Қазақ халқының Гомері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халқының Гомері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж. Жабаевтың өмірі мен өнерпаздық сырлары, ерекше құбылыстары тұлғаның табиғаты бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болып танылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының Гомері

Мен,Жамбыл Жабаев біздің жерлесіміз,Жамбыл облысында дүниеге келгенін мақтан тұтамын.Ақынның туған жылы 1846 жыл.Қазақ халқының Қоқан хандығының қол астында болып,опасыздық шапқыншылықты бастан өткеріп,қазақ халқының ең азапты күндері еді... .

Жалшы кедей отбасында дүниеге келсе де,көкірегі ояу,тілі өткір,батыл болып өсуінің, себебі,үстем тап өкілдерінің қарапайым халыққа жасаған қиянатынан деп түсінемін. Білімге құштарлықпен молдадан әріп танып,сауат ашамын деген үміті ақталмады.Оған дәлел: әкесіне «Оқымаймын молдадан, Жем дәметкен дорбадан»...- деген өлеңдерінен байқауға болады. Қолына 8-9 жасынан домбыраны серік етіп, байдың қозы- лағын бағыпен далада еркін өскенді қалады.Әкесі,баласының бұл жолды қалағаны,ұнамай жүрген кезінде,ауыл сыртынан елге сыйлы Қазбек деген қария жолаушылап кетіп бара жатады.Бала Жамбыл сәлем беріп,үйіне қонақ болып кетуін өтініп,төрге шығарады.Қария төрге отырып,бел жазып,ас-су ішіп болған соң,әкесінен баласының жайын сұрай отырады.Әкесі баласына көңілі толмайтынын жеткізгенде,Қазбек қария: «Жүзі жарық, жанары нұрлы,бетінен қақпа,теріс кетпейді»,-деген екен. Сол кезден бастап,өлең-жырды жанына жалау еткен ақын,ел ауызына тарап кетеді.Хат танымаса да,өнері елге танылып, аты әйгілі бола бастағанда,өлең-жырдан бөлек,аңыз-қиссаларды жатқа айтып,халықтың ризашылығына бөленіп жүрді.Арнау өлеңдері де болған екен.Он тоғыз жасында би ағасы Сарыбайға арнау- өлең шығарған екен.Албырттықпен қыз алып қашып,шалыс қадам жасаған кезінде, би ағасына келіп жүгінетін екен.

Жас ақынның аты белгілі Сүйінбай ақынның құлағына да тиеді.Жас ақын Сүйінбай ақынның аулына бата сұрап барады.Сонда,Сүйінбай: «Көмекейің емес,жүрегің сөйлейтін болсын,шындықты жырла.Көне тозығы жеткен жолға түспей,жаңа,тың, даңғыл жолды таңда,төңірегіңде болып жатқандыаңғар,соны біл»,-деп,ақ батасын берген екен.Сүйінбайдан бата алады.Өмірінің соңын дейін ... «Менің пірім - Сүйінбай...»,-деп өтеді ақын. Алғашқы айтысқа түсіп,Жаныс ақынды жеңгенінде,жиырма жаста еді. Осы жеңістен кейін, Жамбылдың аты қазақ даласына кең тарай бастайды. Жамбылдың хатқа түскен айтыстары:Жамбыл мен Айкүміс,Жамбыл мен Құлмамбет,Жамбыл мен Досмағанбет,Жамбыл мен Шашубай,Жабыл мен Тезек төренің айтыстарын күні бүгінге дейін,айтысқұмар ел сүйсініп тыңдайды да,оқиды.

Ең ерекшесі, Сарамен айтысы. Соңы екі жастың арасында махаббат оты маздайды.Сарамен бірнеше рет кездесіп, сөз байласып,уәделеседі.Сараның әкесі қарсы болып,атастырған жеріне ұзатады.Баянсыз махаббат болғанына, ақын құса болады. Өмірінің келесі кезеңі, ұлт-азаттық көтеріліс, патшаның тақтан құлауы,революция. Жамбыл ақындықтың жаңа көшін бастайды, төңірегінде болып жатқан өзгеріске өлең-жыр шумақтарымен отты үндеу жырларын арнады. « Патша әмірі тарылды», «Туған елім», «Халықтың сәлемі», «Өмір жолы», «Ленин мовзалейінде» және т.б

Ақындық тұлғасымен ақынның поэзиясында ірі құбылыстар өтіп жатты. Поэзиясының тақырыптары да, идеясы да кең болды.

Ұлы Отан Соғысы басталды. Елдің ауыр, қайғы кезеңіне өзінің өлең-жырларымен майдандағы жауынгерлерді жеңіске, ерлікке жігерлендірді. Қарт ақыннын әр өлең-арнауларында әкелік махаббат сезіліп жатты. Мысалы: «Болат тонды батырлар», «Майдан жыры», «Отан әмірі» т.б. Соның дәлелі, Ленинград қоршауда қалғанда, Ленинград халқына үндеу- өлең арнады. «Ленинградтық өрендерім», Ленинград халқы өмірге деген құлшынысын, талпынысын оятты.

Ал, майдандағы жауынгер ақын-жазушылар Жамбыл өлеңдерін, қазақ халқының үніндей қабылдады. Қазақ халқы бізге туысқандық сәлемін, махаббатын, достығын білдірді, күшімізге күш қосып, буырқанып шайқасқа шықтық- деп жазады «Правда» газетінің 1944 жылғы 4 желтоқсанындағы санында, жауынгер жазушы В.Вишневский.

Ұлы жыраудың ұлдарынан Алғадай мен Ізтілеуінен майданнан қара қағаз келеді. Ақынның жылап айтқан жыры, қазақтың кең даласыны жоқтау болып, сөз болып тарады.

Қазақ Гомері болып Жамбыл ата тоқсан мен жүздің арасында атанды.

Ж. Жабаевтың өмірі мен өнерпаздық сырлары, ерекше құбылыстары тұлғаның табиғаты бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болып танылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2020
599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі