400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ халқының көрнекті тұлғасы Ахмет Байтұрсынов"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. Тоғыз жасында орыс - қазақ мектебін бітірген соң, мұғалімдер даярлау үшін Орынбордағы төрт жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен бастауыш сынып мұғалімі болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының көрнекті тұлғасы

Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. 

Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 

Тоғыз жасында орыс - қазақ мектебін бітірген соң, мұғалімдер даярлау үшін Орынбордағы төрт жылдық мектепке оқуға түседі.

1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен бастауыш сынып мұғалімі болды.

1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы облыстарындағы орыс - қазақ мектептерінде сабақ берді, Қарқаралы мектебінде, одан кейін Омбыда, содан кейін Торғай облыстық халықтық у

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мектептерін ашып, оқуды қазақ тілінде жүргізу үшін, ең алдымен, ұлттық жазуы (ғылым тілімен айтсақ, графикасы, сол кездегі терминмен айтсақ, əліпбиі) болуы қажет деп біледі

А.Байтұрсынұлы түзген əліпбиді оның алғашқы ұсынылған кезінен бастап қазақ жұртшылығы, əсіресе сол кезеңдегі мұғалімдер қауымы еш талассыз, бірден қабылдады, оны іс жүзінде қолдана бастады. Мысалы, 1915 жылдың бір өзінде бұл жазумен (жəне емле тəртібімен) 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ Ахаң ұсынған «жаңа емле» (жаңа қазақ əліпбиін кезінде осылайша да атаған) 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастайды. Бұған оңды ықпал еткен жайттардың бірі – А.Байтұрсынов 1910 жылдары жазу таңбаларын түсіндіретін «Баяншы» атты құрал мен кейінірек «Əліпби астары» атты əдістемелік еңбектерді жарыққа шығаруы жəне 1914-1915 жылдардан бастап қазақ мектептері үшін «Оқу құралы» (қазіргі «Əліппе»), «Тіл – құрал» (қазіргі грамматика оқулықтары) атты құралдарды қоса ұсынуы болды

А. Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы. Мысал бізді неге шақырады? Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру

Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.

Мысал — қызықты да қысқа шығарма. Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Мысал кейіпкері болып тек адамдар ғана емес, сонымен қатар аңдар да, жәндіктер де, хайуанаттар да әрекет жасайды.

Мысалда автор жануарларды, құстарды, өсімдіктерді суреттегенде оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, себебі сол арқылы адамдардағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды.

Ахмет Байтұрсыновтың саяси жолы 33 жасында басталды. Қарқаралы петициясының авторларының бірі Ахмет Байтұрсынов 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған. Оған 14 500 адам қол қойды. Ол патшалық цензураның жойылуын, қазақ халқының мүдделерін ескере отырып, Қазақстандағы патшалық сот жүйесін реформалауды, қазақ халқының мүдделеріне сәйкес қоғамдық білім беруді дамытуды, ар - ождан бостандығы, діни сенім бостандығын, қазақ газеттерін шығаруды, қазақ баспаларын ашуды және қазақ даласына Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударуын тоқтатуды талап етті.

«Қазақ» газеті арқылы Ахмет Байтұрсынов тиянақтап тұжырымдап кеткен өзіміздің тəуелсіз рухани тəрбиемізге тоқталамын. «Қазақ» газеті – ұлт ұйытқысы болды. «Қазақ» газеті, жоғарыдағы төртінші бапта топтастырылған қазақтың ұлттық рухани идеясының мəйегін ұйытты: бірінші жəне ең бастысы – қазақтың саяси көзқарасын оятып, біртұтас алаш идеясын қалыптастырды; екінші, қазақ тілінің жазылуы мен емілеcін тұрақтандырды; үшінші, қазақ əдеби тілінің негізін қалыптастырды; төртінші, қазақ кəсіби журналистикасының негізін орнықтырды.

Туған халқын сауаттандырып, мəдениетке жетектеу идеясы Ахмет Байтұрсынұлын ақындық əлеміне де алып келеді. Қалдырған мұрасын қарап отырсаңыз, көркемдікпен көмкеріліп ой арқалаған сөз орындарына тəнті боласыз.

Бір қарағанда, бұл кісінің ақындығынан гөрі қайраткерлігі мен ғалымдығы басымырақ боп көрінуі де ықтимал. Кезінде солай деп те бағаланған (С.Сəдуақасов). «Қырық мысал» мен «Маса» жинақтарын сүзіп шыққанда, Ахаңның тек қана ғалым, тек қана қоғам қайраткері немесе ағартушы ғана емес, керемет ақын, шебер аудармашы екеніне де көзіңіз жетеді























Əдебиет:

1. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. – Алматы, 1987.

2. Ахмет Байтұрсынов Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992.


3. Қабдолов З. Ахаңның əдеби қисындары // Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. 4. Ахметов З. Бүкіл қазақ «Ахаң» деген // Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы, 2001.

5. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 384 б.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.02.2022
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі