Материалдар / ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың әдет-ғұрпындағы ер бала тәлім-тәрбиенің негіздерін түп тамырын түсіне отырып, халық аузында, хадистерде, би шешендердің даналық ойларында кездесетін тыйымдарды жинақтап, тәрбие түріне топтастырсақ, сол арқылы жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандыруға және адамгершілік, имандылық, әдептілік қағидаларын насихаттауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2019
840
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ»


Жоба авторының аты-жөні: Мұханбет Сағынбек

КММ «№122ЖББ»

11 сынып


Мұғалім Кудаймендинова У.К.








Алматы – 2019

МАЗМҰНЫ


I. КІРІСПЕ……………………………………………………………………...…5


II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Тал бесіктен басталған ер бала тәрбиесі.…………........................…………......5
2.
Қазақтың жауынгерлік дәстүрлері.…………………………………….……….............12

3. Қазақ еліндегі батырлар институты.…………………………………….………….........13


III.ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................21


VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………......…………… 22
















I. КІРІСПЕ

Мақсаты: Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының ер балаларға арналған ұлттық тәрбиесінің алатын орны ерекше екенін таныту.

Міндеттері:-мәдениеттану,тарихы-этнографиялық еңбектерді зерттеу;

- қазақ халқының ұлттық тамырларымен танысу;

-үлкен адамдардан, әжелерден мәлметтер жинау;

-оқушылар арасында сауалнама өткізу;

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақтың әдет-ғұрпындағы ер бала тәлім-тәрбиенің негіздерін түп тамырын түсіне отырып, халық аузында, хадистерде, би шешендердің даналық ойларында кездесетін тыйымдарды жинақтап, тәрбие түріне топтастырсақ, сол арқылы жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандыруға және адамгершілік, имандылық, әдептілік қағидаларын насихаттауға болады.

Алайда «елу жылда ел жаңа ,жүз жылда қазан жаңа» демекші ұлттардың аралас қоныстануы мен жаппай жаһандандыру үрдісінің,басқа да себептердің кесірінен тамаша салт санамыз құрдымға кетіп бара жатқаны да шындық Көп адамдар қазақтын жауынгерлер тәрбиесіңе мән бермейді,алайда оның түп тамырында қандай астар жатқанын олар түсіне бермейді. Жалпы қазақ халқы тұрмыс-салтымызға ежелгі тәрбие жолдарына айрықша мән беретін елміз деп есептеймін.

Зерттеу нысанасы:ұлттық,рухани тәрбиені жаңырту

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазіргі уақыттагы ер балалрға ұлттық тәлім тәрбие беруді жаңғыртудағы жетіспейтін құралдар мен бағыттарды анықтау.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері:зерттеу жұмысында баяндау,салыстыру сипаттау,сауалнама алу,сараптау,топтау, жүйелеу

Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, ұрпақты тәрбиелеу дәстүрі бар. Қазір бұл игі дәстүрлерді күні өткен нәрсе деп қарап, ер баланың жауынгерлік қасиетті тәрбиелеу ісін елемей кетті,«ер балалардың кейбір бөлігі нашар, ебедейсіз болып өсіп келеді; тіпті су жүрек, қажырсыз, бас қамын ғана ойлайтындар ұшырасады».

Жәрмеңке жарысында 51 пұт кірдің тасын көтерген Балуан Шолақ қайда?!

Күресте әлем чемпионы атанған Қажымұқан қайда?!

Олар қиялдан жасалған ертегілердің кейіпкерлері емес; Олар болған шындық. Осындай асыл сүйек дарабоздарды туғызған қазақ халқы орнында, өз Отанында отыр ғой.

Бауыржан Момышұлы бұл қасіретті жазғалы бері жарты ғасырдан әлдеқашан асып кетті.Осы дерт күрделенбесе , азайған жоқ. Демек Бауыржан бабамыздың өсиеті ел қамын, болашақ қамын ойлаймын десе,ҰЛT НАМЫСЫН қорғаймын десе, адамдарды аздырмай, тоздырмай, асылдандыруға аса зер салғаны керек.Бідің тақырыбымыз қазір өзекті мәселе деп есептеймін.

Ата – бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш малсақ, жауынгер, әнші,күйші.аңшы құс бегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті ізгі адамгершілікті қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан,теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйреттіп баққан.




НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тал бесіктен басталған ер бала тәрбиесі қандай болды? Тәрбие бесік жырынан басталады

Ұлы Абай атамыз:

Туғанда дүние жүзі ашады есігін өлең

Өлеңменен жер қойнына кіреді деген.

Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен

Ойласаншы бос қақпай елең – сенең, деген

«Шыпылдап туған сәбиге, жаялық еттім өлеңді» демекші бесік жырын тындап өскен баланың санасы таза психологиясы дұрыс болады. Бесік жыры екі міндетті атқарады.

1. Сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата ананың тілегі

2.Анасының балаға деген мейрімі, махаббаты ой арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттерін мадақтау. Жас нәресте шыр етіп дүниеге келгенде анасы оны тербетіп айналадағы дүниемен таныстырады.Ол қазіргі созбен айтқанда болашақтағы баланың өмірінің бағдарламасын сазды өлеңмен санасына құяды. Мысалы:

Құрығыңды майырып,

түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?!

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп

Батыр болар ма екенсің ?!

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің – дейді.

Осы бір ауыз өлең жолынан халықтың бала тәрбиелеудегі ой – арманы айқын көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ер жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл – кеңес, тілек етіп білдірген. Баланын жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел дәстүрінің озық түрі болған.

Атқа мінгізу тойы. Бұл бір! Келесі: Бала 4,5 – 5 ке толғанша әке – шешесі ұл балаға арнайы ат, ертоқым даярлайды. Ерді (егер) қайыңның безінен шаптырып жасатады. Мұны ашамай ер деп атайды.

Баланың өзіне арнаған құнанына ер салып,баланы киіндіріп, ауыл ортасында жиналып тұрған қарияларға атпен келіп сәлем бергізеді.

Ал ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал білек.

Жасыңнан малды баға біл,

Атқа да жақсы шаба біл.

Өнеге, өнер жаға біл.

Тең құрбыңның алды бол.

Мінеки, атқа міңдің ашылды жол -

деп бата береді.

Қазақ баласы қаршадайынан атқа мініп шабуды, 5,6 жасынан бастап қозы – лақ қайыруды, мал бағуды үйренген, атқа міну тойы баланың әжетке жарап, еңбекке араласуы,азаматтықтың басы деп ұққан. Ол балаға да үлкен ой туғызып, тез есеюіне әсер еткен. Бұл екі

Сүндетке отырғызу - біріншіден, мұсылмандық белгісі болып саналса, екіншіден, балаға ер жетің, азамат болдың әжетке жарап қалдың деген сезімді де білдіру көзделген.Баланы сүндетке отырғызарда әкесі мүмкіндігі болса сүндет атың деп балаға арнап белдеуге ат байлаған.

бұдан бала өзін үлкейген екенмін деп сезіне бастайды. Бұл дегеніміз бес – жеті жасынан бастап жас баланы тайға отырғызып жүгенді қолына беріп « азамат, жігіт» болдың - дербес өмірің басталды - деп аттың басын өзіне беріп сен енді қазақ елі үшін өмір сүресің деген сананы қалыптастырған, жауапкершілікке баулыған. Сүндет тойында тай, құнан шаптыру, балалардың күресін өткізу – дәстүрлермен өткерілген.Бізде қазір көп жастар қалада тұрады, қалада жастарды жылқыға отырғызу мүмкіндігі жоқ.Менің ойымша әр бір қаланың шетінде жылқыға отырғызып үйрететін және сайыстар ұйымдастыратын спорттық комплекстер болса екен деймін.

Үшінші: балаға ата тегін үйреткен. Балаға 9 – 10 жасында әкесінен бастап ағайын туыста, нағашы жұрттың, алыс – жақынды таныстыру, ата тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп,баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел - жұрт тарихын білу – ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі – жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайын да әңгіме еткен.

Төртінші еңбек мектебі – өмір мектебі болған. Оннан аса ер бала үшін өмірге белсене араласатын еңбек мектебі – өмір мектебі басталған. Қазақта оны: қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы деп 4–ке бөледі.

1.Қозы жасы – қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл – еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. «Қозы жасы» атаулы да содан. Қозы жасы деп аталатын еңбектің алғаш басқышы жастарды өмірге бейімдеу,еңбектің дәмін татып, оның қиындығын сезінудің жоралғысы болып саналады. Қозы бағуды кедей баларымен бірге бай балаларыда бастан кешірген. Малды бағып қағуды білмеген қазақ болмаған. Өйткені, қазақ балаға жастайынан қатал қарап, еңбек пен шындауды мақсат еткен. Мал өсіруді бастауыш мектебі сияқты қозы бағуды үйретуді мәнісі осыда.

