Материалдар / "Қазақ халқының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны" пікір-сайыс сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақ халқының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны" пікір-сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ООқушыларды тарихи оқиғаларды, өзгерістерді дұрыс таңдау және тұжырымдай білуіне септігі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
2810
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны


Сабақтың түрі: Дебат (пікір-сайыс сабақ) сабақ


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны туралы оқушылардың алған білімдерін тексеру және тереңдету, бекіту

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды , өзгерістерді дұрыс таңдау және тұжырымдай білу, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетінесай пайдалану, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік, достық қасиеттерін тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: XVIII, XIX ғ. Қазақстан картасы, Әбілхайыр, т.б. портреттері, 1822, 1824, 1867-1868 жылдардағы реформалар (кесте, тірек-сызба, буклеттер).


«Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы мен зияны» тақырыбыны арналған дебат сабағын бастаймыз.

І-топ: «Азамат» тобы – жақтаушылар

ІІ-топ: «Алаш» тобы – даттаушылар

Әділқазылар алқасын сайлау


І-спикер. Саламатсыздар ма, әділқазылар, қарсылас топ, қонақтар! Мен «Азамат» тобының І-спикері...

Біз «Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы» көзқарасымен келісеміз.

Біздің аргументіміз: Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының күшеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениеттің жаңа сипат алуына барынша әсер етті. XVIII ғасырда Қазақ жері жан-жағынан анталаған жау арасында қалды.

Батысы қалмақтар мен башқұрттар, оңтүстігі Қоқан мен Хиуахандығы, шығыстан ең қауіптісі Жоңғар хандығы еді.

Жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату еді. Ел билігін қолына ұстаған хандар мен сұлтандар халықтың басына түскен ауыр күндерде жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ойдағыдай үйлестіре, ұйымдастыра алмады. Тіпті қалмақтар ауылдарды тонап, талқандап жатқанда, Шыңғыстың тұқымдары өздерінің ескі кәсібін ұмытпады. Олар бір-бірімен қырқысып, халықтың хал-ахуалының тіпті қиындап кетуіне себепші болды.

1-дәлел: Сөйтіп ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін жеткізілмеді. Солай бола тұрса да, қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы мемлекет билеушілерінен Қазақстанды сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.

2-дәлел: Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі Әбілхайыр ханның Ресей империясына үміт артуына себепші болды. Ол көрші мемлекетпен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ елін мазалауын тоқтатуға тырысты. Әбілхайыр сонымен қатар Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, қазақ жерінде өзінің қарсыластарының сағын сындыруды да көздегені анық.

Сөйтіп, Әбілхайыр ханның 1731 жылы қазан айының 10-дағы Ресей билігін мойындауы Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойды. Ресейдің отаршылдық саясатына қарамастан, бұл қазақ елі үшін маңызды прогресстік құбылысболды деп санаймын. Қазақ халқының шаруашылық, саяси, қоғамдық қатынастарда феодалдық-патриархалдық шыңыраудан шығаруға жол ашылды.

Рахмет, Мен сөзімді аяқтадым, қарсылам топтың сұрағына жауап беруге дайынмын.


І-спикер. Саламатсыздар ма, әділқазылар, қарсылас топ, қонақтар! Мен «Алаш» тобының І-спикері...

Біз «Алаш» тобы «Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы» көзқарасымен келіспейміз. Біздің оған қарсы төмендегідей аргументтеріміз бар.

1-қарсы дәлел: XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. 1718 жылы Тәуке өлгеннен кейін де қазақ жерінің бірлігін ойлаған Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр хан 1723 жылы жетекші хан болып тағайындалды. Қазақ жерінің жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді. Қалмақтардың соққысының ауыр болғандығы соншама, қазақ жерлерінің белгілі өкілдері Қарақұм маңында бас қосып, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады.

Осы кеңестің шешіміне сай бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Күшті біріктіру кейінгі жылдары да тамаша нәтиже берді. 1722 жылы жоңғарларға қазақ жасақтары мықты соққы берді, тіпті 1712 жылы қазақ жасақтары Жоңғарияға кірді. Есімдері аңызға айналған Есет, Баян, Жәнібек, Райымбек тағы басқа батырлар жеке қолдарға бас болып, күресті тоқтатпады. Атақты жыраулардың толғауларында ерліктері сипатталған халық батырлары атамекенді жаудан тазартуда ерекше орын алды. Әсіресе, бірін-бірінен алшақтаған рулардың басын біріктіріп, Жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда,әсіресе, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Қазақтың үш жүзінің жасақтарының басқыншыларға қарсы тізе қосып, біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды. Осы жылы Сарысудың орта ағысы алқабындағы Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға қарсы ойсырата соққы берді. Зеңбірекпен және мылтықпен жете қауланған жоңғарлардың қалың қолы қазақ батырларының жасағына төтеп бере алмады. Қалмақтардаң тас-талқаны шыққан сол жер кейіннен «Қалмаққырылған» деп аталып кетті. Бұл жеңіс қазақ халқының әскери, моральдық рухын көтерді.

Қазақ руларының үш жүздің басын құрап қана Жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенімі күшейді.

1729 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде «Аңырақай шайқасында» Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Тарихта бұл шайқас «Аңырақай шайқасы» деп аталып кетті. Талқаны шығып жеңіліп, күңіренген қалмақтардың хабарын алған қонтайшы Цеван-Рабтан сенер-сенбесін білмей, Іле өзенін бойлап еліне қарай шегінді. Алайда осындай жауапты сәтте, қазақ хандары арасында туған ала ауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кесірін тигізді.

1- дәлел: Петербург билеушілері қазақ жерінің Азияға кіретін «кілт пен қақпа» екенін ескере отырып, қандай жолмен болса да өз ықпалын нығайтуда империяның шығыстағы саясатының күретамыры ретінде қарады.

Қазақтардың Жоңғарлармен алысып жатқанын пайдаланып, жергілікті көшпенді халықтың иелігіне бекіністер салу арқылы қазақ жерін біртіндеп жаулап алуды ойлады. Қазақтарды башқұрттарға, башқұрттарды қазақтарға айдап салу арқылы өзінің отаршылдық саясатын жүргізуге тырысқан орыс үкіметіне Әбілхайырдың елшілігі күтпеген олжа болды.

ІІ-спикер. Саламатсыздар ма?...

Мен «Азамат» тобының 2-спикері...

Біз өз көзқарасымызда қаламыз және оны одан әрі жақтауға, өрбітуге біздің аргументтеріміз жеткілікті.

1- дәлел: Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына кіруі екі халықтың өзара байланысындағы үлкен бетбұрыс болды. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі Ресей сияқты үлкен елден қолдау алуына жол ашты.

2- дәлел: 1822, 1824, 1867-1868 жылдары Ереже реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алып, әлеуметтік және шаруашылық өміріне прогресті капиталистік құбылыстар енгізіп, бай патриархалды құбылыстарды артқа тастады. Олай болса, «Қазақ халқының Ресейге империясының құрамына кіруінің пайдасы болды» деуге толық негіз бар.

ІІ-спикер. Саламатсыздар ма?...

Мен «Алаш» тобының 2-спикері...

Біз өз көзқарасымызда қала береміз және қарсы пікірімізді одан әрі жалғастыра мыз.

1- қарсы дәлел: 1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілхайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен одақ құруды тапсырды. Алайда хан билер мәжілісінің шешімін бұзып, Петербургке аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.

2- дәлел: Ресей империясы қазақ-жоңғар тартысын пайдаланған Сібір губерниялық басқармасы Петербургтің талабын орындай отырып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысып бақты.

ІІІ-спикер. Саламатсыздар ма?...

Мен «Азамат» тобының 3-спикері...

Сіздерді мұқият тыңдай отырып, Ресей үкіметінің сол бір қиын да күрделі жылдары қазақ халқына істеген жақсы да жарқын істерін одан әрі дәлелдеуден басқа еш амалымыз жоқ. Өйткені, «Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы» деген көзқарасы күн тәртібімізден түспейді, біз оны нық қолдаймыз.

Оған дәлелдерім:

1.Орыс үкіметінің Ресей билігіндегі қазақтарды қорғауға дайын

екендігін ескертуі қалмақтардың әскери қимылдарына біршама шек қойылды, т.б.


ІІІ-спикер. Саламатсыздар ма?...

Мен «Алаш» тобының 3-спикері...

Біз қарсылас топты зейін қойып тыңдадық. Соған қарамастан өз көзқарасымызды өзгертпейміз.

Ол үшін мыныдай дәлелдерім бар:

  1. Патша үкіметі империясының саясаты ұлттарды ұлттарға айдап салды. Оның дәлелі 1755 жылы башқұрттардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресін басуда Кіші жүз қазақтарын пайдаланды, т.б.

Әділқазылар өз бағаларын береді.

Бағалау, қорытындылау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!