса - келер қыстың аязы сынық;
— күн күркіреп, найзагай жарқылдаса - келер қыс қысқа әрі жұмсақ;
— күн тұтылса - қыс қатты, келер наурыз, көкек, мамыр айлары жаңбырсыз, құрғақ;
— айдың орта шенінде күн жылынса, жылылық үш жұмаға созылады; қар аралас жаңбыр жауса, қаңтарда екі-үш рет жаңбыр жауады; күн ашық жылы болса - келер жылғы маусым жаңбырлы, салқын.
КАРАША
Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай,
Қыстың басы — бірі ерте, біреуі жай.
Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
АБАЙ.
Қарашаның атасы-қыркүйек, әкесі-қазан, қосағасы-қыс.
Қараша-жылдың іңірі, қыстың босағасы.
Қараша-қара суық айы, арбамен қоштасар, шанаға топтасар кез. Күпіні шешкізіп, тон кигізеді.
Қараша — «Толған Ай тұрса Үркерге қарсы қарап, қыс түсер шақырайып, боран сабап» дейтін он үш тоғыс айы.
Қарашада аспан түнереді. Жер бауырлап дымқыл тұман түседі, зілмауыр бұлттар көшеді. Күн қыскарады, ашық шуақты кез сирейді. Қар кейде жауып, кейде еріп, түнге қарай тоң қатады. Қарашада қара жерге қар түспей соққан өткір желді салқындықты — «қара суық» дейді.
Қарашаның қары-ала шабыр жолдас қар.
Қарашаның аяқ кезінде (он үш тоғыста) таутеке тауешкімен, құлжа арқармен үйірге түседі. Бұл амал «теке бұрақ (бұрқылдақ)». Бұл айда төл марқайып, мал семіреді. Күзеу тозып, жаздай мал тұяғы таптаған өріс қараяды. Жердің оты кетіп, бел-бедері күлгін тартады. Ащы шөптер ғана шырын жинайды. «Қараша — қауыс, кәрі-құртаңды тауыс» (мәтел) айы.
ҚАРАШАДА
— маса ұшырасса - қыс жылы, күн күркіресе - қаһарлы;
— ай тұтылса - келер қыс суық, ай шалқасынан туса, қар қалың түсіп, қаһарлы қыс ұзаққа созылады;
— ағаш бутақтарын қырау басса, ертеңіне қар жауады, шөпке ызғарлы қырау қонса, жаңбыр жауады;
қар ерте түссе, көктем ерте келеді;
— найзағай жарқылдаса, келер жаз жаңбырлы;
— кемпірқосақ көрінсе - қыс қатты, көктем жаңбырлы болғанмен, жаз ыссы, қуаңшылық.
Бірінші он күнде
— тоң қатып, салқын жел тұрса, қаңтарға дейін қар жаумайды; ағаш жапырақтары түспей, жауғап қар ұзақ жатпайды; ашық күн болса - келер қыс жылы; бұлт жиі үйірілсе, желтоқсан айының ортасында қатты аяз тұрады.
Екінші он күнде
— түскен тұман тез тараса, күн жылынады; қар жауса - келер қыс қаһарлы; бұлтты және желді келсе, қаңтардың басында қар көп жауады.
Үшінші он күнде
— құдықтың суы көтерілсе - аяз тұрады; қар аралас жаңбыр жауса, желтоқсан айында күн жылынғады; айдың соңғы күні, ауа райы қандай болса, қыс бойы сондай.
Нағыз қыс алғашқы қардан 40 күн соң түсед
— шетен ағашы гүлдегенде топтанып жүрсе — жаз ыссы, қуаң.
ТЫШҚАН
— жазда ініне бидай сабаны мен құрғақ шөпті көп тасыса — келер қыс қарлы, суық әрі ұзақ;
— мезгілсіз інінен шықса, жаңбыр жауады.
ШАЯН
— судан жағаға шығып ұзақ жатса, жаңбыр жауады.
ҚҰНДЫЗ
— күні бойы тынбай еңбектенсе, жаңбыр жауады.
ҰЛУ
— шөптің сабағын бойлап жоғары көтерілсе, аптап түседі.
ЖАУЫН ҚҰРТЫ
— жер бетіне шығып жыбырлап жүрсе, кешікпей жаңбыр жауады.
СУ ЖЫЛАН (САРЫБАС ЖЫЛАН)
— жолға шығып ұзақ жатып жылынса, жаңбыр жауады;
— мезгілді маусымда ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады.
ШЫБЫН
— қысты күні ұйде ұшса, боран соғады;
— ертеңгісін қатты ызыңдап ұшса, ауа райы жақсарады.
МАСА
- кешке қарай және түнде топтанса, ауа райы жақсарады;
- топ-тобымен шелектегі суға үймелеп ызыңдаса немесе кешке таман қатты ызыңдап ұшса, ертеңіне жаңбыр жауады.
ҚҰМЫРСҚА
— ертеңгісін илеуінің аузын ашып, ерсілі-қарсылы шұбыра бастаса, тыным таппай жұмыстанса, ауа райы жақсарады;
— күзде көріңсе — келер қыс жылы;
— күзде үйіндісі биіктей түссе — келер қыс қатты;
— сапарынан асыға оралса, илеуіне тығыла бастаса, жауын жаумақ.
ҚОҢЫЗ
— жазды күні әдеттегіден көп өрсе — жаз қуаң;
— ызыңдап ұшса — күн ашық;
— кешкісін төмен ұшса, алақанға отырғызғанда тұрақтамай, тез ұшып кетсе, түнде жарқырай түссе (жарық қоңыз), ауа райы жақсарады;
— бұлыңғыр ауа райында түстіктен жел соғып тұрғанда ұшса, күн көзі ашылады.