2.Қой жасы. 13те отау иесі делінген, даналықтың негізінде кәсібінде қозы бағудан, қой бағуға көшірген. Сондықтан 15 пен 25 арасын қой жасы деп есептеген. 15 пен 25 арасындағы қой бағу қыста суыққа , жазда ыстыққа шыдап, малды ит құсқа жегізбей, жоғалтпай бағып – қағу төзімділікті, қағілездікті керек етті.

2.Жылқы жасы. 25тен бастап жылқы жасы деп есептеді. Онда ер балаға қойылатын талап өсті. «Ол уақытты буғанасы бекіп, қабырғасы қатқан, отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас нағыз ер болу керек деген талап қойды. Жауға төтеп беріп жылқыны менгерген қарулы жігіт болып өсті.Қай халықта болмасын жиырма бес «бұғанасы бекіп,қабырғасы қатқан», «отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас» нағыз ердің жасы. Күндіз де, түнде де қақаған аяз бен қапырық ыстыққа, жауын мен желдің өтіне шыдайтын түз дүлділі жылқы бағуды сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға лайық кәсіп болған.

Патша жасы. Қазақта патша болған емес, бірақ патшаға бергісіз хандар болған.Мысалы: Әлілқайыр 17 жасында билік еткен, Сырымдатұлы би шешен болған. Өнері мен батырлығымен, ақылдығымен жұртқа танылған. Бұл жаста қазақ жігіттерінің бір қатары ел бастарған ақылды азаматтар хан төре сұлтан сияқты мансапқа ие болған.

Жігітті жеке өмірге дайындау тәсілідері қандай болған. «Он үште – отау иесі» дегенді қалай түсінеміз ? .

Біздің қоғам елі үшін ерте есей­ген ұрпақ тәрбиелей алып жүр ме?.. «Он үште отау иесі» деген ата-бабамыздан қалған нақылдың бүгін­де мәні қандай?

Қазақ балажан сөз жоқ. «Баламның қарны тоқ, киімі бүтін, басында бас­па­насы, астында жақсы көлігі болса, бітті, менің балам бақытты» деген ой бүгінгілер үшін бала тәрбиесіндегі басты қағида іспетті. Қазақ мәпелетсе, қартайғанша бала болуға бар. Бірақ, ұлағатты тәрбиемен сусын­даған ұлт қамын жейтін бала бізге ауадай қажет. 

Қазақ «Он үште отау иесі» деп бекер айтпаған. Бұл – адам өмірінің үлкен бір белесі. Жаратқан ие қыз баланы 9-ында, ұл баланы 12-сінде балиғат жасына жететін еткен.

Яғни, адам баласы он үшінде ақыл-ойы жетіліп, оң-солын тани алатын, керек десеңіз, шаршы алаңда топ жарып, сөз айта алатындай қабілетке ие болған. Ертеректе ұлдарымыз он жастан асқан соң-ақ өз бетінше өмір сүруге бейімделіп, 13-тің өзінде-ақ ұрпақ сүйген екен. Бұған әрине, ғасырлар бойы өзіндік әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз бен санамызға сіңімді тәрбиені қалыптастырған ата-бабамыздың еңбегі зор. Әсілінде, біз өмір сүріп отырған қоғамда бұл аталы сөздің мән-мағынасы жойылып барады. Олай дейтінім, бүгінгі он үштегі балаларымыз әлі ана сүті аузынан кеппеген бүлдіршін. Бізде 13 емес, 30-ға,40-қа келгенше отау иесі бола алмай жүрген жігіттер жетіп-артылады. Демек, бүгінгі ұрпақ «Он үште – отау иесі» емес, «Отызда – отау иесі» сияқты. Осылай десе көкейге қонымды. Бабалар аманатының мағынасын жоймай, қалпына келтіреміз десек, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуді қолға алған жөн. «Әйелді бастан баланы жастани» деген мәтелде үлкен сыр жатыр. Бүгінгі ұрпақ екінші мүшелде ғана экономикалық белсенді жасқа ілігеді

Қазақта «Он үште – отау иесі», «Болар бала он бесінде баспын дер, болмас бала отызында жаспын дер» деген аталы сөздер бар. Бұл өзіміздің мәдениеттен, дәстүрден шыққан мақалдар деп ойлай­мын. Астарында салмақты мағына бар. «13» деген – адамның бірінші мүшелі. Алғашқы мүшелден кейін жасөспірім, бозбала дәурен өтіп, жігіттік шақтың кезеңі басталады. Осы тұста ақсақалдар «соғысқа, жорыққа кеткен әкелеріңнің, ағаларыңның орнына сен иесің» деп ұлағатты сөз айтып, бір отбасының жауапкершілігін жүктеп, өмірге бейімдеген. 13-14-тегі балалар дүниеден өткен ағаларының орнына әмеңгер атанған, мысалы. Яғни біздің салт-дәстүр бойынша есі кірген, өзіне-өзі жауап бере алатындар қоғамдық қаты­настар субъек­тісіне айналған. Бүгінде ешкім 13-тегі баланы отау иесі деп айта алмайды. Ондай кезеңдер болды, әрине, бірақ, ол өткен күндер еншісіндегі түсінік.Біз өмір сүріп отырған нарықтық заман­ның ұрпақтары екінші мүшелде ғана экономикалық белсенді жасқа ілігеді. Яғни, жұмысқа тұрып, жалақы алып, от­басын құра алады дегендей… Бүгінгі бала­лар 17-18 жасында мектеп бітіреді, одан кейін 4-5 жыл ЖОО-да оқиды. Біздің ата-бабамыз 25-ті әнге қосып, «Қайран, 25! Жастығым өтіп кетті» демеп пе еді? Ал бізде 24-25-те ғана өзі ақша тауып, өмір сүруге бейімделеді. Ресми деректер бойынша бүгін ел жастары 25-27 жаста отау құрады екен. Дәл осы екінші мүшел.Көрдіңіз бе, осындай тәртібі бар алма­ғайып заманды дұрыс түсіну керек.

Осы жұмысты жазу барысында үлкен адамдардан бір зейнеткермен сұхбат жасастым. Сонда осы кісі былай деді. Аты - жөні Мұхтар ЗАКАРИЯНОВ,

Бізде отбасы құндылығының белбеуі босап тұр. Өйткені, қазіргі таңда «тамағы тоқ, қайғысы жоқ» рухани жұтаң ұрпақ көбейді. Соның салдарынан он үште емес, отызында да өз басына ие бола алмай жүр­ген сүр­бой­дақтардың саны артты. Мына жапон­дықтар балаларын 13-ке келгенше тек қана өз ана тілінде – жапон тілінде ғана тәрбиелейді. Оларға  өз ұлтының салты мен дәстүрін насихаттайды. Осыдан-ақ бағамдай беріңіз, ертең ол өскенде өз ұлтының қадір-қасиетін жоғары бағалап, отансүйгіш, ұлт­жанды ұрпақ болып өседі. Санаға сіңген тәрбие ар­қылы ұлттық болмыс қалыптасады. Олар ұлтының абыройын бірінші кезекке қояды. Нағыз өз елінің патриоты болып өседі. Бізде неге олай емес? Өйткені, бала тәрбиесіне біз атүсті қараймыз. Бір байқағаным, бүгінгі жас от­ба­сылар балаларын ерекше еркелетеді. Бізде ата мен әженің тәрбиесіне пысқырып та қарамайтын жаңа қазақтар көп. Олардың түсі­нігінде ата мен әженің орны «Қарттар үйінде» секіл­ді… Ал қазыналы қарттардың өсиетін тыңдап, мейі­ріміне қанбаған ұрпақ қалай он үште отау иесі болмақ?!.

Интернет желісінде «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре ЖҮСІП былай деп жазады:

СЛАЙД

«Он үште – отау иесі» деген сөз. Халқымыз осы сөзді айтқанда неге сүйенді екен?

Осы күнгі қазақ орда бұзар отызында, қамал алар қырқында «біз әлі жаспыз ғой» деп отырады. Бабалар өлшемі айдалада қалды…

Жасы отыздан асқанша «жаспыз» деу – масылдықтың белгісі.

Жасы он үшке жеткенде «баспыз» деу – асыл­дықтың белгісі.

«Он үш жасқа келгенде, сөз бас­та­дым шешенсіп, он бес жасқа кел­генде, топ бастадым көсемсіп» деп келетін терме сөз­дерден жауапкершілік жүгі аңқып тұрған жоқ па?!. Атақты Қаз дауысты Қазыбек би 15 жасында қал­мақ ханы­ның алдына барып, «Біз найзаға үкі таққан елміз» деген сөзді айтқан жоқ па? Төле би, Әйтеке би секілді қазақтың 100 биінің бәрі де жастайынан шаршы топқа түсіп, шешендігімен, көсемдігімен елге танылған жоқ па еді?!.

Әйгілі Біржан сал «жасым бар жиырмада жасыр­маймын, басымнан дұшпан сөзін асыр­маймын» деп кеуде қағып топқа түскенде, «жаспын» деп тосылды ма? Қазақтың кез келген атақты тарихи тұлғасының өмір жолына үңілсеңіз, бәрінің де ел үшін ерте есейгенін аңдауға болады. Ұлттық тәрбие ұлағаты осындай еді! Бабалар жастары ел алдына ерте шықты. Ерте есейді. Елдің сөзін сөйледі.

Қазір кейбіреулер бар: қырыққа жеткенше әке-шешесінің қыр арқасынан түспейді; жарытып тамақ ішпейді; өзі біліп бірдеңе істемейді; біреу әкеліп берсе, біреу әзірлеп берсе дейді де отырады. Ондайлар кержалқау, кержақ, кермінез келеді. Өздерінен жауапкершілік міндетін алып тастайды. Оспадарсыз, оңбаған боп келеді. Еркек ретінде отауын да, отбасын да, Отанын да керек қылмайды. Масылдықтың майлы жілігін мүжігеннен басқа түк те бітірмейді. Оқымайды. Ойланбайды. Орынды әрекет жаса­майды. Ондай «жас адам» еліне, мемлекетіне не жақсылық әкеледі?

Жасы 30 бен 40-қа жеткенше өз басын алып жүре алмаған адам біреуге қорған бола ала ма?!. Өз басын қорғай алмаған адам Отанын қорғай ала ма?!.

Он үште адам бір мүшелге толады. Демек, оның дүниетанымы, көзқарасы осы кезде толық қалып­тасады. Өмірге бала көзімен қарау керек пе, дана көзімен қарау керек пе? Міне, тап осы жаста «болар баланың» бүткіл мінез болмысы айқындалады. Сондықтан да атам қазақ «Он үште – отау иесі» деп жас балаға жауапкершілік жүгін артып қойған.

Бұрынғы шалдар айтып отыратын: – Ақырзаман жастары қартаймайды, – деп. Сол кісілер айтқандай, жастың бәрі солпиып жүре беретін болса, елдіктің әңгімесін кім айтады? Мемлекет мүддесін кім қозғайды? Кімге кім медет болады?

Бізден бұрынғылардың мықтылығы – он үшінде бас болғаны.

Біздің әлсіздігіміз – отыз бесімізде де жас болғанымыз…

Он үшінде бас болғандар, бір-бір отаудың қамын ойлар дәрежеге жететін. Отызында Отанның қамын ойлайтын еді!

Адамды мәпелей берсе – бөпелігі мәңгілікке басылмайды.

Адамды қайрай берсе – қандай қиындықтан да тосылмайды.

Жастықтың оттай ыстық жалыны дер кезінде тұтанбаса, бық­сып қалады. 12-дегі жас ұрпақты бөпе құсатып, автобесікке бөлеп тастау арқылы біз де жастық алаудың отын өз қолымызбен өшіріп отырған жоқпыз ба?!.

Дана халқымыз он үштегі жасқа – отауды, отыздағы жасқа – Отанды неге сеніп тапсырды?!. Осы мәселені ойладық па? Ойлан­дық па?!.

Қазақтың жауынгерлік дәстүрлері.

Ата ана міндеті бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізе білуі үшін ұлттық дүние танымды қалыптастыруымыз қажет. Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай… Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырылған. Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Әйелді күңдікке, ерлерді құлдыққа жібермей, ат үстінде күн кешіп, байрақты жеңіс тұғырынан түсірмей елдігімізге жетуімізге сіңірген еңбегі қаншама десеңші… XVII-XVIII ғ. өмір сүрген тарихи тұлғалар: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ханкелді, Малайсары сынды халқы үшін ерліктің өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі -  елін, жерін сүю, халқының ар- намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді. Ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билері батырлармен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақ азаттығын қорғауға ұйытқы болып әрі қолбасшылық қызметін атқарған. Міне бұл қазақтың жауынгерлік дәстүрінің нәтижесі,

Ал XVIII ғ. батырлардың ерлік, батырлық өнегелерінің түп – тарихы V—VII ғ. Күлтегін, IX ғ. Қорқыт ата, XIV- XVI ғ. Алтын Орда дәуіріндегі түркі жұртының жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алады. Әсіресе XVIII ғ. Ш. Уәлиханов «Абылай ғасыры – ерліктің ғасыры» деп атап көрсетті. Қазіргі мектеп жасындағы балаларға ұрпақты ерлікке баулу мақсатында осы дастандарды пайдалануды тиімді деп білеміз. Қазақ жігіттері елінің амандығын, жерінің бүтіндігін ат жалында жүріп қорғаса, қазақ қыздары тал бесікке асылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!