ҚҰРБАКА
— суда отырса, жаңбыр жаумайды, жағаға шығып тырбандап секіріп жұрсе, жауын жауады;
— сыртқы қабығы көкшіл тартып, кеште ұзақ және қатты бақылдаса, ауа райы жақсарады.
КИІК
— топ-топ болып басқа жаққа бет алса, ауа райы қатты бұзылып, суық түседі.
АУА РАЙЫН ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІ МЕН
ҚҰБЫЛЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ
ЖЕР СІЛКІНУ НЫШАНДАРЫ
— құстар қым-қиғаш ұшып-қонып, улап-шулап дәйексізденеді;
— құмырсқалар илеуінен безеді;
— иттер қыңсылап, кейде мезгілсіз ұлып мазасызданады;
— мысықтар жер тырналап, мияулап үйден қашып шығуға тырысады;
— жыландар топтанып өзге жаққа көшеді;
— кесірткелер өз мекенінен жедел қоныс аударады;
— атжалмандар мен тышқандар індерін тастап, топ-топ жиналып әбігерге түседі, ерсілі-қарсылы жүгіріп, кейде өзара таласады;
— жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды.
АУА РАЙЫНЫҢ ЖАҚСАРУ НЫШАНДАРЫ
Күн батарда аспанның батыс бөлігі бұлттан тазарады.
Күн батарда көкжиек ашық өң алады.
Күн «суға» батады.
Күн шығарда жел күшейіп, кешке тынады.
Күн шапағы кеште қызарып, сарғылт-қызыл сәуле шашады.
Таңертең ұсақ жаңбыр жауады.
Таңертең тырнақша гүлдері ашылады.
Таңертең аспанды көшпелі бұлт торлап, кешкісін тарайды.
Кешке қарай жаңбыр толастайды.
Кешкі орман іші далаға қарағанда жылырақ болады.
Жазғы түнгі аспанда жұлдыздар жиі көрінеді.
Түнде шөп басына қалың шық түседі.
Ай батқан соң аспан шайдай ашылады.
Баяу жел тұрғанда аспан көгілдір түрге енеді.
Аспанды торлаған бұлт ыдырайды.
Тұман жер бауырлай түсіп, ұзақ қонақтайды.
Тұман түнде жер бауырлай қонып, күн шыққанда тарайды.
Шарбы және түйдек бұлттар кешке қарай кешіп, аспан тазарады.
Ақ қараған гүлдеріне құрт-құмырсқалар жоламайды.
Дала шырмауығының гүлдері ашылып, жапырағы жайылады.
Күзгі күн қыраулы болады.
Жел бәсендеп бағытын өзгертеді.
Даладағы дауыс сыңғырлап естіледі.
Ошақта не пеште жағылған көмір тез күлге айналады.
Үй пешінің мұржасынан шыққан түтін тік көтеріледі.
Ауа күндіз ысып, түнде салқындайды.
Түс қайта не кеште кемпірқосақ көрінеді.
Тымық түннен кейін ертеңгісін тұрған жел түсте күшейіп, кешке тынады.
Күндіз (қыста) ауа райы ашылып, желсіз кеште аспанды қабат-қабат қалың бұлт торлайды.
Атмосфералық қысым бірте-бірте өседі.
Ауа температурасы төменден, өткінші жауын жауады.
Жел бағыты солтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады.
Ауа температурасы күндіз жоғарылап, түнде төмендейді.
Түнде тынық, әлсіз жел еседі.
НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
— тұманды күні ауа қапырық болса;
— күн сәулесі бұлдыр тартса;
— орман шуылы басылса;
— ашық шуақты күні көбелек кенеттен үйге ұшып кіріп, түн түспей-ақ төбенің ең қараңғы бөлігіне қонақтаса;
— әр түсті қою бұлттар шоғырланып, бірін-бірі басып тез көшсе.
ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
— күн бұлтқа не қызарып батса;
— күн көзінің айналасы торланса;
— күн батарда аспан сұрланса;
— ертеңгісін шөп басы өте құрғақ болса;
— таңертең шық тамшысы жапырақтың ұшында не шөп басында мөлтілдеп тұрса;
— таңертең кемпірқосақ көрінсе;
— кешкісін жел күшейсе;
— өзен суы жылынса;
— күндізгіден кеш жылырақ болса;
— тұманда жұлдыздар көрінсе;
— өзен суының деңгейі төмендесе;
— бұлт аспанды түгел торласа;
— жаңбыр бұлты жөңки көшсе;
— батыс жақтан найзағай ойнаса;
— жоңышқа жапырақтары бір-біріне жабысып бүріссе;
— қоғажай сабағы иіліп, басыи томен салса;
— үйеңкінің жапырақты шыбығы түбінде шырын тамшысы пайда болса;
— гүлдің хош иісі әдеттегіден мол тараса;
— желсіз күні орман шуылдап тұрса;
— аққайынның шырыны көк түске енсе;
— күн кенет қатты ысып кетсе.
***
— Ымыртта басталған жауын түні бойы жауады.
— Жаңбыр жауғанда қақ суы көбіктенсе, соңы нөсерге ұласады.
— Күн тұншыға күркіресе — жай сылбыр жауын, қатты күркіресе, нөсер болады.
— Тұз ылғалданса, ауа райы да ылғалданады.
— Айды күңгірт тұман басса, сулы-сылпық ауа ұзаққа созылады.
— Күн қонаға жауса, қонаға ашылады.
— Таң алдында басталған жаңбыр ұзақ жаумайды.
— Шарбы бұлт шашырай қонса, жел ескенмен, жаңбыр жаумайды.
— Жауын жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады.